Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік, тәрбие сағаты

<<Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік>> мерекелік іс шараға арналған сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығыныңқыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Жүргізушілер шығады.
Гүлзат: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя - мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі.
Алихан: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.Таир: - Бүгін осы дәстүрлі мерекеге орай сіздердің шәкірттеріңіз бар шығармашылық қабілеттерін, өнерлерін, сезімдерін ортаға салып, шын жүректен тілек тілеп, бәріңізге мерекелік көңіл күй сыйламақ ниетпен жиналып отыр. Құрметті ұстаздар <<Ұстаз - аты биік, әрі мәңгілік>> мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер.
Алихан: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Мирамова Жұмабике Жұмабекқызына сөз береміз. Таир: Мұғалім, ғазиз мұғалім,Сарқылмас мәңгі бұлағым.Ұланың бүгі тойыңда,Арнайды саған бұл әнін.
Гүлзат: Ал бұлбұл әншілеріміз асыл ұстаздарға деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.Ендеше сахнада ән, орындайтын 4 сынып оқушылары Аруза және Жармахан.
Алихан: Сағыныш сазы толқытқан,Арнамақ сөздің мәйегін.Шәкірттерін оқытқан,Келіп тұр жолдап сәлемін - дей отырып сахна төріне оқушыларды шақырамыз. /тақпақтар/
Гүлзат: Білімнің айдынында жүзіп өткен,Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,Сен арқылы әлемді танып білген.Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,Әзірге үлпілдеген құндызымыз.Арасын жер мен көктің бағындырар,Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз - деп, келесі кезекті әсем әуенді әнге берсек. Қарсы алыңыздар, ортада 3 сынып оқушысы Есімжан Гүлден. <<Ақ тілек>> әні
Алихан:Ұстазым,менің,ұстазым,Өзіңмен өткен қыс-жазым.Қалдырған ізің мәңгілік,Жадымда тұрар жаңғырып.Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!! Қарсы алыңыздар ортада мерекелік құттықтаумен 2 <<В>> сыныбы. Хор <<Ақылшы Ұстазым>>Таир: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,Биші қыздар бұрала билейді би. - қарсы алыңыздар ортада мың бұралған бишілер - 4 сынып оқушылары.
Гүлзат:Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген мектебіміздің оқушыларын ортаға шақырайық!
* Көріністер: Әке, барабан сатып әперіңізші!
* Оны қайтесін? Тарсылдатып мазамды аласың.
* Жоқ, тек сіз ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.
************************************************
* Апа, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
* Иә, не тексерді?
* --------------------------------------------------------------------------------
Біз дем аламыз ба, жоқ па, соны тексерді.

<<Сүтке шөлдеп тұрмын>>
Аулада гүлдерді суарып жүрген әпкесі қасына келген сіңлісіне:
* Гүлдердің бәрі шөлдеп қалыпты. Қандырып суарайық, бекер тұрма, су тасы
* Гүлдер сияқты мен де шөлдеп тұрмын
* Онда, мә, салқын су... іше ғой.
* --------------------------------------------------------------------------------
Жоқ, суға емес, сүтке шөлдеп тұрмын.

<<Гүлдің иісі>>
Бірінші сыныпта оқитын Айдос қолына гүл ұстап мектепке келеді. Оны көрген сыныптасы:
* Гүлің қандай әйбат! Кімге сыйлайсың?
* Апайға
* Иісі қандай екен, иіскен көрейінші?
* Көп иіскеуге болмайды...
* Неге?
* --------------------------------------------------------------------------------
Гүлдің иісі азайып қалады.
<<Сыйлық>>
Шешесінің қасына келген Айдос.
* Апа, туған күнге қандай сыйлық алған дұрыс?
* Кішкене қуыршақ, не шағын ойыншық алсаң, жарап жатыр - деді, шешесі оның сұрағына мән бермей.
* --------------------------------------------------------------------------------
Жақсы, білдім. Ертең Сіздің туған күніңіз ғой. Ақша беріңіз. Өзіңіз айтқан сыйлықтарды алып беремін ғой.

Алихан: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,Ұстаз деген - анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың - деп келесі мерекелік құттықтауды 3 <<Б>> сынып оқушыларын <<Ұстазым>> әнімен қарсы алайық.
Таир: Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,Күлімдеген ұстаздар.Ән арнадық арнайыТағзым ете,ұстаздар. - дей келе ортаға 4 сынып оқушысы Боранбаева Арузаны шақырамыз. Ду қол шапалақ.
Гүлзат:Бірге өсіп,ел жайлаған ұл менен қыз,Асыға сәлем жолдап жүректен біз.Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.- тағы да бір әсем бимен 4 сынып оқушыларын қарсы алайық. / <<Аққу>> биі/
Алихан: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады. - деп ортаға кішкентай әншілерімізді шақырамыз. Қарсы алыңыздыр ортада Сапабекова Томирис.

Гүлзат апай: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.- дей отырып келесі кезекті әнге берсек қайтеді. Ортада кішкентай әншілеріміз <<Ертегілер>> әнімен. Қарсы алыңыздар!

Таир: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін. Қарсы алыңыздар ортада Достиярова Медина

Алихан:Қара сөздің дауылы,Құрмет еткен ауылыБарлығы хормен:Сыйымызға риза бол,Мұғалімдер қауымы!Қорытынды бөлім. /оқушылар қолдарында шар мен гүлдер ұстап ән айтады/
Гүлзат: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,Дендеріңнің саулығы мықты болсын.Білімімен суарған шәкірттерін,Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!Алихан: Құрметті ұстаздар, қонақтар!Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған <<Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік>> атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.Таир: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
/мұғалімдерге арналған презентация/


Ұқсас жұмыстар
Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Ұстаздар күніне арналған «ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты меркелік бағдарлама сценарийі
Ақылшым - ұлы ұстазым
Жадыңда ұста, жас ұстаз
Мамандығым - мақтанышым
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Бала тәрбиесі үлкен өнер
Мектеп бітіру кешінің жоспары
Қабден ата ұмытылмас дарасы
Пәндер