Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен инклюзивтік оқытуға арналған коучинг жоспары

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебі
Коучинг жұмыс жоспары
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Батаева Дина Муханбетовна
Қызылорда -2014 ж
Мұғалім жайлы мәлімет
Аты-жөні: Батаева Дина Муханбетовна
Туған жылы: 17. 03. 1976ж
Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік Университеті
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педөтілі: 15 жыл
Санаты: I (бірінші)
Жетістіктері:
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Дипломы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс Хаты, аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты.
Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде «Ел болашағы - қазақ тілінде» және облыстық «Тіл сақшысы» газетінде «Өркениет өрісі» тақырыбында мақалалары жарық көрсе, облыстық тәжірибе алаңының 10 жылдығына байланысты «Тәжірибе алаңы - кәсіби өсу кепілі» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы, республикалық «Ғылыми зерттеулер әлемі» ғылыми журналында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбындағы жұмысы жарияланды.
Курстан өткен жылдары: 2011ж. «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», 2013ж. Қ. Р. педагог кадрларының біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) денгей бағдарламасын аяқтады.
Оқушы жетістіктері: Әбутәліпова Құндызша аудандық «I Махамбет оқулары» байқауында III орын, Әбіласан Гүлім қазақ тілі және әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасында III орын, Тұрапқалиева Дина облыстық ғылыми жобалар байқауында I орын алғаны үшін I дәрежелі Дипломы мен Республикалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсында I орын, Абдуалиева Гүлбақыт «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі Диплом, Шаймерден Саида «Абай, Шәкәрім оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша II орын, т. б. Сонымен бірге, Тұрапқалиева Динаның аудандық «Өскен өңір» газетінде «Қорқыттың өнегелі сөздері» тақырыбында мақаласы жарық көрсе, Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы» ғылыми журналында «Қорқыт ата кітабы» және оның тарихи тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми ізденіс жұмысы жарияланды.
Ізденіс тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту
Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап . . .
Мұғалімдерге сыныптағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтауда көмек көрсету. Мұғалімдер талантты және дарынды оқушыларға арналған зерттеу нәтижелерін назарға алатын, талантты және дарынды оқушылардың түсініктерін анықтауды ойластыратын б
олады. Әріптестерге инклюзивтік тәжірибеге сүйенетін талантты және дарынды оқушылардың алдына мақсат қою үшін тәсілдер ұсынады. Бұл тақырыпқа барлық оқушылардың қажеттіліктеріне сай келетін оқу бағдарламасы мен оқу стратегияларын «тереңдету» туралы идеялар енгізіледі.
Әріптестерге:
● Талантты және дарынды оқушыларға арналған тиімді нұсқаулардың мәнін түсінуге;
● Талантты және дарынды оқушылар үшін тиісті зияткерлік тапсырмалар енгізуге арналған тапсырмаларды қалай өзгерту қажеттігін түсінуге;
● Талантты және дарынды оқушылар үшін бірлескен тапсырмаларды жоспарлауға;
● Қабілеттілігі әртүрлі оқушылар бірлескен тапсырмаларда қолданатын әртүрлі дағдыларды айырып тануға көмектесу.
Топпен жұмыс
Кері байланыс
«Сэндвич» әдісі
Рефлексиялық күнделік
● Талантты және дарынды оқушылардың қажеттілігі инклюзивтік ортада қанағаттандырылуы мүмкін.
● Топтағы бірлескен жұмыс инклюзивтік сыныптағы дарынды және талантты оқушыларға міндеттер қою үшін қолданылуы мүмкін.
● Тереңдетілген тапсырмалар инклюзивтік сыныптардағы талантты және дарынды оқушылар үшін қолданылуы мүмкін.
Мектепте қабылданған құндылықтар: талантты және дарынды оқушыларды оқытудағы мектеп тәсіліндегі қағидалар.
«Жақсы жұмыс күнін тілеу»
Бейнеролик
Мектеп басшыларын топтарға бөлу
Мектеп басшылары « Танымал тұлғалар» деп топтастыра отырып, топқа бөлу.
Интерактивті тақта