Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«менің елім – Қазақстан» танымдық-этнографиялық ойын-сайыс
«Менің елім – Қазақстан» танымдық-этнографиялық ойын-сайыс
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге,
халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі
қарай
жалғастыруға тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге
білімді
адамдар керек екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті,
«Қазақстан» энциклопедиясы, нақыл сөздер, слайд-
шоу.
Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін
дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр
адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен
еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық
сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген
сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке
ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.
Тарихқа бір сәт шегінсек...
ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ
мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан
көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар
қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасаап, қалың жұртты қан жылатты.
Дүрлікке ел шұбыра көшіп «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге
аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.
ХҮІІІ –ХІХ ғаысрларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.
Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады.Ұланғайыр даламыз
империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.
ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық
көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.
1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз
қырғынға ұшырап, қуғынға түстік.Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге
мәжбүр болды.
1932-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн халықтың
2,2 млн-ы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық,тағы өлім.
Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-38 жылдар...
1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста
қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған
жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
«Орнында бар оңалар» демекші ел орнында, жер орнында. Жерге жетер
байлық жоқ.Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында
«Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз
егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 –дан аса ұлт өкілдері тұратын
осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан
дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі
өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның
көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды
таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары осының
бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай
түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы,
қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы,
мемлекеті – оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған
Отаны.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп барлығыңызды
Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі,
құшақтарыңызға зор қуаныш тілеймін.
Бақыт – тірлік күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны.
Мереке қарсаңында «Менің елім – Қазақстан» атты танымдық-этнографиялық
ойын- сайысымызды бастаймыз.
6 сынып оқушыларынан құрылған « Бәйтерек »,
7 сынып оқушыларынан құрылған « Жас қазақ »,
8 сынып оқушыларынан құрылған «Тәуелсіздік ұланы » топтарымен бірге
көрсетілген бекеттер бойымен елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы,
қалалары, табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз.
Кезекті топтарға береміз, өздерін таныстырып өтсін:
Топтар аты,
ұраны , әндерін айтады.
Сайыс болғаннан кейін, жеңімпаздар анықталу керек, әділқазылық жасау үшін
ортаға:
1. Берікқалиқызы Айдана
2. Өтегенов Сержан
3. Сағадатов Айдос аға-апаларыңызды өз орындарына шақырамын.
шақырамын.
Ән: «Елім менің» орындайтын Айтімбетов Н.Р.
1-бекет: «Қазақстанның Елордасы – Астана»
Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам халқым үшін ерен бөлек –
ТӘУЕЛСІЗ еліміздің Астанасы!
1. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/
2. Астана туралы өлең шумақтары.
3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан
алды?/1991,16/ХІІ/
4. Астанамыз 10 жасқа қашан толды? /2008 жыл, 10 маусым/
5. Астана Қазақстанның шешінші Астанасы? /4/
6. Елорда ажарын асқақтатар орындар?
/Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, «Ақорда», «Думан» т.б.
2-бекет. «Ұлттық рәміздер»
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! – деп келесі бекет «Ұлттық
рәміздер» деп аталады.
1. Елтаңбаның авторлары кімдер?
/Шота Аман Уалиханов, Жандарбек
Мәлібеков/
2. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?
/тенге, 1993,15 қараша/
3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/
4. Ұлттық рәміздері туралы өлең оқы.
5. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/
6.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?
/1995 ж, 30 тамыз/
Өлең: «Қазақстан – Республикам менің!» - оқитын Мұхамбетова А.А.
3-бекет. «Қазақстанның қалалары»
1.Ақ Жайықтың жағасында орналасқан қала? /Орал/
2.Әріптердің орнын ауыстыру арқылы жасырылған сөзді тап.
МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ, НЕСӨМЕК, ҚАУТА
3.Қазақстан Республикасында 14 облыс, 90-жуық қала, 150-ден астам аудан
бар. Облыс орталықтарын атап шық.
4.Желтоқсан оқиғасы өткен қала? /Алматы/
5. Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала? /Орынбор/
6. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
Өлең: Туған жер.
4-бекет. «Ауылым-алтын бесік»
Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені.
Ең алғаш жұтқан ауасы, табанының табы қалған, аялаған өмір бесігі.Туған
жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа
тарайды.
Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегімде
Басымды иіп өзіңе табынамын.
Келесі бекет – «Ауылым-алтын бесік» деп аталады.
1. “Қыз Жібек” фильмінде Жібек ролін сомдаған актриса?/М.Өтекешова/
2. Ұзынкөл ауылы шектесетін ауылдарды ата.
/Ресей, Тау, Ақоба, Күйгенкөл, БөкейОрдасы ауданы/
3. Ұзынкөл ауылының түйе палуаны? /Қабдешов З./
4.Мақалды жалғастыр:
a. Отансыз адам - ...
b. Ел іші - ... .
c. Отан .... ыстық.
d. Туған жердей –
e. Туған елдей –
5. Жәнібек ауданы шектесетін ауылдар?
6. Ортамызда жүрген ардагер ұстаздар кімдер?/Меңдіғаным апай, Қымбат
апай, Айша апай, Қанымзия апай, Орнаш апай, Шолпан апай т.б./
Өлең: Ж.Молдағалиев. «Мен –қазақпын» - оқитын Нұртаева А. 5-сынып
5-бекет. «Қазақстанның табиғаты»
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Тамаша аспан менен жері қандай,
Зеңгір тау, дария менен көлі қандай!
Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,
Пайдаланған бұлармен елі қандай!
Келесі бекет – «Қазақстанның табиғаты» деп аталады.
1. Қазақстанның ең үлкен өзені? /Ертіс/
2. Сирек кедесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктерді
қайдан табуға болады? /Қызыл кітаптан/
3. Қазақстанның ең биік нүктесі? /Хан тәңірі шыңы/
4. Қазақстанда неше қорық бар? /9+1/
5. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? /Каспий/
6. Қазақтар қандай дала өсімдігін Отанның символы деп есептейді? /Жусан/
6-бекет. « Салт-дәстүр»
Туғаннан соң адам боп,
Тілімізде жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата –бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты,
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата – жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Келесі бекет «Салт-дәстүр» тапсырмалары:
1. Қазақстанның ертеден келе жатқан мейрамдарын ата.
/Наурыз, Ораза
айт, Құрбан айт, т.б./
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің.
/Бауырсақ, қымыз, шұбат, қазы-қарта, жал-жая, сүзбе
т.б./
3. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін атап шық /білгеніңше/
/Қонақасы, Сыбаға, бастаңғы, Тоқымқағар, Байғазы, Енші, Шашу,
Тұсаукесер, Сүндет той .../
4. Қазақтың ұлттық билерін ата.
/Қамажай, Сәулем-ай, Айгөлек, Жайдарман,
т.б./
5. Қазақтың ұлтық киімдері қандай?
/Сәукеле, тақия, камзол, шапан, мәсі,
кимешек, ... /
6. Қазақтың билерін ата.
Әділқазылар алқасы топтардың жауаптарының қорытындысын дайындағанша әнге
кезек береміз.
Ән: « Ауылым » орындайтын: Аждуов О.
Сөз әділқазылар алқасының төрағасы :
Жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң, бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін, дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгін ойын-сайысымызды
аяқтаймын.
Қосымша білім беру педагогы:
Габдуллина Күләнда Ғайноллақызы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz