Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Бұлшық ет



Ақтөбе облысы
Шалқар қалалық №1орта мектеп

Ашық сабақ

Пәні: Қоршаған дүние
Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет»

Өткізген: 12 жылдық эксперимент
3А сынып мұғалімі
Қуатбаева

Гүлмира Жадырасынқызы.

Шалқар
Пәні:Қоршаған дүние
Сыныбы: 3А
Мұғалімі:Қуатбаева Г.Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет»

Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері туралы ұғымын тереңдетіп, бұлшық
еттің атқаратын қызметі туралы қарапайым мәлімет беру.
2. Сарамандық жұмыстар жүргізе отырып, оның нәтижесі туралы ой
тұжырымдауға үйрету.
Тәрбиелік:
Дене сымбатын, бұлшық етті дамыту үшін салауатты өмір салтын ұстану
қажеттігін оқушы санасына сіңіру, спортқа қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық:
Шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтауын, талдау, жинақтау
қабілеттерін дамыту.
Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, сарамандық, көрнекілік.
Көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, слайдтар.
Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор.
Сабақтың типі: Жаңа білімді түсіндіру сабағы.
Сабақтың формасы: Жеке дара, жұптық, топтық, ұжымдық.
Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Қаңқа». Балалар 5 топқа бөлінеді.
Топта жұмыс істеу ережесі.
- өз пікірін ашық айту;
- жолдасын зейін қойып тыңдау;
- бірін-бірі бағалау;
- топ мүддесін жоғары санау;
- топта тыныштық сақтау;
- белсенді қатысу.

Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі:
1 – топ: «Тірек-қимыл жүйесі»
2-топ: «Бас сүйек»
3-топ: «Қол және аяқ сүйектері»
4-топ: «Көкірек қуысы – кеуде қаңқасы», «Қабырғалар»
5-топ: «Омыртқа жотасы». (Дайындалуға 2 минут уақыт беріледі.)
Әр топ жауап берген сайын мұғалім слайдтар арқылы қорытындылап кетіп
отырады.
1-топ.
|[pic] |«Тірек –қимыл жүйесі» |
| |Қаңқа мен бұлшық ет-адам денесінің тірегі. Қаңқа дене |
| |пішінін сақтауға, қимылдауға, жүріп тұруға |
| |көмектеседі. Қызметі: ішкі мүшелерді зақымданудан |
| |сақтайды. Барлық сүйектер өзара байланысқан. |

2-топ.
|[pic] |«Бас сүйек» |
| |Бас мықты жымдаса байланысқан сүйектерден –ми |
| |сауытынан құралады. Оның ішінде ми орналасады. Бас |
| |сүйегі миды зақымданудан қорғайды. Баста екі жақ сүйек|
| |бар: үстіңгі жақ сүйек және астыңғы жақ сүйек. Үстіңгі|
| |жақ сүйек баспен тұтаса бітеді.Астыңғы жақ сүйек |
| |шықшыт буыны арқылы баспен жалғасады. Сондықтан адам |
| |аузын ашып-жұмып қимыл жасайды. |

3-топ.
|[pic] |[pic] |«Қол және аяқ сүйектері» |
| | |Адамның қолы –қары, білек, алақан сүйектерінен |
| | |тұрады. Қол қары тоқпан жілік, білекте-кәрі жілік |
| | |пен шынтақ, алақанда саусақ сүйектері болады. Тоқпан|
| | |жілік жауырынмен жалғасып тұрады. Аяқ сан, балтыр, |
| | |табан сүйектерінен құралады. Санда ортан жілік, |
| | |балтырда асықты жілік пен шыбық сүйек болады. |
| | |Табан майда сүйектерден тұрады.Ортан жілік жамбас |
| | |сүйегімен жалғасып жатады. |

4-топ.
|[pic] |«Көкірек қуысы-кеуде қаңқасы» «Қабырғалар» |
| |Кеуде қаңқасында омыртқа жотасы, қабырғалар мен төс |
| |сүйегі орналасқан. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан |
| |тұрады. Олар бір-бірімен шеміршек арқылы |
| |жалғасатындықтан адам денесін еркін қозғалта алады. |
| |Адамда 12 жұп қабырға бар. Олардың артқыжағы |
| |омыртқаларға , алдыңғы жағы төс сүйекке бекіп, кеуде |
| |қуысын құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасады.|
| |Бұлардың төменгі жағында құрсақ қуысы бар. Онда ішек, |
| |асқазан, бауыр, бүйрек бар. |

5-топ.
|[pic] |«Омыртқа жотасы» |
| |Омыртқа жотасында 33-34 омыртқа болады.Олар |
| |бір-бірімен шеміршек арқылы байланысады.Әрбір омыртқа |
| |ортасында өзегі болады.Барлық омыртқалар бір-бірімен |
| |жалғасқанда осы өзектер біріге келіп,жұлын жолын |
| |түзеді.Өзек жұлынды зақымданудан қорғайды. Омыртқа |
| |жотасын мүлдем түзу сызық түрінде көз алдыңа елестет. |
| |Омыртқа жотасы дұрыс отырмаса, бүкірейе берсе – |
| |қисаяды |

Сұрақтар бойынша сұхбат: (оқушылар слайдтар бойынша өз ойын айтады)
1. Сымбат дегеніміз не?
2. Ғалым Ч.Дарвиннің қорытындысы?
3. Қазіргі заманғы адам сымбатының австралопитектікінен айырмашылығы
неде?
4. Әдемі және сау болу үшін не істеу керек?

Үй тапсырмасын қорыту. Тест: «Дұрыс немесе бұрыс»
(Оқушылар компьютерде орындайды)
1. Қаңқа –адам денесінің тірегі. +
2. Барлық сүйектер сіңірлер, шеміршектер және буындар арқылы байланысады.
+
3.Омыртқа жотасы 32-33 омыртқадан құралады. -
4.Адам тұлғасы сымбатты ,түзу болып қалыптасу үшін өзіңді -өзің
қадағалаудың қажеті жоқ. -
5.Қаңқасы дұрыс дамып ,өсіп-жетілмесе ,ол басқада мүшелердің дамып
жетілмеуіне әкеліп соғады. +
6.Қол сүйектері-тоқпан жілік,кәрі жілік,саусақ сүйектері. +
Жұптық тексеру ұйымдастырылады, оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті.
1. Алақанды төмен қаратып, қолды жерге тигізіп, иіліп: «Уа, Жер, мен
саған сәлем бердім!»
2. Қолды алға созып, алақанды алға қаратып: «Уа, Су, мен саған сәлем
бердім!»
3. Қолды шынтақтан бүгіп, алақанды жоғары қаратып: «Уа, Ауа, мен саған
сәлем бердім!»
4. Қолды жоғары көтеріп, алақанды жоғары қаратып: «Уа, Күн, мен саған
сәлем бердім!»

ІІІ. Жаңа білімді түсіндіру.
1) -Адам денесіндегі сүйектер өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшық
еттердің көмегімен қимылдайды.
Сарамандық жұмыс. Оң қолыңды жаныңа ұста, сол қолыңмен сығымдап ұстап көр.
Жілік тұсындағы бұлшық ет қатайып, бұлтиып шыға келеді. Аяқтарыңның бұлшық
етін ұстап көр.
Мұғалім жаңа материалды слайд арқылы түсіндіреді.
2) Мәтінді тізбектей оқыту.
3) Сызбанұсқа арқылы жаңа ұғымды тереңдету. (Слайд арқылы)
[pic]

IV.Бекіту. Биологиялық диктант. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
(Оқушылар компьютерде орындайды)
1.Адам денесінде ...............-ден астам бұлшық еттер бар.

2.Бұлшық еттер екіге бөлінеді:...................

3.Сүйектер мен буындар өздігінен қимылдай алмайды.
Бұларды ................. қимылдатады

4.Ересек адам бұлшық еттерінің салмағы , оның дене салмағының
............ құрайды.

V. Сәйкестікті анықта. (Компьютерде орындалады)

[pic]
VІ. Қорыту.
Бұлшық еттер не үшін қажет?
Бұлшық еттің қандай түрлері бар, олар қандай қызмет атқарады?

VІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, жүйелі мазмұндай білу.

Ұқсас жұмыстар
Дене бұлшық еттері
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы, маңызы және бұлшық еттердің негізгі топтары. 8 сынып
Белсенді оқушылар
Сезім мүшелері. 8-сынып
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Сабақтың типі. Сабақтың әдісі
Жүректің құрылысы мен қан тамырлары және жүрекшеле
Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы
Дүниетану пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Пәндер