Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Ауаның ластануы
Тақырыбы: <<Ауаның ластануы.Ауаны қорғау.Сабақтың мақсаты:1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім-біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ-жауап, орталықтарда жұмыс,ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі.Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар, май шам, доп, шыны ыдыстар, шар.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: <<Шаттық шеңбері>>
Топқа бөлу:
1.Оқу орталығы
2.Жазу орталығы
3.Ғылым орталығыІІ.Ой шақыру стратегиясы <<Көрінбейтін сиқыршы>>- Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, <<дөрекіленіп>> бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез-құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.- Бұл не? ...- Ауа.- Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)- Ауаның қандай пайдасы бар? Мысалдар келтір.- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?- Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан-жақты таратады.Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ауа қабығы. Ауаның құрамы.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: -- Балалар, біз бүгінгі сабақта айтылуы тиіс мағлұматтарды жете түсіну үшін, қайталауға тиісті тапсырмалардың барлығын пысықтадық. -- Ал, бүгінгі сабағымызда не жайлы біледі екенбіз? Ол үшін жұмбақты шешейік: ►Жұмбақ(слайд)Шешуі: Ауа -- Сендер қалай ойлайсыңдар, неге біз бүгінгі сабағымызды ауа жайында айтудан бастадық? (жауаптар: ауасыз жер бетінде тіршілік болмас еді, адамдар да, өсімдіктер мен жануарлар да ауамен тыныс алады, т.б.) (слайд ) -- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :►(слайд)ІV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.Оқулықпен жұмыс.
ІІІ.Ауаның ластануы видео көрсету● Интерактивті тақтадан ауаның ластануы туралы фильм көрсету.- Балалар, ауа туралы бұдан да көп мағлұмат алу үшін таңдаған орталықтарыңда жұмыс жасайсыңдар. Бүгін біз оқу, жазу және ғылым орталықтарында жұмыс жасаймыз. Оқу орталығында ауа туралы қосымша материалдардан оқып, білімдеріңді кеңейтесіңдер. Жазу орталығында ауа, ауаның қасиеті, пайдасы туралы жазып, оқисыңдар. Ғылым орталығында тәжірибелер жасап, ауа туралы кең мағлұмат аласыңдар.- Барлығыңа бүгінгі күні сәттілік тілеймін.● Интерактивті тақтада тапсырмалар жазулы тұрады.Оқу орталығыТапсырмалар:1. Ауаның ластануын оқулықтан оқы.2. Ауаны ластанудан сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Өз ойларын айту.(Ақ қағазға ауаның құрамын бояп көрсету).● Оқу орталығындағы оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.Жазу орталығыТапсырмалар:1. Оқушылар таза ауа туралы, таза ауаны сақтау туралы эссе жазады.2. Жазған сөйлемдерін оқиды.3. Бірін-бірі толықтырады.4. Ойларын ортаға салады.Ғылым орталығыТапсырмалар:1. Тәжірибелер жасау.2. Дәлелдеу.3. Өз ойларын ортаға салу.1-тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.- Қай шырағдан бұрын сөнеді?● Оқушылар өздері дәлелдейді.Осы жерде оттың пайдасы мен зиянды жағын ашып көрсетеді.2-тәжірибе: - Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен?● Оқушылар дәлелдейді.3-тәжірибе: Шарды үрлеу. Ауаның пішінін салыстыру.● Оқушылар дәлелдейді.Сергіту сәті Таза ауада демалып, Шынығамыз жаттығып. Айналаны қорғаймыз, Күл-қоқыстан тазартып.♦ Оқу орталығындағылар тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Оқиды, сурет салады. Салған суреттері тақтаға ілінеді.♦ Ғылым орталығындағылар тәжірибелер жасайды, дәлелдейді.♦ Жазу орталығындағылар эссе жазып, жазғандарын оқиды, ойларын толықтырады. Ең үздік жазылған эсселер тақтаға ілінеді.
Ауаның ластану жолы
Дәптермен жұмыс
Табиғи жолмен
Адам әрекетінен
Постермен жұмыс
1топ.Ауаның ластануының табиғи жолы
2топ.Ауаның ластануындағы адам әрекеті
3топ.Ауаны ластанудан қорғау жолдары.Жарнама
Әр топ қалдық заттардан адам өміріне қажетті заттар жасауға болатынын жарнамалап береді.
1. Бос қораптан оқушы столына қоятын қалам, қарындаш салатын жасау2. Консервадан тіс пастасын, тіс щеткасын салатын ыдыс жасау3. Бос баклашкадан кесіп түрлі ыдыс, гүл салғыштар жасауға боладыБосаған қалбырларды күл-қоқысқа босқа төкпей пайдаға асырайық ағайын
Қалдықтардың екінші өмірі слайд
Сен білесің бе???
Танымдық тапсырма. (слайд, дыбыстау)Жердің Күннен қашықтығы Айдың қашықтығымен бірдей. Онда неге Айдың беті +100-170 градусқа дейін ысып, -200 градусқа дейін салқындайды? Ал Жердің бетінде ондай өзгерістер болмайды?Жауабы: Себебі, ауа қабығы Жер бетін қорғайды, ал Айда ауа қабығы жоқ.
Көгалдандыру-таза ауа кепілі Жер - Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек жан - жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15% көгалдандырса - шаң - тозаңның мөлшері 20%- ға кемиді. 35% жер көлемге көшет отырғызылса - шаң - тозаң 50%- ға азаяды, ал 65% көгалданған аумақта шаң - тозаң 95%-ға дейін жойылады екен. Қорытындылау:- Балалар, ауа туралы көп мағлұмат алдық. Сонда сендер не білдіңдер, не үйрендіңдер?- Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көк болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.- Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?- Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?Ауа тіршілік көзі. <<Ауа өмір тынысы>> деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе <<Ауадай қажет>> деп ауаны ерекше бағалайды.
:: Қаланы көгалдандыру:: Өзен-көлдің маңына бақылау камерасын қондырып, күл-қоқыс тастаған адамға айып-пұл төлету:: Үнемі тазалық айлығын жүргізу:: Завод, фабриканың мұржаларына ауа сүзгіш қондырғылар қондыруТіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.Ал адамға ауа қымбат бәрінен,Ауа қымбат алатұғын дем қымбат. / Т. Есімжанов/♦ Табиғатты қорғауға үйрету, өз ойларын айтқызу.♦ Белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау, бағалау.Үйге тапсырма.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz