Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дала құстары


Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті

[pic]

Тақырыбы: «Дала құстары»

Өткізген: ППТК логопеді
А.С.Бисембаева

Сайқын, 2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Дала құстары»
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыға құстар, оның түрлері, атаулары, бір – бірінен айырмашылықтары
туралы түсінігін молайту.
• Оқу іс - әрекетіне қызығушылығын оятып, сөздік қорын молайту. Өз ойын
еркін жеткізе алуға, белсенділікке деген қабілетін дамыту.
• Құстарға қамқор болып күтуге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тиын мен кірпі ойыншықтары; қарға, торғай, сауысқан, көгершін,
хат, үнтаспа.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу:
Мен ақылды баламын,
Айтқан тілді аламын,
Үлкендерді көргенде
Қуана қарсы аламын.
- Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені сабаққа қонақтар келді.

2. Негізгі бөлім.
1. Артикуляциялық жаттығулар:
Дұрыс, әдемі, нақты сөйлеу үшін тілімізді жаттықтырып алайық.
«Жымию», «Түтікше», «Қақпа», «Тісімізді тазалаймыз», «Құлыншақ», «Кәмпит»
жаттығулары.
2. Тыныс алу жаттығуы:
«Торғайды гүлге қондыр» ойыны.
Жіптің бір жағына торғай, бір жағына гүл байланады. Бала торғайды гүлге
қондырғанша мұрнымен дем алып, ауызбен үрлейді.

3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дала құстары» деп аталады. Олай болса біз
құстар туралы әңгімелейміз. Сен білесің бе, біздің сабаққа орманнан кірпі
мен тиін хат жиберіпті, сол хатты мен саған оқып берейін.
«Сәлеметсің бе, балақай! Біздің орман тым-тырыс болып қалды. Құстар
көрінбейді, дауыстары естілмейді. Біздің құстар сендер жаққа ұшып кеткен
сияқты. Егер келсе бізге хабар беріңдер. Кірпі мен Тиін.»
- Ал сен сабаққа келе жатып немесе ойнап жүргенде қандай құстарды
көресің? (қарға, торғай, сауысқан, көгершін)
- Өте жақсы, енді біз кірпі мен тиынға көмектесуге дайынбыз ба?
- Дайын болсақ, мен құстар туралы айтып берейін.
Құстар біздің досымыз. Құстардың түрлері өте көп, олардың кейбірі қыста
жылы жаққа ұшып кетсе, кейбірі қыстап қалады. Қыстап қалатын құстар суыққа
төзімді, қанаттары қатты, қардың астынан жемдерін тауып жейді. Құстардың
ұясын бұзып, жұмыртқасын сындыруға болмайды. Керісінше біз оларға ұя жасап,
қомқорлық көрсетуіміз қажет. Енді мен саған осы қыстайтын құстар жөнінде
жұмбақтар айтамын, сен шешуін тап.

4. Тапсырмалар
1. Жұмбақтар шешу;

1.
Бір – ақ уыс көлемім,
Шыбын – шіркей қорегім.
Бау – бақшаны қорғаймын,
Ал атым ше? (торғаймын)

Торғайдың суреті ілінеді, оқушы торғайды сипаттайды, мұғалім толықтырады.
Үнтаспа қосып, даусын тыңдатады.

2.
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)

Қарғаның суреті ілінеді, оқушы сипаттайды, үнтаспадан даусын тыңдайды.

3.
Бір томардан томарға
Секең – секең ауысқан
Жақыннан да алыстан
Бері ұшқан да, әрі ұшқан.
Бұл не? (сауысқан)

Сауысқанның суреті ілінеді, оқушы сипаттайды, үнтаспадан даусын тыңдайды.

4.
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт
Бұл не? (көгершін)

Көгершіннің суреті ілінеді, оқушы сипаттайды, үнтаспадан даусын тыңдайды.

2. Үзік сызықты бастыру арқылы суретті аяқта.
Оқушыға узік сызықпен салынған сурет беріледі, оқушы суретті аяқтайды.

3. Сергіту сәті. Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.

4. Жаңылтпашты қайтала.
Қыс қатты – ақ,
Қыспаққа ап.
Құс тоңып жүр,
Қыстап қап.

5. Ойын «Ұшты - ұшты»
Ұшты, ұшты сұңқар ұшты!
Ұшты, ұшты тұлпар ұшты!
Ұшты, ұшты қарға ұшты!
Ұшты, ұшты арба ұшты!
Ұшты, ұшты қызғыш ұшты!
Ұшты, ұшты сызғыш ұшты!
Ұшты, ұшты қыран ұшты!
Ұшты, ұшты жылан ұшты!
Ұшты, ұшты шыбын ұшты!
Ұшты, ұшты сабын ұшты!

6. Артығын тап.
Суреттері бар карточкалар беріледі, ондағы артық суретті табу керек.

5. Қорытынды
Сабақты «Құстарды қайтарамыз» ойыны арқылы қорытындылау.
- Құстар біздің жаққа сенімен танысу үшін келіпті. Енді Кірпі мен Тиінге
осы құстарды жіберейік. Құстарды атай отырып, мына тақтаға ілінген
ағашқа қондырайық.
- Сұрақтар қойып, тақырыпты қорыту, үйге тапсырма беру.
Жаңылтпашты жаттау.


Ұқсас жұмыстар
Құстар біздің досымыз
Әтешке арналған бұршақтар
Бұлбұлдың әні. 3 сынып. ана тілі
Үй құстары
Тақырып Құстар-біздің досымыз
Құстар бізде қонақта
Құстар
Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан
Үй құстары Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы
Үй құстары жайлы ақпарат
Пәндер