Сабақ жоспары :: Құқық негіздері
Файл қосу
Саясаттану
Пән: Құқық негіздері
Сынып: 11
Сабақ: 16
Күні:
Тақырыбы: Саясаттану ғылымы
Сабақтың мақсаты: Саясаттану ұғымы, қызметі, әдістері жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Саясаттану ғылымы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
* Саясаттану - саясат туралы пән.
* Саясаттану әдістері
* Саясаттанудың қызметі
* Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
* саяси теория;
* саяси институтгар;
* саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
* халықаралық қатынастар.
Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
*
* Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады.
* Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
* Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
* Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.
* Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
* Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
* саясаттану ғылымының мақсаты неде?
* Саясаттану басқа ғылымдар сияқты қандай функциялар атқарады?
* Саяси ғылымның зерттеу объектілері?
* Саясаттанудың негізгі әдістеріне не жатады?
V. Үй тапсырмасын беру: Саясаттану ғылымы
VI. Бағалау.
Жыл бойғы барлық сабақ жоспарларын+сабақ презентацияларын мына сайттан табуға болады.
жаңа 2014жылғы күнтізбелік жоспармен әзірленген
http://Sabaktar.ucoz.ru
http://vk.com/dana.arman?w=wall277389711_23%2Fall

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz