Сабақ жоспары :: Сурет, сызу

Файл қосу

Мұз айдынында. 5 сынып

Күні:
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 5 Сабақ №: 16

Сабақтың тақырыбы: <<Мұз айдынында>>Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қиялындағы суреттті қағаз бетіне түсіруге баулусабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларды нұсқаға қарап сурет салуға баулу. Оқушыларды сабақта образдық бейнелерді салуға үйрету.Тәрбиелілік: Оқушыларды натюрморт салуға баулу. Бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету Есте сақтау, қиялдау, көре білу қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас, практикалық Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, практикалық жұмыс, түсіндірме, сұрақ-жауап, бағалау, <<Б-Б-Б>>, <<Кластер>>, <<Аквариумдағы алтын балық>> әдістері, ойынКөрнекілігі: бағалау парағы, бағалау критерийі, <<Б-Б-Б>> жазылған плакаты, 4-кезеңге бөлінген суреттің үлгісі, заттардан құралған компоновка, үлестірме карточкалар, бағалау үшін бағдаршам көздерінің түстері.Қажетті құрал-жабдықтар: альбом, түрлі-түсті қарындаштар, құмыра, жеміс-жидектер, жабын, маркерлер, плакаттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеруА) <<Кластер>> әдісі (әр топқа плакат пен маркер және фламастер беріледі. Үйге берілген тапсырмадан түсінгендерін схема ретінде сызып, талдап, суретін салып, келесі топқа түсіндіреді.) Мысалы: Б) <<Аквариумдағы алтын балық>> әдісі ( Топ өз жобасын ортада қорғайды. Келесі топ түстер арқылы бағалайды.)Бұл кезеңнің бағалау критерийі: <<Қызыл түс>>- түсінікті <<5>>, <<Сары түс>> - аздап түсінікті <<4>>, <<Көк>> - түсініксіз <<3>>. Қолдарындағы түстер арқылы топтың жұмысын бағалайды. Әр топтың оқушысынан кім жобаны қорғауға қатынасты сол оқушы топтың алған бағасымен сәйкес өз тұсына стикер жапсырады.)ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек. Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы - нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат - ең әуелі нәрселердің жалпы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау. Сурет салудың басты талаптары - жалпыдан дараға және дарадан жалпыға. Оны кезеңге бөліп қарастырамыз. 1-кезеңде заттың жалпы белгілерін көрсетіп, оның сұлбасын сызып алу керек. Заттың пішінін бірнеше сызықтар немесе геометриялық фигуралар түрінде, көп жағдайда түзу сызық арқылы белгілейді. Схемасын тұрғызу. Кетіргішпен жұмыс жасай білу. 2- кезеңде сурет салуды типке келтіру басталады. Схемалық бейне өзара жақын тұтас топқа тән зат пішінінің типтік ерекшеліктерін айқындайтын нақты белгілердің пайда болуымен толықтырылады. 3-кезең - жекелеу. Бұл - заттың елеусіз элементтерін, бірақ өзіне тән қайталанбайтын ерекшеліктерін айқындайтын маңызды кезеңдердің бірі.
-384810923925004-кезең - бұрын жасалғандарды қорытындылау. Ол үшін суретті үлгімен мұқият салыстыру керек. Қателерін түзеткеннен кейін зат пен оның бейнесін толық көру үшін сурет пен үлгіні тағы да салыстырады. ІV. Машықтық кезеңОртаға компоновка қойылады. Сол компоновканы затқа қарап сурет салудың кезеңдерін сақтай отырып, бейнелеу қажет. Мұғалім нұсқау беріп отырады. Бұл кезеңді бағалаудың критерийі:<<5>> - 4-кезеңді бастап жатырған болса. <<4>> - 3- кезеңмен жұмыстанып жатырса.<<3>> - 1-2 кезеңді салып жатырса. ( Критерий бойынша оқушылар өз жұмыстарын стикер түсі арқылы бағалайды)V. ҚорытындыБ-Б-Б әдісінің үшінші кестесін толтыру. (Оқушылар өздері маркермен жазады. <<Экипаж>> ойыны.Бұл ойынның жалпы мақсаты: алған білімдерін саралау, есте сақтау үшін тағы бір мәрте қайталап өту. Топта еркін сөйлеуге үйрену. Барысы: әр топқа мұғалім қолындағы карточкалардың ішінен біреуін суыртады. Карточкада мынадай жазулар болады. <<Сайлау>> карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны өзі сайлап, сұрақ береді. <<Барлығы>> карточкасын алған топтан мұғалім тақырып бойынша барлық оқушыдан сұрайды. <<Делегат>> карточкасын алған топ іштерінен бір оқушыны дайындап, өздері делегат ретінде сұраққа жауап айтуға жібереді. <<Сенім>> карточкасын алған топта топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан өзі сұрайды, бағалайды, мұғалім оған сенім білдіреді. (Ойынның барысына қарай бағалайды) Үйге тапсырма: заттардан тұратын көп нобай дайындап алып келу.Бағалау:Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалап, 2 жұлдыз 1 ұсыныс айту.

Бейнелеу өнері пәнінен бүкіл жылдық сабақ жоспарлары+слайдтарымен, 1-6 сыныптар. Жаңа 2014 жылғы күнтізбелік жоспар бойынша. http://Sabaktar.ucoz.ru

http://vk.com/dana.arman?w=wall277389711_23%2Fall


Ұқсас жұмыстар
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
Берілген сандар қатарының медианасы. 6 сынып
Мұржадан түтін будақтайды
Қонақтың сөзі
Сен жүгіресің
Нұсқау дәптері
Үйкеліс коэффициенті
Әдеп басы - тіл
Салалас құрмалас сөйлем
Үйкеліс күші туралы
Пәндер