Ана - біздің күніміз, біз ананың гүліміз!

«Ана-біздің күніміз, Біз ананың гүліміз!»
Таир: Ананы ардақтамас адам бар ма?
Бас иер Ана алдында даналарда.
Жас шуақ, аққу жанды күн келіпті.
Не жетсін дүниеде Аналарға!
Алишер: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Таир: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейрім мен нұр тамар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Алишер : Шырқатып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Арнаумен бастап берсін тойдың басын
Өнерпаз балаларды қарсы алайық!
Қазақ биі. ( ұлдар билейді)
Таир: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Ана жолын жалғамақ,
Ер ұрпағын қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Арулар шықсын ортаға!
Қыздар «Қыз сыны» муз. шығады.
Алишер: Сайыстың кезеңдерін бағалайтын,
Қыздардың өнерлерін саралайтын
Әділ-қазылар алқасымен таныс болайық!
Әділ-қазылар:
1.
2.
3.
Таир: Бүгінгі « Беу, қыздар » сайысының кезеңдері:
1. Отбасының еркесімін. Өзін таныстыру.
2. Тапқыр болсан табарсын,
Алға қарай шабарсың. Сұрақ-жауап.
3. Өнерлі бала - сүйкімді. Өз өнерін көрсетеді.
4. Ұқсағым келеді анама,
Анама жетер жан бар ма? Сән үлгісі.
5. Анашымнан үлгі алып
Асханада жүремін
Бой жеткен соң анама
Ас әзірлеп беремін. 2 минут ішінде жемістерді әшекейлеу. Анасымен
бірге әзірлейді.
Алишер: 1кезең:
Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Қыздардың таныстыруы.
Ерасыл: Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Ән «Ақ әжем» барлығы орындайды.
2кезең : Сұрақ-жауап
Бекжан: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыныш таппаған.
Бақытты үшін балаңың
Аман-сау бол, ақ Анан!
Мұхамедали : Күлімдеген көзіңнең
Күн мейрамы сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақсы жан жоқ өзіңнен.
Думан: Айналайын, Анашым,
Аяласың, бағасың.
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың.
3кезең: Өз өнерлерін көрсетеді.
Келесі кезеңге қыздар дайындалғанша ұлдарға сөз береміз:
Нұрсұлтан: Сегізінші наурыз күні,
Мейрамдайды Аналар,
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
-Саят, сен көңілін анаңың,
Қалай сыйлап, таба алдың?
Саят: Екі тақпақ жаттап мен,
Құттықтадым тақпақпен!
Ал, сен қалай қуаңттың?
Ерасыл: Мен қарындасымды ойнаттым!
Қолы босап анамның
Тойға алаңсыз бара алды.
Даир:- Мен қуанттым ендеше,
Анамды да әпкемді
Екі пәннен мен кеше
Екі бестік ап келдім!
Берікбол: Үлкен, кіші әркәмде
Әже де бар, ана бар
Аналарды әр күнде
Қуантса екен балалар!
Қыздар өнерлерін көрсетеді
4кезең: Сән үлгіс
Ұлдар аналарымен «Папурри» билейді
5кезең : Жемістерді әшекейлеу. Анасымен бірге әзірлейді
Таир:
Ойын: Ананың ойы балада
Баланың ойы далада,
Байласаң көзін ананың,
Баласың дұрыс таба ма? (Ұлдардың аналары ойнайды)
Алишер:
Ойын: Қызының сырын білетін,
Қорғаштап ылғи жүретін,
Қылығына сүйсініп,
Жымиып қана күлетін . (Қыздардың аналары ойнайды)
«Апатайым» әнін сынып орындайды
Әділ-қазыларға сөз беріліді
Номинациялар: 1. Өнерлі қыз
2. Шебер қыз
3. Сүйкімді қыз
4. Сұлу қыз
5. Ерке қыз
6. Көрікті қыз
7. Биші қыз
8. Мейірімді қыз
9. Әнші қыз
10. Тапқыр қыз
Арслан: Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Қыздарға да сый арнап,
Би де билеп береміз.
Би: «Кокетки»
Ұлдар қаз киімдерін киеді.
Ән « Ақ мамам» Іңкәр, Назерке, Дина
Даир: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазап бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Думан: Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді!
Аналарға сыйлық беріледі.
Таир: Аналармен қатар біз
Құттықтаймыз қыздарды
Бар жақсылық тілей отыра,
Сыйлықтарды сыйлаймыз.
Қыздарға сыйлық беріледі.
Алишер: Қоштасамыз бәріміз,
Шарықтасын әніміз.
Жиналған ардақты аналарға
РАХМЕТ дейміз бәріміз!
Би: «Мадагаскар»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz