Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Компьютердің қосымша құрылғылары. 7 сынып
Сыныбы : 7 пәні : информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары .Ақпарат тасығыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен және алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әр түрлілігін көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс істей білуге үйрету, ақпарат тасығыш құралдармен жұмыс істей білуге дағдландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, компьютерде жұмыс жасау барысында үнемі қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, практикалық жұмыс, СТО технологиясының элементтері
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, электронды оқулық, трек-сызба,слайд.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезені
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
б) оқушыларды түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу
в) топтың атын, ұранын айту
І топ: <<Алғырлар>> ІІ топ: <<Тапқырлар>>
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
<<Кім жылдам?>> Венгр сөзжұмбағы
ІІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Оқушылар білуі тиіс: Көп тараған қосымша құрылғылардың (дыбыстық бағандар, микрофон,принтер,сканер, модем) қызметін және олардың сипаттамасын, ақпарат тасығыштардың түрлерін,олардың қызметі мен сипаттамаларын, <<ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы>> түсігігін.
Оқушылар үйренуі тиіс: Құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін,ақпарат сыйымдылығын.
ІV Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
1. Қызығушылықты ояту. Ребус шешу
-Балалар,ребусты шешкенде қандай сөз шықты?
- Компьютер
-Ендеше, бүгін біз сабақта компьютердің құрылғылармен танысамыз.
2. Мағынаны тану. а)Электронды оқулықтан мәтін тыңдату
Әр топ төменде көрсетілген кестені толтырады
Құрылғылары
Тағайындалуы
Орналасуы
Негізгі және қосымша
ә) <<Артық болмас білгенің>> мұғалімнің кесте арқылы түсіндірмесі
Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады.Компьютердің
Қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары,микрофон,принтер,сканер,модем және т.б жатады.
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер - ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.Принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады.
Лазерлік принтерлер түрлі түсті және ақ-қара болып келеді.Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден басып шығару жылдамдығымен,бір минутта басып шығару жылдамдығы жоғары, ал басылған парақтың өзіндік құны төмен болғандықтан лазерлік принтерлерді әртүрлі ұйымдарға пайдаланады.
Сканер - мәтіндік және графикалық ақпараттты (суреттерді,сызбаларды және т.б) қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға,фотосуреттерді-бейнелерді өңдеу программаларына аударады және т.с.с.
Көпфункционалды құрылғылар (КФҚ) - бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир.
Мұндай құрылғылардың ерекшелігі-оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға боладыОлар бүріккіш те,лазерлік те болуы мүмкін.
Модем - компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Ақпарат тасығыштар:
* Қатты диск(винчестер);
* Жұмсақ диск(дискета);
* Лазерлік дискілер (CD,DVD);
* Флеш жады.
Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші-олардың сыйымдылығы.
Сыйымдылық -тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Қатты дискі - үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан қатты дискі компьбтердің сыртқы жады болып табылады.
Дискета-шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам - дискі негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы. Ал DVD-дискі - үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.
Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар - ол флеш-жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары.
б) Топтастыру әдісі, Постермен жұмыс
І топ ІІ топ
Қосымша
құрылғылар
Ақпарат
тасығыштар
в) Топтарға тапсырмалар
І топ: ІІ топ:
1-тапсырма 1-тапсырма
2-тапсырма 2-тапсырма
Пернетақтаның бөліктерінің атауын жаз
3-тапсырма 3-тапсырма
<<Ойлан, тап!>> <<Ойлан-тап!>>
4-тапсырма
Практикалық жұмыс.ТҚ ережесімен таныстыру
Ітоп
І тапсырма
Компьютерді қосып, ақпарат тасығыш құрылғыларының сыйымдылығын қарастыру
ІІтоп
І тапсырма
Компьютерді қосып принтер, сканер,модем, дыбыс колонкалары жұмыс жасау.
Сергіту сәті.
V Сабақты бекіту. Жұмбақ шешу
1. Бар нәрсеге жетік,
Миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп,
Кетесің шетелге де өтіп.
(компьютер)
2. Әдетте үнсіз тұрамын,
Белгі берсен ұғамын.
Жазуы бар қағаздың,
Құралы боп шығамын.
(принтер)
3. Компьютердің айнасы,
Бағдарыңды таңдашы.
Сурет, сөзін көрсетіп,
Тиер саған пайдасы.
(монитор)
ҮІ Сабақты қорыту Activoite тестілеу құрылғысы арқылы тест шешу.
1. Графикалық ақпаратты (суреттер,сызбалар және т.б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
А) сканер
В) принтер
С) монитор
Д) пернетақта
2. Төмендегі көрсетілгендердің қайысысы компьютердің шығару құрылғысы?
А) сканер
В) пернетақта
С) тышқан
Д) принтер
3. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?
А) монитор
В) колонкалар
С) сканер
Д) микрофон
4. Артығын көрсетіндер:
А) сканер
В) тышқан
С) пернетақта
Д) процессор
5. Микрофон,Сканер,Тышқан қатарын төменде көрсетілген сөздердің бірімен (мазмұны бойынша) аяқтандар:
А) пернетақта
В) жүйелік блок
С) дыбыс құлақтығы
Д) монитор
БББ стратегиясы:
Білгенім
Білдім
Білгім келеді
Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу
ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау (бағалау парақшалары арқылы)
Тапсыр-
малар
Топ
аттары
Үй
тапсыр-масы
Ребус
Кесте
Постермен
жұмыс
Тапсырмалар
Практикалық
жқмыс
Жұмбақ
шешу
Тест
Қорытынды
бағалау
1
2
3
4
"Алғырлар" тобы
"Тапқырлар" тобы
ҮІІІ Үй тапсырмасы: Компьютердің қосымша құрылғылары Ақпарат тасығыштар.
Оқу, тест құрастыру
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz