Дені сау бала - болашақ жемісі

Шалқар аудандық білім бөліміне қарасты №12 балабақша

Аудандық тамыз маслихатына баяндама

Тақырыбы: «Дені сау бала - болашақ жемісі»

Дайындаған: Сейтжапарова Ж. Н.

Шалқар қаласы

2010 жыл

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек. Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

  • Таңертеңгілік жаттығу
  • Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
  • Спорттық жаттығулар.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн әртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар) .

Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады . Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Дене шынықтырудың нұсқаушысы Н. Г. Хольнова мен бірлесіп әртүрлі массаждар жасатып, жалпақ табандылыққа қарсы алдын- алу жаттығуларын жасатамыз. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді. Балабақшамыздың медбикесі С. Еңсепова балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын -алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден, фито шәй дайындап балаларға бергізеді. Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады.

Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Шынықтыру жұмыстары күн, су, ауа, су құю, сүртіну
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Дене шынықтыру оқу іс- әрекеті таза ауадағы қимылдық ойындар.
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Денсаулықты жақсарту мәселелерін шешу әдістері.
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Дәрумендер теропиясы
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Психо жаттығулар
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Жалпақ табан, омыртқаның қисаюының алдын- алу.
Гигиеналық жұмыс ( жуыну шынтаққа дейін қолға су құю, дәрілік шөптермен ауызды шаю.: Дем алу, сергіту жаттығулары.

Осы кесте бойынша барлық топтарда жұмыстар жүргізіледі.

  • Түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге
  • Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас ггигиенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Кіші сала
1 жастан 3 жасқа дейін
3 жастан 5 жасқа дейін
5 жастан 6 жасқа дейін
Кіші сала: Мәдени гигиеналық дағдылар
1 жастан 3 жасқа дейін: Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.
3 жастан 5 жасқа дейін: Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі.
5 жастан 6 жасқа дейін: Гигиеналық шараларды өздігінен орындауға ынта білдіреді.
Кіші сала: Дене шынықтыру
1 жастан 3 жасқа дейін: Жүгіру, өрмелеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді.
3 жастан 5 жасқа дейін: Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды.
5 жастан 6 жасқа дейін: Негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық тәсіл білдіреді.
Кіші сала: Өздігінен қозғалу белсенділігі
1 жастан 3 жасқа дейін: Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды.
3 жастан 5 жасқа дейін: Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді.
5 жастан 6 жасқа дейін: Топтағы балалармен бірге қимыл- қозғалыс ойын іс- әрекеттерін ұйымдастырады.
Кіші сала: Салауатты өмір салты
1 жастан 3 жасқа дейін: Қауіпті жағдайда сақтық, шынықтыру шараларын өткізуде оң эмоция білдіреді.
3 жастан 5 жасқа дейін: Салауатты өмір салы ережелерін біледі. Ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.
5 жастан 6 жасқа дейін: Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайдышынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.

« Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту, физикалық қасиеттерін қалыптастыру. « Денсаулық» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде.

  • Дене шынықтыру іс-әрекеті
  • Валеологияда жүзеге асырылады.

11. 8. «Денсаулық» білім беру саласында педагогикалық процеске қойылатын талаптар.

11. 8. 1. Ерте жас ( 1 жастан 3 жасқа дейін)

- Балалардың өз бетімен қимыл-қозғалыс іс - әрекеттеріне жағдай жасауды қарастырады.

- Балабақшада баланың дене бітімі мен психикасын, қолайлы сезінуін қамтамасыз етеді.

- Моторика, қозғалыс іс- әрекетінің түрлі қимылдарын дамытуды қамтамасыз етеді.

- Қимыл ойындары мен дене шынықтыруларын ұйымдастыруды көздейді.

- Режимнің сақталуын, режимдік процестермен шынықтыру шараларының орындалуын қарастырады.

- Мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Былтырғы 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша жұмыс жүргіземіз. Стандарттағы жалпы ережелер бөлімінің 4. 4. Ұлттық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты мен міндеттерінде баланың өмірін сақтау, денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, ұлттық дәстүр негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру деп көрсетілген. Стандарттағы бес білім саласының біреуі « Денсаулық» саласы.

Білім беру саласы
1 жас-2 жасқа дейін
2 жас- 3 жасқа дейін
3 жас-4 жасқа дейін
4 жас- 5 жасқа дейін
5 жас- 6 жасқа дейін
Білім беру саласы: Денсаулық
1 жас-2 жасқа дейін: 2
2 жас- 3 жасқа дейін: 2
3 жас-4 жасқа дейін: 2
4 жас- 5 жасқа дейін: 2
5 жас- 6 жасқа дейін: 3
Білім беру саласы: ҰОІӘ ұзақтығы
1 жас-2 жасқа дейін: 7-10 мин
2 жас- 3 жасқа дейін: 10-15 мин
3 жас-4 жасқа дейін: 15-20 мин
4 жас- 5 жасқа дейін: 20-25 мин
5 жас- 6 жасқа дейін: 25-30 мин

8. 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың дамуына қойылатын талаптар.

8. 1. Денсаулық сақтау құзіреттілігі .

- Өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс- әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға

  • Қозғалыс дағдыларын меңгеруге.

11. 8. 2. Мектепке дейінгі кіші жас (3 жас - 5 жасқа дейін)

- Аптасына 2 реттен жиі емес ойын технологиясы негізінде балалардың топтық дене шынықтыру іс - әрекетін қарастырады.

- Бала мүмкіндігін есепке ала отыра өзіндік іс - әрекеттерінің кеңеюіне ықпал етеді.

- режимнің сақталуым, қазақстан халықтарының мәдени дәстүрі негізінде режимдік процесті оңтайлы ұйымдастырылуым қарастырады.

- балаларды жыл бойы шынықтырудың денсаулық сақтау технология сақтау технологиясы мен қолайлы тәсілдері негізінде құрылады.

- дене дамуында кешеуілдік байқалатын балалармен жеке жұмысты қарастырады.

- спорттық мерекелерді, бос уақыт өткізуді, думандарды, қозғалыс және спорттық ойындарды ұйымдастыруды қарастырады.

11. 8. 3. Мектепке дейінгі ересек жас (5 жас - 6 жас)

- аптасына 2 реттен әлеуметтік ойын технологиясы негізінде топтың дене шынықтыру іс - әрекетін қарастырады.

- Әлеуметтік ортада қауіпсіздік жүріс - тұрыс ережесін, өзінің денсаулығын сақтау тәсілдерін игеруге ықпал етеді.

- дене рефлексиясын қалыптастыру үшін режимдік процестер мүлкіндігін пайдалануды қамтамасыз етеді.

- Өздігінен қимыл, спорттық ойындар мен жаттығуларды қарастырады.

13. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын талаптар.

13. 4. «Денсаулық» білім беру саласы бойынша

- салауатты өмір салтының маңызын түсінеді және оны балаларға үйретеді.

- баланың дене дамуындағы проблемаларды анықтап, оны әрі қарай даму перспективасым жобалай біледі.

- баланың жыл бойы дене дамуының оң динамикалық нәтижелеріне қол жеткізеді.

- бала денесін дамыту мен сауықтыру бойынша өзінің іс - әрекетін отбасымен ынтымақтастық негізінде құрады.

14. Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қой-н жалпы талаптар.


Ұқсас жұмыстар
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
"дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" ұстаздар арасындағы тренинг
Отбасы мейрамдары
Дені саудың – жаны сау жайлы ақпарат
Есірткі өлім тамшысы
Жаны саудың тәні сау
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Денсаулық ұғымы
Денсаулық - зор байлық. 3 сынып
Зиянды әдеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz