Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Табиғат саз әлмінде


Жалпы білім беретін Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені

(Ашық тәрбие сағаты)

Өткізген: Саз
пәнінің мұғалімі Хамзина Ү.У.

2009-2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Табиғат саз әлемінде
Мақсаты:
1. Білімділік: 1) Жас ұрпаққа
Табиғат, жер-ана, Отан, туған жер, атамекен
ұғымдарының мағынасын түсіндіру.
2) Табиғатты ән-күйімен тербеген жерлес сазгерлермен (Донеділ Қажимов,
Ескендір Хасанғалиев, Ғарифолла Құрманғалиев).
3) Табиғатты суреттеген халық композитордың (Құрманғазы, Тәттімбет,
Сүгір) күйлерін тыңдатып, музыка мәдениетінің асқан шеберлігін оқушыларға
байқату.

2. Дамытушылық: халық музыкасы арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сезімін,
эстетикалық тағылымын, творчествалық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Донеділ қажимов, Е. Хасанғалиев, Ғ. Құрманғалиевқа арналған
буклеттер, үнтаспалар: «Сарыарқа», «Саржайлау», «Аққу», Бейнетаспа
«Табиғат», табиғат туралы нақыл сөздер:
Сабақтың жоспары:
1. Табиғат – Атамекен.
2. Табиғат – Жер-Ана
3. Табиғат жасыл әлем, су .
4. Табиғат – жануарлар дүниесі.
5. « Менің Қазақстаным»
Сабақтың жүруі.
Бастаушы – 1(Г. Болатқызы)
-Табиғат, Жер-Ана, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп
–жүрекке шаттың сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір – бірімен мағыналас,
мазмұнды бай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен жер АНаның перзенті Табиғат
пен Жер-Ананың сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтың борышы.

1-оқушы:
Жер-Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды Жер-Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.

2-оқушы:
Жаратылыс – жан ана,
Қарық қып суға, ауаға.
Топырағыңмен асырап,
Сәулесін құйған санаға (Жанар).
(С.Мауленов)
Бастаушы – 2 (А. Маратқызы)
Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аяулы бесігі, құтты
қонысы мен өсіп - өнер мекені.
3-оқушы:
Армысың, ардақ – мекен, асыл-мекен!
Айрықша топырағын, тасын бөтен,
Балалар бақыт іздеп кезуші еді.
Білмепті, бақыттары қасында екен
Ғасырлар сілемімен басулы екен
(М. Макатов)
«Атамекен» әні Е.Хасанғалиевтікі
Сөзі Қ. Мырзалінікі. Біздің жерлестеріміз. (Мейірім,
Еркін)

4- оқушы: Е.Хасанғалиевтің өмірбаянымен таныстырады.
ІІ. Бастаушы-1
- Табиғат-адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен
сағыныш ұялатады. Тілді біз сүйексіз дейміз, ал нағыз сүйексіз
тіл – музыканың тілі. Оның сиқырлы үнінен шыққан сырды тілмен
айтып жеткізу мүмкін емес. Қаратаудың атақты күйшісі, дарынды
халық композиторы Сүгір Әлиевтің ерекше шығармашылығының бірі
«Аққу» күйі.
Үнтаспадан «Аққу» күйін тыңдату. 3 минут
Тапсырма орындату.
1. Күй ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Күйдің сапасы қандай? (көңілді, қайғылы, жәй, жылдам)?
4. Күйді тыңдаған кезде көз алдыңа не елестейді?
5. Өз ойларынды қағаз бетіне сурет салып, түсіріңдер.

«Аққу» күйін тыңдап болғаннан кейін.
Қорытынды: Аққу, Үкі,Ұлар, Қарлығаш және тағы басқа құстарды халқымызкиелі
құстар деп қадір тұтқан. Олардың ұясын бұзуға, балапандарын жәбірлеуге,
өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.
Ата-бабамыз өзінің жақсы көрген, сүйген адамдарын құстарға олардың
сымбатына, сәніне теңеген. Құстардың атымен ұл қыздарына, немере
шөберелеріне ат қойған. Құстарға деген сүйіспеншіліктен туған сырға толы
сазды әндер мен күйлердің болуы осы себептен деп түсіну керек.
Бастаушы-2 (Анар Маратқызы)
1) Табиғат -Туған жер (Жер-Ана)
- Табиғаттың басты байлығы – жер.
Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз корегін осы қара жерден алады.
Жердің қасиетін сақтау, жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз
қолында. Жер қадірі туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер
балалар.
Оқушылар: 1. «Жерібайдың -елі бай».
2. «Күте білсең жер жомарт».
3. «Тозған жерде тоқшылық болмайды».
4. «Туған жер – алтын бесік».
Кезекші әнге берейік.
«Туған жер» әні: Е.Хасанғалиевтікі
Сөзі: С. Жиенбаевтікі
2) Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» орындалады. Оқушылар қолдарына тапсырма
алып, суреттейді.
«Саржайлау»
Тәттімбет күйлерінің ішіндегі аса қызықтыларының бірі – «Саржайлау».
Күйді тыңдаған кезде көз алдымызға сылдырап аққан бұлақ, асыр ойнап
жүрген балалар, қосылып әндеткен қыздардың үні, көкорай шалған жайлау
елестейді. Күй – шертпе күйге жатады.
ІІІ. Бастаушы – 1
1) –Табиғат байлығының бір тобы.
Жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті
- Су, жасыл әлем.
Оқушылар. Су қадірі туралы.
1. «Сулы жер – нулы жер»,
2. «Су анасы – бұлақ».
3. Судың да сұрауы бар».
4. «Суын ішкен құдығына түкірме».
5. «Судың кепкені – тіршіліктің кеткені».
«Ақ –жайық – ару мекенім» әні орындалады.
5- оқушы: Д. Қажимовтың өмірбаянымен таныстырады.
2) Біздің еліміздің табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі.
Ғасырлар бойы халықтың аузынан түспей, біздің заманымызға да жеткен
аңыз – күйдің бірі – «Ақсақ құлан». 6 минут.
Ерте заманда Шыңғыс ханның ұлы құлан аулауға шығып, үйірді бастап
жүрген басшы құланды жаралайды. Жараланып,ызаланған құлан аңшыға,
тап береді де, оны өлтіреді. Шыңғыс хан бір сұмдықтың болғанын
сезіп баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын
құямын деп уәде береді. Халық не істерін білмей дал болады. Сол
кезде бір өнерпаз жігіт келіп домбыраны алады да, бір күйді ойнай
жөнеледі.
Күйді тыңдап отырғанда аңшылық көрінісі, ашулы құландардың шабысы,
оны қуған хан баласының өлімі көз алдыңыздан өтіп жатады. Хан бәрін
түсінеді. Берген серттен таймас үшін өзіне қаралы хабар жеткізген
домбыраның мойнына қорғасын құйдырады. Міне, музыканың кереметі
қайда жатыр!
Адамның тілі жетпес дүниені өз бойына жинап алып, керек жерінде
жайып салған күйші, күй және домбыра.
Ү. Сонымен, саз әлеміндегі табиғатты ұғынуға бағытталған тәрбиелік
шарамызды оқушылар аяқталды. «Отаным Қазақстан» әнімен аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Табиғат құбылысына жатпайтын нәрсені тап
Топырақтың ерекшелігі және құрамы
Тест жұмыстары ( 3-сынып )
Тақырып Топырақ
Майда тау жыныстары
Шағын қала
Дәлелдеп жаз
Кенді пайдалы қазбалар
Абай күйлері арқылы әсемдікті таныту
Тақырып Пайдалы қазбалардың түрлері
Пәндер