Оттегі, оксидтер және жану реакциялары: бекіту мен қорытындылау сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Оттегі . Оксидтер. Жану»

Сабақтың мақсаты: білімділік: оксидтердің түрлері, аталуы, жану реакциялары туралы

біліктерін қалыптастыру

дамытушылық: ойын элементтерін қолдана отырып ойлау

дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру

тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, рухани азаматтық

қабілеттерін қалыптастыруға, қоршаған ортаны сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту, қорытындылау сабағы

Оқыту әдісі: ұжымдық

Сабақтың жоспары: 1. «Жұбыңды тап»

2. «Мені таңда»

3. «Жұмбақ тізбек»

4. «Миға шабуыл»

5. «Жорға»

6. «Ой-түйін»

Сыныпты 4топқа бөлдім.

І-кезең «Жұбыңды тап»

Тапсырмалар:

1-топқа: Сынап, марганец (IV), мыс (ІІ), күкірт (VІ), хлор (VІІ), темір (ІІ), марганец (VІІ) .

2-топқа: Темір (ІІІ), көміртегі (ІІ), магний, мыс (І), кальций, мырыш, литий.

3-топқа: Алюминий, азот (ІІІ), көміртегі (ІV), фосфор (V), күміс, калий, натрий.

4-топқа: Бор, барий, күкірт (ІV), хром (ІІ), хром (VІ), марганец, (ІІ) оксидтерінің формуласын құрастыру.

ІІ-кезең «Мені таңда»

Тапсырмалар:

1-топқа:

P 2 O 5, , NаОН, SO 3, CrO, MgSO 4 , MgO, H 2 SO 4, HCl, CrO 3

2-топқа:

KCl, Н 2 СО 3, CаO, Si 2 О, Са(OH) 2 , СО 2, Fe (OH) 3, BaO , Cl 2 O 7

3-топқа:

KOН, BaSO 4, CO, HCl, Al 2 О 3, Na 2 O, Н 3 4, FeO, Na 2 CO 3 , CO, Fe 2 O 3

4-топқа:

NаОН, K 2 O, Na 2 SO 4 , BaO, HCl, MgO, K 2 SO 4, HgO, P 2 O 5 , HNO 3

Бұл кезеңде оқушылар оксидтердің формуласын теріп жазып, аттарын атау керек.

ІІІ-кезең «Жұмбақ тізбек»

Тапсырмалар:

1-топқа: 3-топқа:

P→ P 2 O 5 , S→SO 2 Al→Al 2 О 3, Cа→CaO

2- топқа: 4-топқа:

K→K 2 O, C→CO 2 Mg→MgO , Na→Na 2 O

Бұл кезеңде реакция теңдеуін жазу керек.

IV-кезең «Миға шабуыл»

Тапсырмалар:

1-топқа: K 2 O, MgO 3-топқа: CO, P 2 O 5

2-топқа: FeO, SO 3 4-топқа: CO 2, Na 2 O

Осы оксидтердің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табу керек.

V-кезең «Жорға»

1-топқа:

1. Оттегінің физикалық қасиеті қандай?

2. Өнеркәсіпте оттегіні қайдан алады?

3. Оксидтер деген не?

4. Медицинада оттегін не үшін пайдаланады?

2-топқа:

1. Сұйық оттекті сақтауға арналған ыдыс?

2. Атмосферада оттек бос күйінде қанша % болады?

3. Оттегін ашқан ғалым?

4. Өршіткі деген не?

3-топқа:

1. Табиғатта оттегі неше % болады?

2. Лабораторияда оттегін қайдан алады?

3. Оттегінің агрегаттық күйі қандай?

4. Жану реакциясы деген не?

4-топқа:

1. Сұйық оттегі қайда қолданылады?

2. Өсімдіктер әлемі жыд сайын атмосфераға қанша оттек бөледі?

3. Оттек молекуласы неше атомнан тұрады?

4. Қанша градуста оттегі қатады?

VI-кезең «Ой-түйін»

Бұл кезеңде ортаға тапсырмалар тасталады, әр топтың жетекшісі осы тұрғыда пікірлерін қорғайды.

  1. «Орман-планета өкпесі» деп не себепті аталған?
  2. Жер бетінде орман азайса не болады?
  3. Оттектің адам өміріндегі маңызы қандай?
  4. Өсімдік. Жануар. Оттегі. Қоршаған орта ұғымдарын байланыстыр.

Бағалау: Әр топтың бағалары есептеліп, көп ұпай жинаған топ мадақталады.

Үйге тапсырма беру:


Ұқсас жұмыстар
Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері, жану мен тотығу реакциялары
ІІ-тарау: Оттек, жану реакциялары және газ заңдары - есептер мен бақылау жұмыстары
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: бекіту және қорытындылау сабағы
8-11 сыныптар үшін химиядан бақылау жұмыстары мен есептер жинағы (оттегі мен оксидтер, металдар, көмірсутектер, химиялық реакциялар, атом құрылысы)
Туынды тарауын қорытындылау: математика пәні бойынша бекіту сабағы
Тотығу, оксидтер және олардың халықаралық атаулары
8-сынып 33-сабақ: Оттегі - химиялық элемент пен жай заттың қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Өндірістік оқыту сабағы: Іштен жану қозғалтқышы - сабақ жоспары
Оттектің химиялық қасиеттері және жану процестері
8-сынып: Бейорганикалық қосылыстар тарауын жүйелеу және қорытындылау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz