Кестелік қосу және азайту. ондықтарды қосу және азайту. математика. 1-сынып

Пәні: математика

Сыныбы: 1

Мерзімі: 12. 05. 2014 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Кестелік қосу және азайту. Ондықтарды қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтардың ретін және оларды қосу мен

азайтуды қайталау.

2. Есептеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.

3. Ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар, таңбалар.

Оқыту әдісі: ойын, ұжымдық жұмыс, оқулықпен жұмыс, карточкамен жұмыс.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың мазмұны.

  1. Ұйымдастыру: психологиялық ынталандыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау, күн ретін анықтау.

IV. Жаңа сабақты негізгі кезеңіне дайындау. Тақырып бойынша

сандар қатарын, екі таңбалы сандарды, олардың жазылу ретін қайталау. Дидактикалық ойын «Ойлан, тап!»

V. Дәптерде жұмыс: күн ретін жаздыру.

Арифметикалық диктант жазу:

  • Ең кіші бір таңбалы санды жаз.
  • Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
  • Ең кіші екі таңбалы санды жаз.
  • Ең үлкен екі таңбалы санды жаз.
  • 20-дан кейінгі ондықты жаз.
  • 50-ден кейінгі ондықты жаз.
  • 70-тің алдындағы ондықты жаз.
  • 40-тың алдындағы ондықты жаз.

VI. Оқулықпен жұмыс.

Бос торкөзді ондықтармен толықтыру: ауызша, ұжымдық жұмыс.

Амалдарды орындау.

4+2 6-4 40+20

6-2 60-40 60-20

6дм-2дм 4дм+2дм 6дм-4дм

60см-20см 40см+20см 60см-40см

VII. Сергіту сәті.

Өрнектердің мәнін табу.

20+30 40+30 50+20 60+30

30+20 30+40 20+50 30+60

50-20 70-30 70-20 90-30

50-30 70-20 70-50 90-60

VIII. Білімді бекіту. Өзіндік жұмыс.

5 және 4 сандарын пайдаланып және қосу амалына есеп құрастыру.

Ұзындықтары 9 см және 1 дм кесінділер сызу.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

Х. Үйге тапсырма: 190-бет№2


Ұқсас жұмыстар
Қосу және азайту. 45 23, 68 -23
Ондықтарды ондықтарға қосу
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жағдайлары
Қасқырдың бірінші тапсырмасы
Неше ондық
Орта мерзімді жұмыс жоспары
Математика 2-сынып: қайталау сабағы
Бауырсақтың тапсырмасы
Сандарды қосу және азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz