Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға арналған формативті бағалау түрлері: коучинг жоспары

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 «Қызылту» орта мектебі

Коучинг жұмыс жоспары

Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Батаева Дина Муханбетовна

Қызылорда -2014 ж

Мұғалім жайлы мәлімет

Аты-жөні: Батаева Дина Муханбетовна

Туған жылы: 17. 03. 1976ж

Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

Мемлекеттік Университеті

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Педөтілі: 15 жыл

Санаты: I (бірінші)

Жетістіктері:

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Дипломы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хаты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс Хаты, аудан әкімінің Алғыс хаты, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы, аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты.

Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде «Ел болашағы - қазақ тілінде» және облыстық «Тіл сақшысы» газетінде «Өркениет өрісі» тақырыбында мақалалары жарық көрсе, облыстық тәжірибе алаңының 10 жылдығына байланысты «Тәжірибе алаңы - кәсіби өсу кепілі» тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдаланудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы, республикалық «Ғылыми зерттеулер әлемі» ғылыми журналында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту» тақырыбындағы жұмысы жарияланды.

Курстан өткен жылдары: 2011ж. «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту», 2013ж. Қ. Р. педагог кадрларының біліктілігін арттырудың денгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) денгей бағдарламасын аяқтады.

Оқушы жетістіктері: Әбутәліпова Құндызша аудандық «I Махамбет оқулары» байқауында III орын, Әбіласан Гүлім қазақ тілі және әдебиеті пәнінен «Жарқын болашақ» олимпиадасында III орын, Тұрапқалиева Дина облыстық ғылыми жобалар байқауында I орын алғаны үшін I дәрежелі Дипломы мен Республикалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында өткізілген «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсында I орын, Абдуалиева Гүлбақыт «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі Диплом, Шаймерден Саида «Абай, Шәкәрім оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімі бойынша II орын, т. б. Сонымен бірге, Тұрапқалиева Динаның аудандық «Өскен өңір» газетінде «Қорқыттың өнегелі сөздері» тақырыбында мақаласы жарық көрсе, Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы» ғылыми журналында «Қорқыт ата кітабы» және оның тарихи тұлғасы» тақырыбындағы ғылыми ізденіс жұмысы жарияланды.

Ізденіс тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Өмірлік ұстанымы: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап . . .

Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін

қолдануға болады?»

Коучинг тақырыбы

Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін

қолдануға болады?

Коучинг тақырыбы: Жалпы мақсаты
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?: «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, топтық жұмысты енгізуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету.
Коучинг тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?:

- Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады.

- Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі.

- Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді, өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады.

Коучинг тақырыбы:

Табыс критерийлері

Сіз қалай анықтадыңыз?

Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?:

Бірлескен оқу. Топпен жұмыс. Топтық бағалау. Топтық жұмысты қорғау.

Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады, оқушылар сабаққа ынталанады, сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады.

Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі бағалайды, кері байланыс жасауды үйренеді.

Коучинг тақырыбы: Әдіс-тәсіл
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс, постер қорғау, рефлексия
Коучинг тақырыбы: Негізгі идеялар
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?:

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады.

Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудартылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.

Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әреет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.

Коучинг тақырыбы: Ресурстар
Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?: Коучинг жоспары, АКТ, бейнероликтер, стикер, флипчарт, МАН, маркер, таныстырылым
Коучинг тақырыбы:

Жалпы мақсат бойынша табысқа жету нәтижелері

(бағалау жоспары, комментарий)

Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыру үшін қандай бағалау түрлерінқолдануға болады?: Әріптестер тобымен «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында білді. Мұғалімдер оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды білді. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінді, оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолдану дағдысын дамыта алады.

Ұқсас жұмыстар
Формативті және жиынтық бағалау: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары
Мұғалім көшбасшылығы және формативті бағалау арқылы мектептегі оқушылар белсенділігін арттыру
Формативті бағалау, Блум таксономиясы және диалогтік оқыту: коучинг жоспары
Бағалау және оның түрлері: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары
Топтық жұмыстың тиімділігін арттыруға арналған коучинг жоспары
Білім сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа түрлері: формативті және суммативті бағалау
Коучинг пен менторинг арқылы бірінші деңгей мұғалімінің формативті бағалау негізінде мектепте өзгеріс енгізу әдістері
Класс басшыларының ұйымдастырушылық белсенділігін арттыруға арналған байқау бағдарламасы
Формативті бағалау мен модульдік оқыту: коучинг және 7-9 сынып география сабақтарының жоспарлары
Диалогтік оқыту: мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыруға арналған коучинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz