Сабақ жоспары: Болжалды келер шақ

Сабақтың тақырыбы : Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға болжалды келер шақ туралы мағлұмат беру. Сөйлем ішінен таба білуге оны практикада қолдана білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

А) Психологиялық сәт

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер. (Шәңгерей)

Ә) Мағынаны тану

Осы шақ Болжалды келер шақ

Шақ Келер шақ Келер шақ Мақсатты келер шақ

Өткен шақ Ауыспалы келер шақ

М: Кейде біз анығын білмей болжап айтатын кездеріміз болады. Сол болжаммен шамалап айтқан сәттерімізді еске түсірейікші.

Жасалу жолдары
Мысалы
Жасалу жолдары: Етістіктіктің түбіріне -ар, -ер, -р+жіктік жалғау.
Мысалы:

Ойла-р-мын, көр-ер-мін, де-р,

әпер-ер т. б.

Жасалу жолдары: Болымсыз етістік+с+жіктік жалғау
Мысалы: Аудар+ма+с+пын, киме+с, кет+пе+с

Хормен оқушыларға болжалды келер шақтың жіктелуін айтқызу.

Жақ
Жекеше
Жақ: І
Жекеше: Қуанармын
Жеңермін
Өкінбеспін
Жақ: ІІ
Жекеше: Қуанарсың
Жеңерсің
Өкінбессің
Жақ: ІІ
Жекеше: Қуанарсыз
Жеңерсіз
Өкінбессіз
Жақ: ІІІ
Жекеше: Қуанар
жеңер
Өкінбес
Жақ
Көпше
Жақ: І
Көпше: Қуанармын
Жеңермін
Өкінбеспін
Жақ: ІІ
Көпше: Қуанарсың
Жеңерсің
Өкінбессің
Жақ: ІІ
Көпше: Қуанарсыз
Жеңерсіз
Өкінбессіз
Жақ: ІІІ
Көпше: Қуанар
Жеңер
Өкінбес

Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты пысықтау.

Барар, ойнар, болмас, жүзер, кетпес етістіктерін жекеше көпше түрде жіктеу.

Жақ
Көпше
Жақ: І
Көпше: Барар
Ойнар
Болмас
Жақ: ІІ
Көпше: Барарсың
Ойнарсың
Болмассың
Жақ: ІІ
Көпше: Барарсыз
Ойнарсыз
Болмассыз
Жақ: ІІІ
Көпше: Барар
Ойнар
Болмас

Морфологиялық талдау жұмысы.

Берілген сөзді морфологиялық талдау.

Болмас, дүркірер, татыр, табарсың, жетерсіз, болмас, табарсың.

Болмас:бол-түбір, -ма- болымсыз етістік., -с - болж. келер шақ жұрнағы.

Табарсың: табар- түбір, -сың - жікт. жалғ. ІІ жағы.

Тілтаным

Кейде І ж. жіктік жалғауы - пын, -пін ықшамдалып түрінде де (ауызекі) жұмсалады.

Мысалы : бар-ма-с-пын барман, кел-ме-с-пін келмен, сөйле-ме-с-пін сөйлемен.

Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.

Мен қара құстан туған қалықпан,

Сөйлер сөзге жалықпан. ( Махамбет)

Дәптермен жұмыс.

(Дәптерлеріңе жазып, өлеңнен етістіктерді теріп, жасалу жолын көрсетіңдер)

«Жанды сөз» І. Жансүгіров.

Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер

Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.

Жүрегімнің айнасын шаң басқанда,

Орамалым осы өлең бетін сүртер.

Түртер, тінтер, сүртер.

Сабақты бекіту.

-Келер шақтың түрлерін ата? Болжалды келер шақтың жасалу жолдары қандай?

-Болжалды келер шақтың жекеше, көпше түрде жіктеп беріңдер?

Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен болжалды келер шақты тауып, жазып келіңдер.

Оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып: Болжалды келер шақ тақырыбындағы интерактивті ашық сабақ хаттамасы
Қазақ тілі: мақсатты келер шақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Келер шақ тақырыбындағы қазақ тілі сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі: Келер шақ - ашық сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі: Келер шақ - телекөпір форматындағы сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Етістіктің шақтары (өткен, осы және келер шақ)
Сабақ жоспары: Асханада тақырыбы және етістіктің келер шағы
5-8 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының жоспарлары: С. Сейфуллиннің Ақсақ киік өлеңі, кезектес салалас, келер шақ және көсемше
7-8 сыныптарға арналған қазақ тілі пәні бойынша ашық сабақ: Мақсатты келер шақ және түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Сабақ жоспары: Қазақ тілі - етістіктің келер шағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz