Квадрат теңдеулердің түбірлерін формулалар арқылы шешуге арналған білімді бекіту сабағы

Тақырыбы : Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер

шығару

Типі : білімді бекіту қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: есептершығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге

қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін

көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін

дамыту.

Сабақ түрі: практикалық

Сабақ көрнекілігі : интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  1. оқушыларды түгендеу;
  2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
  3. сабаққа назарын аудару;
  4. сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
  5. сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
  1. Үй тапсырмасын тексеру.

2 топтан 2 оқушыдан тақтаға шығарып үй тапсырмасын тексеру.

  1. Топтармен жұмыс

1) Теориялық сайыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд

ашылады)

1 топтың тапсырмасы:

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

2. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

3. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?

4. Квадрат теңдеудегі а, в, с - сандары қалай аталады?

5. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

6. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?

2 топтың тапсырмасы:

1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз

2. Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз және формуласын қандай?

3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз

4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын және оны шешу жолдары.

5. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын және шешу жолдарын жаз.

6. Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?

2) Практикалық сайыс ( әр топқа слайд арқылы есептер беріледі)

Квадрат теңдеулерді шешу.

1- топтың тапсырмасы

1. х 2 -7х+10 =0

2. у 2 -12у+32 = 0

3. 3х 2 -12х = 0

2- топтың тапсырмасы

1. х 2 -9х+18 = 0

2. у 2 + 8х+12 =0

3. 4х 2 -28 = 0

3) «Білгенге маржан» логикалыө есептер шешу. ( слайд бойынша тапсырмаларды топ таңдай отырып жауабын береді)

1. Архимед Герон патшасының тәжінің таза емес екендігін қайдан білген?

( тығыздығын салыстыру арқылы)

2. Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір

асық қалып қояды. Бұл қалай?

( бір балаға дорбасымен береді)

3. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен саң күннің

жарқырып тұруы мүмкін бе?

(Мүмкін. 36 сағаттан соң таңғы 10 болады)

4. 2 қола он саусақ. 10 қолда неше саусақ?

( 50 саусақ)

IV. Оқулықпен жұмыс №135(1-2), 137, 139(1-4)

V. Қорытынды.

  1. Квадрат теңдеуді шешпес бұрын оның қандай түрге жататынын анықтау керек.
  2. толық квадрат теңдеу болса, онда дискриминантына назар аудару.

D>0, теңдеудің екі түбірі болады

D=0, теңдеудің екі түбірі бірдей, яғни бір түбірі болады.

D<0 теңдеудің түбірі жоқ, яғни теңдеудің шешімі жоқ.

VI. Бағалау.

VII. Тапсырма §7, №135(3, 4), 137, 139(5-8)


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған алгебра сабағы: квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары
8-сынып: Топтық жұмыс арқылы квадрат теңдеулердің түбірлерін табу және Виет теоремасын оқыту
9-сынып: мәтіндік есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешуге арналған білімді бекіту сабағы
8-сынып алгебра: квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формуласын қолдана отырып есептер шығару
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: формулалар арқылы квадрат теңдеулерді шешу
Квадрат және рационал теңдеулерді шешуге арналған практикалық ой-сайыс сабағы
8-сынып алгебрасы: квадрат теңдеулердің түбір формулалары
8-сынып: Квадрат теңдеулер тарауын қайталау және бекіту сабағы
Квадрат теңдеулердің түбір формулаларына арналған практикалық сабақ жоспары
8-сынып алгебрасы: Квадрат теңдеулердің түбір формулалары - сабақтың ақпараттық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz