Айналаны қоршаған орта

Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Қазақстан ортақ үйіміз
Мақсаты: 1. Қазақстандағы ұлт өкілдері, олардың мерекелері мен тағамдары, ұлттық киімдері және қолөнер туындылары жайлы мағлұмат беру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін еліміздегі ұлт өкілдері және ортақ үйіміз Қазақстан жайлы мағлұмат аламыз.
V Жаңа сабақ
-Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?
-Қазақстан
Қазақстанда балалар көп ұлт-өкілдері тұрады екен. Атап айтсақ: қазақ, орыс, ұйғыр, түрік, өзбек, дүнген т. б.
Олардың өз тілдері, өздерінің ұлттық киімдері, тағамдары, мейрамдары қолөнер туындылары бар . Оның ортақ үйі-Қазақстан екенін айтып түсіндіру. Қазақ тілі мемлеккеттік тіл екенін айту.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
Әліппе дәптермен жұмыс:
«Ағайынбыз бәріміз»
Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын екі тосқауыл
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау
Болсын мәңгі ту да ортақ,
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ә. Дүйсенбиев VI Пысықтау
-Қазақстан республикасының мейрамдарын ата.
VII Бекіту
-Ортақ үйімізҚазақстанда достығымыз жарасқан ел екенімізді айтып түсіндіру.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Табиғат әсемдігі
Мақсаты: 1. Балаларға табиғатты оның құбылыстарын айту, тірі және өлі табиғатты таныстыру
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту, табиғаттың сұлу көркіне қызығушылық сезімін арттыру .
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме, серуендеу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз табиғат әсемдігін тамашалаймыз.
V Жаңа сабақ
Оразақын Асқардың «Суретші» деген өлеңін оқу. Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы «тірі» және «өлі» табиғаттың өзара байланысын түсіндіру. Күзде -шөптің қурауы, жапырақтың түсуі. Қыста -айналаны аппақ қар жапқан, өзенді мұз басқан. Көктемде -жер көгеріп, өзендер сылдырлап ағады. Жазда -айнала қызыл-жасыл гүл, аспан шайдай ашық.
Әңгімелеу барысында оқушылардың теңеулерді (эпитет) қолдана білуіне көңіл аударылады. Мәселен:Жаңбырлы күз, жомарт күз, алтын күз, жалтыр мұз, ұлпа қар, жасыл көктем, жайдарлы жаз т. б.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
Әліппе дәптермен жұмыс: Е. Өтетілеуовтың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»-өлеңін оқып беру.
VI Пысықтау
-Балалар табиғат нешеге бөлінеді ?
-тірі табиғатқа не ні жатқызамыз ?
-өлі табиғатқа ше ?
VII Бекіту
Әңгімеден кейін балаларды далаға алып шығып, өсімдіктерге, құстарға бақылау жасау. Айналаға қарап табиғаттың ең көрікті жерін тамашалайды. Ол жерді неге ең көрікті жер екенін түсіндіреді.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: 1Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз мен және менің отбасым деген тақырыпта әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Отбасы құрудың маңызы яғни болашақ әке мен ананың дені сау, сауатты, мейірімді болуы керектігін әңгімелеймін. Сонда отбасындағы баланың
Да дені сау қабілетті болатынын айтады. Балалар ата-анасын, үлкендерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керек.
Ата Апа
Ата-үлкен кәріміз Мейірімді апалар,
Қуат берер дәріміз Балалар кеп бата алар . . .
Әулиедей аялап Қалтасына кәмпит сап
Ардақтаймыз бәріміз Немереге апарар
Мен
Атам не айтса көнетін,
Апам көңіл бөлетін
Мен-осы уйдің кенжесі
Бәрі жақсы көретін
Отбасында үй жұмыстарына көмектесіп, тазалық ережелерін сақтау әрбір отбасы мүшесінің міндеті. Күн тәртібі ережелерін орындаудың маңызы туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Себетке оны салайық
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Суретте берілген отбасы мүшелерін ата.
2. Суретке қарап кім немен айналысып жатқанын айтып бер.
3. Ата, апамен қалай дұрыс амандасуға болады
4. Әкең мен анаң саған риза болу үшін не істеу керек.
VII Бекіту
Мақал-мәтел:Үлкенге құрмет
Кішіге ізет
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты: 1Үлкендердің еңбектері туралы, жеңістің, жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, мамандықтың суретін көрсету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Сабақты С. Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
Қарап тұрсаң, не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа
-Балалар суретте не бейнеленген?
-Адамдар немен айналысып жүр?
-Олар машинаның немесе көліктің қай түрімен жүұмыс жасап жүр?
-Не жинап жүр?
Балалар ауылдағы және қаладағы адамдардың еңбектері бейнеленген, Ауылдағы фермаларда малдарды, құстарды бағады оның етін қаладағы базарларға саудаға, жүнін фабоикаларына апарады, Міне адамның қызу еңбегі. Малдарға егіншілер шөп, бидай егеді. Ал тракторшы осы шөпті, жемді тасиды.
-Суреттегі тігіп отырған апай қандай мамандық иесі деп ойлайсың?
-Баланы тексеріп отырған тәтеші?
-Арнайы форма киген ағалар?
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Тігінші немен айналысады?
-Егінші не істейді?
-Тракторшы немен айналысады?
-Дәрігер қандай жұмыс істейді?
VII Бекіту
Мақал-мәтел: «Еңбек ер атандырады»
«Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей»
«Іздегеннің алдынан
Іздемей-ақ табылар»
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты: 1Үлкендердің еңбектері туралы, «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталау.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Мейірімділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, мамандықтың суретін көрсету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме,
Сабақтың түрі:Қайталау
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
II Сабақ мазмұны
-Балалар бүгін біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталаймыз.
Сабақты С. Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
Қарап тұрсаң, не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа
Н. Жанаев «Егінші»
Бітік егін өсіріп,
Еліне бақ сыйлаған.
Егінші ісін өс біліп,
Ол-халыққа сыйлы адам
М. Әлімбаев «Қозы»
Көп-кішкене, момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам: «Қозым»-деп,
«Қошақаным»-өзің деп
Сергіту сәті: : Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Себетке оны салайық
VII Бекіту
-Шопан не бағады ?
-Алынатын өнімнің суретін көрсет.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырың
Мақсаты: 1 Балаларға Қазақстан Республикасының халқы ешкімге тәуелсіз екенін, ! «Тәуелсіздік» ұғымын қалыптастыру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Мейірімділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, Қазақстан картасы, Қ. Р. рәміздері.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз «Тәуелсіздік тұғырың»-тақырыбында әңгіме өрбітеміз!
-Оны бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып, оң қолымыз жүрегімізде Қазақстан Республикасының Әнұранын айтамыз.
V Жаңа сабақ
Қ. Р. Рәміздерімен таныстыру. «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасымен таныстыру.
Қазақ халқының хандары:Тәуке, Әбілхайыр, Абылай хан. Билері:Төле, Әйтеке, Қазыбек би, ел қорғаған батырларНаурызбай, Бөгенбай, Қабанбайлармен таныстыру. Олар еліміздің көркейюіне, ұрпағының жалғасып, тәуелсіз ел болуға көп күш-жігерін, терін төкті.
Е. Өтетілеуов «Қазақстан»
Үлкен өзен, көлдері,
Үлкен орман, шөлдері.
Үлкен қала, тауы бар,
Елді?-ендеше табыңдар.
Әрбір қазақ баласы,
«Өзім сонда тұрам!»-дер,
Бұл қазақтың даласы,
Ата-бабам туған жер.
Сергіту сәті: Қара жорға әнінің 1-шумағына билеу
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
М. Әлімбаев «Қазақстан байрағы»
Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол қырандай еркіндер,
Бала өседі талапты.
VII Бекіту
-Қ. Р-ның президенті кім?
-Қ. Р-ның әнұранын кім жазды?
-Қ. Р-ның елтаңбасының, туының авторы кім?
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырың
Мақсаты: 1 Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Баланың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілігін оятып адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, Н. Ә. Назарбаевтың суреті, Қ. Р. рәміздері.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме,
Сабақтың түрі:Бекіту сабағы
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгін «Тәуелсіздік тұғырың» тақырыбын қайталап тәуелсіздік мейрамы қай күн екенін еске түсіреміз.
VI Бекіту
Балалар біздің мемлекет тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз деген. Ешкімге, ешқандай басқа мемлекеттерге бағынбайды өз билігі өз қолында. Өз президенті, өз елтаңбасы, туы, әнұраны, ата заңы бар. Біздің мемлекет Қазақстан болғандықтан мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Жалпы Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады. Мысалы:Қазақ, орыс, ұйғыр, татар, дүнген т. с. с. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан. Қазақ тілін Қазақстан азаматы білуіге міндетті. Дініміз ислам.
Өлең:Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілді,
Ортада-аспан әлемі
Құт, берекесі-шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда, -
Еркіндігім ел таңбам.
VII Қорыту
Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Туысқан елдер достығы
Мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстанға көршілес жатқан мемлекеттермен таныстыру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа көршілес елдерге туысқандық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгінгі сабақта туысқан елдер достығы туралы оқып білеміз.
V Жаңа сабақ
-Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?
-Қазақстан
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана
Қазақстаннан басқа тәуелсіз мемлекеттер бар екенін айтып, солармен қазақстан достық қарым-қатынаста екенін түсіндіру.
Көрші мемлекеттер:Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина
Олардың астанасы:
Өзбекстан-Ташкент
Түркменстан-Ашхабат
Тәжікстан-Душанбе
Қырғыстан-Бішкек
Сергіту сәті: : Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған келіп -ақ
Тыным тапсаң болмай ма
Секірмей-ақ кей уақ
Әліппе дәптермен жұмыс:Б. Ысқақов «Достық космодромы»
Мақтанышы даламның-
Байқоңырдың құшағы.
Ұрпақтары ғаламның
Осы жерден ұшады.
Байқоңырдан ұшқанға
Барлық әлем қарады.
Дос құшақтар аспанға
Көтеріліп барады.
VI Пысықтау
-Қазақстанмен қандай көршілес мемлекеттерді білесіңдер?
VII Бекіту
Көршілес мемлекеттердің астанасын ата ?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы: Мұнайшы және шахтёр
Мақсаты: 1. Мұнайшы, шахтёр мамандықтары туралы түсінік қалыптастыру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгінгі сабақта мұнайшы және шахтёр туралы оқып білеміз.
V Жаңа сабақ
Мұнайдан алынатын жанар- жағармай (бензин, керосин, солярка, смала, парафин) туралы әңгімелеп беремін. Мұнайдан парафин алынады. Парафинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз, торттарды безендіру үшін қолданамыз. Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ одан өрт шығу қаупі туып айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін. Сол себепті сақтық ережелерін ұмытпаған жөн.
Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып
Биікке қол созамыз
Бармақ басын қозғалтып
Беске жазу жазамыз.
Әліппе дәптермен жұмыс:Қ. Жұмағалиев «Мұнайшы»
С. Мәуленов «Шахтёр»
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Суретке қарап мұнайдан алынатын заттарды ата.
-Құрылыс материалдарынан мұнай мұнарасын құрастырып көр.
VII Бекіту
-Трактор қандай жанар-жағармаймен жүреді?
-Жеңіл көліктер қандай маймен жүреді?
-Самалет ше?
-Автобус ше?
-Трамвай немен жүреді?
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы:Тірі және өлі табиғат
Мақсаты: 1. Тірі табиғат және оның ерекшеліктері туралы, түсініктерін қалыптастыру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар далаға қарайықшы терезеден не көріп тұрмыз?
-Ағаш, аспан, жер, үй т. б.
-Дұрыс балалар ағаш, жер, аспан, үйлердің тасы осылардың бәрі табиғатқа жатады. Яғни бүгін сол табиғат туралы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Балалар табиғаттың өзі екіге бөлінеді тірі және өлі болып.
Тірі табиғатқа: өсетін, көбейетін, тыныс алатын, қоректенетін нәрселерді жатқызамыз.
-Қане кім айтады тірі табиғатқа нені жатқызуға болады екен?
-Адам, өсімдік(жеміс-жидек, ағаш, гүл т. б. ), жан-жануар, құстар.
Өлі табиғатқа: өспейтін, көбеймейтін, қоректенбейтін, тыныс алмайтын заттарды жатқызамыз. Сонда өлі табиғатқа қандай заттар жатады деп ойлайсыңдар?
- Тас, тау, су, топырақ
1. Орманда от жағуға болмайды.
2. Суға түкіруге болмайды.
3. Көк шөпті жұлуға болмайды көктей соласың
4. Өзен жағасына демалуға барсаң қоқысты тастамай, жинап кету керек.
Сергіту сәті:
Табиғатты сүйеміз
Қанат жаям жалма -жан
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
Әліппе дәптермен жұмыс:С. Мәмбетов «Бәйшешек»
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Өсімдікті өсіру үшін оған не қажет?
-Су, ауа, жылу керек.
-Адам сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін не керек?
-Дәрумені көп тамақ, таза ауа, жылу қажет.
VII Бекіту
Сюжетті сурет көрсету арқылы сабақты бекіту
1. Гүлге су құйып жатқан қыздың суреті.
2. Ағашты сындырып жатқан бұзақы баланың суреті.
3. Ауланы тазалап жатқан балалар суреті.
Балалар жағымды, жағымсыз істерді өздері талдайды.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы:Қысқы ағаш
Мақсаты: 1. Қысқы ағаштарды бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге үйрету.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар жазда күн ыстықта бізге көлеңке түсіретін, таза ауа сыйлайтын, жасыл болып тұратын не ол?
-Дұрыс бүгін ағаштағы қыстағы күйін өтеміз.
V Жаңа сабақ
-Қыста ағаштар қандай күйде болады?
-Жапырағы бар ма?
Қыста ағаштың күйі жапырағы жоқ, бұтақтарын қырау басып тұрады. Қар қалың жауса ағаш бұтақтары иіліп сәлем беріп тұрған тәрізді болады. Ағаш басына кейбір құстар ұя салады. Жазда тоқылдақ ағаштың діңіндегі зиян келтіретін құрт-құмырсқаны тазартады. Адамдар ақтап қояды.
Өлең: Ертеңгісін байқадым М. Әлімбаев «Қыс келбеті»
Жердің беті ақ қырау Аққу мамық ұлпа қар,
Дәл маржан деп айтамын, Жамылады қырқалар.
Төгілуге шақ тұр-ау, Шымшып аяз бетіңді,
Өзеніне, көліне Ширатады етіңді
Әдемі ою ойыпты,
Ағаштардың бәріне
Алқа тағып қойыпты.
Сергіту сәті:
Табиғатты сүйеміз
Қанат жаям жалма -жан
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Қыста ағаш күйі қалай болады?
-Ағаш не үшін керек?
-Пайдасы қандай?
VII Бекіту
Ағаштың суретін салғызу
VIII Бағалау Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта. Экология
Тақырыбы:Жануарлардың қысқы мекені
Мақсаты: 1. Жануарлардың қысқы мекені жайлы түсінік беру.
2. Ой-өрісін, сана-сезімін, дүниетанымын дамыту.
3. Мейірімділікке, шынайылыққа, адалдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып, құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін жануарлардың қысқы мекені жайлы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай жабайы аңдардың да өмір сүруі өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы қоршаған ортаның өзгеруіне қарай кейбір аңдар өздерінің түстерін өзгертеді. (қоян қыста ақ түске енеді, аю апанында ұйықтайды, аңдардың қыста азық табуы да қиынға сөғады) . Сондықтан оларға адам тарапынан қамқорлық қажет болады. Орманшылар қыс мезгілінде жабайы аңдарды өз қамқорлығына алып жан-жақты жағдай жасайды.
Тақпақ: Ж. Кәрбозин «Қоян»
Қоңыр күз
Жерде сыз
Өзенге
Қатты мұз
Қоян киді ақ тұлып
Сергіту сәті:
Табиғатты сүйеміз
Қанат жаям жалма -жан
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Қоян қыста қандай түске енеді?
-Жануарларға соның ішінде жабайы аңдарға қалай қамқорлық жасау керек?
VII Бекіту
Ойын: «Қай жануар қайда мекендейді?»
VIII Бағалау Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Күні:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz