Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? (рефлексивті есеп)

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебінің

I деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Батаева Дина

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

(рефлексивті есеп)

Басқаларды үйрете жүріп,

Біз өзіміз де үйренеміз.

Сенека Луций

«Көшбасшылық» ұғымы - қазіргі заманғы мектептерде күн өткен сайын маңызды бола түсуде. Мен мектепке тәжірибеге келген кезден бастап-ақ өзімнің көшбасшылық жұмысыма кіріскен болатынмын. Бірақ менде тек көшбасшылық туралы теориялық түсініктер ғана болатын.

«Мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер етуі үшін, көшбасшылық қасиетін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық . 65-бет)

Курста оқығанымнан түсінгенім көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып өзін дамытумен ғана емес, өз ұжымына да ықпал ету керек. Ол сырт­қы ортаға да әсер етуді, жер­гілікті қоғамдастықтармен де қарым-қатынаста болып, қол ас­тындағыларды ашық болуға ша­қыруы керек. Топтың әрбір мүшесінің өз та­қырыптары, не проблемалар бойынша зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп көмектесіп отырады.

Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім енгізу ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз. (МАН. 69-бет)

Мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты, әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып табылады. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмаған. Оның негізгі міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге және өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмектесуге негізделеді. Ынтымақтастық мұғалім көшбасшылығының «жүрегі» болып табылады, өйткені көшбасшылық ұжым болып енгізілетін өзгерістерге негізделеді. Мұғалімнің көшбасшылығы иерархиялық бақылаудан өзара бақылауға көшіп, мектеп ішіндегі билікті қайта бөлуге негізделеді. Мұғалімнің көшбасшылығы анағұрлым тиімді болу үшін оның барысында өзара сенімділік пен қолдау көрсету орын алуға тиіс.

Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана - біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (МАН 64-бет) .

Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның кәсіби өсуі болып табылады. «Мен неге өзгеруім керек» деген сұрақты әрбір мұғалім қоғам талабы ретінде қарап, бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға, үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс.

«Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 4-бет) .

Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады деген пікір кеңінен тараған. Шетел әдебиетінен алынған деректер тиімді көшбасшылар мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді.

Енді мен осы алған теорияны практикамен ұштастыратын, нақты көшбасшылықты өз бойымда сезінетін кезге де келіп жеттім. Мектебімнің бастапқы жағдайын анықтап, оның проблемаларын тауып, нақты шешім қабылдаған соң, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізу керек деп шештім. Ендеше, өзгерісті неден, қалай бастау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін көшбасшы мұғалімдер біріншіден, жұмыс стиліне өзгерістер мен жаңалықтар енгізуі керек.

Осы ойымды мектеп басшысымен бөлістім. Ол кісіге менің келтірген дәлелдемелеріммен келісуге тура келді, себебі жиналған дәйектер нақты мәліметтерден жасалған еді. Сондықтан да ол кісі маған бұл жұмыста қолдау білдіретінін білдірді. Ендігі жұмыс мектептің даму жоспарын бірлесе жасайтын топ құру. Ол үшін осы бағдарламаның ІІІ деңгейі бойынша бітірген 4 мұғалімді, ІІ деңгейі бойынша бітірген 1 мұғалімді және ынталы топтан 6 мұғалімді топқа тарттым. Бұл жерде маған мектеп директоры, оның орынбасарлары қол ұшын берді. Олар маған топты жинауға, топ мүшелерінің сабақтарын реттеуге, менің көшбасшылық жұмысыма қолайлы жағдай туғызды.

Командамен бірлесе отырып мектептің бастапқы ахуалын анықтау үшін алынған сауалнамалар нәтижелерін, мұғалімдермен өткізілген дөңгелек үстелдегі мұғалімдер пікірлерінен шығатын қорытындыны, оқушылармен, ата-аналармен жүргізілген сұхбат нәтижелерінің қорытындыларын талдадық.

Талдау нәтижиелеріне сүйене отырып, мектептің даму жоспарын жасадық. Мектептің даму жоспарының құрылымы қандай болу керек?- дегенде, «Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үдерістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 73-бет) деген теориялық негіздемеге сүйендік.

Жоспарда негізгі басымдық ретінде «Формативті бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» мәселесін алдық. Себебі, мектептің бастапқы ахуалын анықтау мақсатында жүргізген зерттеу жұмысымда мектептің негізгі осал тұстарын байқауға, білім көрсеткіші мен білім сапасы арасының, жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы арасындағы айырманың алшақтығы негіз болып отыр.

Мысалы:

Оқу жылы
2011-2012
2012-2013
Оқу жылы: Үлгірім көрсеткіші
2011-2012: 100%
2012-2013: 100%
Оқу жылы: Білім сапасы
2011-2012: 47, 8%
2012-2013: 48, 6%

Оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі төмендегідей:

Қатысқаны:40

Шешім қабылдай алатын оқушы
28%
Өз ойын айтуға мүмкіндік береді
45%
Шешім қабылдай алатын оқушы: Шешім қабылдай алмайтын оқушы
28%: 72%
Өз ойын айтуға мүмкіндік береді: Өз ойын айтуға мүмкіндік бермейді
45%: 55%

Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы төмендегідей:

Қатысқаны:20

Мұғалімдердің сабақ беруіне көңілдері толады
65%
Баласының алған білімі келешекте пайдасына жарайды
49%
Мұғалімдердің сабақ беруіне көңілдері толады: Мұғалімдердің сабақ беруіне көңілдері толмайды
65%: 35%
Баласының алған білімі келешекте пайдасына жарайды: Баласының алған білімі келешекте пайдасына жарамайды
49%: 51%

Мұғалімдерден алынған сауалнама қорытындысы төмендегідей:

Мұғалімдер өз сабақ тарына зерттеу жүргізеді
43%
Көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік беріледі
34%
Мұғалімдер өз сабақ тарына зерттеу жүргізеді: Мұғалімдер өз сабақ тарына зерттеу жүргізбейді
43%: 57%
Көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік беріледі: Көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік берілмейді
34%: 66%

«Үдеріс басталмас бұрын мектеп өзінің құндылықтарын, мақсаттарын,

даму тұжырымдамасын қайта қарастырып, ұжым қандай жетістіктерге жеткісі келетінін шешіп алу керек» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 74-бет) .

Біз жоспарымызды:

• мақсаттар мен құндылықтардың үйлесетіндігін көрсете ме?

• даму тұжырымдамасы мен болашақта күтетін нәтижелерімізді айқын көрсете ме?

• біздің алған басымдықтарымызды және оларға жету әдістерімізді анықтай ма?

• берілетін білімнің сапалы және стандарттарға сай болуын көздей ме?

• мектеп оқушыларының барлық қажеттіліктерін өтей ме?

• өзгерістерді енгізу барысын бағалауға мүмкіндік бере ме?

• мұғалімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға көмектесе ме?

Осы сұрақтарға жауап беретіндей негізде жасауға талпындық.

Мектептің даму жоспары

Тақырыбы: Оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Мақсаты: Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілдерін қолдануды меңгереді.

Оқушылар өзара және өзін-өзі бағалауға үйренеді.

«Lesson study» арқылы оқушылардың формативті бағалауды пайдаланудағы белсенділігін зерделеу

Оқушылар сабаққа ынталанып, кері байланыс жасауды үйренеді

Күтілетін нәтиже: Мектептегі оқыту мен оқу үдерісі формативті бағалау тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Нәтиже және табыс критериийлері:

  • Оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады
  • Оқушылар сабаққа ынталанады
  • Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады
  • Өзін-өзі бағалайды
  • Бірін-бірі сыйлайды
  • Кері байланыс жасауды үйренеді

Мектептің даму жоспары бойынша «Оқыту мен оқу үдерісіне оқытудың жаңа тәсілдерін қалай енгізуге болады?» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен III, II деңгей мұғалімдерімен бірлесе отырып коучинг өткіземін. Коучингте қазіргі білім реформасына енгізіліп жатқан жаңалықтарды талдай отырып, осы бағытта жұмыс жасауға шақырамын. Бірінші (ілгері), екінші, үшінші деңгей бағдарламасының мақсаттарын түсіндіре келіп, коучинг, тәлімгерлік үдерісі жайында мәлімет беріп, мектепке аз да болса өзгеріс қажет екендігін айтамын. Бағдарламаның 7 модуліне байланысты таныстырылымдар, топпен жұмыс, тренингтер жүргіземін, алынған сауалнама нәтижесімен таныстырамын. Мұғалімдерге оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану деңгейін анықтау мақсатында коучинг, тәлімгерлік жүргіземін. Нәтижесінде мұғалімдердің оқытудың жаңа тәсілдерін не үшін және қалай қолданатындығын анықтаймын.

Топ мүшелерімен бірлесе отырып, мұғалімдердің «Оқушылардың белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?» тақырыбында 2-коучинг жүргіземін. Коучингте «бағалау» жайында түсінік беремін. Коучингте мұғалімдер сабақта формативті бағалау әдісін қолдануды үйренеді. Формативті бағалаудың түрлерін үйренеді.


Ұқсас жұмыстар
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Тақырып Топтық жұмыстың тиімділігі
Мектептегі іс-тәжірибе кезіндегі жоспар
Көшбасшы мұғалім-ел болашағының негізін қалайды
Оқу үшін бағалау
Паскаль бағдарламасының құрылымы. енгізу және шығару операторлары
Мектептің нақты жағдайына сәйкес келетін өзгеріске негізделген рефлексивтік есеп
Курстан кейін мен көшбасшылықты қалай жүзеге асырып жүрмін
Мектептің тәжірибесіне өзгеріс енгізбес алдындағы мектептің бастапқы жағдайы туралы рефлексивтік есеп
Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг өту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz