Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі

Файл қосу

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері


<<Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
№2 кәсіптік лицей>> мемлекеттік мекемесі



Баяндамашы: Құдайбергенов Сырым
Рыстанович

Арқалық қаласы
2011-2012 оқу жылы
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері

Мақсаты: Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру, өскелең ұрпақты денешынықтырумен және спортпен айналысуға жұмылдыру.

"Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері таңдалады: белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы".
Оқушыларға салауатты өмір салтының негізгі аспектілері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді және денсаулықты бала кезден сақтау мен нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, көп қимылдау және спортпен айналысудың маңызын, адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілікте ынтымақтас болу қажеттігін көрсетеді.
Ел дамуының <<Қазақстан - 2030>> ұзақ мерзімдік стратегиясының басым бағыттарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білім алуы мен игіліктері болып табылады. Ел халқының денсаулығын нығайту үшін, мектеп қабырғасынан бастап салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, қауіпті мінез-құлық факторларына қарсы тұра алатындай өмірлік дағдыларды бойына сіңіру өте маңызды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік - экономикалық жағдайдың төмендеуі және экологиялық жағдайдың бұзылуы бүкіл халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Елбасының <<Қазақстан - 2030>> бағдарламасында <<Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім және әл - ауқаты>> тармағында <<Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы, оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарымыздың салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі>> көрсетілген. Сондықтан да елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру ісі жандандырылуы қажет. Ақпарат беттерінде шығып жүрген ғылыми зеріттеу институттарының мәліметтеріне сүйенсек, 1 - сыныпқа келген оқушылардың 30% пайызы әр түрлі ауытқулар бар болса, ал 10 - 11 сынып оқушыларында (яғни біздің білім алушыларымыздың жасындағы балаларда) 80 - 85%пайызға дейін мінезінде, денсаулығында ауытқулар кездеседі. Неге бұлай дене сұрақтың жауабын табу да қиын, жастар арасында қатігездіктің көбеюі, зиянды әрекеттерге үйір болуы бүгінгі күннің шындығы.Осындай әрекеттердін алдын алу үшін, оқушыларымызды түрлі үйірмелерге тартып, насихаттаса жаман әркеттерге баруға артық уақыттары да болмас еді. Лицей оқушыларының кәзіргі таңда спортқа көз қарастары, орташ денгейде. "Қайрат" спорт кешеніндегі қалалық үйірмелер жұмыс істейді, (еркін күрес, дзюдо, бокс, ауыр атлетика және гір тасын көтеру, т,б) сонымен қатар өзіміздің лицнйішілік үйірмелерге (волейбол, баскетбол, футбол, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы) өз еріктерімен қатысуына немесе топ жетекшілері жетелеп бағыттаса , салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосқан болар еді.
Тағы да айта кететін жайттың бірі: оқушыларымыздың денсаулығына байланысты дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылардың жылдан жылға көбейіп бара жатқандығы.Кәзіргі таңда лицей бойынша-370 оқушы болса, денсаулығына байланысты дене тәрби сабағынан босатылған оқушыларымыз І - курс бойынша 9, ІІ - курс бойынша 14 , ІІІ - курс бойынша - 7 . Жалпы саны 30 оқушының анықтама құжаттары топ жетекшілеріне тапсырылған
Жанұя, әлеуметтік, материалдылық және экологиялық факторларға байланысты салаутты өмір салтын қалыптастырудағы бір қатар ауытқушылықтар мен тосқауылдарды ескере отырып, оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді:
* Оқушының өмір салтына, денсаулығына көзқарасын арттыру;
* Оқушылардың дене жөне психологиялық саулығын арттыру мен нығайту;
* Оқу және сабақтан тыс уақытта, жат әдеттермен айналыспауын қадағалау;
* Жат, келеңсіз әрекеттер мен іс - қимылдармен күресе білуге үйрету;
Алдағы уақытта оқушылардың өз бетінше салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруларына сіздер болып, біздер болып ықпал жасауымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Өмірде бақыттысың денің сауда
Оқушылардың салауаты өмір сүру салтын қалыптастырудағы физика пәнінің рөлі
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Салауатты өмір салтымыз
Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рухани құндылықтар
Салауатты болсаң, сау боларсың
Сіздер салауатты өмір сүруге бейімделіп келе жатқан жансыздар
Гигиеналық факторлар
ПАЙДАЛЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ТАҒАМДАР
Пәндер