Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Ерліктің асқақ өрені
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Елдіктің асқақ өрені
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың Отан, туған ел, туған жер, Тәуелсіз Қазақстан туралы
білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу арқылы Отан
алдындағы жауапкершілігін сезіндіру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс
қалыптастыру.
б) Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, бейне фильмдер, кітаптар көрмесі, бүктеме,
шарлар т.б
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
3. Жүргізушілерге сөз беріледі
( сахнада үнтаспадан «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады)
Оқушы: Тыңда дала, тыңда ел! Асқар тау мен өзен көл! Сөйлеп
тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!
Мұғалім: Бұл - жұмыр жерде кең көсілген, асқақ арман, биік мақсат
жетелеген, еңселі елдің еркін ұшқан қыраны, өрлік пенен ерлікті, тектілік
пен теңдікті ту ғып көтерген Тәуелсіз Елдің ертеңі , Елдіктің асқақ
өркені, сенің балаң, Қазақстан! (50секунд)
Әнұран орындалады (1мин 50сек)
1-жүргізуші: Бүгінгінің биігінен елімнің өткен өміріне көз салып қарасам,
қазағым басынан қаншама қиыншылықты өткерген.
2-жүргізуші: Әрине, еліміз теңдікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ қой,
досым.
. 1-жүргізуші: Олай болса, ертеңімізді елестетпес бұрын бүгінімізді біліп,
кешегі тарих беттерін бір ақтарып шықпасақ болмас.
«Қобыз» үні ойнап тұрады
Көрініс. «Ата мен бала» (5минут)
Бала:
- Ата, сіз неге қатты ойланып кеткенсіз?
Ата:
-Е, е-е-е балам, (күрсінеді)
Бала:
-Ата, неге күрсіндіңіз?
Ата:
-Біз не көрмедік? Кешегі өткен өмірімізді ойласам, өзегім өртенеді де
тұрады. 1931-32 жылдардағы ашаршылық, 1941-45 жылдардағы ҰОС, қала берді
кешегі Тәуелсіздік үшін алаңға шыққан жастардың жалындаған үні құлағымнан
бір кетер емес. Балам, бізге теңдік оңайлықпен келген жоқ. Ол білектің
күші, найзаның ұшы ұлттық намыс, жігерлі жалынның арқасында келді ғой.
Ата:
- Олай болса, біз сендей жастарға сеніп, төрімізге Тәуелсіздіктің Туын
тіктік. Ал енді қалғаны сендердің қолдарыңда.
-
«Менің Елім - Қазақстан» (экраннан бейне фильм көрсетіледі)(4.17минут)
Құрманғазының «Кішкентай» күйі орындалып тұрады
2-оқушы: Мен осындай Теңдік, Тәуелсіздік, Ерлік жолында құрбан болған ата-
бабамның жалынды жырын оқып өсіп келемін. Бұл – аманат. Ал аманатқа қиянат
жасауға болмайды. Мен елімді сүйемін, сүйіп өтем де. Өйткені Мен –
Қазақпын.
«Мен – Қазақпын» өлеңі оқылады (1минут)
Құрманғазының «Адай» күйі қосылады
Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мирасы ма, мұра ма, аз ба со да?
Алынбайды алтындай қазбаса о да.
Тереңім көп, тұңғиық тарихым кеп,
Жылдар көші том-томдап жазбаса да.
О, замандас, соларға бір қараңыз;
Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.
Атымның да кеше ғой танылғаны,
Оған дейін не таңба таңылмады?
Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз -
Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары.
Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,
Жаза алатын, ғылымды қаза алатын.
Жаза алатын дүниелік дастандарды,
Жаза алатын тарихқа қазақ атын.
Мұғалім: - Бәрекелді, дәл өзіңдей қазақтың қайсар жігіттері аман болсын!
Алға, қазақ жігіттері!
Ән «Алға, қазақ жігіттері» (3.50минут)
1-оқушы: -Балалар, қараңдаршы біздің достарымыз туған елімізге деген
сүйіспеншілігін әсем әнмен жеткізіп жатыр.
2-оқушы: - Ендеше, сол достарымызды қолдап, біз де жауһар жырдан шашу
шашайық.
Өлеңдер оқылады (2 минут)
1-оқушы
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де,
Өзіңді – өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде.
Аман қалған шабуылдан жүздеген.
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
2-оқушы
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
3-оқушы
Біздер елдің қыраны,
Өнерлі әрі қырағы.
Теңдіктің туын ұстайтын
Егемен елдің ұланы.
4-оқушы
Отан туралы жыр. Мұқағали Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
5-оқушы
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!
Берік ұстайық Көк байрақты достарым,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
6-оқушы ортаға шығып: -Мен де елімді сүйемін, сүйіп өтем де. Өзім кішкентай
болғаныммен, Отан алдындағы міндетім үлкен. Қазақ елін, қазақ жерін бүкіл
әлемге танытамын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді,олай болса, Әминаны әлем мойындасын деген ниетпен сыныптасымыздың
өнерін тамашалаңыздар!(3 минут)
2-жүргізуші: Досым, қарашы Ергүл апай да елін сүйген, жерін сүйген, тіпті
бізді де жақсы көретін ұстаз болғаны ғой.
1-жүргізуші: Әрине, ұлтын ұлықтап, ұрпағына саналы тәрбие мен сапалы білім
берген ұстаз ғана елінің ілтипатына, халық қошеметіне бөленеді емес пе?
2-жүргізуші:Олай болса, қарсы алыңыздар, ЕргүлҚуандыққызы!
Би орындалады (2 минут)
Көрініс. (1минут)(Жас Ұлан қолына «Ғажайып қоржын» алып шығады)
Балалар: Досым, қолыңдағы не?
Жас Ұлан: Бұл – табиғаты тамсандырар, кереметтілігі көздің жауын алатын
жасыл мекен, туған өлкең – Қазақстан туралы сыр шертетін қоржын.
5-оқушы
Яғни ішінде бізге арналған базарлық бар десеңізші. Қане,достар, ашайын иа
қоржынды?
Хормен: Иә!
ТАПСЫРМА: Егер сен өз еліңнің патриоты болсаң, еліңді сүйіп, еріңді
құрметтесең, «Егемен елдің ертеңгі болашағымын» деп, өзіңе үлкен
жауапкершілікпен қарасаң, Елдіктің асқақ өрені екеніңді дәлелдегің келсе,
онда «Менің Елім» тақырыбына ой қозға.
Мұғалім:Кәне балалар, еліміз туралы, жеріміз туралы, байтақ Қазақстан
туралы кім не айтқысы келеді?
(Ойтолғау 5минут)
(Балалар ойтолғауын оқып болады)
Мұғалім:
Бәрекелді! Міне, балалар, сендер тағы бір мәрте еңселі елдің ертеңі
екендеріңді дәлелдеп бердіңдер. Жарайсыңдар, жолдарың ашық, ғұмырларың ұзақ
болғай.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!.- дейді Мағжан аталарың.Тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев та сендердей жастарға сенім артқанда,
сендер ешқашан еңселеріңді төмен түсірмей, нағыз қазақтың қайсар ұл-қыздары
екендеріңді дәлелдеп жүргейсіңдер!
Құрметті ұстаздар, қазір ортаға қолдарына көк туын ұстаған, қазағымның ұл-
қыздарын шақырамын. Олар:
Бүгін сіздерге әдемі кеш сыйлаған жүргізушілер, қазақ әнін көкте
қалықтатқан қайсар жігіттер, аспаптың құлағында ойнайтын, алда әлі талай
белестерді бағындырар талантты шәкірт, спорт әлеміне жаңадан қадам басқан
болашақ спорт саңлақтары, жырдан шашу шашқан өнерпаздар, бір сөзбен
айтқанда, Елдіктің асқақ өрендері. Ендеше көк байрағымызды көкте
қалықтатып, Әнұранымызды шырқатып, Қазақстан деген байтақ елді бүкіл әлемге
таныта берсін деген үлкен сеніммен, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
Арманым – Теңдік еді ғой,
Оған да жеттік бұйырса.
Мақтанып тағы айтамын,
Кез-келген халық жиылса.
Сендерге мынау ел ері
Еңселі елің сенеді.
Аман болсын ендеше,
Елдіктің Асқақ Өрені!
«КөкТудың Желбірегені» әні орындалады (4 минут)
Мұғалім: Зейін қойып, тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Келесі кездескенше!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz