Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем: сабақ жоспары және бағалау критерийлері

Cабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сөйлем туралы алған білім-білік дағдыларын кеңейту. Құрмалас сөйлем туралы бастапқы түсінік беру. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын, ой қорыту машығын арттыру.

Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтежесі: Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын білу.

Топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптастыру.

Өз ойларын еркін айта білуі.

Тапсырмаларды жүйелі, талдай отырып орындату.

Негізгі идеялар: Сөйлемнің жай және құрмалас түрлері жайлы білімдерін бекіту.

Тапсырмалар:

1. «Ой қозғау»

1-тапсырма:сөздерден сөйлем құрастыру.

І-топ: әже, бер, көжек, шөп. ( Әже көжекке шөп берді. )

ІІ-топ: балта, ата, жар, отын. (Ата балтамен отын жарды. )

ІІІ-топ: Іш, су, Райхан, ыдыс (Райхан ыдыспен су ішті. )

2. «Мағынаны тану»

А) Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді оқып, салыстыру.

Ә) Топпен жұмыс.

Ережені оқып, өз беттерінше талдау, мысал келтіру.

3. «Оқулықпен жұмыс»

А) 2-жаттығу. Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.

Ә) 3-жаттығу. мақалдарды көшіріп жаз. Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

4. «Топтық жұмыс» әр топ берілген сурет бойынша сөйлем құрастырып, бастауышы мен баяндауышын табу (Ережені айтып талдау) .

5. «Ой толғау» Жаңа тақырыпты бекіту, қайталап қорытындылау.

4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқы. Алдымен жай сөйлемдерді, содан соң құрмалас сөйлемдерді көшіріп жаз.

Бағалау критерийі:

  1. 1-тапсырма: (Сөйлем құрастыру)
  2. 2-тапсырма: (1-жаттығу)
  3. 3-тапсырма: а) (2-жаттығу) ә) (3-жаттығу)
  4. 4-тапсырма: Топтық жұмыс (әр топ сурет бойынша сөйлем құрастырады)
  5. 5-тапсырма: (4-жаттығу) 1-ұпай-түсіндірмей орындаса; 2-ұпай- түсіндіре отырып орындаса; 3-ұпай -толық мазмұнын ашып, талдаса:

0-7ұпай-«3»

8-14 ұпай-«4»

15-18ұпай-«5»

Үйге тапсырма:

5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

3-жаттығу


Ұқсас жұмыстар
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем: сабақ жоспары мен оқу-әдістемесі
11-сынып қазақ тілі сабағы: Сабақтас құрмалас сөйлем - сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары: сабақтас құрмалас сөйлем және отбасы тәрбиесі
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем: сипаттамасы, байланысу түрлері және оқу-әдістемесі
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем (2 сағат)
8-сынып қазақ тілі: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - сабақ жоспары
8-сынып қазақ тілі: Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы сабақ жоспары
Жай сөйлем түрлерін қайталау: жарыс форматындағы сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz