Күн көзін бұлт баспасын өлеңі арқылы сөздік пен сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Күн көзін бұлт баспасын.
Мақсаты: 1) Өтілген материалдар бойынша оқушылардың білімін жинақтау.
2) Сөйлеу тілдерін дамыту.
3) Сыйласымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сандар, кесте.
Әдісі : сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақ:
1. Өткенді қайталау. Әр қатардан бір оқушыға «Әскердегі ағама» өлеңін мәнерлеп оқыту.
2. Заттың атын, түсін, қимылын, санын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоятындығын қайталау.
3. Оқулық бойынша жұмыс.
-Бас әріппен жазылатын сөздерді қайталау. (Кестемен жұмыс)
182 - жаттығу дәптерде орындалады.
Ойын: «Мен қандаймын?»
184 - жаттығу ойын түрінде орындалады. «Сыңарын тап»
қиын - оңай қымбат - арзан
ауыр - жеңіл жалпақ - жіңішке
терең - таяз толық - арық
Ойлану: - Бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады?
«Көршісін ата» ойыны.
185 - жаттығу (математика пәнімен байланыстыру) . Оқушы тақтаға шығып өзі қалаған ойыншығын алады. Сол ойыншықта берілген санды, оның көршілерін атайды. Суреттерді іледі.
-Балалар, жаңа біз математика пәніне байланысты ойнадық. Енді ойланайық.
Ол үшін 186 - жаттығуға қарап, тапсырмаларын жазайық.
аман
бақытты
Елім тату болсын
тыныш
берекелі
Сергіту сәті: Жұмбақ шешу.
Күн шапағын ілу.
Бұлттарды орналастыру. Осы суретке байланысты
«Күн көзін бұлт баспасын» өлеңімен таныстыру.
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Үш қатардан үш оқушыға оқыту.
-Кезектесе оқыту.
ІІІ. Бекіту. Бір заттың атын, сынын, қимылын, санын атату.
ІҮ. Сабақты қорытындылау .
Ойнап та, ойлап та отырған балалардың білімдерін бағалау, қажетіне қарай мадақтау.
Ү. Үйге тапсырма беру.
«Күн көзін бұлт баспасын» өлеңін жаттау, 187- жаттығуды дәптерге орындау.