Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Әке, ана үш-ақ әріп тіршілік. үш әріптен үлбірейді гүл шығып

Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектептің педагог - психологы Қанғабылова Назыс Серікқызы

Тақырыбы: Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі: семинар-тренинг

Кезеңдері:
І Танысу (Шаттық шеңбері)
ІІ. Топқа бөліну: <<Әке>>, <<Ана>>, <<Бала>>, <<Отбасы>> сөздері арқылы топқа бөлу.
ІІІ. <<Біздің балалар>> бейнебаян
IV. <<Сөздерді алмастыр>>
V. Сергіту сәті: Би
VI. Жағдаятты талдау
VІI. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру
VІIІ. Ой толғаныс: тренингтен алған әсерлерімен бөлісу
Барысы:
Кіріспе:
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
Бүгінгі семинар-тренингімізді өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өткізгелі отырмыз. Өздеріңіз білетіндей бұл пән біздің мектебімізде 2010 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Идеяның авторы Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Назарбаева Сара Алпысқызы. Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі ол балаларды әдептілік, мейірімділік, имандылық, қайырымдылыққа, адалдыққа және т.б. адамгершілік қасиеттерге үйретеді.
<<Бала әр ата-ананың болашағы. Ол - оның өмірінің жалғасы>> дегендей бүгінгі тренингіміздің тақырыбы ӘКЕ, АНА ҮШ-АҚ ӘРІП ТІРШІЛІК,
ҮШ ӘРІПТЕН ҮЛБІРЕЙДІ ГҮЛ ШЫҒЫП.
Бүгінгі семинар-тренингіміз ерекше сипатта өтпек. Сондықтан да, белсенді түрде қатысып отыруларыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірге қол ұстасып, <<Шаттық шеңберіне>> шығайық.
І Танысу (Шаттық шеңбері)
Ата-аналар шаттық шеңберіне шығады.
Нұсқау: Әр ата-ана өз есімінің бірінші әрпіне келетін сын есім айтады Мысалы: Менің есімім-Назым, мен наздымын; т.с.с
Сіздермен танысқанымызға өте қуаныштымыз, қол шапалақтап, бір-бірімізге құрмет көрсетейік.
ІІ. Топқа бөліну: <<Әке>>, <<Ана>>, <<Бала>>, <<Отбасы>> сөздері арқылы топқа бөлу. Орындарыңызға жайғасуға болады.
ІІІ. <<Біздің балалар>> бейнебаян
* Осы бейнебаянды көріп отырып, ой түйіп отырыңыздар.
* Осы бейнебаяннан алған әсерлерімен бөлісу.
IV. <<Сөздерді алмастыр>>
Ата-аналардың баламен қарым - қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек. /әр топқа екі сөйлемнен беріледі/
1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
6. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
7. Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.
8. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
1. <<Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың>> - деп, үміт артуы керек.
2. <<Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді>> - деп, сенім артуы керек.
3. <<Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр>> - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. <<Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама>>.
5. <<Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда>> және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
6. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын
7. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық.
8. Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш, қуат береді.
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.
V. Сергіту сәті: Би
VI. Жағдаятты талдау
Мақсаты: Өз балаларының іс-әрекетіне дұрыс бағыт бере білуге баулу.
1 - жағдаят
<<Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?>>
2 - жағдаят
<<Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: <<Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін>> - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?>>
3 - жағдаят
<<Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата - анасы әй - шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата - ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?>>
4 - жағдаят
<<Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: <<Басым ауырып тұр, сабаққа бармай - ақ қояйыншы>>, - деді. Сіздің әрекетіңіз?

Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, Ата-ана мектеппен байланыс жасамайды, қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Сондықтан да ата-аналар мектеппен байланысты болу керек.
Мектепке жаны ашып, балаларының жағдайын біліп, іс-шараларға белсенді қатысатын ата-аналар да баршылық
VІI. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру
Ата-аналар топ бойынша ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас ережелерін құрастырады, сызба, кесте, модеоь түрінде таныстырып, қорғайды.
Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе. Ең басты - ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс - шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңізді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік.
Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Үш - ақ әріп дүниені танытқан,
Үш - ақ әріп қойған жыршы ғып - дей келе тренингімізді аяқтаймыз.
VІІI.Ой толғаныс: тренингтен алған әсерлерімен бөлісу

1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің
____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.
____________________________________________________________________________________________________________________

1. Неге сен басқа балалардай емессің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________

1.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
____________________________________________________________________________________________________________________________________

1.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
____________________________________________________________________________________________________________________________________

1 - жағдаят
<<Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?>>

2 - жағдаят
<<Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: <<Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін>> - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?>>

3 - жағдаят
<<Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата - анасы әй - шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата - ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?>>

4 - жағдаят
<<Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: <<Басым ауырып тұр, сабаққа бармай - ақ қояйыншы>>, - деді. Сіздің әрекетіңіз?


Ұқсас жұмыстар
ОТБАСЫ ТАТУЛЫҚ
Сынып дарабозы - 2014
Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар сайысы 9-сыныптар
Айналайын,ақ анам!
Әліппеге мың алғыс
Әліппе мен ұстазға
Аялайық ананы 2-сынып тәрбие сағаты
Әріптермен танысу
Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын
Аталар мен аналар
Пәндер