Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«қош бол, қызықты айгөлек лагері!»
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Атантаева Назгуль
Тақырыбы: «Қош бол, қызықты Айгөлек лагері!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-
өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету.
2. Оқушының өмірге деген көз қарасын дамыту. Шешендік, тапқырлық өнерін
байқау.
3. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлап, кішіні
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлар, плакаттар, слайд.
Түрі: концерттік бағдарлама
Өту барысы:
1-жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым, бүгінгі лагердің
жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт.
Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып
есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды.
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік,
дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. «Айгөлек» лагері осы
жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді.
2-жургізуші: Біздің ұранымыз: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»
Шаттан, күн, балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін». Орындайтын хор!
Дамир:
Жазғы лагерді ашамын,
Бәрлерінді шақырамыз.
Күлеміз, ойнаймыз, ән шырқаймыз,
Спортпенен шұғылданамыз.
Кенжегүл:
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні бір
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің.
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
1 – жүргізуші:
Бәрін көріп келеміз,
Болашаққа сенеміз
Жақсы оқу мен еңбекпен
Біздер жауап береміз.
2 - жүргізуші:
Қызғалдақтай құлпырып,
Өсіп келе жатырмыз!
Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық.
Перизат:
Жаңбыр жауды себелеп,
Жасырынды көбелек.
Аспан кетті күркіреп,
Бұл не деген керемет..
Ән: «Жау-жау жаңбыр» Орындайтын Ақерке
Нұрлан:
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған
Балалар гүлдей, құлпырып күндей.
Айым:
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Айгөлек» ол тамаша
Думан:
Көк аспанда күн күліп,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Арман:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақшашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
1 жүргізуші: Ендеше балалардың өнерін тамашалайық.
Ән «Қошақан». Орындайтын ұлдар.
Жібек:
Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз
«Балдырғанбыз» - балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық - думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз
Айша:
Атың қандай жаз деген,
Мағына бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен.
Нұрай:
Балаларда мәз болып,
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.
Алихан:
Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.
Роза:
«Айгөлек» жан досым,
Бар баланы баураған.
Жаңа келген ғасырдан,
Жаңалығы аумаған.
Ән: «Айгөлек» хор.
Айнұр:
Балдырған тілеуі,
Балалықтың бақытын байытқан жер.
Бұзылмасын балалардың ұйқысы,
Берекелі бейбіт күнді тілейік.
Айнұр:
Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады.
Асем:
Лучами солнышко играет,
И рыбки плещутся в реке.
И это просто означает,
Что лето на носу уже.
Ән: «Туған жер». Орындайтын Нурлан.
Назым:
Знаем,знаем,здесь мальчишки-
Озорные шалунишки!
И девчонки хороши
Улыбайтесь от души!
Бекзат:
Небо ясное, солнце красное
Настроение у нас прекрасное!
Нам с тобою здесь
Всех чудес не счесть
Если песня есть
То и дружба есть!
Ақерке:
Мен – баласы даланың,
Кең далама тартып туған баламын.
Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,
Ақ Жайықта қуанып ел, марқайған,
2-жүргізуші «Бауырсақ» ертегісіне көрініс қою
Кейіпкерлері:
Бауырсақ - Айша.
Ата- Нұрлан
Апа-Әсем
Аю-Думан
Қасқыр-Алихан
Қоян-Бекзат
Түлкі-Ақерке
Автор- Назым
Осымен ертегіміз бітті
-хормен сау болыңдар!!!
Қазақ биі. Орындайтын Назым.
Хор: «Туған жер»
Қорытындылау:
Балалар өздерің көргендей суретте салдық, ермек сазымен де
жұмыс жасадық т.б. жұмыстарды атқардық.
Осымен лагердің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Келесі
кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
[pic]
[pic]
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz