Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарихты білу парызым


Тақырыбы: Тарихты білу парызым.

Мақсаты: Оқушылардың өз елінің тарихы жайлы білімдерін

кеңейту.Танымдық ой өрістерін
қызығушылықтарын арттыру.
Туған ел тарихын білудің
маңыздылығын сезіндіре
отырып Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сыныптан тыс танымдық ойын сабағы

Барысы: Оқушылыр екі топқа бөлінеді.
Әр топ өздеріне тарихи ат қойып, өздерін таныстырып,аттарын қорғайды.
Оқушыларды ойын барысымен таныстыру:
І . «Жеті атасын білген ер…» (Қазақ халқының шығу тегі жайлы)
ІІ. «Ереуіл атқа ер салмай...» (Тәуелсіздік үшін болған күрестер)
ІІІ. «Ел басына күн туса.» (Тарихи оқиғаларға байланысты туған шығармалар)
ІҮ. «Ер есімі –ел есінде» (Тарихтағы ұлы тұлғалар)
Ү. «Қазақ елі осындай!» (Тәуелсіз ел тарихынан)

І . «Жеті атасын білген ер…» (Қазақ халқының шығу тегі жайлы)
Ендеше сендерге сәттілік тілей отырып ойнымызды бастайық,екі топқа сұрақтар
кезек кезек қойылады; Әр сұрақ 1ұпаймен бағаланады.Ал жазбаша жұмыс 5
ұпаймен бағаланады.
1.Мақалды жалғастыр.«Жеті атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер»
(Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер)
2. «Жеті атасын білмеген» (жетесіз)
3. «Қазақ» сөзінің ескі түрік тіліндегі мағынасы? (еркін
адамдар)
4. «Қазақ» атауы нешінші ғасырдан бастап этникалық сипатқа ие бола бастады?
(ХІҮ)
5. «Қазақ» сөзінің орнына қолданылатын атау? (Алаш)
6.Қазақ хандығының негізі қаланған уақыт? (ХҮ ғ ортасы немесе 1465-1466ж)
7.Қазақ тайпаларының басын қосып қазақ хандығының негізін қалағандар?
(Керей мен Жәнібек)
8. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар? (қыпшақ,үйсін)
9.Қазақ халқының антропологиялық типі немесе нәсілдік белгісі?
(монғолоидтық)
10.Қазақтар неше жүзге бөлінеді? (Үш жүз)
Енді әр топ осы үш жүзге жататын тайпаларды,олардың мекендеген
жерлерін,және жеті атаны ретімен қағазға жазу керек.
Жүздердің мекендеген аймақтарын картадан көрсетеді.
-Жұмыстарын көріп,бағалау.
Бірақ,«Бөлінгенді бөрі жейді»демекші,біздің бәріміздің жүрегіміз тек
«Қазақ» деп соғу керек.
ІІ кезең ІІ. «Ереуіл атқа ер салмай...» (Тәуелсіздік үшін болған күрестер)
Біз бәріміз Қазақстанға тәуелсіздіктің оңай келмегенін білеміз.Білектің
күшімен,найзаның ұшымен ата-бабаларымыз жерімізді ,елімізді қорғап,біздерге
жеткізді.Кең байтақ жеріміздің,тәуелсіз еліміздің осы күнге қалай жеткенін
білу біздің парызымыз.
Келесі кезек тәуелсіздік үшін болған ұлт-азаттық күрестерге арналады.
1-топқа тапсырма.(Ойлануға екі минут беріледі)
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ даласында болған азаттық күрестер.
(Қай жылдары,кімдерге қарсы,қай жерлерде болды)
(Жауап: ХҮІІ ғасырда жоңғарларға қарсы күрес,1643 ж Орбұлақ шайқасы,
1726 ж Бұланты шайқасы,1729 ж Аңырақай шайқасы,1773-1775ж.ж. Қазақтардың
Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы,1783-1847 ж.ж. С.Датұлы бастаған
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.Бұл көтерілістердің ортақ мақсаты жайлы
қысқаша айтып өту)
ІІ топқа
ХІХ –ХХ ғасырларда болған ұлт-азаттық күрестер.
(Қай жылдары,кімдерге қарсы,қай жерлерде болды)
(1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс.1837-1847 жылдардағы
К.Қасымұлы бастаған көтеріліс,1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс)
ІІІ. «Ел басына күн туса.» (Тарихи оқиғаларға байланысты туған шығармалар)
-Әрбір тарихи кезеңде ,ел басынан өткен тарихи оқиғаға байланысты
шығармалар дүниеге келеді.Мысалы:дастандар,романдар,өлеңдер,ән,күй.т.б.
Сұрақтар: (әр топқа кезекпен қойылады)
1.Қ.Жұмаділовтың Қабанбай батыр жайлы жазған романы?(Дарабоз)
2.Құрманғазының Исатайға арнап шығарған күйі? (Кішкентай)
3. 1916 жылғы көтеріліске арналған С.Сейфулиннің шығармасы? (Таржол тайғақ
кешу)
4. 1916 жылғы көтеріліске арналған М.Әуезовтың шығармасы? (Қилы заман)
5. Ы.Дүкенұлының патша шенеуніктерін сынаған күйі? («Жарым патша»)
6.І.Есенберлиннің «Жоңғар шапқыншылығы» жайлы жазған романы қалай аталады?
(«Жанталас»
8. ХҮІІ ғасрда ел басына қиын күн туғанда дүниеге келген ән? (Елім-ай)
9. 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасына» байланысты дүниеге келген ән? (
«Желтоқсан желі )
Екі топқа осы екі әннің шығу тарихына қысқаша тоқталып,әнді айтып беру
тапсырылады.
ІҮ. «Ер есімі –ел есінде» (Тарихтағы ұлы тұлғалар)
(Тарихтағы ұлы тұлғалар)
Ұпай саны аз топ бастайды.
1. Сақ тайпасынан шыққан,елі үшін жанын қиған батыр кім еді? (Шырақ)
2. Жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған батыр? (Қабанбай)
3. ХҮІІІ ғасырда Қазақ хандығы аумағын қалпына келтірген,үш жүзді
біріктіруге көп еңбек сіңірген саясаткер? (Абылай)
4. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ғұлама? (Абай)
5. Күйші,сазгер,артына 60-тан астам күй қалдырған? (Құрманғазы)
6. Ұлы Отан соғысында үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атағын алған?
(И.Н. Кожедуб)
7. Қазақ тарихының негізін қалаушы? (С.Асфандияров)
8. Қазақтан шыққан геолог,ғалым?(Ғылым Академиясының президенті)
(Қ.Сәтбаев)
9.Қазақтың «құйрықты жұлдызы» атанған кім? (Ш.Уәлиханов)
10. «Жыр алыбы» ? (Ж.Жабаев)
Екі топқа бес-бес сұрақ қойылады,жауаптарын тапқан соң осы тұлғалардың
ішінен өздері таңдаған біреуіне сипаттама беру тапсырылады.
Ү. «Қазақ елі осындай!» (Тәуелсіз ел тарихынан)
Бұл кезең ата-бабамыз ғаырлар бойы армандаған «Тәуелсіз еліміздің
тарихына» арналады.

- Бұл кезеңде өздеріңнің тәуелсіз ел ұрпақтары екендеріңді дәлелдеулерің
керек.Ол үшін «Тәуелсіздік» алғаннан кейінгі еліміздің тарихындағы басты
оқиғалардан сұрақтар құрастырып,бір-бірлеріңе қоюларың керек. Сұрақ
маңызды,мазмұнды,дұрас құрастырылуы тиіс.
Әр топқа кезек беріп,оларға бағыт-бағдар беріп отыру.
Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз беріледі.
«Қазақ елі осындай»әнін барлығы орындайды.
Қазақ жерінде дүниеге келген соң,қазақ болып туылған соң,бұл елдің
тарихын білу ірбір азаматтың парызы деп ойлаймын.
Білімдерің шыңдала берсін,алға қойған мақсаттарыңа жете біріңдер.
Сайысқа қатысқан оқушыларға көп-көп рахмет!

Тарихты білу парызым.

9-11 сынып арасында өткен тарихи интеллектуалды ойын

Тимирязев ауданы Белоградов
орта мектебінің тарих және география пәні мұғалімі

Далелхан Мейрамбек

І «Жеті атасын білген ер…» (Қазақ халқының шығу тегі жайлы)
ІІ.«Ереуіл атқа ер салмай...» (Тәуелсіздік үшін болған күрестер)
ІІІ.«Ел басына күн туса.» (Тарихи оқиғаларға байланысты туған шығармалар)
ІҮ. «Ер есімі –ел есінде» (Тарихтағы ұлы тұлғалар)
Ү.«Қазақ елі осындай!» (Тәуелсіз ел тарихынан)


Ұқсас жұмыстар
Менің тұңғыш президентім жайлы ақпарат
Мемлкеттік тіл- менің тілім!
Қуан анам
Өмірге риза болып, алғыс айт
Етістіктен өткенді қайталау жайлы ақпарат. 6-сынып
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастаны
Тарихқа саяхат
Төлен Әбдіков Қонақтар
Қазақ тлі. Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Пәндер