Файл қосу

Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы




Бағыты: Таза табиғи орта- "Қазақстан 2030" стратегиясын жүзеге асырудың негізі
Секция: Химия

Тақырыбы: <<Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы>>



Зерттеу жұмысының авторы:
11 <<А>> сынып оқушысы
Қадырғажы Асем <<№36 ЖОББМ>> КММ
Семей қаласы

Жетекші:
Шәріпхан Алма Ермекқызы
№36 жалпы орта білім беретін
мектептің химия пәні мұғалімі.


Ғылыми жетекші:
Онтагарова Динара Рахимовна
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің
химия және география
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к


.


Семей қаласы 2014ж.










Мазмұны
Беттері
1. Кіріспе.
3
1.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
3
1.2. Жұмыс мақсаты.
3
1.3. Міндеттері.
3
1.4 Алға қойған міндеттерге жету жолдары.
3
1.5. Қолданылатын әдістер
3-4
1.6 Қолданылатын қор көздері.
4
2. Негізгі бөлім.
5
2.1 Сілекейдің физико- химиялық сипаты, физиологиялық әсері
5-9
2.2 Тіс жегісі дегеніміз не және оның пайда болу белгіларі қандай?
10-11
3. Зерттеу бөлімі.
12-14
4. Қорытынды.
15
5. Қолданылған әдебиеттері.
16
6. Қосымша 1-2
17
7. Қосымша 3-4
18















1.Кіріспе
1.1 Тақырыптың өзектілігі.
Тіс жегісі - бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90-95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын.
1.2 Жұмыс мақсаты
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу.
1.3 Жұмыс міндеттері
* Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру.
2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау.
3. Тіс жегісінің пайда болуына әсері ететін ортаның қышқылдық- сілтілік мәндерін анықтау.
4.Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекей құрамының буферлік сиымдылығын индикатор әдісімен анықтау
5. Ауыз қуысының тепе- теңдігінің тамақтан кейін қайта қалпына келу уақыты мен тіс жегісі бар адамдардың уақытымен салыстырып анықтау.
1.4 Алға қойған міндеттерге жету жолдары
* Тіс жегісінің мектеп оқушылары арасында қаншалықты таралғандығын анықтау үшін сауалнамалар жүргізу, оның қорытындысын шығару.
* Әлеуметтік желіні, әдеби оқулықтарды пайдалану арқылы осы берілген тақырып бойынша мағұлматтар жинақтау
* Тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы сілекей құрамының әсерін қарастыруға мәліметтер жинақтау.
* Сілекей құрамының рН ортасын анықтау.
* Зерттеу жұмысының нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасау.
* <<Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы әсері>> тақырыбына презентация жасау

1.5 Қолданған әдістер


* Әдебиеттермен жұмыс
* Сауалнама жұмыс түрлері.
* Тәжірибе жұмыстары.
* Бақылау.
* Салыстыру.
* Компьютерде әрлеу.





2.Негізгі бөлім
2.1 СІЛЕКЕЙДІҢ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ СИПАТЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Сілекей - ауыз қуысына бөлінетін сілекей бездерінің бөліндісі. Сілекей (лат. saliva) -- мөлдір, түссіз сұйықтық. Сілекей ауыз қуысын ылғалдап, дәм сезу мүшелерінің қызметін қамтамассыз етіп, жеген тамақты ылғалдайды.Сонымен бірге, сілекейдің ауыз қуысын тазартып, тісті зақымданудан сақтайтын бактериалық қасиеті бар.Ауыз қуысындағы сілекей ферменттерінің әсерінен көмірсулардың ыдырауы жүзеге асады. Сілекейдің рН ортасы 5,6-дан 7,6-ға дейін болады.
Сілекей бездері.
Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері - құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері - ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.
Құлақ маңы сілекей безі - үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 - ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.
Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді). Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.
Төменгі жақ асты сілекей бездер - серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері - аралас болып табылады және серозды - кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Кіші сілекей бездері - барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде - кілегей бездер орналасады.
Сілекейдің бөлінуі - күрделі процесс. Ұсақ сілекей бездері кілегей қабаты ылғалдап, үзіліссіз секрет болып шығарады. Ірі сілекей бездерінен сілекейдің бөлінуі табиғатынан рефлекторлы, тағамның шартты тітіркендіргіштеріне байланысты (түріне, иісіне) және тағам факторлары кілегей қабаттың рецепторларына әсер етіп күшейеді. сілекей бездерінің регуляциясы бас миында орналасқан жүйке орталығымен байланысты. Клиникада науқастарды емдеу кезінде сілекей бөлінуге тән өзгерістер туғызу мүмкіндігі ең маңызды болып табылады.

Сілекейдің қызметі
Сілекейдің қызметі организмнің өмірге қажеттілігі үшін маңызды болып табылады. Гипосаливация басталғанда әсіресе, ксеростомия (сілекейдің болмауы) кезінде ауыз қуысы кілегей ауруларының тез арада дамитыны белгілі, ал 3 - 6 ай өткен соң, тістердің кариеспен зақымдануы басталады. Сонымен қатар тағамды шайнап, жұтқан кезде қиындықтар туады.
Қорғаныш қызметі - ылғалдануы мен кілегей қабатпен (муциннің) жабылуы оны кебуден, жарылулардың түзілуінен және механикалық тітіркендіргіщтердің әсерінен сақтайды. Сонымен бірге тіс беттері мен кілегей қабаттарды микроорганизмдер мен тағам қалдықтарынан тазарту қызметін атқарады. Сілекейдің қорғаныш қызметінде маңызды рольді оларды плазма ұйытқыш және фибринолитикалық бейімділігі атқарады. Сілекейде тромбопластин, антигрепаринді субстанция, проромбин және фибринолиздің активаторы мен ингибиторы бар. Осы заттар гемокоагуляциялайтын және фибринолитикалық белсенділікті меңгереді. Жергілікті гомеостазды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады және зақымданған тіндердің регенерация процесін жақсартады. Ауыз қуысы сұйықтығы тіс эмалі құрамын ұстап тұруда маңызды роль атқарады.
Ас қорыту қызметі - тағам түйіндері қалыптасып оны жұтқан кезде сілекейдің ас қорыту қызметі жүреді. Сілекейде еріген тағам өнімдері дәм сезу анализаторына әсер етіп, ас қорыту жолдарының қызметін тудырады. Осы себепті сілекей күрделі орта болып табылады. Сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығы лабильді орта және оның санды, сапалы құрамына әр түрлі факторлар мен организмнің жалпы жағдайы әсер етеді. Адамның жасына қарай құлақ маңы сілекей безінің қызметі төмендейді, ал оның құрамында хлордың саны азайып, кальций құрамы аздап көбейеді. Аурулар кезінде сілекей бөлінудің өзгерістері басталады.
Сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының құрамы.
Сілекей - сілекей бездерінен ауыз қуысына бөлінетін секрет. Сілекей шығару өзектерінен алынған сілекей, аралас сілекей немесе ауыз қуысы сұйықтығы деп бөлінеді. Соңғысының айырмашылығы, секркттен басқа, құрамында олардың өмірге қажетті өнімдері, десквамирленген эпителий, сілекей денешіктері (лейкоциттер) қызыл иек эпителиіне бекуі арқылы ауыз қуысын мигрирлейтін микроорганизмдер болады. Сонымен қатар, онда тағам қалдықтары болуы мүмкін. Ересек адамдарда тәулігіне 1500 мл шамасында сілекей бөлінген. Бірақ секреция жылдамдығы әр түрлі факторлардың әсеріне байланысты бірдей мөлшерде емес: ересек жаста (55 - 60 жастан кейін сілекейдің бөлінбеуі баяулайды), нерв қоздырғыштары, тағам тітіркендіргіштері. Адам ұйықтап жатқанда, сілекей өте аз мөлшерде бөлінеді (0,05мл/мин), жүрген кезде - 0,5мг/мин, ал стимуляция кезінде - 2,0 - 2,3мг/мин - қа дейін бөлінеді. Сілекей бөлінбеудің жылдамдығы тістердің кариеспен зақымдануымен байланысты: сілекей қаншалықты көп бөлінсе, тістер соншалықты кариеспен зақымданады. Тұтқырлық - көлемі өзгерген және сілекейдің сақтау шамасы бойынша ол біртіндеп төмендейді. Сілекейдің өзектен алынғаннан кейін, дереу Осфальд әдісі бойынша өлшенген тұтқырлығы 1,2 - 2,4 бірлік құрады. Сілекей тұтқырлығы жоғары адамдарда тістерінің кариеспен зақымдануы интенсивті.
Сілекейдің буферлі жылдамдығы қышқылдар мен сілтілерді нейрализациялауға бейім және бейкарбонатты, фосфатты, белокты жүйелермен анықталады. Сілекейдің буферлі жылдамдығы факторлардың әсер етуімен өзгереді. Осылайша, көмірсумен диетаны ұзақ уақыт ағымда қолданғаннан сілекейдің буферлі жылдамдығы төмендейді, ал жоғары белокты диетаны сақтау - оны жоғарылатады.
Стимулирленген сілекейдің (тамақ ішу уақытында жиналған сілекей) буферлі жылдамдығы тамақ қабылдау аралығында бөлінген сілекейге қарағанда жоғары.
Көптеген әдебиеттердегі мәліметтер бойынша сілекейдің буферлі жылдамдығы жоғары адамдарда тістердің кариеспен зақымдануы аз кездеседі деп жазылған. Сілекейдегі сутегі ионының концентрациясы, рН - ауыз қуысы сұйықтығында қышқылдардың болуымен анықталады. Тістердің тіс жегісімен зақымдануы сілекейдегі сутегі иондары санының көбеюімен байланысты.
Сілекей құрамындағы органикалық заттарды 2 топқа бөледі:
* Сілекейге қан сарысуынан түсетін (аминоқышқылдар, мочевина);
* Бездермен синтезделетін (амилаза, гликопротеидтер, муцин, А классының иммуноглобулині және т.б.).
Ферменттер - аралас сілекей де 5 негізгі топта кездеседі: карбоангидраза, эстераза, протеолитикалық, ферментті қабылдайтын және аралас топ. Қазіргі уақытта жалпы алғанда ауыз қуысы сұйықтығында 50 - ден астам ферменттер анықталды.
Ферменттер 3 топқа бөлінеді:
* Сілекей безі паренхимасымен секреттелінетін;
* Бактериялардың іс - әрекетінен ферментатаивті процесс түзіледі.
* Ауыз қуысында лейкоциттердің қорытынды ыдырауында түзілетін.
Сілекейдегі ферменттердің ішінде ең алдымен ауыз қосында көмірсуды жартылай гидролиздейтін, оларды декстранға, мальтазаға айналдыратын альфа - амилазаны бөлуге болады.
Сілекейдің құрамында фосфатаза, липаза, лизоцим, гиалуронидаза, калликрейн, лептидаза, РНК - аза, ДНК - аза ферменттері бар. Фосфатаза (қышқылды және сілілі) фосфор мен кальций алмасуына қатысады. Гиалуронидаза мен калиикреин тіс эмалі мен тіндердің өткізгіштік деңгейін өзгертіп отыратын ферменттер болып табылады. Сонымен бірге олар ауыз қуысының кілеегей қабаты мен тістердің қатты тіндерінің гомеостазын қалыпты жағдайда ұстап тұру процесінде маңызды роль атқарады.
Сілекей 99,42% судан, 0,58% органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. сілекей дегі органикалық емес компоненттердің ішінде кальций тұздары, фосфаттар, біріккен калий мен натрий, хлоидтер, бикарбонаттар, фторидер, роданиттер қатысады. сілекей де кальцийдің құрамы (1,2ммоль/л) қан сарысуына қарағанда төмен. Кальцийдің көп бөлігі ионизирленген жағдайда табылады, ал қалған бөлігі - фосфаттармен біріккен жағдайда немесе белоктармен байланысты. Оның РН - төмендеген кезде ауыз қуысы сұйықтығында гидроксиапатиттердің ерітілуі интенсивтілігі ұлғаяды.
Сілекейде фосфордың саны (3,2ммоль/л) қан сарысуына қарағанда 2 есе көп. Стимулирленген сілекейде фосфор көп болады.
К+ иондары Сілекей беінде тыныштық кезде қан сарысуына қарағанда көп болады, ал сілекей жылдам бөлінген кезде оның концентрациясы төмендейді. К+ мен Na+ иондарының қатынасының сандық мөлшері ағзадағы электролиттік алмасу жағдайы үшін ең маңызды болып саналады.
Бикарбонаттар негізінен құлақ маңы және төменгі жақ асты сілекей бездерінің сілекейінен бөлінеді. Олар сілекейдің рН ортасын және буферлік сиымдылығын анықтайды. Са мен Mg - олардың иондарының жалпы мөлшері қан сарысуына қарағанда аз болып кездеседі.Сілекейде кальций (1,2 ммоль/л) 2 түрде болады, оның 50% Са2+ ион түрінде , 15% Са ақуызбен қосылып, ал қалған бөлігі цитраттармен және фосфаттармен байланысқан күйде болады. Төменгі жақ асты безі - Са2+ ионын бөлудің негізгі көзі болып саналады, одан сілекейдегі барлық Са мөлшерінің 75%-ы бөлінеді.
Фосфаттар - оның сілекейдегі мөлшері қан сарысуы құрамындағыдан 2-3 есе көп болып келеді. Сілекейдегі фосфор, негізінен, (95%) бейорганикалық қосылыс түрінде болады, оның 5% ғана органиклық зат құрамында кездеседі. Сілекейдегі фосфор мөлшері 2,9 - 6,4 ммоль/л, оның да негізгі көзі төменгі жақ асты безі болып саналады, аз мөлшерде болсын құлақ асты сілекей безінен де бөлінеді. Сілекейдегі фосфордың негізгі бейорганикалық түрі тіс кіреукесіндегі гидроксиапатиттің гидролизі нәтижесіндетүзілген гидрофосфат болып табылады.
Ауыз қуысы сұйықтығында органикалық компоненттер көп мөлшерде кездеседі. Оның құрамында протеиндер, көмірсулар, бос аминоқышқылдар ферменттер, витаминдер және т.б. заттар бар. Негізгі органикалық зат болып ақуыз табылады. Сілекейде ақуыз мөлшері 0,8 -- 3,0 г/л. құрайды. Ауыз қуысы тіндерін қалыпты жағдайда ұстап тұруда маңызды роль атқаратын ферменттер, гликопротеиндер, муцин сілекей безінде синтезделеді.. Сілекейдің мөлшері мен сапасы негізінен мына факторларға байланысты болып табылады.
* Тістің беткі қабатының анатомиялық қасиетіне:
* Тіс кіреукесінің фтор мөлшерімен қанығуына,одан бөлінген фторапатит қышқыл әсеріне төзімді болып келеді.
* Ауыз қуысының тазалығына:тісті қағынан тазартып отыру тіс жегісінің алдын алудың бір жолы болып табылады.
* диеталық фактор: жұмсақ, көмірсуға бай тамақ тіс қағының пайда болуына әкеліп соқтырады. Витаминдер мен микроэлементтердің мөлшеріде ағзаның жалпы күйіне және әсіресе сілекейдің құрамына әсер етеді.
* сілекейдің мөлшері мен сапасына: Сілекейдің тұтқыр аз мөлшердегі түрі өзіне бактерияны тұтып алып, тіс жегісінің пайда болуына жағдай жасайды.Тіс кіреукесінің тіс жегісіне қарсы тұруында слекейдің буферлік қасиетінің маңызы зор.
* генетикалық фактор
* ағзаның жалпы күйі
Сонымен бірге, сілекей тістің ғана күйіне емес, жалпы ауыз қуысының күйіне де әсері көп. Зерттеулерге қарағанда ауыз қуысына келіп түскен қатты көмірсулы тамақтағы глюкоза концентрациясы сілекейде төмендейді, алдымен тез, одан соң ақырындайды. Бұл жерде сілекейдің бөліну жылдамдығы маңызды роль атқарады. Сілекейдің бөліну жылдамдығы көмірсулардың тездеп ыдырауына жәрдемдеседі. Бірақ, одан фторидтер бөлініп қалмайды, олар ауыз қуысының жұмсақ және қатты ұлпаларымен бірнеше сағат сақталып байланысып тұрады. Сілекейдегі фторидтердің мөлшеріне қарай ондағы де- және реминералдану баланстарының арасындағы тепе- теңдік минералдану жағына ығысып, тісті тіс жегісіне сақтауға жағдай туғызады.Сілекейдегі фтор мөлшерінің аз болған жағдайында да бұл механизм осылай жұмыс жасайды. Сілекейдің глюкозаны жойып жіберу қасиеті тіс жегісінен сақтайтыны бір ғана механизім емес, сонымен бірге оның қышқыл және сілтіні бейтараптайтын, буферлік қасиетінің де маңызы өте зор.Сілекей қалыпты жағдайда тістің ұлпасының негізін құрайтын қосылыстар, кальций, фосфор иондары және гидроксиапатиттерге бай болып келеді.рН төмендегенде, сілекейдегі кальций, фосфор және гдроксиапатиттер мөлшері басында азайып, одан соң мүлдем жоғалады.
Тіс жегісінен сақтау механизмдерінің біріне тіс кіреукесінің бетіне сілекей қабықшасы қабатының пайда болуы да әсер етеді. Бұл қабықша ауыз қуысына түскен қышқылдың тіс кіреукесіне тікелей әсер етуінен ғана сақтап қоймай, кальций мен фосфордың оның бетінен жойылып кетпеуіне жағдай жасайды.Балалардың тіс кіреукесіндегі минералдардың мөлшері үлкендерге қарағанда 2 - 3 % аз болады, сондықтан олардың тістерінің тіс жегісіне ұшырау қаупі көбірек болатындығы анықталған. (Боровкий Е.В., Позюкова 1985, Сайфуллина 1980). Сілекей тіс кіреукесінің жетілуін қамтамасыз етеді және оның беткі қабатының ерекше қасиетін құрайды. Сонымен тіс шыққаннан кейін тіс кіреукесінің жетілуі маңызды болып саналады. Леонтьевтің В.К., Боровскидің, Е.В., Леустің П.А. және басқалардың зерттеулеріне қарағанда тістің тіс жегісінен сақтауда тіс кіреукесінің ғана емес сілекейдің қасиетінің де маңызы өте зор (Радышевская Т.Н., 1998).

2.2 Тіс жегісі дегеніміз не және оның пайда болу белгілері қандай ?
Тіс жегісі немесе кариес (лат. Cariesdentium) -- тіс шыққаннан кейін, ауыз қуысындағы тістің қатты ұлпаларының жұмсаруынан және минералдарды жоғалтуынан пайда болатын потологиялық процесс.
Қазіргі кезде, тіс жегісінің пайда болуын, ауыз қуысындағы көмірсулардың ашуы нәтижесінде түзілген органикалық қышқылдардың және микроорганизмдердің әсерінен, сілесей құрамының рН ортасының өзгеруімен байланыстырады.Тіс жегісінің пайда болу механизмін қарастыруда әртүрлі көптеген факторларға көңіл аударуға болады: ауыз қуысындағы микроорганизмдер, тамақтану сипаты (көмірсулар мөлшері), тамақтану уақыты, сілекей бөлінуінің мөлшері мен сапасы, ағзаның функционалдық қызметінің күйі, ағзаға келіп түсетін фтордың мөлшері, қоршаған ортаның әсері және т.б. Бірақ, тіс жегісінің пайда болуының негізгі факторы мыналар:
* Тіс кіреукесінің тіс жегісіне бейімділігі
* Тіс жегісін тудыратын бактериалар
* Ферментті көмірсулар
* Қышқыл әсерінен тістің тіс жегісіне ұшырау жиілігі әсер етеді.
Тіс кіреукесінің тіс жегісіне бейімділігі
Тіс кіреукесі - адам ағзасындағы ең қатты ұлпалардың бірі. Қаттылығы жөнінен ол алмазға ғана орын бере алады (250-800 бірлік Виккерс). Тіс кіреукесінің 96 пайызы қышқылға өте сезімтал, гидроксиапатиттерден тұратын минералдардан құралған. Сондықтан, ол рН орта 4,5 болғанның өзінде бұзыла бастайды.
Тіс жегісін тудыратын бактериалар
Ауыз қуысында, көптеген бактериалар кездеседі, бірақ тіс қағының пайда болуы мен тіс кіреукесінің минералды жоғалту процесіне көбіне анаэробты ашу тән қышқыл туғызушы бактериалар стрептококтар (Streptococcusmutans, Str. sanguis, Str. mitis, Str. salivarius) және лактобактериалар (Lactobacilli) қатысады. Көмірсулар, соның ішінде сахароза қабылдағаннан кейін біраз уақыттан соң, рН ортаның 6-дан 4-ке дейін төмендеуі байқалады. Тістің бетінде пайда болған қақтың құрамында көмірсулардың ашуынан түзілген сүтқышқылынан басқа, құмырсқа, май, пропион және басқа да органикалық қышқылдардың түзілетіндігін байқауға болады.
Ферментті көмірсулар
Көмірсулардың ашуынан түзілген қышқылдар тістің беткі қабатының бұзылуына әкеліп соғады. Ашу процесінің болуы және белсенділігі көмірсулардың мөлшері мен сапасына байланысты болады. Сахарозаның ашуы жылдам жүрсе, глюкоза мен фруктозаның ашуы жайлап жүреді.Маннит, сорбит және ксилит тіс жараларының ойықтарына енгенімен, оларды фруктозаға айналдыратын ферменттердің белсенділігінің төмендігінен, олар аса қауіпті болып саналмайды. Тіс қағының құрамына ене алмайтындықтан, крахмалда тіс жегісін тудыратын заттарға жатпайды.

Тістің қышқыл әсерінен тіс жегісіне тез ұшырау жиілігі
Құрамында қанты бар, тамақ қабылдағаннан соң микроорганизмдер түзілген қышқылдар әсерінен, тіс кіреукесін бұзады. Біраздан соң кейде бұл қышқылдар сілекейдің тұтқырлық қасиетінің арқасында бейтараптанады, ал біразы тіс кіреукесінің минералдарды жоғалтуына әкеліп соқтырады.Сондықтан қышқылдардың әсеріне әр кезде тіс кіреукесінің құрамына кіретін бейорганикалық минералдар ери береді, ол 2 сағатқа дейін еріген күйде бола алады. Егерде күні бойы, көмірсуы бар тамақты жиі пайдаланса, сілекейдің рН ортасы төмен болады, өйткені сілекейдің буферлік қасиеті рН ортаны реттеуге үлгермейді де, тістің беткі қабатының бұзылуы басталады.
Сілекей бездері қызметінің белсенділігі бұзылғанда қышқыл- сілтілік баланс бұзылады, соның әсерінен ауыз қуысы мен тістің күйіде төмендейді.
Сілекей, ұлпалық сұйықтық, қан, несеп және басқада биологиялық сұйықтықтар сияқты буферлік ерітінді болып табылады. Осы буферлік жүйенің арқасында ішкі ортада сутектік көрсеткіш үнемі реттелініп отырады.

Буферлік ерітіндінің қышқыл- сілтілік жұбы әлсіз қышқыл және оның күшті негізден түзілген тұзы ( мысалы, сірке қышқылы СН 3СООН және натрий ацетаты CH 3COONa) немесе әлсіз негіз және оның күшті қышқылдан түзілген тұзы ( мысалы, аммоний гидроксиді NH4OH мен аммоний хлориді NH4CI).
Ерітіндін еріткенде немесе оған біраз мөлшерде қышқыл немесе сілті қосқанда қышқыл - сілтілік жұп сутектік көрсеткіш деңгейінің салыстырмалы тұрақты деңгейін сақтап тұру үшін сутегі иондарына кейде донор, кейде акцептор бола алады.
СН3 СООН+СН3 СООNa - ацетатты буфер,
Н2 СО3+NaНCО3 - бикарбонатты буфер,
NH4 OH + NH4 C1- аммиакты буфер,
NaН2 РО4 + Na 2НРО4 - фосфатты буфер. Фосфатты буферде әлсіз қышқыл орнында NaН 2РО4 болып саналады.
Буферлік жүйенің қызметі оның құрамындағы рН мәнін іс жүзінде өзгерте алмайтын күшті қышқыл немесе сілті әрекеттесуінен түзілген заттардың әсеріне байланысты болып табылады.
Мысалы, ацетатты буферде:
СН3 СООNa + НС1 = СН3 СООН + NaС1
СН 3 СООН + NaOH = СН 3 СООNa + Н 2О
Бірінші жағдайда буферлік жүйенің құрамында тұз және әлсіз қышқыл түзіледі, ал екінші жағдайда,реакция нәтижесінде, жүйенің рН ортасына мүлдем әсер етпейтін тұз және су түзіледі.
Ағза сұйықтығында бірнеше буферлік жүйе бар, ол бикарбонатты, фосфатты,ақуызды және гемоглобинді.

3. Зерттеу бөлімі.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес сілекейдің буферлік сиымдылығына рН әсерін зерттеу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді.
* Сілекейдің буферлік ерітінді болып саналатындығын басқа буферлік ерітінділермен салыстыра отырып анықтау.
Жұмыстың барысы: 4 сынауыққа бірдей көлемде (1-2 мл) тұз қышқылы, натрий гидроксиді, натрий фосфаты ерітіндісін және сілекейдің буферлік ерітіндісін құямыз.Әрбір сынауыққа 2-3 тамшы индикатор қосып, түсінің өзгеруін және оның рН ортасын белгілеп жазамыз. Нәтижелерін 1-кестеде көрсетеміз.
Кесте 1.
Зертеу нысандарына индикаторлардың әсері.

Зертеу
нысандары
Қолданылған индикатор



Универсиалды
индиктор

РН метр


Байқалған түсі
рН мәні
рН мәні

Фосфатты буферлік ерітінді
Сары-жасыл
7-8
7,3

Сілекей ерітіндісі (тіс жегісінен таза)
сарғыш-
жасыл
6-7
6,8

Сілекей ерітіндісі (тіс жегісі бар)
сарғыш-
қызыл
5-6
5,4

Натрий гидроксиді
Көк
12
11,9

Тұз қышқылы
қызыл
3-4
3,7

Қорытынды: Зертеу нысандарынан фосфатты буферлік ерітінді мен сілекейдің рН мәнін салыстыру, олардың бейтарап орта екендігін көрсетті. Сонымен сілекей буферлік ерітінді болып табылады.
* Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекей құрамының буферлік сиымдылықтарын индикаторлық әдіспен анықтап, салыстыру.
Буферлік ерітінділер қышқыл немесе сілті ерітіндісін белгілі мөлшерге дейін қосқанда өзінің рНортасының тұрақтылығын сақтауға бейім болып келеді.Буферлік әсер ету шегін буферлік сиымдылық деп атаймыз. Буферлік сиымдылық күшті қышқыл немесе негіздің эквиваленттік зат мөлшерінің рН бірлігін өзгертуге арналған, 1л (1м3) буферлік ерітіндінің қосатын қатынасына тең.
С
В = ---------------
рН1 - рН2

В- буферлік сиымдылық; C - күшті қышқыл (негіз)мөлшері; рН1 және рН2 - күшті қышқыл (негіз) қосқанға дейінгі және кейінгі сутектік көрсеткіш. Буферлік сиымдылық қоспа құрамының концентрацияларымен және бұл концентрациялар арасындағы қатынаспен анықталады. Құрамның концентрациясы өскен сайын буферлік сиымдылықта арта түседі.
Буферлік ерітіндіні еріту оның буферлік сиымдылығын төмендетеді және рН ортаны біраз мөлшерде өзгертеді.
Жұмыстың барысы:
Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекей үлгілерін тұз қышқыл және натрий гидроксиді ерітінділері арқылы титрлеп, формуланы пайдаланып,буферлік сиымдылықтарын анықтаймыз.
Кесте 2.
Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекейдің буферлік сиымдылықтарын салыстыру

№ р/с
Зерттеу нысаны
рН мәні
Зерттеу нысаны
рН мәні
Буферлік сиымдылық
1

Тіс жегісі бар сілекей
5,4
Тіс жегісі бар сілекей
+ NaOH
6,4
5,09

Тіс жегісі бар сілекей + НС1
6,1
5,24
2

Тіс жегісінен таза сілекей
6,8
Тіс жегісінен таза сілекей + NaOH
7,4
4,45

Тіс жегісінен таза сілекей + НС1
7,8
4,65

Қорытынды: Тіс жегісі бар және тіс жегісі жоқ сілекей үлгілерінің буферлік сиымдылығын салыстырдық. Сонымен бірге, зерттелген сілекей үлгілерінің буферлік сиымдылықтарының әртүрлі болатындығын дәлелдедік. Тіс жегісі бар үлгілерден олардың рН мәнін 6,1- 6,4 дейінгі аралықта екенін көрдік, бұл олардың қышқылдығының жоғары және тіс жегісіне ұшырауға бейім екендіктерін дәлелдейді.

3.Тіс жегісі бар және тіс жегісі жоқ сілекейдің тамаққа дейін және тамақтан соң рН мәнін анықтап, қайта қалпына келу уақытын салыстырып бақылау.
Жұмыс барысы: Ауыз қуысындағы қышқыл сілтілік ортаның қалпына келуін анықтау мақсатында, сілекейдің рН мәнін тамақтан соң 10 минут, 20 минут, 30 минут өткен соң бақылап отырдық. Зерттелетін үлгілердегі тіс жегісі бар сілекейдің рН мәні тамаққа дейін 6,9 , ал 10 минуттан соң, рН 4,8-ге, 20 минуттан соң, рН 5,9- ға, 30 минуттан соң ғана рН 7,2-ге тең болып қалпына келгенін көрсек , тіс жегісінен таза сілекейдің қайта қалпына келу уақыты 20 минутқа сәйкес келіп тұр.
Кесте 3.
Сілекейдің тамаққа дейін және тамақтан соң рН мәнінің
қайта қалпына келуін салыстыру.

р\с
Зерттеу нышаны
Тамаққа дейінгі рН мәні
Тамақтан соң рН мәні

10мин. өткен соң
20 мин. өткен соң
30мин. өткен соң
40мин өткен соң
1
Тіс жегісі бар сілекей
6,9
4,8
5,9
7,2
7,2
2
Тіс жегісінен таза сілекей
8,1
5,96
8,0
8,0
8,1

Қорытынды: Тіс жегісі бар сілекейдің, қышқыл - сілтілік ортасының қайта қалпына келу уақытының ұзақтығына қарап, қышқылдығының артып, тіс жегісіне ұшырау бейімділігінің тағы да жоғары екендігі көрінді.




4. Қорытынды
1. Сілекейдің буферлік ерітінді болып саналатындығын натрий фосфатты буферлік ерітіндісінің қасиетімен салыстыра отырып көрсетілді. Сілекей буферлік қасиеті бар ерітінді.
2. Тіс жегісі бар және тіс жегісінен таза сілекей құрамының буферлік сиымдылықтарын индикаторлық әдіспен анықтап, салыстыра отырып, сілекей үлгілерінің буферлік сиымдылықтарының әртүрлі болатындығын байқадық.
3. Тіс жегісі бар сілекейдің, қышқыл - сілтілік ортасының қайта қалпына келу уақытының ұзақтығына қарап, қышқылдығының артып, тіс жегісіне ұшырау бейімділігінің тағы да жоғары екендігі көрінді.
4. Ауыз қуысының қышқыл - сілтілік баланысының қалпында сақталуына, сілекейдің буферлік қасиетінің әсері көрсетілді.
* 5. Сонымен бірге тістің күйінің бұзылуына тамақ сипатының және ас құрамындағы / Е.В. Боровский, В.К.Леонтьев Биология полости рта.- М.: Медицина, 1991. -232-254 бет/ көмірсулардың мөлшеріне байланысты болатындығын байқадық. Тәтті тағамдарды ұзақ пайдалану кезінде сілекейдің қышқылдығы артып, тістің тіс жегісіне тезірек ұшырау қаупін тудырады. Тамақ құрамындағы көмірсулар мөлшерінің көп болуы тістегі қақтың пайда болуын тездетеді және қышқыл түзуші бактериалардың көбеюіне жақсы орта жасайды.

Сондықтан мынадай ұсыныстар жасалады:
1.Тамақ рационындағы көмірсулар, әсіресе қант мөлшерін азайтуға;
2.Ауыз қуысын тамақтан соң және ұйықтау алдында тазалап отыруға;
3.Тамақтану уақытын сақтауға;
4. Тамаққа сілті орта түзетін тағамдарды, жас ірімшік, сүт, айран, жемістер, көкөністерді т.б. пайдалануға ұсыныс жасаймыз.
Дендеріңізге саулық тілеймін!

















* Қолданылған әдебиеттер.

* А.Б.Денисов Слюнные железы. Слюна. М: РАМН 2003;136 бет
* Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ -- Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл.
* С. К. Пискарева, К. М. Барашков, К. М. Ольшанова. Аналитическая химия, 2-ші баспасы, М.: 1994.
* Ә.Қ Патсаев, С.А Шитыбаев, Г.А. Төребекова <<Физикалық және коллоидтық химия>> Шымкент, 2010 ж.154-163 бет
* Ә.Қ. Патсаев, С.А Шитыбаев, Қ.Н. Дауренбеков <<Бейорганикалық және Физколлоидтық химия>> Шымкент, 2004 ж.144-153 бет
* Ә.Қ Патсаев, С.Ж Жайлау, Ш.С Шыназбекова, Б.Қ Махатов, <<Аналитикалық химия>> Шымкент, 2007 ж . 80-87 бет
* Е.В. Боровский, В.К.Леонтьев Биология полости рта.- М.: Медицина, 1991. -232-254 бет
* И.Т Гороновский, Ю.П. Назаренко, Е.Ф Некряч Химиядан қысқаша сөздік, баспа. Академии наук Украинской ССР, 1963.
* М. Мұрадымов Тіс-денсаулық айнасы <<Жайық үні>> 10 ақпан 2011ж
* Т.С. Сейтембетова <<Химия>>, Алматы, Білім. 1994ж
* С.П.Терехин, С.В. Ахметова Лечебное питание, Учебник.-Алматы, ТОО <<Эверо>>, 2012
* http://1referat.kz/biologiya-valeologiya-zoologiya-anatomiya-medicina/auyz-quysynda-astyn-qorytyluy.html
* http://festival.1september.ru/
*
* http://www.xumuk.ru/biologhim/255.html,
* http://www.studychem.com/krov/132.html
* http://medical-encyclopedia.zelenka.su/30703
* http://slovari.yandex.ru
* http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B9_%D0%B1%D0%B5%D0%B7%D1%96
* http://wiki.iteach.kz/images/6/62/%D0%A0%
D0%B5%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82
* http://saryarka-samaly.kz/index.php/y/item/2704-tis-ktimi-densauly-kepili









Қосымша 1.

Тәжірибеге қажетті құралдар мен реактивтер
Қосымша 2

рН метр құралы

Қосымша 3


рН метр құралымен танысу

Қосымша 4.

Ғылыми жетекші жоба жұмысының барысымен таныстыру үстінде


Ұқсас жұмыстар
Жарнамалы заттарды химиялық талдау
Сілекей бездері
Тістің күтімі
Ауыз қуысында астың қорытылуы жайлы
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Тақырып Ауыз қуысында астың қорытылуы
Азу тіс
Ауыз қуысында астын қорытылуы. 8 сынып
Тренинг кезеңдері
Ұшатын сүтқоректілер
Пәндер