Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып

«Тіл мәдениеті» арнайы курсының бағдарламасы
7»Б» сынып
(қазақ тілі пәніне қосымша)
Құрастырған: Султангереева. Г. О.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1санатты мұғалімі
Тасқала ауданы. 2014ж
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті - оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы - тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының, ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Осы орайда 7-ші сыныптағы «Қазақ тілі» оқулығының авторлары тіл мәдениетіне байланысты мәтіндер мен жаттығуларды өте орынды алғандығын атап өткен жөн.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін - өнердің өнері, «Өнер алды - қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді - «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз - тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» - тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Тіл мәдениеті - тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады
Тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы-пәнаралық байланысы, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.
Мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық, тілдік қарым - қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту
Тіл - адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
* 7 - сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.
*Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы
*Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.
Білім - білік дағдылары
- Лексикалық нормаларды білу.
- Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;
- Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;
- Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;
- Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;
- Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;
- Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.
Тіл мәдениеті
7»Б» сыныпқа арналған арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Б. Момышұлының қанатты сөздері
Кестені толтыру 244 бет
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем
Төрт түлік малға қатысты тұрақты тіркестер
Хат, күнделік
Жазба жұмыстары 260 бет
Теңеу, эпитет, метафора, портрет, мінездеме, кейіптеу
М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов шығармаларынан іздестіру
Кестемен жұмыс
267-269 беттер
Лексикалық, фонетикалық талдау
182 бет
«Абай жолы»роман-эпопеясы
БҚО жер атаулары
«Тіл мәдениеті» арнайы курсы бағдарламасының мазмұны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz