Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қазақ тілі. Сын есімнен өткенді қайталау


Сын есімнен өткенді қайталау. Рүстенбек Гүлбакира Мекенбайқызы. Шымкент
қаласы №50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың сын есім туралы алған
білімдерін кеңейту, бір жүйеге келтіріп қорыту.
ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу, өз ойын
тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: ұлы адамдардың өмірінен ғибрат алуға, ісін өнеге тұтуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, ішінара іздендіру, шығар-
машылық жұмыс.
Инновациялық технология: ойын арқылы оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсыновтың портреті, құмсағат, бейнетаспа,
графопроектр, ойындарға байланысты түрлі-түсті суреттер, кеспелер, жұмсақ
ойыншықтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткен тақырыпты пысықтап, бекіту кезеңі
1. «Сиқырлы кілт» ойыны
- Балалар, сендер ойынды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, бізойын арқылы өсеміз, үйренеміз. Олай болса, сабағымызды да
ойынмен бастаймыз. Ойынымыз «Сиқырлы кілт» деп аталады.
- Балалар, мектеп – біздің екінші үйіміз, білім алатын алтын ұямыз.
Мектеп үйі әдемі,зәулім. Оның іші балалардың әсем күлкісіне толы. Мұндағы
ұстаздар мейірімді, білімді. Ал оқушылары болса, тәртіпті, өнерлі әрі
әдепті екен.
- Ал, балалар, осындай білім ордасына кіргілерің келе ме?
- Иә.
- Ендеше, бұл орданың қақпасын ашу үшін бізде үш кілт бар. Бірақ осының
біреуі ғана есікті аша алады. Бұл кілттің құпиясы мына сөздерде. (Тақтадағы
сөз-дерге назар аударту).
- Сонымен есікті қай кілтпен ашатын болдық?
- Сын есім жазылған кілтпен.
- Неге?
- Өйткені тақтадағы сөздер сын есімдер.
Сын есімнің ережесін сұрау.
- Осы сөздерді неге екі бағанаға бөліп қойдым?
Салыстырып көрейік. (Тақтадағы негізгі және туынды сын есімдерді салыс-
тыру).
- Балалар, сын есімнен басқа тағы қандай сөз таптарын білесіңдер?
- Зат есім, етістік.
- Дұрыс, енді осы сөз таптарына тұңғыш анықтама беріп, тілімізге
енгізген қазақтың қандай ғалымы, ағартушысы?
- Ахмет Байтұрсынов. (портретін көрсету).
2. А.Байтұрсынов туралы әңгімелеу.
А.Байтұрсынов қазақ тілінен тұңғыш рет «Тіл – құралы» атты оқулық жазды.
Ол 3 кітаптан тұрады.
Алғашқы кітабы 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Онда тіліміздің
дыбыстық жүйесіне байланысты жайлар жазылған. Екінші кітабы 1922 жылы
Ташкентте басылып шықты. Бұл кітапта біздің қазіргі өтіп жатқан сөз таптары
жайында айтылған. Ал үшінші кітабы 1924 жылы Орынборда басылған. Бірақ ол
кітап кезінде жоғалып кеткен еді. Арада 60 жылдай уақыт өткен соң, бұл
еңбек Американың Нью-Йорк университетінің кітапханасынан табылды. Бұл
кітапта «Сөйлем мүшелері», «Сөйлем түрлері» туралы баяндалған. (Сол
кітаптың мұқаба-сының көшірмесін көрсету).
3. 399-жаттығуды орындау.
Төрт оқушы тақтаға шығып, заттың көлемін, сапасын, дәмін, пішінін
білдіретін сөздерді топтап жазады.
Заттың көлемі: ұзын, жалпақ, аласа, қалың.
Заттың сапасы: таза, қызық, жүйрік, тегіс, өткір, суық.
Заттың дәмі: дәмді, тәтті, тұшы, ащы.
Ал қалғандары орнында отырып екі нұсқаға бөлініп орындайды.
І нұсқаға заттың көлемін, сапасын білдіретін сөздер, ІІ нұсқаға заттың
дәмін, пішінін білдіретін сөздер берілген.
4. Графопроектрмен жұмыс
Есте сақтау диктанты
Жаңылтпаш
Ала қарға қарға қонады,
Қара қарға жарға қонады.
5. Суретпен жұмыс «Ұйқасын тап»
Үлпілдеген «киімі»
Көрдіңдер ме ....?
Бұл өлең жолдарының ұйқасы суреттегі ағаштың қуысында отырған аңға
байланысты. Қане, ашып көрейікші.
Осы өлең жолдарындағы сын есімді тауып, сөз құрамына талдау.
6. «Балық аулау» ойыны
Суреттегі мысыққа тек туынды сын есімдерді ғана «ұстауға»
көмектесейікші.

7. 400-жаттығуды орындау (ауызша)
Өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі және туынды сын есімдерді табу.
Балалардан Отан дегенде алдымен ойларына не оралатыны туралы сұрау.
8. Бейнекөрініс
Көлсай көлдерінің көрінісін тамашалатып, сын есімдерді қатыстырып сөйлем
құрату.
9. Ребус шешу
Ребусты таңбалы таспен байланыстыру
Ребустың шешуі: Кітап – алтын қазына
Осы мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау, сын есімді табу.
10. «Бас киімнің иесін тап» ойыны
Үш аң бір бас киімге таласып отыр. Әр аңның киіміндегі жазуға қарап, бас
киімнің иесін табамыз. Бас киімде «сын есім», қоянда «орғимын», арыстанда
«аң патшасымын», түлкіде «қу, айлакер» сөздері жазылған. (бас киімнің иесі
– түлкі).
11. Көрініс «Мен режиссер боламын»
12. Блиц – турнир
Қай қатар бір минутта қанша сұраққа жауап бере алатынын тексеру.
І қатар
1. боз (сын есім)
2. ерінбе (етістік)
3. оқулық (зат есім)
4. икемсіз (сын есім)
5. әсерлі (сын есім)
6. бүркіт (зат есім)
7. суретші (зат есім)
8. әдеміле (етістік)
9. көшеді (етістік)
10. тәтті (сын есім)
11. толқиды (етістік)
12. айнадай (сын есім)
13. байқадым (етістік)
14. сайрады (етістік)
15. мейірімді (сын есім)
16. ақылдас (етістік)
17. жүйрік (сын есім)
18. сенгіш (сын есім)
19. жүгіріп келемін (етістік)
20. айбатты (сын есім)

ІІ қатар
1. оқушы (зат есім)
2. ойнап жүр (етістік)
3. бойшаң (сын есім)
4. инабатты (сын есім)
5. әндет (етістік)
6. алғыр (сын есім)
7. тазала (етістік)
8. гүлдей (сын есім)
9. жазушы (зат есім)
10. ойлан (етістік)
11. кең (сын есім)
12. шақырды (етістік)
13. сәнді (сын есім)
14. таулы (сын есім)
15. оқып жатыр (етістік)
16. достас (етістік)
17. дәмді (сын есім)
18. балдай (сын есім)
19. ойнағысы келеді (етістік)
20. сарғыш (сын есім)

ІІІ қатар
1. сыйлық (зат есім)
2. еріді (етістік)
3. үтікте (етістік)
4. күйші (зат есім)
5. көк (сын есім)
6. қараңғы (сын есім)
7. қызылша (зат есім)
8. суытты (етістік)
9. бұлттанды (етістік)
10. бұлбұл (зат есім)
11. аппақ (сын есім)
12. ақылды (сын есім)
13. әдеттен (етістік)
14. білгіш (сын есім)
15. жұлдыз (зат есім)
16. талапты (сын есім)
17. мұздай (сын есім)
18. жылынды (етістік)
19. шыдамсыз (сын есім)
20. зәулім (сын есім)

13. Затты сипап, сезу арқылы түйсіну.
Әр партаның үстіне екі алмадан қойып, оқушылардың көздерін жұмғызып,
алдарындағы заттың дәміне, көлеміне пішініне, сапасына, салмағына, иісіне
қарап не екенін тапқызу.
ІІІ Үйге тапсырма: Алма туралы өлең құрастырып келу.
IV Қорытынды
Шығыста мынадай бір мақал бар: «Жақсы мен жаманның айырмасы – сиыр мен
жыланның айырмасындай. Сиыр жегенін сүтке айналдырса, жылан жегенін уға
айналдырады».
Менің айтарым, сендер де бүгінгі алған білімдеріңді тек игілікке,
жақсылыққа, Қазақстанның болашағын нығайтуға арнаңдар демекпін.
V Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Ұқсас жұмыстар
Сын есімне өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау. Қайталау, сұрақ- жауап, талдау
Құрам тобы
Жедел өткен шақты қайталау
Екінші сөйлем
Сан есімнен өткенді қайталау.
Сан есімнен өткенді қайталау туралы ақпарат
Бастауыш сынып бірлестігінің отырысының шешімімен баспаға жариялауға ұсынылады
Жеті күн
Сын есімнің жасалуы
Пәндер