Шебер қолдар. Ұлттық ою-өрнек

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдык мемлекеттік мекеме
« ШЕБЕР ҚОЛДАР»
Ұлттық ою-өрнек
Үйірме бағдарламасы
5 - сыныпқа арналған
Технология пәні мұғалімі : Солтанова Равия Икрамқызы
Төртүй ауылы
2014 жыл.
Түсінік хат.
Ою - өрнек қазіргі кезде үмыт болып бара жатыр. Қазіргі уақытта түскиіз, бітпес орнына кілем ілініп, сырмақ орнына кілем жайылады. Халықтық педагогика ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарамай баулыған. Сол себепті мен сәндік қолданбалы өнерге үйретуге өз бағдарламамды дайындауға жөн көрдім.
Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззәт береді. Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға толық түсіндіру. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар арқылы сәндік қолданбалы өнерге баулу. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Шебер әр бір жасаған үлгісіне ат қойып отырған және ұғым сыйғызған. Шебер ғана ою-өрнектің тілін білген. Бүгінгі біздер, ұрпақ ою тілін түсінуге тырысуымыз керек.
Ою - өрнектермен танысқан оқушылардың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және тұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамиды.
Өз сабағымда жаңа түр, жаңа мазмұн енгізу басты мақсатым.
Бағдарлама:
Авторлық бағдарлама мемлекеттік стандартқа сүйене отырып жазылды. Осы бағдарлама арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп, өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады.
Мақсаты:
Болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру.
Міндеті:
Ұлттың дүниетанымын, ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Күтілетін нәтиже:
Казіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін бағалап, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың практикада алған білімдерін өмірдле қолдануы. Жасалған бұйымдарды мектепішілік және қалалық көрмелерге шығару.
Аннотация
Бағдарламаның өзектілігі
Ою-өрнекпен жұмыс істеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында 5 сыныпқа арналған «Шебер қолдар » атты арнайы бағдарлама құрастырылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Оюмен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі- түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету.
Міндеттері:
- Эскиз салу;
- Түстердің сәйкестігін айқындау;
- Тиімді кестелеу әдісін үйрену;
- Композиция құрылымын анықтау;
- Шеберлікті арттыру
- Әсемдік пен сұлулықты айқындау
Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы:
- Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей кележатқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұқрпақты ұлттық, сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып талғам деңгейін, сұлулық іздеуге құштарлығын танытады.
- Ою өрнек өнерін көркем, эстетикалық талғаммен әсемдік пен сұлулықты бағалай, өрнектеп, әшекейлейді.
Өрнектерді орындау кезінде қойылатын талаптар.
- Қауіпсіздік ережесін мұқият есте сақтау.
- Жүргізілетін жұмыстың жеңіл жақтарын қарастыру.
- Жасалған жұмыстың өзіне әкелетін пайдасы барлығына көз жеткізу.
- Жасайтын жұмыстың қоғамға немесе өзіне әкелетін пайдасы барлығына
көз жеткізу.
- Қоғамға және өзіне ұнамды, жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей
білу.
- Ұлттық ою-өрнекті өз нақышына келтіріп орындай білу.
Оқушы нені білу керек?
- Ою-өрнектің шығу тарихын
- Оның сан -алуан түрлерін.
- Қыр-сырын. Жасалу жолдарын.
- Ою-өрнек туралы мәліметтерді.
Оқушы нені үйрену керек?
- Ою-өрнектің эскизін салу.
- Сызбасын түсіру және ою-оюды үйрену
Нені меңгеру қажет?
- Ою-өрнектің өзіне тән қолданылатын
жерін әр оюдың тілін жетік меңгеруі қажет
Тақырыптық күнтізбелік жоспар
5 сынып
Барлығы 34 сағат
Аптасына 1 сағат
№
Сабақтың тақырыбы
Сағат
теория
Прак-қ
күні
1
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы
1
1
2
Ою-өрнектің ежелгі нұсқаулары мен атаулары
1
1
3
Ою-өрнектің теориясы
1
1
4
Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері. Суретін салу
2
2
5
Оюлар әлеміне саяхат
2
2
6
Ою-өрнек дегеніміз не?
2
1
1
7
Ою-өрнек түрлерін топтастыру
2
2
8
Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері, үйрету әдістері
2
2
9
Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу, қию әдістері.
2
2
10
Өздігінен өю-өрнек жасау
1
1
11
«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау
2
2
12
«Аққу», «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау
2
2
13
Композициялық құрылысы, колорит, ырғақ, симметрия.
3
3
14
Қағазды төрт бүктеп ою, шексіздікке ұластыра ою. Жиек ою.
2
2
15
Шаршы ішіндегі ою
2
2
16
Өздігінен ою-өрнек жасау
1
1
17
«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгіме
1
1
18
«Сызба ою» үлгісін қию.
2
2
19
Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу
2
2
20
Қорытынды. Көрме ұйымдастыру.
1
1
Тақырыбы : Ою-өрнек. Оның шығу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақты түсіндіру. Көне заманнан келе жатқан ою-өрнектің қыр-сырына мән беру. Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйрету. Қызығушылықтарын арттыру.
Білімділігі: Ұлттық өнер түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты : Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : Тарих, биология, астрономия.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру .
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Архиологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы - еркіндік, азаттық, бейбітшілік, қошқар мүйіз оюы-молшылық, байлық - мазмұнын берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа, сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.
- Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы, сабағы, дәні/
- Зооморфтық ою-өрнектер / жануар, аң-құс, балық/
- Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.
Төл өнерімізді зерттеуге Европа ғалымдары еөп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыда талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанмен, олардың жасаған тұжырымының бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлшттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді.
Кезінде белгілі этнограф Садық Қасиманов 200 - дей оюдың атауы мен 50-ге жуық ою-өрнектің мазмұнын ашты. .
Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын қағазға түсірген. Ал бүгінгі таңда суретші - шебер, оюшы көне ою-өрнекті сабақтастыра отырып, жаңа ою-өрнек түрлерін дамытып келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде
Ендігі міндет - ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
- Ою-өрнек қалай пайда болды?
- Ою-өрнек қанша топқа бөлінеді?
- Дөңгелек нені білдіреді?
- Бейбітшілік, байлық, молшылық қай оюға мағына береді?
- Үйге тапсырма:
Табиғаттан /аң-құс/ алынған өрнектердің суретін дәптерге орындап келу.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің ежелгі
нұсқаулары мен атаулары.
Мақсаты : Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін үйрету.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Буклет, ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру .
Жаңа сабақ:
Қазақ ою-өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та ою-өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз.
Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқауларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлмә-дәл түсіруге ұмтылған. Суреттері: /қосымша/
Ою-өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдение шежіре.
Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Жаңа сабақты бекіту
Көне түріктердің түсінігі бойынша, құс ненің белгісі?
Балық нені білдіреді?
Ағаш ненің белгісі?
Үйге тапсырма : «Ою-өрнек» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің теориясы.
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қолөнеріне баулу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Оюлар түрлері, буклеттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу.
Сынып тазалығына назар аудару.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Өткен сабақты қайталау.
Карточкамен жұмыс.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. . «Ою», «өрнек» сөздері бір мағнаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім кешекке, тұскиізге, т. б. қолөнер кестелеп бейнеленетін бедер, мол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақ ою-өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме-дәлдігін cақтамай-ақ көзбен мөлшерлеп қиып, ою-өрнектің тең пропорциясын жасай білген.
Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады., дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады.
Композиция дегеніміз бөлшектерді, яғни ою-өрнектерді матаға біріктіру.
Ырғақ дегеніміз - ою-өрнектің ретімен қайталанып отыруы.
Ең үлкен рөл атқарушы - бояулары.
Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады.
Жаңа сабақты бекіту :
- Композиция дегеніміз не?
- Ырғақ дегеніміз не?
- Симметрия дегеніміз не?
- Бояулардың атқаратын рөлін түсіндір.
Үйге тапсырма:
Үйдегі сырмақтың өрнегін дәптерге түсіріп келу.
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірінен қолданыста келе
жатқан ою-өрнек түрлері.
Суреттерін салу.
Мақсаты: Қола дәуірі кезінде қолданылған ою өрнек түрлерімен таныстыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Оюлар түрлері, буклеттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сынып тазалығына назар аудару.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Өткен сабақты қайталау.
Жаңа сабақ.
Қола дәуірінде өмір сүрген өнер адамдарының әсемдікке деген құштарлығы және олардың танымдық дүниесі жартастарға бейнеленген суреттерден сезіледі Тасқа салынған суреттер ұра отырып салынған. Салынған суреттері заманына сай өмір сүрген адамдартың тіршілігі туралы мағлұмат береді және тасқа салған сурет арқылы өз ойларын жеткізе білген. Қазба жұмыстарында табылған құмыралар отқа күйдірмес бұрын үшкір ағашпен немесе сүйек арқылы түзу сызық, ирек сызык, сынық сызықтарды сызып геометриялық фигуралар салған. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектерндің магиялық және символдық мәні бар деп сенген.
Мысалы : дөңгелек - аспан, ирек - су, құсқанат- еркіндік, қошқар мүйіз-байлықты білдірген. Сол себекпті өз өрнектерінде қолданып отырған.
Күн мен түннің теңелген көрінісін бейнелеген «Наурыз» өрнегін дәптерге орындаймыз
Жаңа сабақты бекіту:
1. Тасқа салынған суреттер қандай мағлұматтар берген?
2. Көне замандағы ою-өрнек түрлерін ата.
3. Айша-бибі кесенесін құрайтын ою-өрнек түрі неше?
Үйге тапсырма:
Көне заманында қолданған ою-өрнетердің суретун салу.
Сабақтың тақырыбы: Оюлар әлеміне саяхат.
Мақсаты: Көрнекілік ретінде ілінген ою-өрнектің әрқайсысына тоқталып түсінік беру.
Қолданылған көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ:
Бүгін біз оюлар әлемәне саяхат жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз Мына суреттерге қарап, көне заман оюларын салыстырсақ неше саты жоғары дамығанына көз жеткіземіз. Уақыт өткен сайын жетіле бергенін байқаймыз, Сонымен өткен сабақта ырғақ, колорит-түс үйлесімділігі, симметрия, композиция ою-өрнекпен жұмыс істеу кезінде зор рөл атқарады. Ою сөзін латынның орнамент, ал өрнек орыстың узор сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
- Мүйіз элементтер
- Төртқұлақ өрнегің
- «Шаршы» ою өрнегі
- Ойма ою
- «Аққу» ою
- Тағында басқа ою түрлері, сынық ою, «құсқанаты» оюы
Шеберлік қабілетін дамытып, жетілдіру үшін оқушыларға өз бетінше ою-өрнектер үлгісін таңдатып, суретін бір парақ қағазға салдырамын.
Жаңа сабақты бекіту.
1. Ою-өрнектің латын, орыс тіліндегі баламасы қандай?
2. Колорит дегеніміз не?
3. Қандай ою өрнек түрлерімен таныстыңдар?
4. Көне заман мен қазіргі кез ою-өрнегінің айырмашылығы және даму сатысын түсіндір.
Үйге тапсырма.
Қол жаттықтыру.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек дегеніміз не?
Мақсаты:Жалпы ою-өрнек туралы мәлімет беру
Керекті құрал-жабдықтар: Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, қайшы, түрлі-түсті қағаз.
Қолданылған көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ:
Ою дегеніміз не? Әрине, ою-өрнектің бір түрі. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек түрлері бүгінге дейін түбегейлі зерттелген жоқ Оюдың әрбір элементінде көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына -мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынған ою бір басқак да жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше болады. Әбден машықтанған оюшы өз қиялынан шығарып, сол сәтте әдемі ою ойып бере алады.
Мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіру.
1. Ою-ойғанның ойы ұшқыр.
2. Үлгісі көптің өрнегі көп.
3. Өнер табу, өрге шабу.
Үлгі бойынша ою-өрнек жасау.
Жасалған ою-өрнектерді салыстыра отырып бағалау
Үйге тапсырма : Өнерге, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлерін топтастыру.
Мақсаты: Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға, үйренуге тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар : дәптер, қарындаш, қалам.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ:
Ою өрнек тарихына ой бөліп, көп мағлұмат алдық. Даму кезеңін байқап, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Ғалымдар ғылыми тілде ою-өрнек түрлерін төрт топқа топтастырды.
1. Хайуанаттар
2. Өсімдіктер
3. космогониялық
4. Геометриялық
Енді осыны таратып айтсақ:
- Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.
- малдың дене мүшесіне, ізіне байланысты оюлар.
- аңның дене мүшесіне байланысты оюлар.
- Құрт-құрмысқаға байланысты ою-өрнектер.
- құстарға байланысты ою-өрнектер.
- Жер, су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер.
- Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер.
- Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.
Осы ою-өрнектің қай түрін алсақ та, бәріне ортақ элемент-қошқар мүйіз. Мүйіз тектес оюлар- арқар, бұғы мүйіз. Марал мүйіз, сынар мүйіз. Текемет, сырмақ, тұскиіз секілді үй жиһаздарына жиі салынады, ұлттық нақышымыз десек те болады. Ою-өрнектің тілін білетін адам, шебер оюды өз орнымен қолданады.
Сабақты тиянақтау.
Оқушыларға деңгейлік тапсырма беріп, білімін тексеру . Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.
- Мүйіз тектес оюларды ата.
- Геометриялық фигураларды сызып, қиып көрсетіңдер?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz