Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

В в дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Оқушыларға Ввдыбысы мен әрпін таныту.В дыбысына қатысты жаңа сөздердің
оқылуын ,жазылуын меңгерту,мағынасын түсіндіріп,сөйлем құрату арқылы
білімін кеңейту;
Сөйлеу тілін,сөздік қорын ойлау,есте сақтау,жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Адамгершілікке,үлкенді сыйлауға,кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Түрі:Жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап,ізденушілік,түсіндіру,ойын,тірек-сызба
Көрнекілігі: кеспе әріптер мен буындар,тақырыптық суреттер,ребус,пойыз,вагон суреттері,
Барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
1Амандасу
2. Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз Тату-тәтті тұрамыз
Жүрекке жылу толтырып, Қайырымды боламыз.
Үлкенге де сіз,кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз
Шәкірттерге тілек:
Сыныпта 19 оқушы бар.Олай болса бүгінгі сабағымызда 19-ң да жақсы бағаға ие болып,Егемен еліміздің ертеңгі иесі болыңыздар!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1.Адасқан буындардан сөз құрау,оқу,талдау.
Гау-һар қа-һар-ман жи-һаз қа-һар
Дыбыстық талдаулар жасау
2. <<Қаһарман>> мәтінімен жұмыс
1.Қазақ халқы қандай халық?
2. Қандай батыр ұлдары мен қыздары болған?
3. Оларға қандай атақ беріледі?
Қорытынды
Тәуелсіздік жолында құрбан болған Халық Қаһармандары да бар.Олар кімдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
* <<Кім жылдам?>> әріпті жұмбақтар
В-?
О- <<торсық>> сөзінің екінші әрпі.
К- <<Көкек>> сөзінде үш рет айтылатын дыбыс?
З- 10-ның алдындағы санның соңғы әрпі.
А- ең жақын,ең аяулы адам кім?
Л-ешкінің төлінің бірінші әрпі
2.Күннің жады
Бүгін қыстың бірінші айының екінші күні.Тәуелсіздік мерекесі туралы айту
Вокзал-6 дыбыс,6 әріп,2 буын бар
В-дауыссыз,орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Баспа,жазба түрімен таныстыру.
<<Вокзал>> суреті бойынша әңгімелеу.
* <<Білім>> еліне саяхат
Вагон,тепловоз суреттерімен таныстыру.
Бүгін біз вокзалға барып,пойызға мініп, <<Білім>>еліне саяхатқа аттанамыз.
Олай болса, <<білім>>еліне барғанша ,әр вагондағы жолаушылар мен жолсеріктерге өз білімдерімізді көрсетейік.Кім сабаққа жақсы қатысса сол оқушыға <<Білім>> елінде Ақыл атайдың бізге дайындаған сыйлықтары бар екен.
-Ендеше,жолға шығып бара жатқан жолаушыға қандай тілектер айтылады?
-Жолыңыз болсын! -Сәт-сапар! -Ақ жол!-деп айтады.
4.Тірек сызбаман жұмыс Ребус шешу.
5.Оқулықпен жұмыс
1.Бағандағы сөздерді оқу (мағынасын түсіндіру)
Вагон автобус велосипед волейбол
Вокзал трамвай аквариум витамин Оқушыларға оқыту
2.Мәтінмен жұмыс 1.Вокзал мәтінін оқу.
2. Мазмұнын ашу (сұрақ-жауап)
3. <<Үлкенге құрмет-балаға міндет>> (мағынасын түсіндіру)
4. Мәтінді оқушыларға оқыту
6, Ситуациялық сұрақ Қыс мезгілі.Қар қалың жауған.Жер тайғақ. Сен мектепке келе жатырсың.Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Бір кезде сенің алдыңда келе жатырған дайындық сыныбында оқитын медет тайып құлады. Шамасы аяғын ауыртып алған сияқты.Сен не істер едің?Көмектесесің бе?
IY.Сергіту жаттығуы: " <<Көбелек>>
Келді бізге көбелек (қолдарын жаяды)
Достастық біз керемет (екі қолды айқастыру)
Пана боп оны қорғаймыз (қолды шатыр сияқты)
Жаңбыр жауса себелеп (саусақпен партаны тырсылдатады)
7. Дәптермен жұмыс
Ауаға жазу. Тақтаға жазу. Дәптерге жазу.
8 Суретті диктант <<Автобус,велосипед>> суреттеріне қарап тақтаға жазу,талдау.
9. <<Кім тапқыр?>> Кеспе буындардан сөз құрастыру.Сөйлем құрау. Трамвай,аквариум
Y.Қорыту. Инсерт әдісі Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Міне,балалар біз <<Білім>> еліне де жеттік. Вагондардың артына сөздер жазылған екен .Соны оқиық <<Тәуелсіздікке-23 жыл>>
-Тәуелсіздік мерекесі қай күн?
-Тәуелсіздікті нешінші жылы алдық?
-Елордамыз қай қала?
-Елбасымыз кім?
Сабағымыздың соңын Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай <<Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,Тәуелсіз мемлекетіміздің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің де иесі өзің екенін ұмытпа>>-деп,сабағымызды аяқтаймыз.
YI.Үй тапсырмасы Ой тастау. <<Не ұмыттық?>> <<Вокзалда>>тақырыбына әңгіме құрау.
Бағалау. Ақыл атайдың сыйлықтары. Ту,Елтаңба,Әнұран суреттері.



Ұқсас жұмыстар
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Қазақ тілі. «к дыбысы мен әрпі»
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы
Дыбысына байланысты сөз ойла
Торғай сөздерінде дыбыстық талдау жасау
Қатыстырып сөз, сөйлем құрату
Г дыбысы және әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
Пәндер