Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Ауылым - алтын бесігім (Шамалған ауылының тарихы мен болашағы)

«Шамалған бекеті жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Өмірзіқ Ұлдай Сәрсенбай қызы

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Ауылым - алтын бесігім»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту.

Туған ауыл тарихымен таныстыру.

Туған жердің қадір - қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

  1. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.

Туған Онанын құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой - қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер, ауыл туралы әндер, әуендер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер жасап тұрады.

Психологиялық дайындық

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен шешеміз

Сүйікті тым ыстық

Бәрінен Т Ы Н Ы Ш Т Ы Қ

Деген сөз тым ыстық

Жасасын әлемде

Достық пен тыныштық

  1. Негізгі кезең:
  • Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау. Әннің мәтініне назар аудару. - Ән не туралы баяндалған?
  • Әннің әуеніне құлақ түріңдерші?
  • Сендерге қандай әсер берді?
  • Әрине, ауыл туралы сыр шертеді.
  • Ендеше ауыл туралы өз ойларыңды айтыңдаршы.

-Ауыл дегенде көз алдарыңа не елестейді? - деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?

-Ауыл - қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.

-Ауыл десе кең жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.

-Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.

-Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.

- Ауыл десе жеті қанат киіз үйі, құрт пен майы, ірімшігі еріксіз еске түседі.

Ендеше бүгінгі сабағымыз сол ауыл туралы болмақ.

  • Интерактивті тақтамен, слайдпен жұмыс жүргізу.

1) Сабақтың тақырыбы: «Ауылым - алтын бесігім»

2)

Ауылым - алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі

Кеңесті далам, кең далам

Тудым өстім есейдім. - деп ақындарымыз жырлаған.

-Туған ауыл, Атамекен, Отан туралы өлеңдер, шағын эсселер оқыту.

1-оқушы

Қасиетті туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын. Қажырлық пен қайсарлықты, имандылық пен байсалдықты шексіз даламнан үйрендім.

2-оқушы

Біздер жас ұрпақ, қазақ елінің ертеңіміз. Сондықтан да менің достарым жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен елімнің, туған ауылымның болашағы зор екендігіне сенемін. Өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар.

3-оқушы

Мен өзімді және жазиралы кең жерімді сүйемін. Адам асқақ арманына туған ауылын, жерін, Отанын сүйсе ғана қол жеткізе алады.

4-оқушы

Ауыл десем, мал елестер көзіме

Ауыл десем, дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа

Ауыл десем, ән естілер құлаққа.

5-оқушы

Жайқалған шалғын

Қазына толы. Байлығы тасқан,

Толассыз қарқын, Арманы асқан

Маңырап малы. Бақытты менің ауылым.

  1. «Еліміздің өзегі - алтын ауыл»

-Бұл ауыл қалай құрылған:

Айхой, шіркін Шамалғаным ауылым,

Ата - ана, құрбылар мен бауырым.

Қиындыққа мойымыған әр уақыт,

Қайран менің өсіп - өнген А у ы л ы м

*Ауыл 1929 жылы 1 - қаңтарда Шамалған теміржол поселкалық кеңесі болып құрылды.

* 1940 жылдан бастап теміржол поселкалық кеңесі Жаңа Шамалған ауылдық кеңесі болып аталды.

* 29 тамыз 1961 жылы облыстық атқару комитерінің шешімі бойынша Калинин және Шамалған ауылдық кеңесі болып аталады.

* 1 қазан 1970 жылы Жаңа Шамалған ауылдық кеңесі толығымен аудан құрамына кірді.

* 1961 жылы Тұрар, Көлащы, Батан, Қошмамбет ауылдары және Шамалған бекеті бірігіп «Дружба» совхозын құрды.

* 1994 жылы Жаңа Шамалған ауылдық аймағы құрылды.

Енді осы ауылдың көркем жерлері мен мекемелеріне сыныптағы Умирбаева Аружан шолу жасайды.

«Аңсаған менің ауылым» Шамалған ауылына қош келдіңіздер!


Ұқсас жұмыстар
Ауылым - алтын бесігім: Қарабұлақ ауылының тарихы, мәдениеті және Абай атындағы орта мектептегі білім-тәрбие тәжірибесі
Өзін-өзі тану пәні бойынша 5б сыныбына арналған ашық тәрбие сағаты - Ауылым алтын бесігім: Ақдала ауылының тарихы мен патриоттық тәрбиесі
Ауылым - алтын бесігім: 5-сынып оқушылары мен ата-аналары арасындағы отбасылық сайыс жоспары
5-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Туған жерім - алтын бесігім (Маңғыстау өңіріне арналған сабақ жоспары)
Ауылым - Атамекенім: ауыл тарихы, ұлттық тағылым және патриоттық тәрбие
Мектепалды даярлықтағы Отаным - алтын бесігім тәрбие сағаты: ертегілер мен шығармашылық тапсырмалар арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу
3 сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Дені сау ұрпақ - ел болашағы
Туған жер - алтын бесігім: танымдық сайыс негізіндегі патриоттық тәрбие
Мектебім - алтын бесігім: 5-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының жоспары
Қазақстан болашағы - білімді ұрпақ: 5 сыныпқа арналған тәрбие сағаты мен зияткерлік сайыс жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz