Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Қазақ ою-өрнегінің негізін салушы


[pic]
6-сынып. Технология
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ою-өрнегінің негізін салушы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев
туралы білімдерін толықтыра түсу.
2. Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, тарих.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, элктронды тақта, слайд.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу. Оқушыларды екі топқа
бөлу. Бір-біріне сәттілік. Сергіту.
III. Жаңа сабақ.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі өнер адамы,
кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін
салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент
төңірегі, Шенжін ауылы. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның
халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы
(1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып
бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И.
Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін
шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу»,
«Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз
айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар
Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше
танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.
1-тур
Топ жетекшілеріне сұрақтар:
1. Әбілхан Қастеев кім?
(Ә. Қастеев – қазақ халқының атақты суретшісі, өнер қайтаркері. 20 мың
суреттің авторы)
2. Суретшінің атақты еңбектерін ата.
(Суретшінің атақты еңбектері: «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», Абай,
Амангелді, Жамбыл портреттері)
3. Ә Қастеев мұражайы қай жылы құрылды?
(Мұражай 1935 жылы құрылған.)
4. Бұл өнерді қайдан, кімнен үйрендің деген Хлудовтың сұрағына Әбілхан
қалай жауап берді?
(Хлудовтың сұрағына Әбілхан былай жауап берді:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен»)
2-тур «Ә.Қастеев- дарынды» суретші атты электронды ойын ;
1-блок «Портретте кім бейнеленген?»-50:
№1 Бейне сұрақ
Жауабы: «Амангелдінің портреті»
1-блок «Портретте кім бейнеленген?»-40:
№2 Бейне сұрақ
Жауабы: «Жас Абайдың портреті»
1-блок «Портретте кім бейнеленген?»-30:
№3Бейне сұрақ
Жауабы: «Жамбылдың портреті»
2-блок: «Шығарманың атын айт»-50
№1Бейне сұрақ
Жауабы: «Сатып алынған қалыңдық»
2-блок: «Шығарманың атын айт»-40
№2Бейне сұрақ
Жауабы: «Алтын дән»
2-блок: «Шығарманың атын айт»-30
№3Бейне сұрақ
Жауабы: «Бие сауу»
3-блок: «Суретші биографиясы»-50
№1 сұрақ: Қай жылы ол  Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.?
Жауабы: «1944 жылы ол  Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады»
3-блок: «Суретші биографиясы»-40
№2 сұрақ: Ә.Қастеев қай жылдары өмір сүрді?
Жауабы: «1904 —1973 жж»
3-блок: «Суретші биографиясы»-30
№3 Сұрақ: Ә.Қастеевтің туған жері?
Жауабы: «Талдықорған облысы , Панфилов ауданы , Шежін ауылы»
4-блок: «Ә.Қастеев мұражайы»-50
№1 сұрақ:Мұражай есімі қашан берілді?
Жауабы: «1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ ССР Халық суретшісі Әбілхан
Қастеевтің есімі берілді »
4-блок: «Ә.Қастеев мұражайы»-40
№2 сұрақ: Ә.Қастеев ескерткіші қашан ашылды?
Жауабы: «2005 жылдың қаңтарында Алматы қаласында ашылды »
4-блок: «Ә.Қастеев мұражайы»-30
№3 сұрақ: Ә.Қастеев атындағы саябақ қай жерде орналасқан?
Жауабы: «Туған ауылы Шежіңде »
Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау, бағалау.
Үйге тапсырма: Ою-өрнектің шығу тарихы
[pic]

-----------------------
Алматы облысы,

Райымбек ауданы,

Ақсай орта мектебінің

жоғарғы санатты технология пәнінің мұғалімі

КӨНЕКБАЕВА АЙМАН БІРІМҚҰЛҚЫЗЫ


Ұқсас жұмыстар
Аяққапты дайындау
Геометриялық оюлар
Өсімдік тектес өрнекті мүсіндейік
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы
Сөйлем мүшелеріне талда
Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырдағы мемелекеттер
Қазақтың ою - өрнегі
Өткен сабақты қайталау
Ұлттық өнері және қол өнердің бір саламсы құрақ құрау
Сабақтың формасы
Пәндер