Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Мен жақсы баламын. мектеп алды даярлық
Бөлімдері:Өзін-өзі тану Күні:
Сыныбы: мектеп алды даярлық.
Білім беру саласы: «Таным» «Денсаулық»
Тақырыбы: Мен жақсы баламын.
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-«Жақсылық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
-Бойларындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
-Жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиелеу.
Құндылықтары:Сүйіспеншілік.
Тыныштық сәті.
Шаттық шеңбері.
Өзім жақсы баламын. Б.Ысқақов.
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын,»
«Су әкеле ғой» десе,
Су әкеле саламын.
Өзім жақсы баламын.
Апа тілін аламын,
«Ойната ғой бөбекті»-
Десе ойната саламын.
Өзім жақсы баламын
Апа тілін аламын,
Кетсе кешке киноға
Үйде жалғыз қаламын.
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де барамын.
Әңгімелесу
-«Өзін-өзі тану» әлемінде нені үйренуге болады?
-Жақсы бала деп кімді айтуға болады?
Балалардың жауаптары.
Әңгімелеу.
Жақсылық пен жамандық.
Ертегі
Ерте,ерте,ертеде Жақсылық пен Жамандық атты адамдар өмір сүріпті.
Бір күні Жақсылық атына мініп, жолға шығыпты. Жолда оған Жамандық
кездеседі. Жақсылық онымен жол азығымен бөлісіп, әңгімелеседі. Бірақ
Жамандық Жақсылықты алдап,атына мініп кетіп қалады.
Жақсылық шаршап-шалдығып, жүре-жүре бір күркеге кеп тіреледі. Ол күркеге
келсе, ортада қазан толы ет асулы тұр. Жақсылық қазанға сұқ саусағын малып
қана, сорпаның дәмін көреді де, төбесіне шығып, жатып қалады.
Кешке қарай күркеге түлкі,қасқыр, арыстан келіп, тамақтанып, әңгімелесе
бастайды. Олар үшеуі көрген-білгендерін айтысады.Түлкі тұрып:
-Пәлен байдың қыстауында бір сүйем жерде тығулы жатқан бір құмыра алтын
бар. Мен күнде сол алтынды күзетіп жүрмін.
-Ал мен бір ала тоқтыны қарауылдап жүрмін.Пәлен жерде, пәлен байдың қызы
ауырып жатыр.Оның емін ешкім білмейді.Ол қызға ала тоқтының өкпесін жегізсе
ғана жазылады. Оған қоса байдың емдеген адамға қызын берем деген жарлығы
бар,-дейді қасқыр.
-Мен де күнде бір байдың жылқысын жеймін. Мені ешкім қуып жете алмайды.
Бірақ сол байдың жылқысының ішінде маған жететін бір ғана ала тайы бар,
оны ешкім білмейді. Ол байдың да арыстанды ұстағанға бір үйір жылқы берем
деген жарлығы бар,-деп арыстан мақтанады.
Ертеңгісін Жақсылық қайтадан жолға шығады. Ол байдың үйіне жетіп, әлгі
ауырып жатқан қызды ала тоқтының өкпесімен емдеп жазыпты. Ал бай оған қызын
қосыпты.
Жақсылық қызды алып, пәлен жердегі қыстауға барып, алтынды қазып алады.
Енді Жақсылық жылқысын арыстан жейтін байға келеді. Ол жылқының ішінде
жүрген ала тайды алдырып, оны ерттеп мініп, арыстанды ұстайды. Ал бай
уәдесінде тұрып, оған бір үйір жылқысын беріпті.
Сөйтіп, Жақсылық бай болыпты. Жыл артынан жыл өтіп, бір күні
Жақсылықтың үйіне Жамандық келіпті. Ол арып-шаршаған, өзі қайыршыға
ұқсаған.
-Жақсылық көрген-білгенін айтып, Жамандықты жолға шығарып салады. Жамандық
күркеге кеп, шыдамай қазаннан бір тоқпан жілікті алып жеп, сорпадан бес-
алты рет ұрттап, күркенің үстіне шығып, жатып қалады.
Кешке қарай түлкі, қасқыр, арыстан үшеуікеліп, ет пен сорпаның
ортайғанын біліп, күркенің үстінен Жамандықты тауып алып, жеп қояды.
Осылай Жамандық жамандығына қарай ит-құсқа жем болыпты
Жақсылық жақсылығына қарай мұратына жетіп, бақытты өмір сүріпті.
-Қалай ойлайсыңдар, Жақсылықтың бойында қандай қасиеттер басым?
-Жамандықтың ісін қалай бағалар едіңдер?
-Достарың сендерді алдап кетсе,не істер едіңдер?
-Ал, сендер өздеріңді қандаймын деп ойлайсыңдар?
Өздерің туралы айтып көріңдерші.
Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім қорытындылайды.
Ертегідегі кейіпкерлер сияқты әр адам жақсылығына қарай жақсы атқа ие
боп, жаман қылығына қарай жамандыққа тап болады. Сол себепті де, адамның
жақсы, жаман болуы өзіне байланысты екен. Әр бала әрқашан жақсы болуға,
жақсы істер жасауға тырысып, біреуге жамандық ойламай, өтірік айтпай, әділ
болуы керек.
Сергіту сәті.
Мұғалім сыйы.
Жақсылық пен Жамандық.
Ерте заманда Жақсылық пен Жамандық дос болыпрты. Жақсылық тал ексе,
Жамандық сындырып, құсқа ұя салса, бұзып тастапты. Бірде қатты дауыл тұрып,
бет қаратпайтын жел болыпты. Бұлар тығылатын жер таба алмай тұрғанда, тал
өзінің жапырағымен Жақсылықты қопғапты, Жамандық желмен домалап, үсті-
басын қатты жарақаттапты.
Қатты шөлдеген екеуі бір жұтым су таба алмай өлер болғанда, қарлығаш бір
тамшы су әкеліп Жақсылыққа ұсыныпты.Жақсылық оны Жамандықпен
бөлісіпті.Жамандық өзінің жасағандарына қатты ұялып, енді тек қан жақсы
істер жасауға уәде беріпті.
Ойын. «Жақсы бала қандай?»
Балалар шеңберге тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып, бір-бірінің
алақандарын ұрады.
-Жақсы бала ұқыпты.
-Жақсы бала сыпайы.
-Жақсы бала мейірімді.
-Жақсы бала тіл алғыш.
-Жақсы бала өз отбасын жақсы көреді.
-Жақсы бала достарын сыйлайды.
-Жақсы бала достарын тыңдайды.
-Жақсы бала мұғалімін сыйлайды.
-Жақсы бала табиғатты қорғайды.
-Жақсы бала өз Отанын сүйеді. т.с.с.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген мазмұнды суреттер арқылы әңгіме құрастыру.
Дәйексөз
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» нақыл сөз бүгінгі сабақтың дәйексөзі
ретінде түсіндіріледі.
Бала айналасындағыларға, отбасындағы адамдарға, достарына қарап өседі.
Олардың жасаған әрбір әрекетіне өзінше баға береді. Жақсы немесе жаман
екенін айырады. Өмірде жақсы азамат болып өсу үшін әр бала
айналасындағылардан тек жақсы қылықтарды үйреніп, жаман әрекеттен аулақ
болуы керек екенін айтып түсіндіреді.
Жағдаяттарды талдау.
Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге, достарына бір сөзді
айтуды ұмытып кетті.
Ол қандай сөз?
Топтағы бөлме гүлдерін суғарамыз деп Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір
бұтасын сындырып алды. Ертеңінде оны байқаған апай:» Балалар, мына гүлді
кім сындырды?»-деп сұрады..
Айгүл мен Айжанның орнында болсаңдар, сендер осы сұраққа қалай жауап
бересіңдер?
Қорытындылау.
-Жақсы бала деген атқа лайық болу үшін біз ұқыпты, тілалғыш. Шыншыл, адал,
қайырымды, еңбекқор, әдепті болуымыз керек. Тек сонда ғана сендер осындай
жақсы қасиеттеріңмен айналаңдағыларға сыйлы, сүйкімді бола аласыңдар. Біз
жүрегі жұмсақ, қамқор балалар ғана осындай жақсы азамат болып өсетінін
білдік.
Соңғы тыныштық сәті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz