Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
ХХі ғасыр жас технологы
«XXІ ғасыр жас технологі».
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
«XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділерін күш
сынасуға келіп отыр, ортаға болашақ жас технологтарын шақырамыз.
Ал, осы жерден әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.
(ол үш адамнан тұрады.)
8-9-10 сынып оқушылары арасында дайындалған
«XXІ ғасыр жас технологі» сайыс сабағымызға алты оқушымен бастаймыз.
Оқушылар өзі жайлы таныстырады.
1. « Бәйге »
2. « Тіл өнері »
3. « Жеті жұмбақ »
4. « Жорға »
Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. Біздің күнделікті іс-әрекетіміз
білімге, оқуға , үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша, бұл
қасиеттерге қоса адамға шапшандық өте қажет.
Сонымен бәйге жарысының шарты: жауап нақты , тез болу керек. Қай оқушы
алдындағы түймені басып дауысын шығарса, сол бірінші болып жауап береді.
Ал, егер жауап дұрыс болмаса келесі оқушы деген менің сөзімнен кейін
дауыс шығаратын түймені бірінші басқан оқушы жауап береді.
Барлығы 16 сұрақ беріледі, бағалануы 10 ұпай.
Сонымен бірінші « Бәйге » бөлімін бастаймыз.
1. Жасайтын нәрселердің түпкі нұсқасын ойша бейнелеу (эскиз)
2. Кереге мен шаңырақты бір-бірімен ұштастырып тұратын киіз үй бөлігі (ұық)
3. Мақта қай талшыққа жатады ? (Табиғи)
4. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе (
мүсін)
5. Өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер (
масштаб )
6. Қазақстанда мақта өсетін аймақ (Оңтүстік Қазақстан)
7. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады? (Санитарлық, аспаздық ,
дәрігерлік)
8. Құрақ қандай фигуралардан тұрады ? ( геометриялық)
9. Ою-өрнек латынша қандай мағына береді ?(біріктіру, жапсыру)
10. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар ? (Подольский
Механический Завод)
11. Мода сөзінің аудармасы (сән)
12. Ақ киізден тігілетін жаздық баскиім (айырқалпақ)
13. Этникалық стильге жататын киім (ұлттық)
14. Қалыңдық киетін бас киім (сәукеле)
15. Ылғалды жылумен өңдейтін күнделікті тұрмыста қолданылатын зат ( үтік)
16. Қалдық матадан не істеуге болады ? (құрақ)
Міне көзді ашып жұмғанша бірінші бөліміміз аяқталды.
Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл-өнері».
Жарыстың шарты: мақал-мәтелдерден жасырылған сөзді жұмбақтың жауабын тауып
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудару керек. Әрбір жауап үшін 10 ұпай. Осы
жарыста ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
Сөнімен екінші бөлімді бастаймыз.
« Жұмбақ шешу»
1. Аяғым бар , қолым жоқ.
Омыртқам бар, қоңым жоқ.
Көріп келем жасымнан,
Ұрады жұрт басымнан.(шеге, гвоздь)
2. Көзіне қол сұқсақ, жағы ашылады.(қайшы,ножница)
3. Бәрі де бір күнде туылған,
Бірақ бойлары әр қилы (саусақ,палец)
4. Кіре салыпбасын шығарады ( түйме,пуговица)
5. Осыдан кіреді , тосынан шығады (ине, игла,)
6. Адамның сәні , онсыз жоқ мәні. ( киім)
7. Бар екен бір жеңешем,
Қап-қара тас, жемейді , ішпейді де, болмайды-да.
Халықтың бәрін киіндіріп, дүниеден
Өткен өзі жап-жалаңаш.
( тігін машинасы, швейная машина)
8. Өлеңшінің ...... алтын (сөзі ,слово)
9. Жігітке жеті ......де аз. (өнер, искуство)
Келесі бөлімді бастамас бұрын әділқазылардан «Тіл өнері» жарысының
бағасын беруді сұраймыз. Өкінішке орай, жарыстың аты жарыс, алғашқы екі
ойында жинаған ұпайлары төмен екі оқушы ойынға қатысып, өз білімін сынға
салғаны үшін сіздермен қош айтысамыз.
Ал енді келесі түрымыз «Жеті жұмбақ» сайысын бастаймыз. Ойын шарты
бойынша осы жарыстан кейін екі оқушы ойыннан шығады . «Жеті жұмбақ»
жарысының шарты : мониторда сандар ілінген сұрақтар. 4 сала бойынша сұрақ
ұпай санын білдіреді. Сонымен үшінші «Жеті жұмбақ» бөлімін бастаймыз.
І. Ою-өрнек саласы:
1. Хандар ман байларға арналған шапанның арқасына қандай ою зерделенген
?(тұйық оюы)
2. Оюларды мән мақсатына қарай қандай топтарға болуге болады ? (
1.Көкөністерге байланысты
2.Зооморфтық ою-өрнек
3. Космогениялық өрнек
4. Геометриялық өрнек )
3. Ою-өрнек мағыналарын ажыратып, оюларды сөйлете аласың ба?
ІІ. «Тамақ әзірлеу технологиясы»
1.Балық фаршынан дайындалатын тағам (паштет)
2.Үй жағдайында нан қанша градус температурада піседі
(180-225 С)
3. Адам қуат алу үшін ұлаплардың түзілуі мен қайтадан қалпына келуі
үшін физиологиялық процестердің жүруі үшін не қажет ? ( тамақ)
ІІІ. Мода
1. Силуэт дегеніміз не ? (заттың сыртқы кескіні)
2. Мода неге байланысты өзгеріп отырады ? (қоғамның сөзгеруіне)
3. Этникалық стильге жататын киім (ұлттық)
ІV . Ұлттық киімдерге байланысты сұрақтар.
1. Қасқыр,түлкі, қарсақ сияқты аңдар терісінен тігілген тон.(ішік)
2. Қазақтар қай бас киімді аруға лайық деп білген ? (қасаба)
Әділқазылар алқасынан «Жеті жұмбақ» сайысының бағасын беруін сұраймыз.
Ұпайы төмен екі оқушыға ойынға қатысып, өз білмін сынға салғаны үшін
рахметімізді айтып қоштасамыз.
Біздің келесі турымыз «Жорға» жарысы ең шешуші кезең болып табылады.
«Жорға» жарысының шарты:
Дұрыс жауапты білмесеңіз «келесі »деп белгі беріңіз, әр бір дұрыс жауапқа
10 ұпай беіледі.
«XXІ ғасыр жас технологі» сайысындағы соңындағы екі оқушы А және Б
нұсқаны таңдайды. Кімге А нұсқасы түссе жарысты бірінші бастаймыз.
А нұсқасы:
1. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді ?(түйе)
2. Адамды жалықтырып еріншіктікке итеретін құбылыс. (жалқаулық)
3. Қағаз дайындауға қажетті шикізат(ағаш)
4. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі.(шаңырақ)
5. Төсектің тұсына ұстайтын үй жасауы ?
6.Киіз үйдің ағаш есігі ? (Сықырлауық)
7. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)
8. Сегіз жердегі тоғызым. (72)
9. Киіз үйдің қабырғасы (Кереге)
10. Жүн иіретін құрал (ұршық)
11. Көрші мектеп
(№ 5 Қ. Рысбеков атындағы мектеп интернат)
12. Қалдық матадан не істеуге болады ? ( құрақ)
13. Табиғи жасалатын өнер тұындысы (панно)
14. Мақтадан не алынады ? (мата)
15. Өлшеушы құрал ( см. таспа)
16. Теріден жасалатын сұсын құюға арналған ыдыс ? (төрсық, саба)
17. Конституция күні (30 тамыз)
18. Тамыр жемісті дақыл ( сәбіз, картоп)
19. Еліміздің ел басы кім ? (Н.Назарбаев)
20. Қола дәуіріндегі шеберлер саз балшықтан жасалған құмыраларды қай
өрнектермен әрлеген ?
( геометриялық)
Б нұсқасы:
1. Шұбат қай түліктің сүті ?
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? (Т.Әубәкіров)
3. Мата шығатын өсімдік (мақта)
4. Шаңырақ киіз үйдің қай бөлігі (ең жоғарғы)
5. Түс киізді неге пайдаланамыз ? (тұтуға)
6. Сықырлауық киіз үйдің қай бөлігі ( есігі)
7. 16-желтоқсан қандай күн ? (тәуелсіздік күні)
8. Алты жердегі тоғызым (54)
9. Ұршықпен не істейміз ? (Жүн иіреміз)
10. Кереге киіз үйдің несі ? (қабырғасы)
11. № 5 Қ.Рысбеков мектеп интернат біздің неміз ? ( көршіміз)
12. Құрақты қандай матадан жасаймыз ? ( қалдық)
13. Үйдің ішін сәндеу үшін лілнетін панно неден жасалады ? (табиғи
материалдан)
14. Мата шығатын өсімдік (мақта)
15. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды ? (1986 ж)
16. Торсық пен саба неден жасалады ? (теріден)
17. 30 тамыз қандай күн ? (Конституция күні)
18. Сәбіз , картоп қандай жемісті дақыл ? ( тамырлы)
19. Н.Назарбаев кім ? ( ел басы )
20. Геометриялық өрнектермен жасалған құмыраларды шеберлер қай дәуірде
жасаған ?( Қола дәуірде)
Екі ойыншымыздың жауаптарын тыңдадыңыздар. Жорға сайысының бағасын
берулеріңізді сұраймын.
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
Дегендей осымен «XXІ ғасыр жас технологі» атты сайысымыз мәреге жетті.
Жеңімпаздарды марапаттау үшін сөзді әділқазы алқасына береміз.
«Қыз еркем – ісімен көркем».
( Қыз сыны сайысы)
Кіріспе сөз.
Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла
білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел
өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым , алтынның сынығы , шұғаның қиығы
деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.
Халық тәрбиенің асыл қазынасы қыздарымыз келешек ана болғандықтан бүгін
біз сіздермен «Қыз еркем – ісімен көркем» атты сайысымызды өткелі отырмыз.
Сабақтың білімдік мақсаты : Оқушыларға еңбек етудің алғы шарттарын
үйрету, білімдерін тексеру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытып,
сұлулыққа әуестік сезімін ояту және қолдарының икемділігін қалыптастырып,
жылдамдыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Іскерлік қабілетін арттыра отырып, еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сабақтан тыс сайыс сабақ.
Байқаудың шарттары:
1.Өзін-өзі таныстыру ( өз-өзін ұстау мәдениеті, таныстыру , сәлем
беру)
2.«Мың бір мақал » (қоржындағы нөмірленген асықтар бойынша түрлі
тақырыптарға мақал- мәтел айту.Әр тақырыптарға үш мақал-мәтел айту )
3. « Он саусағы майысқан , шебер болар ұрпақпыз»
Тапсырма бойынша жұмыс.
4. Кейіпкер бейнесін сомдау (қазақ қыздарының
ұлылығын дәріптейтін әдеби сазды бөлім)
5. Шығармашылық жұмысын қорғау.
Армысыздар жамағат еңселі елім
Сәлем беру салты ғой ежелгі елдің.
Алдымызға бүгінгі күн шыққалы тұр,
Ар намысты қыздары ертеңгі елдің.
Қызғалдағы елімнің
Ізгі арманы сенімнің.
Өнері бар , әні бар ,
Бойжеткені елімнің деп ортаға № сайыскеріміз Бәйтен Айнұрды
шақырамыз.
Білім құйған бойына
Қанық өмір жайына
Салт-дәстүрдің әр өзін,
Сақтап жүрген ойына , деп сұлу да әсем қызымыз № Мейірбек Нұрсәулені
шақырамыз.
Ал, халайық , аруға иамсанайық,
Қыз қылықты дегенде ән салайық,
Искандар Вазира деген арумызды
Келе жатыр қол соғып қарсы алайық!
Қыздарды білсеңіз таң қалдырған,
Жүректің алау отын жандандырған.
Ағайын қошеметпен қарсы алайық,
Ару қызы Айымды қарсы алайық.
Дүрілдеп бара жатыр жүрек құрғыр,
Жайдары болғанымен көңіл дүлдүл.
Ару болып сынға түсіп сынамақшы
Маңдайы жарқыраған Бахар бүгін.
Қыздардың сұлуы бар ,дәруі бар ,
Дәрудің бәрі болар зәруі бар.
Қолөнер шеберлікпен қанат қаққан
Әлішер Жанат деген ару бар, деп ортаға шақырамыз.
Ару қыздарымызға жігіттер гүл сыйлап-берілген гүлдерден қыздардың реттік
нөмері шығады.
Қыз түздегі өрісің ғана емес,
Елдің ертеңгі тынысы.
Бір шаңырақтың алтын діңгегі, ырысы , оның ұяты елдің абыройы !-
деген дана халқымыз.
Әйел ана бір қолмен бесік тербетсе ,
бір қолмен әлемді тербетеді деп босқа айтпаса керек . Бүгінгі
біздің тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымыз , ертеңгі күннің тізгінін ұстар
азаматтарымыз.
Мен сенемін елімнің ертеңіне
Болашақта ататтын әр таңына .
Мен сенемін болашаққа апаратын ,
Өнерімен сүйіндірген жастарына ,
деп сенім
білдіремін.
Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,
Баласын шапағаты саялаған.
Ежелден қыз өсірген қайран халқым,
Ақ батасын арудан аямаған,
деп ақ жаулықты анамыз..............қыздарға
ақ батасын беріп, ақ жол тілейді.
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы аруларын сайлайық,
Ақ аруды таңдап бүгін алуға,
деп әділ қазылар алқасы төрімізден орын алса.
Ал , бастайық көрермен
Өлең өрнек дегенмен .
Бастайық біз сайысты
Қадірменді көрермен , деп қыздарға сәттілік тілеп.
Бүгінде озық дәстүр салт –санасын
Берік ұстап сүйетін от панасын ,
Арулар кетсін өзі таныстырып ,
Қуантып жора-жолдас, ата-анасын,
деп сайысымыздың
І бөлімі «Өзін-өзі таныстыру»
Мақал- мәтел сөз мәйегі, тілегі
Әр сындарға асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі - өз тілім
Өз тілімді бұлқынады жүрегім деп,
ІІ бөлім «Мың бір мақал».
ІІІ. Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көрген тон пішер »дегені рас,
Қыздарым шебер қолға араласқан, деп сайысымыздың келесі бөлімі «Он
саусағы майысқан » бөлімі.
Бұл бөлімде қыздарымыз берілген тапсырманы орындайды.
ІV . Өнері өрге жүзер талаптының
Талапты талмай ұшар қанаттының .
Әлди әуен, әлемі өнер оты
Шарпып өтсын лебімен қанаттының ,
деп ІV бөлімімізді бастаймыз.
Қыздарға әсемдік жарасады,
Талғамы таң нұрымен таласады.
Қыпша бел . сұңғақ бойлы қаракөзге
Шығармашыл шебер болса жарасады, деп шығармашылық жұмыстарымен
таныстырады.
Ұлтымыздың әр сөзі
Асып жатыр кәдеге
«Қыз еркем- ісімен көркем» сайысымыз мінекі
Келіп жетті мәреге.
Ән
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Аруды байқауымыздың деп жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті
Аруларға тек сәттілік тілейікші.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытындылау, марапаттау.
Жас ару алынбаған асуларың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш қайратың әрқашан тасқындасын.
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың
Мақсатыңды талаппен анықтадың
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz