Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі


4 - сынып оқушыларының үлгілі, ашық тәрбие сағаты.
Мұғалімі:Шотаева Ғалия Абдужолдасқызы
№161 Ынтымақ орта мектебі. Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылы.

Тақырыбы: Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі
Мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға”Отбасындағы сүйіспеншілік” ұғымы туралы түсінік беру.
Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту, олардың отбасындағы
өзіндік орны.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру
Жүйелі сөйлеуге үйрету, өмірге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік мақсаты:
Сыйластыққа , мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа үйрету, еңбектің қай
түрі болмасын жаман емес екенін ұғындыру және жынысына бөлмеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, «Өрмекші» ойыны, «Сөз ойла , тез
ойла» ойыны, жұмбақ шешу, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта,
“Біздің отбасы” тақырыбындағы сурет, «Отбасы» ассоцациясы, отбасындағы
еңбек тәрбиелері

Қонақта: ата, әже, әке және басқа да ата-аналар
Технологиясы: СТО

Тәрбие сағатының барысы:

«Сөз ойла , тез ойла» ойыны «Отбасы»
Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі

Сынып үш топқа бөлінеді.
Ата Әке Әже

№1-тапсырма. Ассоцация «Отбасы»
Отбасындағы еңбек. Кім не істейді?
[pic][pic][pic][pic][pic][pic]
Қырға шықсам, өрлеп,
Мұның аты - ?
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты - ?
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең - ?
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек. Н. Жанаев

№2-тапсырма Шығармашылық жұмыс

1. Мақалдардың мағынасын ашу.
1-топ. «Еңбек пен бақыт -егіз»
2-топ. «Еңбегі аздың өнбегі аз»
3-топ. «Ер еңбекте сыналады»

2. Ойланайық, пікірлесейік.
1-топ. Еңбектену адамға не үшін қажет? (өмір
сүру үшін)
2-топ. Сенің отбасындағы еңбегің. (білім алу)
3-топ.Еңбек пен күн тәртібінің байланысы бар ма? (дені сау болу)

Ата-аналарға тапсырма.
Отбасындағы балаңыздың еңбегі

“Еңбекпен тапқан тиын” грузин ертегісі

Қорытынды. Еңбегіңнің жемісін көру үшін не қажет?
(Әр топтан ерікті жауап берушілерді тақтаға шығару, шеңбер жасау,
жіпті жауап беру арқылы бір-біріне беру, өрмек құру )

“Өрмекшінің өрмегі” ойыны
(өрмекті өрмекшіден үйренсек, еңбекті неден үйренуге болады?)

Ал өмірде еңбекті біз ата-анадан үйренеміз. Сондықтан ата-аналар сіздер
қандай болсаңыздар біз де сондай боламыз.

Ән “Болайықшы осындай”
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова.
[pic]
Қазақстан Республикасының президентінің Жарлығымен бұл мереке қыркүйек
айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды.
Оның мақсаты: жанұяның құндылығын нығайту. Н.Ә.
Назарбаев
ОТБАСЫ - тәрбиенің ең тамаша мектебі
Отбасында балаңыз тәрбиелі болсын десеңіз, құрметті ата-аналар
өздеріңіз бақытты болыңыздар!
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Абай


Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы балаңыздың еңбегі
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі. баяндама
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Тәрбие отбасынан басталады
Баласыз отбасылар
Отбасындағы рухани қарым - қатынас
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
Бала – отбасымен бақытты
Жас ұрпаққа тәрбие беру, Шығыс халықтарының ежелден келе салт - дәстүрлері
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Пәндер