Кел тыңдайық ертегі

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Кел тыңдайық ертегі

Мақсаты: 1. Көптеген қазақ ертегілерінің сан ғасырлық таңғажайып сырлароын түсіндіру.

2. Сана-сезімін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Ел қамын ойлайтын ақылдылыққа, шыншылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

1. Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

2. Балалар Ертегілер еліне саяхат жасап, ертегі тыңдаймыз,

V Жаңа сабақ

3. Ойын:Жүрдек пойызбен саяхатқа шығамыз, аялдамаларда ертегі кейіпкерлері қойылған. Сол бойынша қандай ертегі екенін табу.

4. «Адасқан құмырсқа»ертегісін оқып беру.

5. Сұрақтар мен тапсырмалалармен жұмыс

-Ертегілер халық ауыз әдебиетінен мол орын алатынжәне жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған әңгіменің түрі. Ертегіде халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, арман мұраты әңгімеленеді. Қазақ ертегілері былай басталады:

Бар екен де, жоқ екен,

Аш екен де, тоқ екен. . .

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкі жүні келте екен.

-Қазақ ертегілерінің ішінде хайуанаттар туралы маңызды орын алады. Кәне, жануарлар туралы қандай ертегі естідіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар. Мәселен түлкі қанша айлакер, қу долғаныменұтылып қалатын кездері болады. Ертегіде жануарлар бейнесін суреттей отырып, соларға ұқсас адамдардың іс-әрекеттерін баяндайды. Сөйтіп ертегі бізді өмірде түлкі сияқты қу, арам болмауға үйретеді.

Сергіту сәті: Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

Балаларға «Адасқан құмырсқа» ертегісін оқып беру. (Ертегі оқылып, мазмұнын ашу. )

VI Бекіту

-Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.

-Құмырсқа кімге өкпелеп кетіп қалады?

-Кімдерді көмекке шақырады?

-Кімдер көмекке келеді?

VII Қорыту

Достық туралы мақал-мәтел айту:

«Бірлік түбі тірлікте», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бейбіт елде береке бар», т. б.

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Орман дәрігері» ертегісі

Мақсаты: 1. Ормандағы құстар жайлы, олардың пайдасы туралы айту

2. Сана-сезімін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Ертегі кездесетін құстардың, ағаштардың, орманның суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:Бұғана, кемеліне, семіп, құрап, сарнап, сая, пана, науқас, құр сүлдері, құйқылжыта, ежелгі, кәсіп, айдын көл, келте, быртық, шіріңкіреген, қауырсын, олақ, т. б.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

  • Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
  • Психологиялық сәт

«Ақ көгершін» әні орындалады.

IV Мақсат қою

Балаларға орман дәрігері ертегісін өтетінімізді ескерту.

V Жаңа сабақ

Құстардың суреті.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Қандай құстар?

-Тағы қандай құстарды білесіңдер?

Дидактикалық ойын «Орман ағаштары». Ойынның шарты:Салынған суреттегі ағаштарды атай білу. (қарағай, шырша, қайың)

Әңгімені оқып беру.

Сергіту сәті: Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

VI Бекіту

-Терек қандай ауруға шалдықты ?

-Терек көмекті қалай сұрады?

-Теректің дауысын естіп, не ұшып кеді?

-Көгершін қандай құс?

Аққу көгершінге қандай кеңес берді?

-Көгершін қандай белгісіз құсты терекке алып келеді?

-Теректі емдеп берген қандай құс ?

VII Қорыту

«Үй құстары» ойыны. Ойынның шарты:үй құстарын және олардың пайдаларын толық атай білу.

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Күздің белгілері

Мақсаты: 1. Күз мезгілі туралы алған түсініктерін кеңейту. Балаларды күздің сыйымен таныстыру.

2. Сана-сезімін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі:күз мезгілі бейнеленген суреттер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: алтын күз, күздің сыйы, береке, байлық

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше бүгін күз мезгілінің белгілерін анықтаймыз.

V Жаңа сабақ

Алтын күз туралы әңгіме жүргізу. Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.

-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?

-Қырманда қандай еңбек жүргізіледі?

Сурет бойынша әңгіме.

Сергіту сәті: Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Жұмбақ шешу: Қақпаны тарс-тарс жабады

Терезені қағады.

Уілдейді ысқырып,

Қорқытады баланы. (Жел)

Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді.

Бусанды бар алап,

Терілді, келді. (Жаңбыр)

VI Бекіту

Ойын: «Күздің сыйы» Көкөністер мен жемістердің суреттері ілінеді.

Мысалы: алманың суретін алған бала «алма» сөзін қатыстырып, сөйлем құрастырады. Оның пайдасын айтады.

VII Қорыту

-Күз мезгілін неге халқымыз ырыс-береке деп атаған?

-Күз мезгіліндегі дәрумендерді ата.

-Күз мезгілі саған несімен ұнайды?

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Құстарды мен қорғаймын. Саябақ өлеңдері.

Мақсаты: 1. Туған табиғатқа деген балалардың түсініктерін кеңейту.

2. Табиғат байлығы, оның алуан түрлігі, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» деген тақырыпты суреттер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:биік таулар, көркем келбеті, бұлақ сыңғыры, сыбдыр жел, тымырсық дала, көк шалғын.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгігінгі сабақта табиғаттың бір бөлігі құстар жайлы өтеміз.

V Жаңа сабақ

Психологиялық сәт

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады:тырс-тырс,

Терезе қағады,

Жылғалар ағады:тырс-тырс.

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады:тырс-тырс.

-Балалар, табиғат бізге қандай сый берді?

-«Табиғатты аялау керек» дейміз ол үшін не істеу керек?

-Қоқыстарды төкпеу керек.

-Ағаш бұтақтары, гүлдерді,, шөптерді жұлмай, оларды күту керек.

Құстарға қамқор болып, жемшашарға үнемі нан қорымдарын, бидай, тары сияқты дәндерді шашып қою керек.

К. Ғабдуллиннің «Құстарды мен қорғаймын», «Саябақ өлеңдері» атты өлеңдерін оқып беріп, мазмұнын ашу.

Сергіту сәті:

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі,

Кестеленген жиегі

Кең даланың гүлдері.

VI Бекіту

Ойын: «Жапырағына қарап таны»

VII Қорыту

-Құстарды қорғау үшін кім қандай көмек көрсетеді?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстардың сайраған дыбысын келтір.

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

Мақсаты: 1. «Көкөністер мен жемістер» туралы өлеңдерді тыңдап, балалар жемістер мен көкөністердің пайдасы, оның құрамындағы дәрумендер туралы түсініктері кеңейеді.

2. Табиғат байлығы, оның алуан түрлігі, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Табиғатты қорғауға, бақша өсімдіктерін баптап күтуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:Көкөністер мен жемістердің суреттері.

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:Қияр, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ қызылша, сәбіз, бүлдірген, құлпынай, жүзім.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгігінгі сабақта жемістер мен көкөністер жайлы өтеміз.

V Жаңа сабақ

Психологиялық сәт

Жаңбыр көп жауады,

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл, сары, қызыл, көк

Сан алуан көкөніс

Жұмбақ: Жер астында жер қазық. (Сәбіз)

Аспай піскен,

Қайнамай түскен (Жеміс)

Бақшада өседі көп өнімдерін береді (Көкөніс)

Қ. Күзембайдың «Қарбыздар» және «Қияр-бәдірен» өлеңі оқылып, көкөністер жайлы, ал Р. Қунақрва мен Н. Жанаевтың «Жемістер жыры» өлеңдері арқылы жемістер жайлы түсінік беріледі. (Хрестоматия)

Сергіту сәті: Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

VI Бекіту

Ойын: «Көкөністер мен жемісте»

Шарты:Әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу, шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту.

Балалар екі топқа бөлінеді.

1 себет: 1 себет
2 себет: 2 себет
1 себет: Көкөністер
2 себет: Жемістер

VII Қорыту

-Балалар бізге бақша өнімдері не үшін керек?

-Көкөністерден қандай қыстық азық дайындаймыз?

-Жемістерден ше?

-Олардың пайдасы қандай?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы:Туған өлкем тамаша

Мақсаты: 1. Туған өлке туралы түсінік беру.

2. Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілігі сезімін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Отан, табиғат жайлы суреттер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:өлке, мекен, тербеткен, нәр, жаннат, береке. Мақалды талдау.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Кірпігімізді түсірсек,

Көзіміз жұмылады,

Енді еркін демалайық,

Ғажап қана ұйықтасақ

Көз алдымызға туып өскен,

Жерімізді елестетеміз

Аула толған гүлдерге.

Гүлдерді иіскеп

Таза ауамен демаламыз.

Қолымызды жоғары көтеріп.

Жұдырығымызды түйеміз, керілеміз.

-Балалар балалар жаңағы жаттығуда көз алдарыңа не елестеді.

-Туған жеріміз

-Дұрыс сол «Туған өлкем тамаша» деген тақырыпта әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

Мақал: «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас»-деген мақалды кім қалай түсінеді.

Өзіңнің туған жерің, елің әрқашан ыстық болады. Алысқа ұзап шықсаң, сағынасың.

Сондықтан да атам қазақ жер қадірін, ел қадірін осындай мақалдармен жеткізген.

-Қане, балалар, өз туған жерлерің жайлы не білесіңдер?

Үлгі жауаптар:

-Менің туған өлкем Құйған ауылы. Туған өлкемнің табиғаты тамаша. Біздің ауылымыз екі өзеннің ортасында орналасқан. Сол екі өзен көлге барып құйылғандықтан біздің ауыл Құйған деп аталады.

-Менің ата-анамның туған өлкесі-Сарыарқа. Біз жазғы демалыста атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз, яғни туған өлкемізге барып қайтамыз.

Сергіту сәті: Керілеміз, созыламыз.

Терең алып тынысты,

Оңға бір, солға бір.

Терең алып тынысты

Жалғаймыз біз тынысты

VI Бекіту

Е. Елубаевтың «Достық» өлеңін оқу.

Шумақтар бойынша талдау жүргізу.

VII Қорыту

-Өлеңнің авторы кім?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-«Ортақ мекен жер шары»- дегенді қалай түсінесің?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: А. Асылбеков «Қыс»

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту, А. Асылбековтың «Қыс» өлеңін оқып беру, түсіндіру, мәнерлеп жатқа оқыту.

2. Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілігі сезімін, ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: Қалтырайды, тістеген, шебер болған, үскірік т. б.

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Аппақ көше, бар дала

Аппақ ой мен қыраттар

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Адамдар қалай киінген?

-Қыста біз не істейміз?

-Бүгін сонымен қай мезгіл туралы өтеді екенбіз? (Қыс)

V Жаңа сабақ

Ойын: «Қар жинау»

Шарты:Балаларға жасанды қарды шашып жіберіп, белгілі бір белгіден соң тез арада жинату. Шапшаңдығы мен ептілігін дамыту.

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

А. Асылбековтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру

VI Бекіту

-Қыста табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?

-Балалар, «Аяз бетті шымшиды», «құлақшыңды кимесең, құлағыңды тістеген» дегенді қалай түсінесің? Аяздың қолы бар ма?

VII Қорыту

-Оқылған өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Қыс қандай болады екен?

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қыс туралы қандай жұмбақ білесің?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні:

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қаңтар мен ақпан» ертегісі

Мақсаты: 1. Ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру

2. Ертегіні балалардың өздеріне айтқызу арқылы сөздік қорын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-«Аязды қыс» әнін айтып, өлең мазмұнына сай қимылдарды орындайды.

-«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін өтеміз.

V Жаңа сабақ

«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін оқып, мазмұнын айтып беру. Оқушылардан түсінгенін сұрау.

-Ақпан терезеден нені көрді?

-Қаңтар әрекетін баянда.

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

VI Бекіту

«Екі аяз» ойыны

Ойнау тәсілі:

Залдың бір жағына ойнаушылар тұрады. Екі бастаушы алаңның ортасында ойнаушыларға қарама-қарсы тұрады да өлең айтады.

Ағайынды екі Аязбыз,

Қорықпаймыз ешкімнен,

Мен-Аяз қызыл мұрын,

Мен-Аяз көк мұрын.

Кім бізге бөгет болады,

Оларды жолға жолатпаймыз.

Балалар бірдей жауап береді.

-Қорықпаймыз аяздан.

Аяздан да мықтымыз.

Содан кейін залдың бір жағына жүгіреді. Аяздар оларды ұстауға тырысады. Аяздар ұстаған балалар бір орында тұрады. Оларды қолдарынан ұстап тірілтіп алуға болады.

VII Қорыту

- Ертегі ұнады ма?

-«Екі аяз» ойыны қызықты ма?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні: Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қыс туралы өлең

Мақсаты: 1. Балаларды қыс қызығын тамашалауға, табиғат көрінісін сипаттап, балалардың көңілдендіретін қыстың қызықтарын айту.

2. балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, сөздік қорын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: ұлпа, мамық, үлпілдек, жұмсақ, қолды қарып, жылтылдап шағылысып, ақ күміс, ақ мата

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?

-Қыстап қалған құстарға қйтып көмектесеміз?

-Бүгін қыс туралы өлең жаттаймыз.

V Жаңа сабақ

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын,

Шаң- тозаңды қуамын

Өлеңнің мазмұнын ашатын сұрақ-жауап алу:

-Атаға қалай көмектеседі?

-Әжеге не әкеп береміз?

-Үйді қалай жинау керек?

Сурет бойынша жұмыс:

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қандай ойындар ойнаймыз?

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

VI Бекіту

Жұмбақ шешу

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады ( Қар)

Көсеуді бесеуге тықтым (Қолғап)

VII Қорыту

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Қыста қардан не жасауға болады?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Күні: Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жаңа жыл келді!

Мақсаты: 1. Қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке жаңа жыл екенін түсіндіру.

2. Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, сөздік қорын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: ұзын бойлы, аумағы, инесі, жұпар иісі, орнаған, бүрсиіп

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Адамдар жаңа жылды неге асыға күтеді?

-Жаңа жылда қандай тілектер айтылады?

Балалар жауабы:

-Жаңа жылда бір жасқа үлкейеміз.

-Армандарымыз орындалады

-Ескі жылда бітірмеген істерімізді, жаңа жылда аяқтаймыз.

-Жақсы тілектер айтылады.

- «Бүгін жаңа жыл келді !»-деген тақырыпта әңгімелесеміз.

V Жаңа сабақ

-Сурет бойынша әңгімелесу:

-Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Қыс туралы өлеңдер білесіңдер ме?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?

-Ендеше осы берілген сурет бойынша әңгіме құрастырамыз. (1-2 баланың әңгімесін тыңдау) .

Қыс келді. Балалар шана ойнап жүр. Ағаштар ақ қырауға оранып, әдемі болып тұр. Балалар жаңа жыл мерекесіне дайындалды. Мереке қызық өтті.

Сергіту сәті:

Музыка әуенімен ақша ққалықтап билейді, саз әуенімен бірге қимыл жасайды. ардай

VI Бекіту

Жұмбақ шешу: Жасыл ине киемін

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласақ,

Төріндемін үйінің

(Шырша)

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Биыл қандай жаңа жыл енді?

-Ұлу деген немене?

-Ұлу қайда жүреді?

-Сурет бойынша қандай әңгіме айттық?

VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы

Күні: Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: - «Жасыл шырша!»-атты ертегіні сахналау

Мақсаты: 1. Қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке жаңа жыл екенін түсіндіру.

2. Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, сөздік қорын көбейту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Туған жердің табиғатын сүюге, адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік, әңгіме

Сабақтың түрі: Бекіту

Меңгерілетін сөздер: ұзын бойлы, аумағы, инесі, жұпар иісі, орнаған, бүрсиіп

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Адамдар жаңа жылды неге асыға күтеді?

-Жаңа жылда қандай тілектер айтылады?

Балалар жауабы:

-Жаңа жылда бір жасқа үлкейеміз.

-Армандарымыз орындалады

-Ескі жылда бітірмеген істерімізді, жаңа жылда аяқтаймыз.

-Жақсы тілектер айтылады.

- «Жасыл шырша!»-атты ертегіні сахналаймыз.

VI Бекіту

Зал ішінде тал теректер, шыршалар қойылып, орман көрінісі бейнеленеді. Құстардың, аңдардың суреттері ілініп көркемделеді. Сазды әуен ойналып, шырша киіміндегі қыз кіреді. Ол шыршалар арасымен жүріп ортаға келеді.

Шырша:-Мен шыршамын. Жапырағым мәңгі жасыл болып тұрады. Мекенім- орман. Орманға көрік беремін. Адамдар жаңа жылда мені сәндеп, түрлі ойыншықтар іліп, қаланың, ауылдың сәнін кіргізеді. Жасыл шырша мерекесі менсіз өтпейді.

Осы әдемі шыршаға қастандық жасамақ оймен жай басып, қабағын түйіп Жезтырнақ кіреді.

Жезтырнақ:-Адамзатқа жақсылық жасамау керек. Олардың көңіл-күйлерін құртамын!Жаңа жыл мерекесін өткізбес үшін, жасыл шыршаның бәрін шауып тастаймын. Содан кейін көрейін олардың мерекесін. Ха-ха-ха мен тұрғанда адамға жақсылық жоқ!Білдіңдер ме?Ха-ха-ха!

Балтасын сермеп, шыршаны шаппақ болып ұмтылады. Шырша сескеніп шегінеді.

Шырша:

-Балалар, құтқарыңдар!Меніжезтырнақ шауып тастамақ.

(Сол кезде балалар көмекке келеді)

Жезтырнақ қорқып кейін шегінеді .

Балалар: Тарт қолыңды шыршадан!

Сиқыршы:


Ұқсас жұмыстар
Ертегілер әлемінде
Кім білгір , кім алғыр сайысы
Математика әлемі туралы
Қ дыбысы
Қызықты математика
Түлкі мен қасқыр
Кім тапқыр
Қой қандай түлік
Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу
Cәлем саған мектебім!
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz