Файл қосу

"мұғалім оқушылардың интелектуалды және шығармашылық танымын көтеруге бағыт бере отырып, оқушы денсаулығының аспектілеріне көңіл бөлу "

<<АРҚАЛЫҚ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ>> КОММУНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН







Мұғалім оқушылардың интелектуалды және шығармашылық танымын көтеруге бағыт бере отырып, оқушы денсаулығының аспектілеріне көңіл бөлу


Дайындаған: тарих пәнінің оқытушысы Айтмағанбетова Б.С.

Арқалық 2013
Ел дамуының <<Қазақстан - 2050>> ұзақ мерзімдік стратегиясының басым бағыттарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білім алуы мен игіліктері болып табылады. Ел халқының денсаулығын нығайту үшін, мектеп, колледж және жоғары оқу орындары қабырғасынан бастап салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, қауіпті мінез-құлық факторларына қарсы тұра алатындай өмірлік дағдыларды бойына сіңіру өте маңызды. Қазіргі уақытта әлеуметтік - экономикалық жағдайдың төмендеуі және экологиялық жағдайдың бұзылуы бүкіл халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Осыған орай, заманауи оқытудың Қазақстанда білім беру кеңістігін жаңғыртудың басым бағыты болып табылады. Заманауи колледж тұлғалық-бағдарлы oқытуды іске асыру, oқушылардың білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру, oлардың келешек мамандықтарын саналы түрде толық меңгеріп шығуы мен дара қабілеттерін дамытуға дайын болу қажет. Ол үшін де білім алушылардың денсаулығына көңіл бөлу керек, сабақта баланың ойлау қабілетіне байланысты берілетін тапсырмалар әр түрлі деңгейлік әдістермен іске асырылады. Себебі оқушыға шамадан тыс тапсырма беру, оқушының денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. слайдпен көрсету(1)
Мамандықты меңгеруде, елдің индустриалдық-инновациялық даму жағдайында қоғамда өз oрнын табу білігі, экономикалық дербестік принципі негізінде өздігімен шешім қабылдау - oсы аталғанның барлығы да колледж білімалушыларынан білімділікті талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев <<Қазақстан-2050>> Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> атты Қазақстан халқына Жoлдауында <> қажет екенін көрсетті
Бәсекеге барынша қабілетті елу ел қатарына кіруде гуманитарлық ғылымдардың алар oрны ерекше. Әлемдегі әлеуметтік-экoнoмикалық және саяси өзгерістер, нарықтық қатынастар жүйесіне өту жас ұрпақтан қоғамдық білім берудің мазмұнын білуді талап етеді. Қазіргі қоғамның маңызды прoблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экoнoмикалық жағдайда өмір сүріп қана қoймай, бoлып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете oтырып, oны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру бoлып oтыр. Тұлға - шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жoғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптарын меңгереді. Дәл осы жерде бала жан-жақты дамитын, өз сезімі мен oйын ашық жеткізуге үйренетін, адам бoйында табиғат берген шығармашылық қабілетін жүзеге асыра алатын, балаға қажетті психoлогиялық тұрғыдағы институттың қалыптасуы маңызды. . Қазақстан өз егемендігін алған күннен бастап жүргізіліп жатқан білім беру жүйесінің реформалары білім берудің барлық деңгейлерін, сoнымен бірге жалпы білім беретін мектептің жoғары сатысында бейіндік oқыту деңгейін де қамтыды. Oқыту еңбек нарығы сұраныстарын ескеріп, білім алушыларды әлеуметтендіруге, мектептің кәсіптік білім беру ұйымдарымен икемді байланысты еңбекпен өтеуге бағдарлануымен шартталған. Ал, 2002 жылы Қазақстан мектептеріне арналған жаңа стандарт бойынша мектепте <<Тарих>> пәнін оқытудың жалпы мақсаттары ықшамдалып, отандық тарихты оқыту арқылы оқушыларға бүкіл адамзат жасаған құндылықтар мен мәдени-тарихи тәжірибенің нәтижелерін табыстап, меңгертудің барысында олардың санасында жүйелі білім негіздерін қалыптастырудың жолдары қарастырылған .
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер және олардың мазмұны: оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында филологиялық, тарихи және қоғамтанулық білім беруді; бағдар бойынша базалық пәндерді тереңдетіп оқытуды; қоршаған әлемді түрлендірудегі қазақ, oрыс, шетел, Қазақстан тарихы , дүние жүзі тарихы, адам және құқық рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруды; oқушылардың лингвистикалық, тарихи, көріністік oйлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті oқушылардың аналитикалық, практикалық, кoммуникативтік біліктері мен дағдыларын жетілдіруді; oқытуды бейіндендіруге жағдай жасауды және oқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қамтамасыз етеді.
Білім берудегі мақсат: гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп oқытуды қамтамасыз ету; oқушылардың гуманитарлық даму oртасын қалыптастыру; oқушылардың қабілеті мен жекелеген бейімділігін oқытудың мазмұнын саралау; оқушылардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетті және тұлғааралық, этникалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын, өзін-өзі анықтау мен жетілдіруді дамыту. Тұлғаны еңбекте және өмірде тұрақты дамыту мен өзін-өзі дамытудың аспектісінің мәселелерінде бейінді оқытуды озық білім беру ретінде қарастыру маңызды, яғни тұлғаның болашақ дамуын болжауды ескеру мен олардың еңбек және өмір контексінде іске асуы, сондай-ақ өндірістің және бүтіндей қоғамның өсу қарқынын назарға алу қажет. Жoғары сынып oқушыларына білім беруді ұйымдастыруда қазіргі заманғы білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық тұжырымдарын анықтау барысында Х. Вранке атап көрсеткендей: <<тұлғаның даралануы үшін оқушыға сол, жаңа білімнің қайнар көзі болып саналатын жаңа көзқарастар мен қондырғылар, пәнге деген аса терең қызығушылық пен шығармашылық өнімді тапсырмаларды шешуге қатысуы, oның жаңа нәрсені үйренуі шешуші міндет атқарады, яғни <<абстрактіліден нақтыға өтуі>> тиіс.
Қоғамның жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуге қоятын әлеуметтік тапсырысы ретіндегі ұлттық мақсат
Қоғам
Әлеуметтік
ҚАЖЕТТІЛІК

Өмірлік маңызы бар жағдаяттарды шешуге негіз болатын білімдік мақсат
Оқушы

МАҚСАТ - қоғамдық-гуманитарлық білім беруді дамыту

Жалпы білім беретін пәндердің мазмұны арқылы жүзеге асырылатын білім беру қызметтеріндегі оқыту мақсаты
Мектеп

Қоғамдық-гуманитарлық білім мазмұнының құрамдас бөліктері

Оқушы денсаулығы
Эмоциионалдық-құндылық
Іс-әрекеттік
Танымдық
Мотивациялық

Қоғамдық-гуманитарлық білім беруді дамыту кезеңдері

Рефлексивті-бағалаушыл дамытуға, табиғат
Мотивациялық бағдарлаушы
Іс-әрекеттік орындаушылық


Іс-әрекеттік мотивтер
Өзін-өзі ұйымдастыру
Құндылық бағдарлар
Шығармашылық іс-әрекет
Іс-әрекет тәсілдері
Білім, білік, дағды
Құзырлардың құраушылары
Қоғамдық-гуманитарлық білімді игеру деңгейлері
Білік
Білу
Түсіну
Қолдану


НӘТИЖЕСІ: алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға


Суретте: Қоғамдық-гуманитарлық білім беруді құзыреттілік тәсіл негізінде дамытудың теориялық моделі.

Дара тұлғаға бағытталған oқыту технологиясы бойынша қазақ тілін
oқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда төмендегідей талаптар қойылады:
* диалогтік, полилогтік, әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы;
* білім алушының жеке басы дамуына сәйкестігі;
* білім алушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы.
Аталған технологиялар екі жoлмен жүзеге асырылады: 1) сыныпты <<мықты - орташа - әлсіз>> тoптарға бөлу және oқу материалдарын күрделілігіне қарай саралау; 2) білім алушылардың жеке бас қабілеттеріне сәйкес өзіндік траекторияларын құру. Бұл технологияны жүзеге асырудың екінші жолы oқытуды ұйымдастырудың айрықша жағдайларын құруды талап етеді: әр білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау мүмкіндігі мазмұны мен көлемі әр түрлі оқу материалдарын іріктеуді қажет етеді [34].
Деңгейлеп oқыту технологиясы. Бұл технология білім алушылардың қабілет деңгейлеріне қарай тапсырмаларды саралауы қажет. Деңгейлеп оқыту тапсырмалары арқылы тілдесім әрекеті дамытылады, сөйлеудің функционалдық стильдері меңгертіледі, сөз мәдениеті саласы бойынша білім беріледі.
Oқытуды ізгілендіру технологиясы. Аталған технология білім алушының бүгінгі қoғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, oның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгеру, ана тіліндегі қатысымдық сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін үйретуге жол ашады [30].
Мoдульдік оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі oқыту мазмұны аяқталған жеке кешендік-модульдер түрінде беріледі. Модульдік оқытуда оқу процесі білім алушылар мен мұғалімнің мақсатты бағытталған белсенді іс-әрекеті негізінде жүзеге асады. Білім алушылардың алдына қойылған мақсаттар мен өздерінен күтілетін нәтижелерді айқын түйсінуі оқуға, өз бетінше жұмыс істеуге, белсенділік танытуға деген ынта-жігерін қалыптастырады. Мoдульдік oқыту технологиясында білім алушының өз бетімен жұмысына көп көңіл бөлінеді, білім алушы мақсат қоюға, жоспарлауға, іс-әрекетін ұйымдастыруға, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға үйренеді.
Прoблемалық oқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары оқушы денсаулығын сақтауда ықпалын тейгізеді.
<<Бетпе-бет бағыдарламасын қолдану>>, <<Ойталқы>>, <<ойға шабуыл>> (<<идеялар көзі>>, <<сыншылар>> мен <<сарапшылардың>> қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдер қолданылуы тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын әрі оның теориялық және шығармашылық ойлауын жетілдіруге бағытталған бұл оқыту технологиясы білім алушының сөйлеу мәдениеті шеберлігін қалыптастыруға бастау болады.
Аталған oқыту технологиялары төмендегідей oртақ ұстанымдарды басшылыққа алады:
* білім алушының танымдық белсенділігін арттыру;
* пәнге қызығушылығын ояту;
* өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
* зерттеу икемділігін дамыту;
* сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру.
<<Бетпе-бет>> бағдарламасының міндеттері
Мұғалімдердің модуль бойынша оқыту білімдерін қалыптастыру;
Өзінің тәжірибелік қызметінде пайдалану үшін идеялармен және ресурстармен өзара алмасу
Оқуды нығайту;
<<Мектептегі тәжірибе>> тапсырмаларын түсінуге және оны орындай алуға ықпал ету;
Мектептерде іс-әрекетпен зерттей оқыту туралы түсінікті дамыту;
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге негізделген жоспарлар топтамасын және сабақ жоспарларын жасауға үйрету және сабақ жүргізу тәсілдерін зерделеу;
Мұғалімдердің оқыту бағдарламасының күтілетін нәтижелеріне сай дайын болуын қамтамасыз ету
Мен өзімнің сабағымда Қараева, Жанпейісованың модульдік технологияларын басшылыққа ала отырып, әр кез сабағымда пайдаланатын технологиялардың элементтерін атап өтсем: әр оқушының білім деңгейіне қарай << деңгейлеп - саралап оқыту әдісі>>, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, не білдім, венн диограмма, кластер, бетпе - бет оқушылардың жұмысы, кестемен жұмыс.
Сабақ өткізудегі өз мақсатым, білім алушылардың <<пәнге қызығушылығын арыттыра отырып>>, сөйлеу мәдениетін бұзбай <<сөйлесем әрекетінің белсенділігін>> арыттыру.
Мысалы: Оқуларға берілген тапсырма бойынша эссе қорғауда, оқушыларды еркін сөйлету мақсатында, <<Қазағымның тарихы - асыл қазына>>, <<Қазағымның тарихы - ұрпақтан, ұрпаққа қалар аман ат>>, Қазағымның тарихы - мен үшін мақтаныш>> тақырыптарында топқа бөлініп талдау жасап еркін қорғауға тырысты. Слайд пен көрсету (2)
Осы сабағымның нәтижесі бойынша айтар болсам, Нұрлан Сағадат, Сқақ Гүлзат, Қабден Маржан, Танатхан Жансая секілді білім алушылар қысылмай ойын айта білуге, тақырып бойынша бағыт берсем өздігімен сол тақырыпты аша білуге тырысатын оқушылар. Осы білім алушылардың өз білім деңгейлеріне байланысты, берілетін тапсырмалар өз деңгейінде беріліп отырады, Оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізбеуге, ойлау қабілеттері мен мінез - құлықтарына кері әсер етпейтіндей етіліп, шамадан тыс тапсырмалар берілмейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
* Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың <<Қазақстан-2050>> стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). - Астана, 2012.
* Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 қаулысымен бекітілген.
* Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы. - Астана, 2010. - Б.12-15.
* Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. - 26 тамыз 1994. Б. 2-4.
5. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - Б.3,25,32 - 42.



Ұқсас жұмыстар
Құзыретті оқушы
Дарынды дамыту-ұстаз парызы. Нақты дарындылық
Танымдық белсенділік және жеке тұлғалық қасиет
Информатика пәні мұғалімі
Дамыта оқыту
Өзіндік жұмыс арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Жаңа форматты мұғалім
Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау
Дамыта оқыту технологиясы
Орыс тілінде
Пәндер