Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
"тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ жүрегі" танымдық сайыс
«Арқалық политехникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
[pic]
Тақырыбы:
«Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ жүрегі»
Өткізген тарих пәнінің оқытушысы: Айтмағанбетова Б.С
Арқалық қаласы – 2014 ж.
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді жастар жүрегі»
Танымдық сайыстың мақсаты:
а)білімділік:Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген
құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Жас ұрпақты елінің
тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету,
адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын
сүюге және қорғауға тәрбиелеу;
ә) тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдық, демократизм идеяларына баулу;
Болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екендігін сезіндіру.
б) дамытушылық: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып,
олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін қайта естеріне түсіру. Одан
әрі
дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.
Көрнекіліктер және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, буклеттер,
ҚР-ның рәміздерінің суреттері, ҚР –ның Президентінің Жолдаулары, Қазақстан
-2030 стратегиялық бағдарламасы.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қоғамтану, Мәдениеттану, Экономика
негіздері, География
Сайыс барысы:
І курс және ІІ курс аралығына 3 топ сайысқа қатысады. Әр топтан сайысымызға
3 білім алушыдан шығады. Олар П-11, ЭМ -12, ПУ -23
І-топ «Атамекен»
ІІ-топ «Бәйтерек»
ІІІ-топ «Елорда»
Сайыс жоспары.
1. «Кім жылдам?»( капитандар жарысы).
2. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (Мақал мәтелдердің жалғасын
тауып, табылған жалғасының ішінен бір сөздің ағылшын, орыс тілдерінде
аудармасын береді).
3. «Тәуелсіздік шежіресі» (Семантикалық картаны толтырады).
4. «Алтын қақпа» (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар кемеңгерлер
жасырылған, сол кемеңгерлерге сипаттама береді)
5. «Тарихи криптограмма» (Бұл криптограмманы шешкенде туған жер, отан
туралы төрт шумақ өлең оқуға болады)
6. «Бас қатырғылар базары» (Бұнда оқу білім, туған жер, талап жайлы халық
мақалы, нақылы жасырылған ребустар шешеді жәнеде хронологиялық жорық
бойынша берілген даталарды ретімен орналастырады).
7. «Тендер ойыны» (Әр топ 20 жылдан кейінгі Қазақстанды суретпен
бейнелейді)
Мұғалімнің сөзі.(Айтмағанбетова Б.С)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің тәуелсіздік алуы, халқымыздың
тарихында жаңа дәуірлердің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,
серпін ала келді.Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің
еркін өміріндегі бүгінгі табыстардың бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Ел
тәуелсіздігі біреулер ойлағандай құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол
жеткендей оңайлықпен келген жоқ. Сонау «ақтабан шұбырынды» жылдардан
басталған, ел басына қауіп төндірген ауыр кезеңнен бастап, орыс
отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың
басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы,
тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ
жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі, осылардың бәрі
ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді.
Еліміздің тәуелсіздігі ата –бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған,
бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан
тәуелсіздігін жариялады. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай
алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.
Бұл кеш Желтоқсан оқиғасына орай арналып отыр.
Сондықтан бүгінгі танымдық ойын тақырыбы «Тәуелсіз елдің тірегі –білімді
жастар жұрегі» деп аталады.
20 жылдан асты тәуелсіз ел болғалы,
Желтоқсан 25-ке толғалы.
Қос атауы толықтырып бір-бірін,
Ұлы оқиға екеуі Отандағы.
Өкінгенмен пайда жоқ, өтті күндер,
Қыршын кетті, әттең-ай, көк өрімдер.
Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,
Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер
(Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіру)
Жарысымызды жүргізу үшін 3 топқа жетекшілер сайлап алайық.
Топтарға сәттілік тілейміз.
Оқушылар монтажы.
Оқушылардың жыр-жолдауы.
Мұғалім: Жарысымызды бастамас бұрын оқушыларымыздың жыр-шумақтарын тарту
етсек.
1-білім алушы: Нұрлан Сағдат
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Мен қазақ!»
Мен – қазақ,қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім –қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай ,Ертіс,Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім,жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жетті, ен даладалықа байып.
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен,
Кіргені-есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс,Күншығысқа әмірі жеткен.
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь , талай князь тәжім еткен.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш»деген атты аламын,
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім –қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!
2 - білім алушы.(Айдана Мұқатова)
Сарапта тарих беттерін,
Парақта тарих беттерін.
Оқисың одан не қилы,
Шежірелі сөздерін.
Қанды қырғын Шыңғыс та,
Салды ойранды қазаққа
Өзбек пенен қалмақта,
Салды ылаңды қазаққа.
3-білім алушы (Маржан Кенжетай)
Ер Абылай тұсында
Азаттық алған елім-ай.
Талай қырғын азапты,
Көтерген менің жерім-ай.
Кенесары, Қасымдай,
Саржанменен, Сырымдай,
Исатай мен Махамбет,
Еңіреп туған ерлерім
Айта берсем мың бір рет.
4-
Ашаршылық құрбаны,
Болған қайран, елім-ай.
Репрессия құрбаны,
Болған қайран, ерім-ай.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Мағжан, Дулат, Ахмет,
Әлихан, Тұрар, Шәкәрім.
Еңіреп өтті –ау елім деп.
Соғыс зарын шеккен ел,
Қорлықты сонша көрген ел,
Желтоқсанға құрбандық,
Өз қолымен шалған ел.
Дүниеге паш болып,
Тәуелсіздік алған ел.
Нарықтың да қыспағын,
Жаншыла басып көтерген
Қазақ деген елім бұл.
5- білім алушы(Самал Абдибекова)
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін, ұлы күн!
Үміті боп елінің,
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей.
Жаз күніндей жайдары,
Арымыздай тап – таза,
Жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке ,Қазақстан байрағы!
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан,
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!
6-оқушы:
«Мен қазақпын»
Мен қазақпын! Өзгешемін.Басқамын.
Бөлек суым,орман, тауым,аспаным,
Өзімдікі жетіп жатыр өзіме,
Бақ – ырысын қызғанбадым басқаның
Атойлатып жауға шапқан батыры,
Батырлықты жырлап өткен ақыны
Армандаған азаттықты сан ғасыр,
Арманымша жетіп тындым ақыры.
Қызықтырмас алтының мен жақұтың
Қастер тұтар бір кие ел – жұртым.
Оның аты – Тәуелсіздік, Еркіндік
Осы менің байлығым да бақытым.
Азаттығым көктен жерге түспеді.
Тәуелсіздік желі қандай күшті еді.
2- жүргізуші
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!-деп ұлы Мағжан атамыз жырлағандай бүгінгі
күн қазақ елінің мәртебесін жоғары көтеріп, шоқтығын биіктетер айтулы
мереке. Биыл ата-бабаларымыз мирас еткен, парасатымен, күш-қайратымен
қорғаған мемлекетіміздің тәуелсіздігіне міне бүгін де 20 жылдан асты.
Ғасыр айырығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата-баба рухы көтерілген
тәрізді. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен хандар мен батырлар
есімі жазылып қалды. Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззәт, Ербол мен
Сәбира сияқты мыңдаған Отансүйгіш ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар
ғасыр айырығында халқының азаттығы үшін құрбан болды.
Көрініс: Қайрат Рысқұлбековты тергеу ісі.
2-жүргізуші. Кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы оған кешірім жасап,
ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырды.
Еврейде, орыста, ұйғырда басқарған, қолы жеткеннің бәрі биліктің билігін
үйіріп келіп, басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21-ші басшысының
зобалаңына ұшырап, 21 жасында тұтқындалып, 21 күн нақақтан шырылдап, Семей
түрмесінің 21 камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өткен
Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды.
«Қазақ елі» әні орындалады.
1-жүргізуші.
Олай болса «Тәуелсздіктің туын көтерген Қазақстаным» бөлімі бойынша ортаға
«Жас қазақ» тобын шақырамыз. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші. Болашағына байыппен қарап, барын бағалай білетін, ұрпағын
үмітіне сай тәрбиелеген ел озады. Ұлттық дәстүрдің бесігінде тербетіп,
тәрбиелеп өсірген елдің болашағы қашанда жарқын, іргесі берік, мәртебесі
биік болмақ..
2-жүргізуші.
Тәуелсіздіктің туын биік көтерген ұрпағымыз бабаларымыздың аманатын
ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік.
«Атамекен» әні
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz