Шерхан мұртаза "бала тұрар"

Аудандық

мұғалімдер олимпиадасы

Бейнеу гимназиясының

мұғалімі Тастайбекова Гүлназ

Самиғоллақызыны ң

ана тілінен өткізген

ашық сабақ жоспары

\

Бейнеу- 2007

Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»

Мақсаты: Автор туралы түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын ұғындыру. Мәтіннің мағынасын талдай отырып, Тұрар Рысқұловтың балалық шағы туралы білімін кеңейту.

Мәтінді оқи отырып, оқушыларды өз Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Адамгершілікке, ұстамдыққа тәрбиелеу

Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру. Ақыл-ойын қиялын дамыту. Зейінін тұрақтату.

Көрнекілігі: «Тұрар» сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, мақал жазылған плакат.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, талдау, шынжырлап оқыту әдісі.

Ұйымдастыру.

-Балалар, үйге не берілді?

-Кім айтады?(3-4 баладан сұрау)

-Жақсы. Олай болса, мына сөзжұмбақты шешіп көрейік

Плакатта:

1. Ағызған қызыл тілден шекер балды

2. Келтірген сұлу өлең, сөздің нарқын

3. Қазақта кім білмейді Біржан салды

4. Кітап - білім бұлағы

5. Шерхан атамыздың тегі Мұртаза

Плакатта:

Т
і
л
д
Т: с
і: ұ
л: л
д: у
Т: Б
і: і
л: р
д: ж
а
Т:

к

і: і
л: т
д: а
п
Т: М
і: ұ
л: р
д: т
а

-Балалар қандай сөз шықты?

-Тұрар

-Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері осы (суретін көрсету) Тұрар.

-Авторы Шерхан Мұртаза.

-Сабағымыздың мақсаты осы Тұрардың балалық шағы, адамгершілігін, білімі туралы оқып білеміз. Тұрардан ақылдылықты, ұстамдылықты үйрену.

- 1932 жылы Шерхан ағамыз Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген. Халық жазушысы. «Қызыл жебе» деген үлкен еңбегі бар

Дәптермен жұмыс.

Күн жады

Ақпанның он алтысы

Шерхан Мұртаза

Бала Тұрар

-Балалар кітапханаға саяхат жүргіземіз. Кітаппен жұмыс жасауды, кітап ұстау, отыру ережесін үйренеміз.

-Бүгінгі сабақта жаңа сөздер кездеседі. Кім қалай түсінеді?

Дипроекторда-:

Ерен- . . . ( өте, асқан)

Селсоқ- . . . ( көңілсіз)

Кітаппен жұмыс .

Қаламды ұстаймыз.

Дауыстап 1- оқушы оқысын . Жүргіземіз.

Пысықтау сұрақтарына жауап алайын:

1. Мұғалім көңілі неге Тұрарға ауды?

2. Тұрадың сабаққа селқостығы неде?

3. Тұрар жазғанын қалай түсіндірді?

4. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?

-Мұғалім оған не айтты?

-Атамырзаға не үшін күлді?(осы жолды тауып оқу)

Венн диаграммасы:

- Балалар Тұрар мен Атамырзаға мінездеме берейік.

Дәптерге шеңбер сызамыз. Екі шеңбер де бір-бірімен айқасады.

-Балалар, Тұрар да Атамырза да кімдер?

1) оқушы

2) бала

-Тұрардың мінезі қандай? Кітапта қалай суреттелген ? Тауып оқиық.

-Салмақты, ақылды, білімді

-Атамырза ше?

-Бай, тентек, т. б. (кітаптан оқу)

Тренинг.

-Мен сендерге зат есім айтсам, оң қолды көтеріңдер, етістік айтсам сол қолды көтеріңдер

Атамырза-күлді.

Тұрар -жазды.

Мұғалім-шығарды.

Ломоносов-айтты.

Балалар-күлді.

-Жақсы, балалар кітапхананың картотекасымен жұмыс жасаймыз.

-Картотека деген алфавит бойынша тұратын тізбелер. Мұнда бірнеше картотека бар.

-Кім тапсырманы орындайды екен?

- Мәтіннен А дыбысынан келетін сөздерді теріп жазу

- Ломоносов туралы не деліген?

-Қызыл жебенің суретін салып көрейік. Қарындашпен

дәптерге орындайық

Қорытынды .

-Балалар, сонымен Тұрар белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов екен. Бейнеуде Рысқұлов көшесі берілген. Өте білімді, салмақты, байсалды үлкен мінездің иесі болған Тұрар ө з өмірін өле-өлгенше ұлтына арнап өткен екен.

Мына маақалды бірге оқиықшы:.

Атадан асыл ұл туса

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса

Елінің малын жейді.

-Саяхат ұнады ма?

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Ш. Мұртаза Бала Тұрар
Интернат қоймасы. 3 сынып
Шығарма арқауы
Тұрар кім
Әңгіме кім туралы
Шерхан мұртаза «тұтқын бала»
Шерхан мұртаза бала тұрарға мінездеме
Тұтқын бала әңгімесі
Ш. Мұртаза бала тұрар жайлы ақпарат
Аққулар ұйықтағанда. 8 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz