Microsoft Visual Basic нұсқаулары: визуалды бағдарламалау бойынша ашық сабақ жоспары

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы информатика пәні мұғалімі

Бисенова Айгүл

Сабақтың тақырыбы : Microsoft Visual Basic нұсқаулары

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды визуалды бағдарламау технологиясы

түсінігімен, жаңа нұсқауларымен таныстыру.

Білім мен білікке қойылатын талаптар: Оқушыларда визуальды бағдарламалау туралы түсінік болу керек, пішіннің қасиетін терезеде өзгерте білу, элементтер панелімен, қасиеттер терезесімен жұмыс жасай білу.

Оқытуда: Оқу мен тәрбие ұштасып, қосымша білім алуға үйретемін, компьютерлік сауаттылығын ашамын және пәнге қызығушылығын арттырамын.

Дамытуда: Оқушының логикалық ойлауы дамып, ой-өрісі шындалады, өмірге көзқарасы қалыптасады.

Тәрбиелеуде : Оқушының білімі мен ақпарат алуда біліктілігі қалыптасып, шеберлікке, еңбекке тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі : Компьютер, граф. проектор, проекциондық экран, анимациялық көрініс, буклеттер.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру

Оқушылармен амандысып, құралдарын түгендеп,

компьютерді іске қосып, практикалық сабақты

бастаймын.

ІІ. Өткенді бекіту.

Сабақ үрдісінде үй тапсырмамен жаңа сабақты қорытындылау, өткенді бекіту мақсатында әртүрлі технология әдістерін пайдаланамын. Мысалы: Сөзжұмбақ сұрақтарын Power Point программасынан анимациялық көріністе көрсету.

Сұрақтары :

1. Power Point программасында слайдтты безендіру фонды не деп атайды?

2. Құжатты сақтағанда менюден бірінші қай команда орындалады?

4. Презентация көрнекі түрде көріну үшін оған не жасаймыз?

ІІІ. Жаңа тақырып :

MS DOS операциялық жүйеде жұмыс істейтін Basic программалау тілі жарыққа шыққан, сондай-ақ (1964), ол тез дамытылып, көптеген жаңа нұсқалары пайда болды. Олардың ішінде Windows ортасында визуалды графикалық интерфейсті пайдаланып жұмыс істейтін Visual Basic (VB) программалау тілі ерекше орын алады. VB - кез-келген типті қосымшаны дайындауға болатын, объектілі бағдарлы программалау негізінде дайындалған жылдамдығы тез, қуатты тілдердің бірі. VB- тің алғашқы нұсқасы Qbasic тілі негізінде 1991 жылы дайындалып, соңғы нұсқасы (Visual Basic 6. 0) 1999 жылы жарық көрді. Vb5. 0 және VB6. 0 нұсқаларының айырмашылығы көп емес. VB- те түрлі сандық мәтіндік графикалық информацияны өңдеу және оның терезесінде кез-келген фигураны қолдан салу, жүріп тұрған сағатты орнату редактор мәзірін құрып, онымен жұмыс істеу, берілген қорымен жұмыс және т. б күрделі информацияны өңдеуді Windows-тағы сияқты визуалды орындауға болады. Vbasic-те құрылған программа бірнеше файл түрінде сақталады. Олардың негізгілері: программа мазмұны мен жоба файлы (олар сәйкесінше frm, vbp бойынша сақталады) .

Форма- пайдаланушы интерфейсін құру үшін қажетті объектілерді орнату терезесі (форма мен онда орнатылған түрлі компонеттер деп аталады) . Форма және оған енгізілген объектілердің өз қасиеттері бар. Қасиет (сипаттама, параметр) - объект үшін пайдаланатын түрлі мүмкіндіктердің сипаттамалары, айнымалылардың ерекше түрі. Қасиеттер объектіге атау меншіктеу, түсін анықтау, объект үстіне мәтін жазу, оның шрифті мен өлшемін белгілеу және т. б. Алғашқы көрінген кейбір қасиет мәндерін өзгертіп, басқа мәндер меншіктеуге де болады. Font (қаріп) қасиетті екі рет шертілсе, Windows- тағы сияқты қаріп терезесі көрінеді. Терезеден объект үшін пайдаланатын қажетті қаріпті, оның пішіні мен өлшемін таңдау әдеттегідей, т. б. VB программалары көбінесе формада элементтер панелінен көшірілген батырмалар негізінде дайындалады. Панельде орналастырылған стандартты батырмалардың атаулары: графикалық өріс (Image), үстіне жазу өрісі (Label), мәтіндік өріс (TextBox), командалық батырма (Command Button), және т. б. Әр батырманың меншікті қасиеттері бар, мысалы Name, Caption, Enabled, Visable т. б. Caption қасиеті формада орнатылған объектінің ішіне жазылатын мәтінді анықтайды. Visable қасиетіне False мәні меншіктелсе, объект форма ішінде көрінбейді т. с. с. VB- те программа код терезесі деп аталатын арнайы терезеде дайындалады. Терезені ашу үшін View - Code командасын беру не жоба терезесінің View - Code батырмасын шерту жеткілікті. Терезенің Form жазылған өрісіне форма мен формаға енгізілген объект атаулары Load (жүктеу) жазылған өріске таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар тізімі енгізіліп қойылады. Private Sub Form Load процедура тақырыбы. Мұндағы Private (өзіндік, жабық) - процедураны тек форма ішінде пайдаланатын етіп жариялау, Sub (Subroutine) - программаны процедура түрінде жариялау түйінді сөздері. Form_Load- процедура атауы. Ол қайсы объект оқиғасының өнделетінін білдіреді. Программа көбінесе, Windows - тағы сияқты, оқиғаны өңдейтін процедурадан тұрады. Оқиғаларға мысалдар: пайдаланушы программа құру үшін формаға компонент орнатып, форманы не компонентті оқиға шақырады. Яғни, оқиға- объект жағдайының өзгеруі. VB- те әр оқиға атау беріліп қойылған. Мысалы, формада орнатылған CommandButton батырмасын шерту Click (болу) оқиғасын, форманы екі рет шерту Load оқиғасын шақырады.

Меню қатары Пішін

Жоба терезесі

Құралдар

панелі

Элемент

панелі

Қасиеттер терезесі

Пішіндеу

үлгісінің


Ұқсас жұмыстар
Визуалды программалаудағы пішіндер мен басқару элементтері (Visual Basic)
9-сынып: Визуальды бағдарламалау негіздері, Visual Studio IDE және жобаны басқару
Visual Basic бағдарламалау тіліндегі графика: 10-сыныпқа арналған практикалық сабақ жоспары
Интерактивті практикалық сабақ: Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (10-сынып)
Visual Basic бағдарламалау ортасының негізгі мүмкіндіктері және практикалық қолданылуы
Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label және CommandButton компоненттері: қасиеттері мен оқиғалары
10-сыныпқа арналған Алгоритм және визуалды бағдарламалау технологиясы бойынша сабақ жоспары
Visual Basic бағдарламалау тілі бойынша тест тапсырмалары - Қандыағаш №3 мектеп-гимназия, 2014-2015 оқу жылы
Visual Basic бағдарламасында Timer басқару элементін қолдану - практикалық сабақ
Информатика: Visual Basic бағдарламасындағы процедуралар мен функциялар - 10 А сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz