Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Сабақ жоспары
Оқытушы: Бақтыбаева Шаруфия
Пәні: Туризм экономикасы
Тобы: 3Туризм-12
Күні:
Сабақ тақырыбы: Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет
көрсетудің ролі
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, оқулық, бейне-баян, карточка
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті танымдық-ойын
Пәнаралық байланыс: Кәсіпорын экономикасы, менеджмент, экономика
Сабақ мақсаты
Білімділік: Студенттерге әлемдік экономика, ұлттық шаруашлық,
оның қызметі жөнінде түсінік беру
Дамытушылық: Студенттердің әлемдік экономика, туризм жөнінде
түсініктерін дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді адамкершілікке, эстетикаға, топпен жұмыс
жасауға, логикалық ойлауға тәрбиелеу
Сабақ жүрісінің үлгісі
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
СӨЖ тапсырмалары (Кендірлі, Бурабай, Экспо-2017 жобалары)
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
Іскерлік ойын
(Кендірлі демалыс орнына жұмысқа қабылдау)
IV Жаңа материалды белсенді және сапалы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі
ҚР президентінің жолдауы <<Нұрлы жол - болашаққа бастар жол>> атты бейне-баян
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден тұрады:
- ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және
- халықаралық экономикалық байланыстардан
Қазіргі жағдайда кез - келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан - жақты дами алады. Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи - географиялық , ұлттық , әлеуметтік - саяси құрылымы бойынша , бір - бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте - бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай - ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда - экономикалық, қаржылық және ғылыми - техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік - экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.
Қазіргі кездегі халықаралық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
ХЭК - тың негізгі формаларына жататындар:
a. Халықаралық сауда;
b. Капитал қозғалысы;
c. Жұмысше күші миграциясы;
d. Халықаралық өндірісті кооперациялау;
e. Ғылыми - техникалық айырбас;
f. Валюта - несие айырбасы
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
1. Абсолюттік артықшылық теориясы - басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады. 2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі. 1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады: - Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту. - Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталандырады. 2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Әлемдік экономика туралы бейне-баян
VІ Жаңа білімді бекіту кезеңі:
1 Жасырын экономикалық сөздерді табу
* Әлемдік экономика
* Менеджер
* Протекционизм
* Сыртқы сауда
* Тур оператор
* Әкімгер
* Турист
2 Қызықты деректер
Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да <<Уақыт" атты банкінің тұтынушыларымыз.
3 Кері байланыс әдісі
Кері байланыс әдісі
Аяқталмаған сөздерді аяқтаңыздар:
Бүгінгі сабақта менбілдім................................................................................
................................................................................................................................................................................................................................................................
Бүгінгі сабақта мен үйрендім.............................................................................
...............................................................................................................................
................................................................................................................................
Біздің сабақта жүргізілгенде...............................................................................
................................................................................................................................
Маған келесі сабақта болса екен.........................................................................
VII Қорытынды:
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.
VIII Үйге тапсырма
Жаңа тақырыпты оқу, әлемдік экономика туралы АҚШ, Ресей, Қытай елдерінің экономикасы туралы деректер жинақтау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz