Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы


Ақмола облысы
Сандықтау ауданы
Нұрғабыл Малгаждарұлы атындағы
Қызыл Қазақстан орта мектебінің
Биология және химия пәнінің мұғалімі
Магзумова Динара Сайранбекқызы.

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ас қорыту мүшесінің құрылысын, ауыз
қуысының құрылысын түсіндіру.
2. Оқушылардың қабілеттерін ашу, дамыта оқу белсенділігін
арттыру.
3. Оқушыларды өзіне деген сенімін арттыру, ізденіске
дағдыландыру.

Сабақтың түрі: психологиялық ойын.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суре, оқулық, сызба.
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, қолдарына сигналды белгілерді тарату.
Қызыл сұр - көмек керек, түсінбедім.
Қара - тапсырманы орындап, дайын болдым деген сөз.

* Үй тапсырмасын қайталау және жаңа сабақты түсіндіру мына кестемен өтеді.
Нәтижені болжаймын
V
рефлексия

Еркін таңдау жасаймын
ІV
коорекция

Өзімнің іс - әрекетімді болжаймын
ІІІ
экспликция
Басқа жеке тұлғамен диалог
ІІ
экспликция

Мен жеке тұлғамын
І
Эпилог,
пролог



1.Эпилог, пролог - І 1) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. <<Сен білесің бе?>>
2) Үй тапсырмасын бекіту. <<Ішкі сәуле ойыны <<Сен білесің бе?>> бөлімінде оқушылар VII бөлім <<Организмнің ішкі ортасы>> тарауынан бір - біріне қарама - қарсы сұрақ қояды. Бұл ойынның басты мақсаты - сұраққа нақты жауап беру.

2. Экспликция - ІІ Оқушылардың даму динамикасын ынтасын есте сақтауын арттыру мақсатында оқушыларға лездік сұрақтар қойылады. Сол сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Әр оқушының ой - өрісін кеңейту.

Лездік сұрақтар.
* Тыныштық күйде адам неше мл ауа шығарады. (500 мл)
* Мұрын қуысының ішкі беті қанша см. (9-13см)
* Кеңірдек неше бронхыға бөлінеді. (2)
* Ер адамның көмейінің ұзындығы қанша мм. (44)
* Қанның ұюына қандай иондар қатысады. (кальций иондары)
* Эритроциттер қайда бұзылады. (бауыр мен көкбауырда)
* Қанның ұюына тромб түзілуіне қандай нәруыз қатысады. (фибриноген)
* Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы қандай? (0,5мм/с)
* Қан қысымы қай тамырда жоғарлайды. (артерия)
* Нәруыздың тәуліктік мөлшері (100г)

* Экспликция ІІІ - кесте, сурет арқылы жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:
А) жалпы сипаттама (тірек - сызба бойынша сурет арқылы түсінік беру)
Ә)Ауыз қуымсының құрылысы
Б) Ас қорыту мүшелерінің сызбанұсқасымен танысу (сурет бойынша)

Ауыз қуысы

Жұтқыншақ

Өңеш
А) Ас қорыту мүшелері

Тоқ ішек
Аш ішек
Асқазан



Ә - Б) Ас қорыту жолының қабырға қабаты

Ішкі ортаңғы сыртқы

Эпителий ұлпасынан біріңғай салалы дәнекер ұлпалы
тұратын сілеймейлі қабық бұлшықеттен тұрады қабаттан тұрады

сілемейлі қабық жасушалары

ішекке ұсақ бездер

сілекей бөледі ас қорыту сөлін бөледі.
Адамның ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметінің сызбанұсқасын түсіну.
тіс 32 жұп тәтті
Ауыз тіл рецептор ащы
сілекей бездері тұзды, қышқылды сезеді


Мүшелер
Құрылысы
Атқаратын қызметі
1
Ауыз қуысы
Тістер, тіл, сілекей бездері
Тағамды механикалық өзгеріске ұшыратады
2
Жұтқыншақ
Ұзындығы 11-13 см. Іші қуысты бұлшықетті мүше.
Тамақтың жұтылуына қатысады
3
Өңеш
Ұзындығы 25 см іші қуысты бұлшықетті мүше, сілемей бөледі.
Толқын тәрізді жиырылып босаңсуы арқылы
4
Асқазан
Алмұрт пішінді ас қорыту жолының кеңейген бөлімі
Қарын сөлінің әсерінен нәруыздар ыдырайды
5
Аш ішек
Ұзындығы 5-6 м бұлшық етті мүше
* Нәруыздар мен көмірсулар ыдырайды.
* Тағамдық заттар қанға өтеді
* Лимфа түйіндері микроорганизмдерден қорғайды
6
Тоқ ішек
Ұзындығы 1,5 м сілемейлі қабығы қатпарлы әрі онда бүрлер болмайды
* Нәжіс бөледі
* Су қайтадан денеге бөледі
* Ондағы бактериялар тағамның қорытылуын қамтамасыз етеді.
* Нәжіс сыртқа шығарылады.

* Коорекция ІV - әр оқушыға бірінші жақ партаға суретпен жұмыс тапсырмасын беру. Екінші жақ партаға оқулықтағы тест тапсырмаларын орындату. Болғаннан кейін оқушылар ауысып, тапсырманы қайра орындайды.
* Рефлексия V - Сабақты қорытындылау кезеңі. Сабақтың нәтижесін сараптап талдау. Жалпы биондар санын жинақтап бағалау. Бұл сабақтың нәтижесін семантикалық карта арқылы оқушының қай жерден қателескенін білуге болады.
*
* Үйге тапсырма: 163 беттегі кестені әр оқушы бес- бестен тест тапсырмасынан құрып келеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда сабақтың берері мол болды.


Ұқсас жұмыстар
Асқорыту мүшелерінің құрылысы. 8 сынып
Тақырып Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. 8 сынып
Тренинг кезеңдері
Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу
Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы
Жүректің құрылысы
«адам физиологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Ауыз қуысында астың қорытылуы жайлы
Пәндер