Асханаға кеттік. 3-сынып

3- сынып № айы, күні:

Сабақтың тақырыбы: Асхана. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөз байлықтарын молайту. Мектеп
туралы жалпы түсініктерін анықтау. -қа, -ке, -ға, -ге жалғауларын
қолданылуын үйрету.
Міндеттері:1. Жаңа сөздермен танысады, олардың қолдану аясын көреді; үлгілер
бойынша сөйлеуге үйренеді; -қа, -ке, -ға, -ге- жалғауларының мағынасын
түсініп, қолдану ережелерімен танысады.
2. Сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын дамытады; байқағыштық,
логикалық ойлау, ізденістік қызығушылығын дамытады.
3. Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне
көмектесуді үйренеді
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап,
көрнекілік.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
2. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау

3. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ауызша ассоциативті топ құрау арқылы сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс бағытын белгілейміз. (Мектеп жайлы әңгімелесу және -қа, -ке, -ға, -ге - бағытты білдіретін жалғаулардың қолдануын үйрену) . Ассоциативті топ «Мектеп» сөзіне құрастырылады.

4. Жаңа сабақты түсіндіру.
• Жаңа сөздермен танысу.


- Суреттегі таныс сөздерді оқушылар атап шығады, ал таныс емес, жаңа сөздерді, жеке, хормен оқып қайталайды.

• Мектеп - мектепке байланысты сөздерді атап шығады;
• Сынып - сыныпқа байланысты сөздерді атап шығады;
• Асхана - асханаға байланысты сөздерді атап шығады;
• Кітапхана- кітапханаға байланысты сөздерді ашығады;
Оқушыларға жаңа сөздер жазылған қима қағаздар таратылып, сөздік-дәптерлеріне желімдеп қояды.

• Осы берілген сөздермен сұрақ-жауап арқылы шағын мәтін құрау

Мынау мектеп. Мынау (кішкентай) үлкен мектеп. Мектепте асхана, кітапхана бар. Мынау менің мектебім.

• Сөйлемді «бар-барамын» сөзімен байланыстырып құрау керек.
«Бар» - «иди» сөзі бағытты білдіретіндігін, оның шартты белгісін( ) естеріне түсіреді. Сол арқылы сөйлем құрауға тырысады. «Бар» сөзі -қа, -ке, -ға, -ге жұрнағы жалғанған сөздермен (зат есіммен) қолданатындығы түсіндіріледі.

• Сабақ барысында үйренген жалғауларды, жаңа сөздерді пайдаланып өз бетінше сөйлем құрау.

5. Бекіту- жазба жұмыстарын орындау
• Жалғаулардың жуан, жіңішке болатындығын бекітіп, үндестік заңы бойынша жалғанатындығын қайталау және тақтадағы жаттығуларды орындау.
Тапсырма: барыс септігінің жалғауларын үндестік заңы бойынша берілген сөздерге дұрыс жалғау керек.
АЛМА, СҮТ, ӘКЕ, МЕКТЕП, КІТАПХАНА . . .
-Сөздерді дұрыс орналастыру үшін оқушылар ауызша жауап береді - мұғалім тақтамен жұмыс істейді.
• Сөздердегі бос торларға керекті жалғауларды жалғау керек. Әрбір оқушы өз дәптерінде жаттығу жұмысын орындаған соң, топ ішінде өз-өздерін тексеріп таратпа карточканы толтырады. Мұғамімге тапсырады, жұмыстар оқушылармен бірге тексеріледі. Тақтаға дұрыс нұсқасы жазылады.
Мен мектеп . . . барамын. Мен асхана . . . барамын. Мен үй . . . барамын.
6. Бағалау- жиналған житон (суреттер) бойынша қорытындылау


Ұқсас жұмыстар
Асханада. етістіктің келер шағы
Үйге тапсырмалар
Тамақтану тәртібі
Қалғаны неше үйрек
Кім жүйрік? математикалық сайыс сабақ 5-сынып
Ұлт - тілі асыл қазына
Қалған бұрыштарды тап
Іргетасы математика
Алаш тобы
ҮІІ кезең
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz