Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері


<<Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері



Тәрбиеші: Н.Сейлбекова




Сабақтың тақырыбы: <<Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері>>
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға өрт қауіпсіздігінің мақсат, міндеттері туралы әңгімелеу
Дамытушылық мақсаты: Өрт қауіпсіздігі туралы түсініктерін дамыту
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Өрт қауіпсіздігін оқытудың мақсат, міндеттері
Өрт сөндіру екі сатыдан тұрады.
* Жануды оқшаулау
* Жануды жою
Жануды оқшаулауға:
* Күштер мен құралдардың қажетті мөлшерін әрекетке дер кезінде шоғырландыру және енгізу
* Оқпаншылардың позицияларға тез шығуы және олардың епті әрекеті
* Өртке қарсы ажыратуды құру
* Өрт сөндіргіш заттарды үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі

* Өртте жануды жоюға.
* Жануды оқшаулау кезеңінде енгізілген күштер мен құралдардың отқа шешуші шабуылы
* Оқпанмен епті маневр жасау
* Өрт көлемінің оны жою шамасына қарай ену
* Өрт сөндіргіш заттарды жануды оқшаулауға берген мөлшерде үздіксіз беру арқылы қол жеткізіледі.
Өрт қауіпсіздігінің ережелерін білген өзімізге жақсы. Өрт ойламаған жерден шығады . Өрт шықпау үшін ережелерді жақсы меңгеру керек.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: <<Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы>>
Сабақтың білімділік мақсаты: Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Ой- өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Мемлекеттік өрттен сақтандыру ұйымы барлық мекемелерді, жекеменшік орындарын, үйлерді өрттен сақтайды. Ол жерде арнайы өрт сөндіретін құралдары, көліктері шақырған кезде келетін, яғни өрт болған жағдайда көмек көрсететін ұйым.
Бұл жердегі адамдар үлкен қызметтер атқарады. Әрқайсысының өз жұмыстары бар. Мысалы: Бір жерде өрт шыққаны туралы осы ұйымдарға сымтетік арқылы хабарлассаң келіп өз көмектерін көрсетеді.
Бірақ осындай жағдайларды болдырмау үшін өзіміз сақ болғанымыз жөн.
* Күкіртпен ойнамау керек.
* Ток көзіне бір зат тықпау
* Темекі шекпеу
* Өз-өзіңіе сақ болу
* Ашық тұрған патронға ағаш тықпау
* Тез жанғыш заттардан (жанармай, керосин, саляркадан) аулақ болу керек.
Өзің үнемі дұрыс жолмен жүрсең қатерлі нәрсеге кезікпейсің.
ІІІ. Сабақты қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: <<Өрт неден шығады>>
Сабақтың білімділік мақсаты: Өрт неден шығатындығы туралыайту.
Дамытушылық мақсаты: Өрт туралы білімдерін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
* Өрт неден шығады?
* Өртті болдырмау үшін не істеу керек?

Өрт көбінесе ойыннан шығады. Мысалы: күкіртпен ойнап отырған бала қағазды жағып жібереді, оған қызықтап қарайды. Өрттің жаман екенін түсінбейді.
* Өрттен түрлі жарақаттар алады.
* Адам күйіп қалады
* Үйдегі мүліктердің барлығы жанып кетеді.
Сондықтан күкіртпен ойнама, құрғақ ағаштың жанына темекі тастама.
Үйде шөптің қасында күкірт жақпа, үлкен өрт шығып кетеді. Шөп тез ұштанады. Жанғыш заттар бензин, керосин, соляркадан аулақ бол. 200 V-тың ток күші адамды өлтіріп жібереді,сондықтан көшеде келе жатқан кезде салбырап тұрған сымның қасына жақындама.

ІІІ. Сабақты қорытындылау
.

Сабақтың тақырыбы: <<Мектепте өрттен қорғану және оны қолдану>>
Сабақтың білімділік мақсаты: Мектепте өрттен қорғану және оны қолдану туралы айту.
Дамытушылық мақсаты: Өрт туралы білімдерін арттыру
Түзету мақсаты: Сабақ барысында дыбыстарын қадағалау
Тәрбиелік мақсаты: Өрт қауіпсіздігін сақтауға баулу.
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ
Мектепте өрттен қорғану үшін жанғыш заттарды қолданбау.
Өртті алдын-ала болдырмау амалын қарастыру қажет.
Мектепте, сыныпта ашық тұрған ток көздеріне шеге, сым, темірден жасалған заттарды сұқпау. Теледидарды токқа сұғып қалдырмау, өзіңе-өзің сақ болсаң ешқандай оқыс жағдай болмайды.
ІІІ. Сабақты қорытындылау

Бағыты: Азаматтық құқықтық тәрбие.
Тақырыбы: <<ҚР мемлекеттік рәміздері>>
Мақсаты: Балалардың бойындағы азаматтық-патриоттық сезімін ояту, туған жерін,елін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелеуге үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: Елтаңба суреттері, альбомдар.
Барысы : Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
Біз елімізді жақсы көреміз бе?
Осы өзіміздің елімізге, жерімізге қандай тілектер білдірер едіңдер?
* Елімізде тыныштық болсын!
* Еліміз бай болсын!
* Соғыс апаты болмасын!
* Бейбітшілік болсын!
* Бас қаламыз қай қала?
* Республикамыздың қандай рәміздері бар?
* Қазақстан жалауының авторы кім?
* Елтаңбамыздың авторы кім?
Балалар, әнұран бізді Отансүйгіштік сезімге бөлейді. Өйткені еліміз, жеріміз туралы сезімдер осы әнұранда жырлаған. Елтаңба мен Туды көзбен көріп, қолымен ұстауға болатын болса , ал Әнұранын естисін.
Әнұранымыз мемлекет басшылары бір- бірімен кездескенде, үлкен жиналыстардың ашылуын да және мектебімізде айтылады.
Қазақстан Республикасының жалауының түсі көк, ашық тартымды, табиғатқа жақын, көніліне сенім ұялататын кемпірқосақтағы жарқыраған жеті түстің бірі, аспан мен судың түсі
Көк түс шындықты, тазалықты, адалдықты белгілейді. Жалаудағы күн - Әмір күші . Күннің жылжуымен уақыт, апталар мен айлар өлшенеді. Қыран құс бүркіт- еркіндіктің , тәуелсіздіктің белгісі, алға қойған мақсатқа , шырқар биікке , болашаққа самғайды.
Жалауға деген құрмет- әрбір мемлекеттің маңдайында. Ал, мемлекетіміздің Елтаңбасы- дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ , бұл әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып тұрғандай . Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр. Бей бітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн сәулесі, киелі қос тұлпар, адам баласының досы. Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған , достықты ұстап тұр
Ал , бес жұлдыз- барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. <<Қазақстан >>деген жазу <<Қош келдіңіз, бізге>> дегенді айтып тұрғандай.


Қорытынды: Қазақстан Республикасының рәміздерін әрдайым құрметтеп қастерлейік , бағалай біліп құндылығын жоғалтпайық,балалар.

.

Бағыты: Кәсіби - шығармашылық тәрбие.
Тақырыбы: <<Мамандықтың бәрі жақсы>>
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлықтарын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандығы туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар білуге үйрету. Адамның белгілі бір еңбек іс-әрекет саласына енуге ұмтылысын қалыптастыру. Өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік:көлік түрлері, түрлі мамандық иелері туралы суреттер.
Түзету мақсаты: : Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:
Бір керуен жүреді екен қатар түйе
Ауызынан жалын шығар будақ күйе.
(поезд)
Сымға асылып.
Жүр асығып.
(троллейбус)
Құстан аумайды
Көкте зулайды.
(ұшақ)
-Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?
- Көлік не үшін керек?
Сурет бойынша мамандықтың аттарын атау.
-Автобусты кім айдайды?
-Ұшақты кім айдайды?
-Ал поезды кім жүргізеді?
-Енді, мына машина бірнеше бөлікке бөлінген, соны құрастырыңдар.
Қорытынды:
Қандай мамандық түрлерін білдіңдер? Мамандықтың барлығы жақсы ,ең бастысы өзің таңдаған мамандықты ұнатып, соған қызығу керек . Сонда ғана өзін таңдаган жұмысың жемісті де, қызықты болады.

Бағыты:Экологиялық тәрбие.
Тақырыбы: <<Жабайы аңдар>>
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін бекіту.Қазақстанның түрлі табиғат аймақтарын мекендейтін жануарлармен таныстыру.Сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру мекені, қоректенуі туралы түсінік беру. Балаларға жоспарға сай әңгімелетіп үйрету. Жан-жануарларды қорғау оларға қамқор болуға, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез- құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге және оларды қорғауға үйрету.
Жаңа сөздер:
Жабайы аңдар, бөлтірік, көжек, қонжық.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:
* Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?
* Неліктен жабайы аңдар дейміз?
* Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
* Мына суреттерде не бейнеленген?
* Аю балаларымен не істеп жатыр?
* Аюдың баласын қалай атайды?
* Қасқырдың балалары нешеу?
* Түсі қандай? Олар не жейді?
* Қасқырдың, түлкінің,қоянның балаларын қалай атайды?
* Олар қай жерде өмір сүреді?
Осы аңдарды мына суреттерден басқа тағы қай жерлерде көрдіңдер?
Қоян қорқақ-ол сәбізді жақсы көреді, түлкі қу-терісі әдемі.
Тиін жаңғақты шағып жейді, қасқыр батыр.
Аю аңқау- балды жақсы көреді....
Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығы неде?
Жабайы аңдар түзде, орманда өмір сүреді. Ал , үй жануарлары қолда, үйде өмір сүреді.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен, ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына, қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап, көжегі екен өзінің.

Қорытынды:
-Біз суреттерден не көрдік?
Қандай жабайы аң түрлері бар?

Бағыты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Мектеп, оқу құралдары>>
Мақсаты:Мектеп туралы түсінік беру. Оқу құралдарының атын атауға, әңгіме құрастыруға, жолдастарының айтқанын тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету. Ой-қиялын дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Мектепті құрметтеуге оны қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Оқу құралдары, суреттер.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап, түзету.
- Балалар мына суретке қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?
- Мектептің балабақшадан айырмашылығы не?
- Қандай жақындықтары бар?
- Балабақшадан кейін қайда барасыңдар?
- Сендер онда немен айналысасыңдар?
- Мектепте қандай сабақтар оқиды?
Балалар мектептегі оқу құралдарының мынадай түрлері бар:
Парта, орындық, кітап, қалам, дәптер,қаламсап т.с.с. көптеген оқу құралдары бар.
Ойын шарты:
* Мен сендерге доп лақтырамын, сендер допты қағып алып оқу құралдарын атаңдар.

* - Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Әр түрлі заттардың атын атаймын, сендер тек мектепке қажетті затты атағанда ғана, қол соғасыңдар.
Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық, тақта, машина, пышақ, төсек.
Енді мына суретке қараңдар, нені көріп тұрсыңдар? (парта, тақта, терезе, сынып)
Қорытынды:
* Немен айналыстық мектепте қандай сабақ болады?

Бағыты: Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Менің туыстарым>>
Мақсаты: <<Өзара сыйластық>> ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;
-туыстарға деген сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуынбақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы: Балалармен бірге шеңбер құрып тұрамыз,бір-бірімізбен сәлемдесіп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтамыз.
* Сен әдептісің,
* Сен мейірімдісің,
* Сен қамқорсың,
* Сен ақкөңілсің,
* Сен шыншылсың.
Балалар туыс деп кімді айтамыз?
Өздеріңе ең жақын адамды туыс деп айтамыз. Олар әке, ана, ата, әже, аға, әпке, іні, сіңлі.
-барлық адамдардың өздерін жақсы көретін, жанашыр жақындары бар. Олар біздің туыстарымыз. Туыстар әрқашан да бір-біріне көмектеседі.
Өз туыстарың жайлы әңгімелеп беріңдер.
* Әжең үйге қандай көмек береді?
* Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?
* Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің?
* Үйлеріңде гүлдер өсіресіңдер ме?
* Гүлдерді қалай күтесің?
* Енді, балалар, осы <<туыс>>деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтайық. Мысалы: менің туыстарым тату болсын, бір-біріңді ренжітпеңдер,сыйлаңдар т.б.

Қорытынды:
Туысқандарыңмен қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?
Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншіліктен туындайды. Өзара түсіністік, сыйластық болғанда ғана туыстар арасында татулық орнайды. Туыстарды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдарымыз.

Бағыты : Рухани адамгершілік тәрбиесі

Тақырыбы: <<Досыңның аты кім?>>
Мақсаты: <<Дос>>, <<Достық>> құндылығы туралы түсінік беру.
-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
-достаса білуге тәрбиелеу.
Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы :
Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?Кәне, осы суретке қарап әңгіме құрастырайық .
* Балалар , бұл суреттен бір-біріне қамқор, тату адал достардың суреттерін көріп тұрмыз. Біз осы достық аялдамасында дос , достық туралы біліп бір- бірімізбен достасуды үйренеміз.
Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіндер?
Балалар , достық дегеніміз екі адамның арасындағы силастық. Достар бір- бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Топтағы барлық балалар бір- бірлерімен доссындар Балалар, барлығымыздың да достарымыз бар. Олар сүйкімді, әдемі, мейірімді, қайырымды. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көріңдер.
-достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды, сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңеген.
Қорытынды:
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарын ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.

Бағыты: Еңбек және экономикалық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Гүл түрлерін жасау>>
Мақсаты: Гүлдер туралы түсініктерін дамыту, қалыптастыру. Табиғат туралы түсінік беру. Бірлесіп, ұжыммен жұмыс істеп отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: гүлдерге байланысты суреттер т.б.
Барысы: Балалармен бірге шеңберге
тұрып, өлең шумақтарына сәйкес
қимыл - қозғалыстар жасау.
Армысың асыл күн,
Армысың ашық аспан,
Армысың достарым,
Сендерді көрсем қуанам
- Балалар біз бүгін гүлдерді жапсыру арқылы жапсырамыз.
- Балалар орман деген не?
- Ал, орман нелерден құралған?
- Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер?
- Ал, біз гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?
- Балалар гүлдерді аяқпен басуға болама?
- Ал, оларды жұлуға болама?
- Гүлдерге біз не құйсақ өседі?

- Орман ол сұлу табиғат, ауасы таза.
- Орман ағаштардан, гүлдерден құралған.
- Қызғалдақ, раушан, түймедақ, қоңырау гүлі, жауқазын т.б.
- Біз гүлдерді анамыз бен әжемізге, әпкелерімізге сыйлаймыз.
- Гүлдерді аяқпен басуға болмайды, жұлуға болмайды.
- Гүлдерге біз су құйсақ өседі.

Сергіту сәті:
Жел еседі бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Кіп-кішкентай бұтақтар,
Үп-үлкен боп өседі.

Қорытынды:
Орман, гүлдер туралы не білдіңдер?

Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру.

Тақырыбы: <<Менің сүйікті қалам>>
Мақсаты: Балалардың қала туралы білімдерін тиянақтау,тіл байлығын, ой-өрісін,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, елімізді, қаламызды сүюге баулу, қаламыздың тарихы ескерткіштерін аялауға, демалыс орындарында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы :
-Балалар біз қайда тұрамыз?
- Қаланың үйлері қандай болады?
-Ауылдан өзгешелігі қандай?
-Қандай қалаларды білесіңдер?
-Қаламыз қандай?
-Көрікті жерлерін атаңдар?
Қаламыз тамаша,
Құлпырады тамаша.
Күннен күнге көркейіп,
Қуанамыз балаша.
Біздің қаламыз таулы аймақта орналасқан. Табиғаты өте тамаша. Сулы, құнарлы жерлері көп. Қаламыздың ортасында Төле би бабамыздың ескертіші бар. Қаламызға келген қонақтар естелік болсын деп, сол ескерткіштің жанына суретке түседі және әдемі саябақтарымыз бар.
Қорытынды:
Қаламыздың ауасы таза, табиғаты сұлу,гүл бағы көрікті болуы үшін бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек.ол үшін көп гүлдер, ағаштар отырғызып көгалдандырып күтуіміз қажет. Қаламызды гүлдендіре білейік.

Бағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы: <<Сәлемдесе білейік>>
Мақсаты: : Халқымыздың салт - дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы
түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді
сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.
Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым
- қатынас жасай білуге баулу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы :
Амандасу.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсіз бе, амансыз ба?
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз тату болайық!
Сәлемдесу адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.
<<Сәлем - сөздің анасы>> деп неге айтқан?
Үлкен адамдарға сәлем беру - кішінің міндеті. Сәлем беру инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
Балалар, үлкен атаны көргенде қалай амандасады?
Ал, қыздар ше?
Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?
Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.
Бәріміз хормен айтамыз.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәрінен де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіз бе, ағай!
Сәлеметсіз бе, әже!
Амансыз ба, атай!
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,
алдынан қия өтпей сәлем беру ата - дәстүрімізде бар қасиет.

Қорытынды:
Міне, балалар осының бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?
Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.
Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.
Сәлем беру - кішіліктің белгісі
<<Әдептілік бергісі - иіліп сәлем бергені>>
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.
.

Бағыты : Еңбек және экономикалық тәрбие.

Тақырыбы: <<Саңырауқұлақ>>
Мақсаты: Саңырауқұлақты мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Табиғат көріністерін көре білу және қорғауға үйрету. Ұқыптылыққа мейірімділікке тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы :
Балаларға саңырауқұлақ дегеніміз не екенін түсіндіру. Олардың қайда өсетінін, жылдың қай мезгілінде өсіп шығатынын, қандай жерлерде өсіп шығатынын айтып өту. Саңырауқұлақтың адамзатқа пайдасы мен зияны туралы түсіндіру. Саңырауқұлақты адамдар қай кезде, не үшін пайдаланатынын түсіндіру. Суреттерін қолдарына ұстап мұқият қарап шығады.
Сергіту сәті.
Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен күнсің, көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Қорытынды:
Саңырауқұлақ қайда өседі?
Бізге пайдасы бар ма?
Саңырауқұлақ теруге кім барды?

Бағыты :Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы: <<Үй киім мен мектеп киім>>
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Мектеп киім мен күнделікті киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге үйрету.Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы :
-Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа-райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
-Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едіңдер? Аттарын атаңдар.
Костюм, куртка, пальто.
Көйлек, кофта, шалбар, юбка.
* Киімдерді кигенде қалай киуіміз керек?
* Киімді қайдан аламыз?
* Киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болады.
Киімді таза, ұқыпты кию керек. Сабақтан кейін мектеп киімді міндетті түрде ауыстырып, үй киім кию керек.

Сергіту сәті.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.

Қорытынды:
Киімдерді қалай кию керек?
Мектеп киім мен үй киімнің айырмашылығы неде?

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.

Тақырыбы: <<Мен қамқор боламын>>
Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
- қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру;
- қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;
- қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;
<<Қамқорлық>> деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бізге үйде, балабақшада, мектепте кімдер қамқорлық көрсетеді?
Сендер кімдерге қамқорлық жасай аласыңдар?
Жақсылық жасап, бір-біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес, жасаған қайрймды ісінен танимыз. Балалар, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

Сергіту сәті.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
* Қамқор бала ағашқа (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады;
* Қамқор бала әжесіне, атасына су ( орындық, таяқ) әкеледі;

Жақсылық жасау - әдептілік.
Үлкен кішіге қамқорлық көрсету- жақсылық.
Қорытынды:
* Біз бүгін үлкендерге, кішілерге, қол ұшын беріп, қамқор болуға үйрендік. Жасаған қамқорлығымыз, қайырымымыз, көмегіміз ешқашан ізсіз кетпейді. Қайта соның бәрі өзімізге жақсылық болып оралады. Жақсылықты риясыз жасаған дұрыс.

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Тазалықшының кеңестері>>
Мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеу жағымсыз нәрселерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы ,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
<<Бірінші байлық-денсаулық>> деп жайдан - жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің сұлулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

* Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
* Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
* Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
* Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.
* Адамдар не үшін жуынады?
* Сендер қолдарыңды беттерінді жуасыңдар?
* Жуынбай жүрген баланы қандай бала?
* Салақ бала неге ұшырайды?
Балалар тазалық үшін қандай заттар керек?
Сабын, су сабын, тіс щеткасы, тіс пастасы, тарақ.
-Міне балалар, сендер тазалыққа керек заттарды білесіңдер.
Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің - ақ қолынан келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.
Тері тазалығы. Адам денсаулығының кепілінің бірі - тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Қорытынды бөлім
Бүгінгі тәрбие сабағымды Сара Алпысқызы Назарбаеваның мынадай сөзімен аяқтағым келеді: <<Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі>> және де <<Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы>>

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Отбасы>>
Мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда <<Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің>> деген дана сөз бар. <<Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек>> деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы.
* Атың кім?
* Сенің ағаң бар ма?
* Сенің әпкең бар ма?
* Нешінші сыныпта оқиды?
* Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
* Әкелеріңнің анасы кім болады?
* Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?
-Енді ,балалар, осы <<отбасы>> деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің ең жақсы көретін сөзімізді айтайық. Мысалы: отбасы тату болсын, бір-біріңді ренжітпеңдер, сыйлаңдар т.б
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп қалайық.
Қорытынды
* Балалар , бүгінгі сабақта біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға құрметтеуге. Оларға көмектесуге үйрендік.

Бағыты :Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Табиғатқа құштармын>>
Мақсаты: 1. Балаларға табиғат туралы түсінік беру.
2. табиғат аясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілік мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу.
3. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы
Табиғатты аялап, қорғасақ,өз денсаулығымызды қорғағанымыз.
Балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегенді қалай түсінеміз?
Біз табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді,ағаштарды ,гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп,саябақтарды,ормандарды құрайды.
Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық,күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылаға шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат-адамның бойына қуат , көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Табиғаттың көркін ажрландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, <<Сулы жер-нулы жер>>, <<Су-табиғаттың айнасы>>, <<Судың да сұрауы бар>> деп ерекше бағалай білген.
Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл сулары қалай болса, солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластануы өріс алуда. Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем.
Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған.
<<Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын>> деген өрнекті сөз-соның айғағы.
Сондықтан да, табиғатты аялайық, қорғайық.

Қорытынды




Қимыл-қозғалыс ойыны
Тақырыбы:________________________________________________________
Мақсаты:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Түзету мақсаты:__________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Заттың атын ата?>>
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Адамзатқа керекті түрлі заттар туралы түсініктерін кеңейту. Заттардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Адам ақыл - ойдың иесі. Кез-келген адам ақыл-оймен ізденіп дүниені таниды. Адам барлық нәрсені ақыл-оймен істеу керек.
* Балалар, күзде нелер піседі?
* Көкөністер -, жемістер дегеніміз не?
* Жемістерге нелер жатады?
* Көкөністерге нелер жатады?
Дидактикалық ойын:
Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарына алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау.
Пішіндерін айту.
Мысалы: алма - тәтті, домалақ; сәбіз-қатты, сопақша; бұршақ-ащы, сопақша.
*
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды:
Балалар көзбен көрмей - ақ қолмен ұстап, сол заттың не екенін білуге болады екен және аттарын айтып бере аламыз.

Бағыты : Эстетикалық тәрбие .
Тақырыбы: <<Біздің үй, үй жиһаздары және ыдыстар>>
Мақсаты:
Балаларға үй, үй жиһаздары, ыдыстар туралы түсінік беру. Танымын кеңейту, тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуде, сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Достарының, үлкеннің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу. Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
* Балалар біз қайда тұрамыз?
* Қандай үйде тұрамыз?
* Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?
* Үйде қандай бөлмелер болады?
* Қай бөлмеде қандай зат тұрады?
* Ас ішетін бөлмені қалай атайды?
* Ас ішкенде қолданған заттарды не деп атайды?
* Үйде жатын бөлме, қонақ бөлме болады.
* Ас ішетін бөлме асхана деп аталады.
* Ас ішкенде қолданатын затты ыдыс деп атайды.
* Суреттен қандай үй жиһаздарын көріп тұрсыңдар?
* Қандай ыдыстар бар екен?
Мынау суреттер бойынша әрқайсыларың өздеріңе ұнаған ұй жиһаздарының, ыдыстардың суретін салайық.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды:
Балалар сендер үй жиһаздары , ыдыстар жайлы білдіңдер, осы заттарды күтіп, ұқыпты ұстаңдар!

Бағыты : Экологиялық тәрбие .
Тақырыбы: <<Үй құстары>>
Мақсаты: 1) Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру. 3) Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
- Жануарлар дегеніміз не?
- Үй жануарлары дегеніміз не?
- Үй жануарларына нелер жатады?
Құстар дегеніміз не?
Құстар-қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.
Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды
* Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
* Қарлығаш , сауысқан, торғай, қарға, бүркіт т.б.

Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды:
. <<Есіңе сақта!>>
· Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
· Құстарды атуға болмайды.

Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру .
Тақырыбы: <<Кітапханаға саяхат>>
Мақсаты: а). Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің
пайдасы жайлы түсіндіру;
ә). Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
б). Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер, кітаптар.
Барысы: Ұйымдастыру.
-Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң-шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап).
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(Кітап).
-<<Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім>> деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.
Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап -бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап - уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.
Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.
Кітап-ең сабырлы ұстаз.

Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:
Кітапты құрметтеу керек, жыртпай таза, ұқыпты ұстау керек.

Күнделікті жоспар
Өтілетін күні_____________топ___________________
+ Жатын бөлмелерін қарап шығу Тәрбиеші:________________________

Уақыты

Серуен

Тақырыбы:

Білімділік мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Теледидар көрсету

Мақсаты:

Қимыл ойын

Білімділік мақсаты:

Дамытушылық мақсаты:

Тәрбиелік мақсаты:

Түзету жұмысы:

Ұйқы:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:___________

Бағыты : Еңбек және экономикалық тәрбие .
Тақырыбы: <<Бағдаршам>>
Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы
үш түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай
ұстау керектігін үйрету. Балаларды сақтыққа, жол ережелерін
орындауға үйрету.балаларды еңбекке баулу. Еңбек ету қабілетін, қол шеберлігін арттыру.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып- жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады.

-Балалар, мына макетке қараңдаршы не бейнеленген?
- Бағдаршам.
-Ол неше түстен тұрады?
- Үш.
-Түстерін атаңдар?
-Сары,қызыл, жасыл.
Пішіндері қандай?
-Дөңгелек.

- Балалар, мен сендерге <<Бағдаршам>> атты ойын ойнатқым келіп тұр.
Ойын шарты: Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа, сары түсті көтергенде, сол орында тапжылмай тұрады, жасыл түсті көтергенде, бір адым алға жылжу керек.

Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:
- Балалар, жол жүру ережелері туралы білімдеріңді жинақтадыңдар.

Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .
Тақырыбы: <<Әке мен ана>>
Мақсаты: :: Оқушыларға осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да, парасатты азамат болуға тәрбиелеу.:: Халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіруге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
* Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны - туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.
Әке -- әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкелердің орны ерекше. Бұл жағынан аналардың балаларына: <<әкеңмен ақылдас>>, <<әкең біледі>>, <<әкеңнің айтқанын істе>> т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отырады.

* Балалар сендер өз әкелерің мен аналарыңа қандай қамқорлық жасайсыңдар?.
* Кім әке мен анасына қолғанат болады?
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір -- қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау -- әрқайсымыздың ұлы парызымыз.
.

:

Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .
Тақырыбы: <<Әке мен ана>>
Мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата - ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?
Егер сен өзгелерде мені құрметтесін,сыйласын десең алдыменен ата-анаңды сыйла!
Әке де сол сияқты баласының азық тауып тәрбиелеу үшін ,оймен де денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған.
Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.
Құрметте алдыменен ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке - шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.
Кейбір тәрбиесіз,арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп,тыңдамай жатады.Ондай қылықтардан аулақ болып ,ата-ана әке апа,қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың,Ана-жарық дүниеге әкелуші.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Қорытынды:
Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Сенің күн тәртібің>>
Мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеу жағымсыз нәрселерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
Денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы ,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
<<Бірінші байлық-денсаулық>> деп жайдан - жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің сұлулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

* Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
* Денесін, беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
* Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
* Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Балалар, шынығу жаттығуы адамға не үшін қажет?
- Денсаулығы мықты, шымыр болу үшін қажет.

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Уақытылы тамақтану.
- Таза ауада серуендеп, тыныстау.
- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
Ерте тұрып күнде мен
Терезені ашамын.
Сәлем! - деймін күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.

Қорытынды:
<<Дені сау бала әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты бала халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі>> және де <<Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы>>

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Отбасылық мерекелер>>
Мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше
екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
* Балалар, қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?
* Туған күн, Жаңа Жыл мерекесі, 8 наурыз- Аналар мерекесі т.с.с.
* Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін сендермен Жаңа Жыл мейрамы туралы әңгімелесеміз.
Жаңа Жыл мейрамы бүкіл дүние жүзінде тойланады. Оны үлкендер де, балалар да асыға күтеді.
Жаңа Жыл мейрамы- отбасылық мейрам деп те аталады. Әр отбасында бұл мейрамға алдын-ала дайындалады. Міндетті түрде шырша ағашын, оны әшекейлейтін түрлі қызылды-жасылды ойыншықтар, балалар киетін маскарадтық костюмдер әзірленеді. Бұл мерекенің басты кейіпкері өзіміз сағына күтетін - Аяз ата. Ол барлық адамға сыйлық дайындайды.
Адамдар Жаңа Жыл мейрамында айналасындағы жақын-туыстарына, достарына таныстарына жақсылық, бақыт, қуаныш тілеп, ізгі ойларын білдіреді.
Сергіту сәті.
Көк қарағай, көк қарағай,
Мейірбанды анадай.
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін тосады.

Балалар тәрбие сағатында айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Жаңа Жыл бақыт, қуаныш әкелсін!
Жаңа Жыл құтты болсын!

Қорытынды
* Бүгінгі тәрбие сағатында Жаңа Жыл мерекесі отбасылық мерекелердің бірі екенін білдік. Адамдар бұл күні бір-біріне бақыт, денсаулық, сүйіспеншілік тілейді. Жаңа Жыл күні тілеген тілектер мен ой-армандар орындалады. Сол себептен жақсы ой-ойлап, өзіңе және өзгелерге ізгі тілектер тілеу керектігін білдік.

Бағыты :Кәсіби- шығармашылық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Дәрігер кім?>>
Мақсаты: Мәтінді түсіндіру,оны сын тұрғысынан ойлау арқылы меңгерту.
Оқушылырға жаңа мәтін туралы түсінік беру,өз ойларын
ашық айта білуге төселдіру.Өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу. Ауылдағы мекемелер,шаруа,маман,көлік түрлері туралы
өзіндік көзқарас қалыптастыру.Тіл байлықтарын арттыру.Ауыл тұрмыс-тіршілігі жайында ойларын тереңірек білуге ұмтылдыру. Оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын ояту,оны сүйе білуге тәрбиелеу.Адал,абыройлы оқушы болуға жетелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Ұйымдастыру
Оқушылардың болашақта,азамат болғанда кім болатындары туралы пікір алысады.
<<Дәрігер>>. Дәрігер адамдарды емдейді.
-Оқушыларға жаңа сабақты сурет арқылы түсіндіру.
Ауылды жерде қандай мекемелер барын байқа.

Балабақша Аурухана Тәртіп сақтау бөлімшесі

Мекемелер
Мектеп Кітапхана

Мәдениет үйі Теміржол бекеті

Спорт метебі Дәріхана
Ауылда қандай мамандар жұмыс жасайды?
-Мәтіндегі мамандар:дәрігер,мал дәрігері.
-Маман түрлері:мұғалім,теміржолшы,күзетші,құрылысшы,жүргізуші,
жөндеуші,су айдаушы,малшы,есепші,бақылаушы,суретші,мүсін-деуші,тәрбиеші,т.б.

Көліктің қандай түрлерін білесің?

Машина,поезд
Қала мен ауыл

Ауыл Қала Машина,поезд,
кеме,ұшақ,
тік ұшақ
Ат-арба,ат,түйе,
велосипед,
трактор

Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!


Қорытындылау <<Өзін-өзі жетілдіру>> Жаңа білімді бекіту

Тақырыбы: <<Қыс қызығы >>
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Ұйымдастыру
Әрекет - кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Дәлелдеу ояту
-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?
- қардың түсі қандай ?
- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?
-балалар бүгінгі көңіл - күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір - бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?
Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.
-қар
- аппақ
-қар жұмсақ

-Денсаулығымыз мықты болсын
- заманымыз тыныш болсын
- білімді болайық
- аспанымыз ашық болсын
- барлығымыз тату - тәтті болайық.

Ұйымдастыру - іздену
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде <<Қыс қызығы>> деген тақырыпты өтеміз.
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жаңа жылда бізге кім келеді?
- не әкеліп береді?
- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?
- сырт киімдерді атайық?
Ойын: << Сыңарын тап>>

қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.
-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

жылдың төрт мезгілі бар
қыс, көктем, жаз, күз
қыс мезгілі
-Тәуелсіздігіміздің 20 - жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
- Аяз ата келеді
- сыйлық әкеледі
- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
- жылы киініп жүреміз
- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.
- балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің түр - түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

- сұрақтарға жауап береді.

Ғажайып сәт

Сергіту сәті
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Көсеуді бесеуге тықтым.
3.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны
4.Қысы- жазы бір түсте

балалар қараңдаршы мынау не?
шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз ақ қоянды қолымызға алып жылытайық, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, өзі сыбырлап бірдеме дегендей, құлағымызды тосып тыңдайық.

Қоян: мен осы шыршаның астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп , біраз сендермен бой сергітсем деймін.
Бәріміз қоянды ортаға алып сергіту жаттығуын жасайық.

-балалар , қоян сендерге рахмет айтып жатыр. <<Енді менің інімнің үстінде өсіп тұрған шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп берсеңдер>> - деген ұсыныс айтып тұр. Барлығымыз шыршаны безендірейік.
-балалар аққала тұрғызып, аққала әнін орындайды.

Жұмбақтарды шешеді.

қар
қолқап

аққала

шырша

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді,
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

балалар қоянға көмектесіп шыршаны безендіреді.

-Аула сырты бақшада,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Ән саламыз шаттанып.

Бағыты :Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Киімдер>>
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер мен күнделікті киімдерді ажырата білуге үйрету.Әр мезгілде киетін, киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешуге үйрету. Сөздік қорын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, есте сақтау қабілетін дамыту. Киімді ұқыпты, таза киінуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Ұйымдастыру
Барысы:
* Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа - райы қандай?
* Жылдың қай мезгілі?
* Адамдар, біздер қалай киінгенбіз?
* Мына суреттегі киімдердің аттарын атандар.
Киімдер
Көктемде киетін, жаздағы киім, күздегі киім, қысқы киім.
* Қуршақтың үстіндегі киімді ата
* Киімді қай мезгілге сай киген
* <<Көйлек>>, <<Камзол>> деген сөздерді қайталаймыз.
Көп көйлекті ,камзолды қалай атаймыз?
Көйлек - көйлектер
Камзол- камзолдар
Киімдерді кигенде қалай киюіміз керек?
Күн райына байланысты киінеміз
Киімді қайдан аламыз?
Киімді дүкеннен базардан аламыз.
Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!


Қорытындылау <<Өзін-өзі жетілдіру>> Жаңа білімді бекіту

Бағыты : Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .
Тақырыбы: <<Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен>>
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Жақсы , жаман туралы түсінік беру;жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
-Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,Боламыз біз жақсы адам.Жамандықтан жиреніп,Үлгі аламыз жақсыдан.
- Балалар, кәне, бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т.б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін <<Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен>> атты тәрбие сағаты болмақ.
-Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
-Жарайсыңдар, балалар. Балалар,бір-біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады.Сәлем- сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы.Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
- Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
- Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
-Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.

Қорытынды:
Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі.Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды.

Бағыты : Рухани адамгершілік тәрбиесі
Тақырыбы: <<Достаса білейік>>
Мақсаты: <<Достық>> құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру

- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
-достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету;
-достаса білуге тәрбиелеу.
Тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту , есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: кітап, сурет
Барысы : Ұйымдастыру
- Сәлеметсіздер ме!
- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Шаттық шеңбері
Тәрбиеші оқушыларды шеңберге жинап, балалармен бірге сөзі Х.Талғаров, әні И.Нүсіпбаевтің <<Дос болайық бәріміз>> әні орындалады.
<<Дос болайық бәріміз>>
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Іргелі жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіндер.
Қ-сы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

- <<Дос>> және <<достық>> деген сөздерді
қалай түсінуге болады?
- <<Жақсы дос>> деп кімді айта аламыз?

Ойын <<Менің досым>>
Мұғалім балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қояды.
- Сенің досың кім?
- Сен досыңды жақсы көресің бе?
- Досыңа қалай көмектесесің?
- Досыңды қалай сыйлайсың?
- Досыңды сағынасың ба?
- Досыңмен нені бөлісесің?
- Досың туралы қандай жылы сөз
айтасың?
- Досың саған не үйретеді?
- Достар бір-біріне қалай көмектеседі?
Сергіту сәті:
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.

Достар бірге жүреміз,
(қол ұстасып, айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
(бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз,
(қолдарын алға созады)
Міне, біздер қандаймыз!
(қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Қорытынды:
Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достықты тек сөздер арқылы ғана емес, жақсы істер арқылы тануға болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі. Достықтарын ұзақ, тұрақты болу үшін бір-бірлеріне көмектесіп адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Достық>>
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар хормен: Үлкенге де <<Сіз>>,
Кішіге де <<Сіз>>.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар <<Досыммен бірге>> ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Кел, ойланайық, пікірлесейік.
* Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.

* Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
* Шын досты қалай білуге болады?
* <<Досы көпті жау алмайды>> деген сөзді түсіндіріңдер?
* Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

Көмектеседі

Мейірімді
Адал

Қайырымды
Білімді

ДОС

Шыншыл

Ұқыпты

Қамқоршы

Жанашыр



<<Достық.Бірлік.>> үйін салу.
* Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
* Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
* Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
* Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп.
* Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
* Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
* Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
* Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.
* Кіммен дос болғың келеді?
* Партада кіммен бірге отырғың келеді?
* Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

Қорытынды.
* Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
<<Ризамыз>> әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.
Бағыты :Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Өзіңді таны>>
Мақсаты: : Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету. Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеаналық талаптарды орындауға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дұрыс өсіп-жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші : Қуан, шаттан! Алақай,
Қуанатын келеді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Балалар қонақтармен амандасайық! Балалар амандасады.
Тәрбиеші : Балалар , біз бүгін <<Өзіңді танып біл>> бөліміне саяхат жасаймыз.
Тәрбиеші : Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар адамның көңілді болуы неге байланысты?
Балалар : Дені сау адам, көңілді бақытты болады.
Тәрбиеші : Дұрыс, балалар адам баласының дұрыс өсіп жетілуіне табиғат та, соның ішінде күн, ауа, және судың адам үшін маңызды екенін біз білеміз. Ендеше балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, тыңдыңыздар! Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
Балалар : <<Адам>>
Тәрбиеші : Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол өзін танып білуге міндетті. Олай болса мен сіздерге қызықты ертегі айтып береейін тыңдаңыздар.
* Бас бірінші болып былай дейді:
<<Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан өлер еді.>>
* <<Егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа бұрар еді>>- деп мойын да дауласа кетеді.
* Осы кезде <<Достар білесіңдер ме, егер де біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу , тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазу, сурет салу, ойнау да өте қиын болар еді>>-дейді қол.
* Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: <<Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді.>>
<<Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер ешқайсысыңыз аяқсыө ешқайда да бара алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға , дүкенге , жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет алмаймыз>>- дейді аяқтар. Бұл айтыс дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.
Тәрбиеші : Ал, балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамға ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі немесе аяқтары ма?
Балалар : Барлығы да бізге керек.
Тәрбиеші : Ендеше тақтадағы суретке қарап , адам дене мүшелерін атап көрсетейік.
Балалар суретке қарап отырып адам денесінің қандай бөліктерден тұратынын айтады.
Тәрбиеші : Дұрыс балалар, ал қазір барлығымыз орнымыздан тұрып, <<Күн шуағы>> деген ойын ойнайық. Күн шуағы сіздердің көздеріңе қарайды, көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды, алақандарыңмен сипаңдаршы , ол әрі қарай мұрыныңа , аузыңа , бетіңнің ұшына түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипаңдар, мойынына, кеудеңе, қолыңа, аяғыңа дейін барды. Күн шуағы бізді жылытады, сен оған күліп қарап , мейіріміңді шуақты жүрегіңе түй.
Сергіту сәті. <<Сұр қоян жуынып жатыр>>
Бармақ болып тоғайға,
Сұры көжек жуынды.
Басын жуды, көзін жуды,
Құлағын жуды, беті-қолын жуды.
Аяғын да жуды, құрығында жуды,
Сілкінді, сүртінді
Тап-таза боп бір тынды.
Тәрбиеші : Біздің денеміз әдемі де, әсем болып өсу үшін не қажет? Балалар : Дәрумендер
Тәрбиеші : Ойын <<Өз досыңды таны>>
Тәрбиеші балаларға бір-біріне қарап қандай айырмашылықтарын және ұқсастықтарын бар екенін айтуды ұсынады. Балалар шашыңның түсі, көзі, мұрын пішіні, бойы, түсі жағынынан айырмашылықтарын бар екенін айтады.
Балалар : Менің көзім кішкентай , менің шашым сары, менің құлағым үлкен, менің бойым ұзын, т.б.
Тәрбиеші : Отыра қойыңдар балалар , өте дұрыс .
Балалар : 1. Денсаулық-зор байлық.
2.Дені саудың - жаны сау.
3. Сау дене азат, ақыл, адал көңіл. Үшеуімен бақытты болады өмір.
Адам- табиғаттың ең керемет бөлігі, адам өз өмірін сақтау керек, сондықтан ол өзін-өзі танып білуге міндетті . Барлығымыз орынымыөздан тұрып, <<НЕ ЖАЛҒЫЗ; НЕ ЕКЕУ?>> ойынын ойнаймыз.
Балалар : Ауыз жалғыз, бас жалғыз, кеуде, мұрын, ерін, мойын. Көз екеу, қас-қабақ, қол-аяқ, құлақ.
Тәрбиеші: Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Жүйке, тамыр жүйесі,
Денсаулық ол күлудің.
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Осымен <<Өзіңді таны>> бөліміне саяхатымыз аяқталды.

Бағыты: Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы: <<Төрт түлік>>
Сабақтың мақсаты:
* Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,тіршілік табиғатпен,малдың қадір-қасиетімен таныстыру.Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
* Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
* Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

* Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
* Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме қағаздар,төрт түліктің мүсіндері,суретті плакаттар,тақта,
* Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі;
Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем берміз!
Сәлем - сөз анасы демекші балалар,төрде отырған апайлармен амандасайық.Кәне бәріміз бірге Сәлеметсіздер ме?
* Балалар далада ауа-райы қандай?
* Суық.
* Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
* Қыс.
* Қыстың ерекшелігі қандай?
* Қар жауды,дала ақ көрпеге оралды.
* Қардың түсі қандай?
* Аппақ.
Ендеше балалар бәріміз біріміздің артына біріміз тұрып пойыз болып жүріп орнымызға барайықшы.пойыз боп жүргенде түзу,әдепті болып жүру керек екен. Кәне орнымызға жеткенше <<Пойыз>> өлеңін айтып барайық.
Ал,паравоз,баста алға,
Бәрімізді басқар да!
<<Пш-пш,пш-пш!>>-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу,гу-гу,гуілде
Қалып қойма біріңде,
<<Пш-пш,пш-пш!>>-біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Міне балалар орнымыза да жетіп қалдық.Ендеше айдай арайлан,күндей жайнап,жұлдыздай жарқырап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі іс әрекетімізді бастайық.
Жаңа сабақ:
* Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
* Үйлеріңде қандай жануарлар бар?
* Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйелер жатады екен.
* Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
* Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.
* Олар немен қоректенеді;
* Шөп,жем,сумен қоректенеді;
* Түйе ,жылқы,сиыр,қой туралы не білесіңдер?
* Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
* Әрине,біз олардың сүтін,етін,жүнін пайдаланып яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.
Енді балалар мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы.Ненің суретін көріп отырмыз? Түйе,сиыр,қой,жылқы,ешкі.
Ендеше балалар біз бүгін сендермен осы төрт түлік жайында тоқталамыз.
Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!
* Сиыр мөңірейді;
* Жылқы кісінейді;
* Түйе боздайды;
* Қой,ешкі маңырайды;
Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?
* Сиырды-аухау-аухау дейміз.
* Түйені-көс-көс дейміз.
* Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
* Қойды-пұшайт-пұшайт
* Ешкіні-шөре-шөре дейміз.
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады
* Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
* Түйенің баласын-бота дейміз.
* Жылқының баласын -құлын дейміз.
* Қойдың баласын-қозы дейміз.
* Ешкінің баласын-лақ дейміз.
Дидактикалық ойын: <<Төлдерді дұрыс орналастыр>>

Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырып көрейінші,кім тез табады екен?
* Кішкене ғана бойы бар,
Айландырып киген тоны бар (Қозы).
* Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екі қолды қосқанда-
Болып шықты он саусақ.
Қорыту:
Енді балалар мына үй жануарлары мен
жабайы аңдарды салыстырайық.

Үй жануарлары Айырмашылығы Жабайы жануарлар

Төрт аяқты,шөп жейді,су ішеді,сөйлей алмайды,далада мекендейді.
Сиыр
Қой
Ешкі
Түйе
Жылқы
Қасқыр
Аю
Түлкі
Арыстан
Жолбарыс

* Біз не туралы сабақ өттік?
* Үй жануарларына нелер жатады екен?
* Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
* Жануарлар қалай дыбыстайды?
* Жануарларды қандай ертегілерден кездестіруге болады?

Бағыты :Кәсіби- шығармашылық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Мамандықтар>>
Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.
Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен
таныстыра отырып,олардың маңыздылығы туралы білім
беру. Кәсіпті таңдап,игеру үшін оқып,білім алу қажеттілігін түсіндіру. Әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Ұйымдастыру кезеңі
-Ал, балалар мамандық дегеніміз не қалай түсінесіңдер?
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.
Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.
Әсемепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әр баланың арманы.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
-Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?
-Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.
-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалім деп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, көлік жүргізетін адамды-жүргізуші, емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды,көп ізденуді,қажымас қайратты,көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін, арнайы оқу орындарында дайындап оқытады. Сонда ғана өзің қалаған мамандық иесі болып шыға аласындар.
Дид/ойын <<Сөйлеп тұрған кім?>>
Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!
2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.
4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
5)Бүгінгі сабақта біз балалар күзгі табиғат туралы әңгімелесеміз.
6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады. . Ойын: <<Қай мамандық иесі?>>
- Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында, Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
Сергіту сәті
-Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;
Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?
-Дұрыс ,биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.
(<<Шөжелерім>> әнін қосып, балаларды билету)
- Рахмет,балалар,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!
Әліппе дәптерлеріңді ашыңдар. №1 тапсырма
Суреттен қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар?
Балалар жауап беруге қиналғанда көмектесемін
№2 тапсырма Сурет бойынша құрлысшылар туралы әңгімелету

2138045-1329055№3 т Шахтер мамандығы туралы айт. Көмір еліміздің қай жерлерінде өндіріледі.
Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал - мәтелдер , өлең тақпақтар біледі? (өз білгенін айтқан балаға жұлдызша тарату.)
Дәрігер: Ұшқыш:
Мен дәрігер боламын Ар- намысын сақтаған
Үлкеннің де баланың Жүректе сыр сақтаған
Қиналғанда қасына Жан тәнімен жаттаған
Бірінші боп барамын Ұшқыш болғым келеді
Инженер: Ақын:
Мен инженер боламын Ал мен ақын боламын
Жерден алтын табамын Сусылдаған қаламым
Жолын қуған әйгілі Адамдардың жүрегін
Академик ағаның Жырмен жаулап аламын
Агроном: Мұғалім:
Нан беремін баршаға Мен үлкейіп толамын
Жер маманы болам мен Сонда осы ауылдың
Барып жүрмін бақшаға Бөбектерін оқытып
Агроном ағаммен Мұғалима боламын
Қорытынды:
- Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар!








Бағыты : Эстетикалық тәрбие .
Тақырыбы: <<Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді>>
Мақсаты: Жанұядағы қыз тәрбиесінде ата-ананың рөлі. Қыз баланы
сыйлауға, құрметтеуге, инабаттылыққа , ибалылыққа ,әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
-Қыз баламен ана арасындағы сыйластықты нығайту
-Қыз баланың жеке бас гигиенасына анасы мен сынып жетекшісінің көңіл қоюын бағыттау
-Жан ұядағы қыз бала тәрбиесіне ата-анасының жауапкершлігін арттыру.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы , өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндеті.
Анасына қарап қыз өсер, әкесіне қарап ұл өсер деп айтылған, қыз анасына қолғанат болу керек, қамқоршы болу керек.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды: Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе елдің көркі дей отыра бүгінгі арулар - асыл жандарды ардақтайық.





Бағыты : Экологиялық тәрбие .
Тақырыбы: <<Оқушы табиғат-досы>>
Мақсаты: 1. Балаларға табиғат туралы түсінік беру.
2. табиғат саясындағы жанды-жансыз заттарға қамқорлық жасауға, туған табиғатқа сүйіспеншілік мақтаныш сезіммен қарауға тәрбиелеу.
3. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылаға шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат-адамның бойына қуат , көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Табиғаттың көркін ажрландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, <<Сулы жер-нулы жер>>, <<Су-табиғаттың айнасы>>, <<Судың да сұрауы бар>> деп ерекше бағалай білген.
Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл сулары қалай болса, солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластануы өріс алуда. Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-жасыл әлем.

Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды: Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған.
<<Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын>> деген өрнекті сөз-соның айғағы
Сондықтан да, табиғатты аялайық, қорғайық.

Бағыты : Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Құрметте алдыменен ата-анаңды>>
Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата - анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата - ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?
Ендеше бүгінгі <<Құрметте алдыменен ата-анаңды>> атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бүгінгі тәрбие сағатымыз ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат аласыңдар.
Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.
Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.Әке - шешеңнің дұғасын ,рахметі мен батасын алғың келсе,саған берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс.Сенің бұл ісің олардың көңілінен шықпай,саған теріс дұға етулерінен қорық..Ата-анаң сырқат болса ,олармен бірге болып,жәрдем ет.Олардың тірі кезінде қадірін біл деп жазылыпты.
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
Құстарды атуға болмайды.
Қыз баланы ренжітуге болмайды.
Сабаққа кешігуге болмайды.
Сыныпта айқайлауға болмайды.
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Қорытынды:Балалар,бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

Бағыты : Азаматтық құқықтық тәрбие.
Тақырыбы: <<Мен елімнің кішкентай азаматымын>>
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
* Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту;
* Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;
* Отанын сүюге тәрбиелеу
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Жалауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
* Сенің атың кім?
* Бекжан
* Кімнің баласысың?
* Атамның баласымын
* Өзің кімсің?
* Қазақпын
* Қайда тудың?
* Ленгір қаласында
* Отаныңды білесің бе?
* Білемін, менің Отаным-Қазақстан
* Сен қай елдің азаматысың?
* Қазақ елінің азаматымын
* Отаныңды жақсы көресің бе?
* Отаным - жаным-тәнім.
* Ержеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?
* Барлық күш жігерімді Отаныма арнаймын!
Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.

Қорытынды:
Менің Отаным - Қазақстан.
Мен елімнің азаматымын.

<<Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты>> коммуналдық мемлекеттік мекемесінің даярлық тобы

Мінездеме

Абдықадыр Ернұр - 28.07.2006 жылы туылған. Есту қабілеті нашар. Жазу үлгісі жақсы. Өз заттарына өте пысық, тапсырманы тиянақты өз бетінше орындай алады. Сурет салғанды ұнатады. Тәртібі мен тазалығы өте жақсы, мінезі де жақсы, мейірімді. Балалармен тез тіл табысады. Әкесі Қалданов Мұратбек пен анасы Сармырзаева Орынкүл Төлеби ауданы Елтай ауылы тұрғындары жұмыссыз.

Қалымбет Аяулым - 06.01.2007 жылы туылған. Сабаққа қызығушылығы өте жақсы. Суреттерді атайды, бірақ дыбыстары анық емес, сөз қоры аз. Есту қабілеті нашар. Жазу үлгісі жақсы. Мұғалімнің айтқанын тез ұғып қабылдайды. Мінезі тұйық, өзімен-өзі жүргенді ұнатады, баяу қимылдайды. Өзінің заттарына ұқыпты. Өте сезімтал, тәртібі жақсы. Әкесі Нагибеков Батырхан, анасы Мамбекова Меруерт жұмыссыз. Арыс қаласы Мырзалиев 30 үйде тұрады.

Нажимиддинов Хажакбар - 10.10.2007 жылы туылған. Есту, есте сақтау қабілеті нашар. Дыбысы бар. Сурет салғанды жақсы көреді. Мінезі тұйық. Тазалығы нашар, киімдеріне ұқыпсыз қарайды, балалармен қосыла бермейді. Өз бетінше ойнағанды ұнатады. Жазу үлгісі жақсы. Берілген тапсырманы өздігінен орындай алмайды, тәртібі жақсы. Әкесі Алымбеков Бахрам мен анасы Алымбекова Саера жұмыссыз. Төлеби ауданы 1 мамыр елді мекенінде тұрады.

Қыдырбай Ерсұлтан - 05.07.2008 жылы туылған. Сабаққа қызығушылығы бар. Есту қабілеті нашар. Суреттерді атайды, сандарды таниды. Жазу үлгісі нашар, көп қадағалауды қажет етеді, тәртібі жақсы. Дыбыстары анық емес, бірақ сөйлейді. Сөз қоры аз. Мінезі ашық, бауырмал айналасындағы адамдармен тез тіл табысады. Өз бетінше тапсырманы орындай алмайды. Өз заттарына ұқыпсыз. ӘкесіАйтымбетов Бағдат пен анасы Абдиева Гүлзат жұмыссыз. Төлеби ауданы Момынай елді мекенінде тұрады.

Валиикрам Сымбат - 13.11.2008 жылы туылған. Сабаққа ықыласы өте жақсы. Есту, есте сақтау қабілеті жақсы. Әріптерді, сандарды таниды, атайды. Суреттерді көрсетіп атайды. Дыбыстары анық, сөз қоры мол. Өздігімен жұмыс істей алады. Мінезі ашық. Балалармен тез тіл табысады, бірге ойнағанды ұнатады, тәртібі жақсы. Өз затына ұқыпты. Әкесі Надирбеков Батырхан, анасы Айқынбаева Гауһар сәтсіз отбасы. Сымбат анасымен Төлеби ауданы 1 мамыр ауылында тұрады. Анасы жұмыссыз.

Валиикрам Сабина - 24.10.2006 жылы туылған. Өте жақсы оқушылардың бірі. Дыбысы анық, сөйлей алады. Есту қабілеті жақсы. Есте сақтау, ойлау қабілеті де жақсы. Сурет салғанды ұнатады. Қоғамдық жұмыстарға қатысқанды жақсы көреді. Мінезі ашық. Достарды тез таба алады. Өз бетінше тапсырманы орындай алады. Тәртібі, тазалығы жақсы. Әкесі Надирбеков Батырхан, анасы Айқынбаева Гауһар сәтсіз отбасы. Сымбат анасымен Төлеби ауданы 1 мамыр ауылында тұрады. Анасы жұмыссыз.

Шырынбек Бақдәулет - 24.06.2006 жылы туылған. Есту қабілеті орташа. Есте сақтау, ойлау қабілеті орташа. Сабаққа ынтасы бар. Дыбысы бар, бірақ анық емес. Тәртібі жақсы, өзіне өте ұқыпты қарайды. Тазалығы да жақсы. Мінезі тұйық, балаларға көп қосыла бермейді. Өз бетінше ойнағанды ұнатады. Тапсырманы өз бетінше орындай алады.Әкесі Жеткеров Кенжебек пен анасы Шатабаева Индира жұмыссыз. Төлеби ауданы Жаңа-ұйым елді мекенінің тұрғындары.

Тәрбиеші: Н.Сейлбекова

Бағыты:Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе>>
Мақсаты: : Тыныс алудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Салауатты өмір сүру әдетіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап, түзету.
Барысы:
Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы күн жер аспан!
Қайырлы таң достарым!
Сендерді көріп сағынды
Балалар дөңгелене тұрып, шеңбер құрап бірге қайталады.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

- Балалар қандай жыл мезгілдері болады? Нешеу?
-Қазір қандай жыл мезгілі, қандай ай?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Балалар сендер сезім мүшелерін білесіңдерме?
- Сезім мүшелеріне не жатады?
-Біз бүгін мұрын жайлы әңгімелесеміз балалар.
- Мұрын. Мұрын - иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынмен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын <<тыныс алу>> қызметін атқарады. (Мұрындарын қолмен ұстап, дем алдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату, иіссу, гүл, жеміс, жусан иістерін ажыраттырту). Мұрын тыныс алу мүшелеріне жатады.
- Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
1.Мұрын қуысы (кеңсірік)
2.Жұтқыншақ
3.Көмей
4.Кеңірдек
5. Ауатамыр (бронхылар)
Төртеу, қыс, көктем, жаз, күз.

Күз мезгілі, қараша айы.

Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа кетеді.

Иә,біз сезім мүшелерін білеміз.

Көз, тіл, құлақ, тері және мұрын.

Балалар зейін қойып, мұқият тындады.
Рефлекстік түзету кезеңі

Қорытындылау
- Мұрын не үшін керек?
- Мұрынның қызметі?
Сергіту сәті:
Иілеміз онға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Он аяққа, солға бір
Балаларға сұрақтар қою. Жұмбақ жасыру.
Д\о: "Жұмбақ не туралы?"
Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).
Сабақты қорытындылау.
Дем алу үшін керек.
Иіс сезу, дем алу т.б.
Балалар бірге осы қимылды жаттығуды жасады.

Балалар сұрақтарға жауап берді. Жұбақтардың жауабын шешіп, бірге қайталады.
Балалар ойынға белсене қатысты.

Бағыты :Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Достық>>
Мақсаты: Балаларға достың адам өміріндегі орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын , талғамын шыңдау;Өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып толық жауап бере білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту:Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, татулыққа, мейрімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өзінің, досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу үлкенге,Тәрбиенің басы ғой.Ал канекей бәріміз,Сәлем дейік үлкенге.Сәлеметсіздерме апайлар!Жарайсыңдар балалар! Енді барлығымыздың көңіл-күйіміз жақсы екен , олай болса бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік.Шаттық шеңберіАрайлап атты жаңа күн,Шуағын шашып баршаға.Кане досым күлімде,Қуаныш орнасын жүзінде.Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы мен таныстырмас бұрын менім сендерге қоятын сұрағым бар?-Өмірде орны ерекше тұлға кім?-Адамдар қандай болу керек?-Бақыт дегеніміз не?-Тәртіпті, әдепті, ақылды, жақсы адамдарды қосқанда кімдер деп атаймыз?-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?Балалар сұраққа жасқы жауап бердіңдер, біз бүгін сендермен дос, достық жайлы әнгімелесеміз.Бүгінгі ұйымдастырылған тәрбие сағатының тақырыбы: <<Щын дос болу-бақыт>> деп аталады.. Сонымен достар дегеніміз бірін-бірі сыйлап, әрқашан қасында табылып, көмектесетін адамдарды айтамыз.
-Қарақат,сенің неге көңіл-күйін жоқ қой, ауырып отырсын ба?Әлде сені біреу ренжіттіме?Қарақат: Мен досымды байқамай ренжітіп алдым.-Сенің ойынша достық дегеніміз не?Қарақат:- бірге ойнаймыз, сыйлаймыз, көмектесеміз, ойыншығымызды береміз.-Балалар Қарақатты досымен қалай достастырсақ екен?Балалар: Қарақат кешірім сұрасын.- Міне,балалар біз шын достарды достастырдық, енді ренжіспейді деп ойлаймыз.
<<Сыйқырлы орындық>> ойыныОртадағы орындыққа бір бала отырады. Қалғандары сол баланың ұнамды жақтарын айтады. <<Менің досым>> тақырыбы бойынша әр бала өзінің досы жайлы айтады.-Жарайсыңдар балалар, енді сендер білесіңдер ме достың екі түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі- амал достық. Адал достық сенімді, қамқор , адал сендердің достықтарың сияқты болады, амал достық өтірік айтады, мақтаншақ, арам болып келеді.Сонымен балалар біз қандай достықты таңдаймыз? Мен сендерге екі дос әнгімесін айтып берейін, сендер олардық достығы адал ма, әлде амал достық па, қайсысы екеннің өздерің айтыңдар.<<Екі дос>>.<<Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып: <<Аю саған не айтты?,- дейді. <<Ол маған, досын тастап кеткен дос-дос емес>>,-деді >>Сұрақ:1 Дос деген қандай болуы керек?2.Нағыз дос деп осы екі баланы атауға бола ма?
Достық- әдеп, сыйласым,Дос- өмірлік қимасың.Дос арыңдай қымбатым.Достық сезім тым тәтті,
Достық - игі жақсылық.Достық ниет- жақсы үміт,Достық жасап адамға,Достаса біл әманда.
Доспен бірге жүреміз,Бірге ойнап күлеміз,Ажырамас іргеміз,Әрқашанда біргеміз
Достар тату-тәттіміз,Болса қолда тәттіміз,Біз бөлісіп жатамызБәріміз дәм татамыз.
Біздің топта ұл- қыздарТату - тәтті ойнаймызӘлемдегі бар адамғаТек жақсылық ойлаймыз!
Суретпен жұмысДос деген кім?Достық дегенді қалай түсінесің?(Жауапты сурет арқылы бер. Суреттегі балалардың қимылдарын айту.)
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Сенімді адам
Қорытынды.
* Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
<<Ризамыз>> әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.

Бағыты :Азаматтық құқықтық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Мен Отанымды сүйемін>>
Мақсаты: <<Отан>>құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
* Отан туралы түсініктерін кеңейту;
* Патриоттық сезімдерін дамыту;
* Отанын сүюге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан-ана,
Отан-үлкен,
Қазақстан-туған елі.
* Балалар, біз бүгін сүйікті Отанымыз, яғни отбасымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.
<<Отан>> деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Әр адамның өз Отаны болады. Отан-ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
Отан-біздің атамекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.
Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Сенің Отаның
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға,түс, кейпі
Достым білгің келеме?

Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың бауырың.
Отан-өлкең астанаң,
Отан-аудан ауылың.
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың,
Отан-өлкең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Қорытынды.
-Біз бүгін өзіміздің туған жер - Отанымыз туралы әңгімелестік. Біздің Отанымыз-отбасымыз, өз ауылымыз, қаламыз, өзіміз тұратын көшеміз екенін түсіндік.
Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат болуға тырысамыз.қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.

Бағыты : Эстетикалық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Жол белгісін білеміз бе?>>
Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы
үш түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай
ұстау керектігін үйрету.Балаларды сақтыққа, жол ережелерін
орындауға үйрету.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойын- сауық кешімізді бастаймыз сәлемменен!
Арманға алдап күткен асығамыз,
Біз қалай шапқан аттай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен алға ұмтылған жас ұланбыз!
-Балалар, мына макетке қараңдаршы не бейнеленген?
- Бағдаршам.
-Ол неше түстен тұрады?
- Үш.
-Түстерін атаңдар?
-Сары,қызыл, жасыл.
Пішіндері қандай?
-Дөңгелек.
-Балалар, қане кім жұмбақ біледі екен?
Менің үш көзім бар,
Бір көзім кідір, - дейді,
Бір көзім жүгір, - дейді,
Бір көзім абайла, - дейді,
Қарап ал, маңайға, - дейді.
-Бұл не екен, балалар?
- Бағдаршам.
Көрініс . <<Көшедегі жол ережесі>>
1 бала - бағдаршам
1 бала - жедел жәрдем
2 бала - жеңіл машина
4 бала - жолаушы
МАЙ қызметкері
Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысында машиналар зуылдап өтіп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.
Жүргізуші: - Балалар, мынау қай көліктің даусы?
Жедел жәрдем.
Ойпыр - ай, енді қай көлікті жібереміз?
Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.
Жүргізуші: Неге?
Балалар: - Жедел жәрдем машинасында ауырып жатқан адам бар.
Жүргізуші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінщі жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатыр. Бағдаршамға бағынбай, жүгіріп өтіп бара жатқан баланы МАЙ қызметкері тоқтатып, ескерту береді.
Бір топ бала жаяу жүргінші жолымен жүреді.
Балалар МАй қызметкеріне, бағдаршамға арналған өлеңдерін оқып береді.
* оқушы: Бағдаршам, жасыл жанды,
Өте бер, бағың жанды.
2-оқушы: Ал, егер сары жанса,
Кідір тұр, жолды байқа!
3-оқушы: Қызыл жанды қып- қызыл от сияқты,
Қолыңды күйдіретін шоқ сияқты.
Бағдаршамды әр қашан есте сақта!
Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!
Қызыл - байқа, машина жоқпа?!
Сары - қозғалма, асықпа, тоқта!
Жасыл - жол сенікі осыны есте сақта!
4-оқушы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып- жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады.
Балалар МАЙ қызметкерімен қоштасып, шығарып салады.
Жүргізуші: - Балалар, мен сендерге <<Бағдаршам>> атты ойын ойнатқым келіп тұр.
Ойын шарты: Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа, сары түсті көтергенде, сол орында тапжылмай тұрады, жасылтүсті көтергенде, бір адым алға жылжу керек.

Жүргізуші: - Балалар,ойын-сауық кешімізге жақсы қатысып, жол жүру ережелері туралы білімдеріңді жинақтадыңдар.
Осымен, бүгінгі өткен ойын- сауық кешіміз аяқталды.

Бағыты : Әкологиялық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Жол апатының алдын алу>>
Мақсаты: Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Зейіні мен ойлау қасиеттерін дамыту
Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы : Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу

Тәрбиеші: Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір бала <<Жолда жүру ережесі >> тақырыбындағы дәрісті мұқият тыңдап, әр уақытта қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші: Ал енді <<Жол апатының алдын алу>>>> атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Жұмбақтарды шешу:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2.Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ <<Тоқта, жүр !>> дейді. <<Бағдаршам>>
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ? Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балалар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада: Қызыл - Тоқта ! Сары - Сақтан ! Жасыл - Жол ашық!
1-бала: Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
2-бала: Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
3-бала: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата - ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Тәрбиеші: - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Балалар:қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор: Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты - бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
<<Тоқта, сақтан, жол ашық!>>
Жүрме жолға таласып.
4-бала:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
5-бала Міндеттеу белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
6-бала:Ңұсқау белгісі
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Тәрбиеші Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе <<Жас дәуірдің түлегіміз>> әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Бағыты :Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Нан-дастархан байлығы>>
Сабақтың мақсаты:1. Нан дастарханға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру, еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Сабақтың көрнекілігі: нан суреті,ертегі желісі бойынша суреттер, әр түрлі суреттер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, қауыз, диқан.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық сәт:
Амансың ба қайырымды - Жер-Ана
Амансың ба қайырымды-Достарым
Үлкенге де сіз! Кішіге де сіз!
Құрметтейміз біз!

Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ барысы: Біз бүгінгі сабақта нанның шығу тарихымен танысатын боламыз.
Біздің күнделікті дастарханымыздағы жейтін нанымыздың дастарханға қандай еңбекпен келетіндігімен танысамыз. Нан көп еңбек ету арқылы, көп тер төгу арқылы келеді. Нанды бір күн жемей шыдап отыру қиын. Нансыз өмір жоқ деуге болады. Нан- болса ән болады.
Енді сендерге нанны жасалу жолын түсіндіріп өтейін. Көктемде Дихан егінді егеді. Ол үшін бірінші трактормен қара жерді жыртады, тырмалайды. Содан соң дән себіледі. Дәннің жақсы өсіп жетілуіне ауа-райының ықпалы маңызды. Көктемде жаңбыр көп жауып, жазда күн ыстық болса, күзде бидай тоқ болады. Дихан жаз бойы осы тұқымнан шыққан бидайды баптап, қараумен айналысады. Ол кісінің еңбегі зор. Күзде піскен бидайды комбайнмен жинайды. Комбайнның алдында үлкен орағы бар машина. Комбайн бидайды орған кезде дәнді бір бөлек шығарады, масағы бір бөлек шығып, сабандарды шомалай-шомалай етіп үйіп кете береді.
Дәнді арнайы жүк машиналарға тиеп жібереді. Жүк машиналары дәнді диірменге апарады. Диірменде бидайды елеп, суырып, кептіріп, ұн тартады. Ұн тартқанда аппақ суша ағып қаптарға қаптала береді. Қапталған ұндарды наубайханаларға апарып, наубайханашылар ұннан нан пісіреді. Нанды, бірінші қамырдан ашыту арқылы әр түрлі қалыптарға салып, ыстық пеште пісіреді.
Дайын болған нанды асханалар мен дүкендерге апарады. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Аналарымыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш т.б. пісіреді.
Осылай нан дастарханға келді. Дастарханның сәнін келтіреді, қарнымызды тойдырады. Біздерге күш-қуат береді.
Наубайхана- нан пісіретін, нан жабытын орын
Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам
Диірмен-дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын орын.
Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
Нан туралы балалардың тақпақтары
Жұмбақтар шешу
* Ұзын мұрты сарылар
Мойнын да наны бар
Бидай
* Асты-тас, үсті-тас
Ортасында піскен ас
Таба нан
Мақал-мәтелдер
* Нан-тіршілік көзі
* Бар байлықтын басы нан
* Даланы дәнге бөлейтін - дихан
Диханды әнге бөлейтін-нан
Тыйым сөздер
* Нанды бір қолмен үзбе.
* Нанды жерге тастама.
* Нан қиқымын шашпа.
* Жердегі нан қиқымын баспа.
* Нанды қорлама-обал болады.
Сергіту сәті.
Ертегі оқып беру <<Нан қайдан келеді?>>
Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлке нандар үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төменде бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалады. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. <<Апырмай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!>>-деп қызығып кетеді. Тесіктен сақтана сығалады.
-Нан, нан, сен қайдан келдің?-деді сыбырлап.
-Сатушыдан сұра,-деді нан
Тышқан сатушыға келді.
-Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?
-Наубайшыдан сұра,-деді сатушы.
Тышқан наубайханаға келеді. Мұнда көп адамдар нан пісіріп жатыр екен.
-Нан қайдан келеді?-деді бір наубайшыға келіп.
-Диірменшіден сұра-деді наубайшы.
Тышқан диірменге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана қарап тұрды да:
-Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді- деп сұрады.
-Комбайншыдан сұра,-деді қырманшы қарт.
Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ігерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп.
-Комбайншы, комбайншы , нан қайдан келеді?-деп сұрады
-Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егінші оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді.
Міне, қалың астық - сол көп еңбектін жемісі.
-Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ таба беремін,- деп қутың-қутың етті Тышқан.
Оның мақтанғанын көріп жыны шыққан комбайншы
-Әне, мысық келе жатыр,- деді
Сол-ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
Осылайша Тышқан еңбек ету ауыр екенін біліп, інде өмір сүріп, нан ұрлап жеп жүр екен.
Ертегі бойынша сұрақтар қою
* Дүкенге не келді?
* Тышқанды қандай сұрақ мазалады?
* Нан қайдан келеді?
* Тышқан неден қорықты?
* Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

Сабақты қорытындылау:
<<Нан-байлық, нан-береке>> деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдерме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.
Нан туралы өлең шумағын оқып беру.
Нанда өмірдің иісі менен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар,- деп сабағымызды қорытындылаймыз.

Бағыты :Еңбек және экономикалық тәрбие.
Тақырыбы: <<Сиқырлы кемпірқосақ>>
Сабақтың мақсаты: Балалардың білімдерін тереңдету, сурет салу дағдыларын жетілдіру, түстерді ажыратып, қолдана білуін пысықтау. Бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа баулу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Қызмет кезендері
Тәрбиешінің басқару іс-қимылдары
Балалар қызметі




1 кезең
уәждік-түрткі болу










Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Шаттық шеңбері.
Қол ұстасып, қане, біз!
Достасайық бәріміз.
Амансың ба, Күн Ана!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Топтау әдісі арқылы түрлі-түсті карточкалар таратып, балаларды үш топқа бөліп отырғызу.
Проблемалық жағдай орнату.
Балалардың назарын мультимедиялық тақтаға аудару:
-Балалар, суретке назар аударайықшы. суретте не бейнеленген?
-Иә, балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз екен. Себебі оның түстерін қатігез сиқыршы алып кеткен екен.
-Оған түстерін қайтаруға көмектесеміз бе?

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады, бір-бірімен амандасады, қонақтармен сәлемдеседі.
Үш топқа бөлініп отырады.

Балалар суретке назар аударады, суретте не бейнеленгенін айтады.
-Кемпірқосақ.

Балалар кемпірқосақтың түстерін қайтаруға дайын екендерін айтады.




2 кезең
проблемалық-ізденістік














Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
-Ендеше, ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып алайық.
Ой қозғау:
-Кемпірқосақ қандай түстерден құралған?
-Балалар, біздің бояулар палитрасында тек қана үш түс қана бар екен. Бұл қай түстер? Қандай түстер деп аталады?
-Негізгі түстерді қосу арқылы біз қандай түстерді аламыз?
-Қосымша түстерге қай түстер жатады?
Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:
-Өте жақсы, балалар! Ендеше қосымша түстерді алу үшін сіздерді мынадай ойынға шақырамын.
Ойын <<Қай түс пайда болады?>>. Тақтада көрсетілген негізгі түс қосындыларынан пайда болатын қосымша түсті көрсету.
-Жарайсыңдар, балалар! Боялар палитрасын кемпірқосаққа қажетті түстермен толтырдық. Кемпірқосақ түстерін қайтардық. Ендеше осындай табиғаттың әсем көрінісін бейнелейік.
Топпен жұмыс.
1-топ. Субояқпен қылқалам арқылы кемпірқосақты бейнелеу.
2-топ. Көз бояғышпен саусақ арқылы суретін салу.
3-топ. Акварель бояуымен картон арқылы сурет салу.

Балалар кемпірқосақ түстерін ажыратады.
-Қызыл, қызғылт сары, көк, жасыл, сары, күлгін.

-Көк, қызыл, сары
-Негізгі түстер деп аталады.
-Қосымша түстерді аламыз.
-Қызғылт сары, жасыл, күлгін.

Балалар ойын арқылы негізгі түстерден қосымша түстерді шығарады.

Балалар топ бойынша берілген тапсырманы орындайды. Кемпірқосақты бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.




3 кезең
рефлексті-түзетімдеуші
Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:
<<Галереяны шарлау>> әдісі арқылы балалардың жұмыстарын мадақтау, балалармен бірге талдау жүргізу, қорытындылау.

Балалар өздеріне ұнаған жұмыстарды атап айтады.

Бағыты :Әлеуметтік мәнді және жеке қасиетін қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Табиғат-Ана>>
Мақсаты: <<Табиғат>> құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.
Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;
Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;
Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: Ұйымдастыру.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

* Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
* Дұрыс айтасыңдар балалар, біз табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп, оны қорғау мен, аялауды үйренеміз.
* <<Табиғат>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары.
Табиғат - Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар! Табиғат пен адам бір-бірімен байланыста. Адамның Табиғатсыз тіршілігі жоқ.
Бізді қоршағанның бәрі-табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай - ақ жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер.
* Неліктен табиғатты анаға теңеп <<Табиғат-Ана>> деп айтады?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін жауаптар:
* Ауаны жұтамыз.
* Күн жылулығын, жарығын береді.
* Ж ер-Ана азықпен қамтамасыз етеді.
* Сусыз тіршілік жоқ.
* Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.

Қорытынды:
<<Табиғат қорғау-Отанды қорғау>> деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі.

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Менің есімім>>
Мақсаты: әрбір баланың қайталанбайтын жеке тұлға екендігін ұғындыру.
-адамның есімі, оның адамға қандай міндеттер жүктейтіні туралы түсінік беру;
Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;
Өзара жағымды қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
* Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысың өз есімдеріңді айтып,есімдеріңнің бас әрпінен келетін өз бойларыңдағы жағымды қасиеттерді айтасыңдар, ол біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Ал іске сәт бастайық, балалар.
* Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін айтып, есімінің бас әрпіне сай (мысалы: Абзал адал, Дархан-дарынды, Ғазиза-ғибратты, Ардақ-ақылды, т.с.с) жағымды сөз айтып басқа балаларға да осындай жақсы қасиетті тілейді.
* Балалар , сендер өз есімдерің жайлы ойланып көрдіңдер ме?
* Есімдерің өздеріңе ұнай ма?
* Сендерге бұл есімдерді кім қойғанын білесіңдер ме?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші балаларға адам есімдерінің сырын ұғындыру мақсатында төмендегі мәтіндерді оқып береді .
Мәтін желісі бойынша сұрақтар қояды.
Әйбәт есімдер.
Бақыт,
Бейбіт,
Тынышбек,
Гүлнұр,
Аққу,
Ырысбек,
Қайрат,
Мира,
Еламан,
Сәуле,
Шуақ.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Біздер тату баламыз
Гүл,гүл жайнап жанамыз.
Қорытынды: балалар бір-біріне есімдерін айта отырып, жақсы тілектерін білдіреді.

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Дені саудың, жаны сау>>
Мақсаты: заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту, дәлдеп алысқа лақтыру, төрт тағандап жүруді, секірт- педен секіруді үйрету. Салауатты өмір салтын, дене мәдение- тін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз отбасына, достарына қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Шаттық шеңберіДенсаулық - ол шыныққан,барлық денең мүшесі.Денсаулық -ол тыныққан,жүйке тамыр жүйесі.Денсаулық -ол күлуің,көңіл-күйің жадырай.Денсаулық - ол жүруің,ешқай жерің ауырмай.Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру, аяқтың ұшымен, қол белде,өкшемен жүру, қол желкеде. Қаздар секілді отырып жүру. <<Маймылдар>>, <<Құмырсқа жүрісі>>, ирелеңдеп жүгіру, жай жүріс, 4 қатар-ға тұру, доптарды алу.
1. Б.қ. <<Кім биік?>>1Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп допқа қарау.2. Допты алдымызға қойып отыру,қолды артқа тіреп, аяқты сәл жинап тізені оңға, түзу,солға бұру.3. Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұрып секіру.Жәй жүру, дем алу жаттығу.2қат.бөлінді.Тәрбиеші:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Біз баламыз шынықан,Денсаулығы мықты жан спорттық сайысымызды бастаймыз.Біз бәріміз деніміз сау, күшті,әдемі болып өскіміз келеді.Онда анықтайық.Біздің бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. <<Мықтылар>> тобы мен <<Шымырлар>> тобы қарсы алыңыздар! 1 - сайыс.<<Эмблемалар сайысы>> эмблемаларды тапсыру. 2 <<Үй тапсырмасы>><<Тазалық - денсаулық кепілі>>екенін бәріміз білеміз. Микробтардан күресу үшін бізге көмекшілер керек.Бүгіні екі топ бір- бірлеріне жұмбақ қою арқылы, дұрыс жауабынайта алу керек.3.Сайыс. Капитандар сайысы.<<Кім көп шар жарады?>>4.Эстафеталық жарыс.1. <<Кенгуру>>- үлкен допты астыларына койып кедергілер арасынан межегежетіп, кері қайту.2.Екі қолдап баскетбол торына көздеп түсіру.3.Төрт тағандап түнелдің ішінен өтіп, әткеншектен сырғанап межеден ай- налып өту.4.Межеге дейін секіртпемен секіріп, қайта оралу.Қортынды бөлім: дем алу жаттығулары, нүктелі массаж.Барлығы бірге :Сәби шақтан бастап біз,шынығуды сүйеміз.Ашық күнмен достасып,жалаңаяқ жүреміз.Қыста, жазда әр дайым,айрылмаймыз бәріміз.Шынықтыру жасап біз,мықты болып өсеміз.


Бағыты :Экологиялық тәрбие.
Тақырыбы: <<Құстар әлеміне саяхат>>
Мақсаты: балаларға құстар туралы түсінік бере отырып, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.
Құстарға қамқорлық жасауға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың суреті, құстар туралы тағлым сөздер

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
<<Шаттық шеңбері>>
(құстардың дауысы естіледі)
- Балалар, бұл ненің дыбысы болды екен? Ия, құстардың дыбысы әр түрлі болады екен. Олар түрлеріне қарай әр түрлі сайрайды. Мен сендерге осы құстардың сайрауы туралы бір әңгіме айтып берейін. Сендер жақсылап тыңдаңдар.
Әке құстар ана құстарға ән айтып береді екен. Құстардың да ата-аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді екен. Ал балапандары өздерінің тамақ жегісі келетінін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда айқайлап, шулап кетеді. Басқа дыбыстарды естіген құстар топталып жиналып, жат құстарды өздеріне тиіскізбей қуады. Міне, балалар құстардың осындай қасиеттері бар екен.
Ал, балалар, ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып осы құстарға жылы лебізімізді білдірейік. <<Егер сенің қолыңа құс қонса....>> (балалар алақандарына құсты ұстап тұрып, өз тіллектерін айтады).
ә) <<Құстар әлеміне саяхат>>
Табиғаттағы көрікті тіршілік иелері, адамдардың достары - құстар. Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау-бақша, орман-тоғай, өлекселерді, дала зиянкестерін жеп адамдарға пайда келтіреді.ал сендер қандай құстарды білесіңдер?
Құстар мекен ету орнына қарай дала және үй құстарымен қатар олар орман, өзен-көл, шөл дала, тау құстары да болып бөлінеді.
Балалар, осы құстарға саяхат жасап қайтайық. Қандай көлік түрімен барамыз? Не көріп тұрсыңдар? (самолеттің қонған дауысы естіледі, алдарында самолеттің макеті тұрады).
ә) <<Құстар әлеміне саяхатқа>> ұшуға дайынбыз ба? Бірінші қону алаңы <<Үй құстары>> (әтеш, тауық, қаз, балапандар, күркетауық). 2. <<Дала құстары>> (қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, дуадақ, ақбас тырна,ақсағал шымшық, қара бозторғай). 3. <<Орман құстары>> (тоқылдақ, кептер, қылаң жапалақ, қырғи, тұрымтай, құр, қаратөс торғай) 4. <<Өзен-көл құстары>> (жабайы үйрек, жабайы қаз, барылдауық үйрек, сұңқылдақ және сыбырлақ аққу, қоқиқаз, қызғылт бірқазан).
5. <<Тау құстары>>(қыран, дала қыраны, жыланжегіш қыран, бүркіт, ителгі, құмай).
Балаларға осы құстар туралы түсіндіріп, қысқаша мағұлмат беремін.
Саяхаттан оралып,балалар орындарына отырады.

Сергіту сәті:
Өткен жылы көктемде,
Бала едім тым кіші.
Кім білсін өкпелеп,
Кетті ме жыл құсы...
Өтті тез он екі ай,
Енді мен үлкенмін!
Келсе ұшып топ торғай,
Өзім - ақ күтемін.
Көлдің көркі-еркесі ,
Қанаттары көрпесі.
Бойын күтіп баптайды,
Ешкім оны атпайды.
Көлдің аппақ кербезі,
Аққу деген мен болам.
Мен торғаймын, торғаймын,
Көк аспанды торлаймын.
Жердегі бар қызықты,
Көкте тұрып барлаймын.
Түнгі қара мақпалдай,
Төсіне ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
Ойды кезіп, қырды асып,
Қарлығаштар зырлайды

ІІ. <<Алма ағашына көмектесу>>
(құстың дыбысы естіліп, қарлығаш ұшып кіріп, шар тастап кетеді)
-Балалар, сендерге құстардан хат келіпті: <<Сәлеметсіздер ме, қамқоршы достар! Сіздер саяхатқа кеткен кезде, біздің ауламыздың көркі болып жайқалып өсіп тұрған алма ағашын құрт- құмырсқа қаптап кетіп, ағаштың еркін жеміс беруіне кесел келтіруде. Біздің тазалауға шамамыз жетер емес. Құрметті, қамқоршы достар! Сіздер бізге көмектеседі деген үлкен үмітпен хат жазып отырмыз. Бізге көмектесу үшін берілген тапсырмаларды орындауларыңыз керек. Сіздерге сәттілік тілейміз. Сәлеммен, қанатты достар!>>Ал, балалар, құстарға көмектесеміз бе?

Бағыты :Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Құстар біздің досымыз>>
Мақсаты: Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру. 3) Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың суреті, құстар туралы тағлым сөздер

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
-Аппақ, аппақ дала,
Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша қар
Жауа берсін, жауа.
Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа
Шана теуіп ойнаймыз,
Қыс айлары тамаша.
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қыс айларын айтамыз?
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Қыста ойналатын қандай ойындарды білеміз?
II.Үй тапсырмасын тексеру Ойын: <<Шанамен саяхат>>
Сұрақтары:
1.Жануарлар дегеніміз не?
2.Жабайы аңдар дегеніміз не?
3. Жабайы аңдарды ата?
4.Үй жануарлары дегеніміз не?
5.Үй жануарларына нелер жатады?
6.Неге сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?
7.Жабайы аңдардың қандай пайдасы бар?
III.а\ <<Ойға шабуыл>> Суретті жұмбақтар шешу
Өзі сақ,өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көлдің көркі,сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Тоқ-тоқ етіп
Ағашты ояды.
Ондағы құрттарды
Тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. (Қарлығаш)
-Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Жануарлар әлеміне не жатады?
Ж а н у а р л а р
Құстар-қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.
Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайдыЖ а б а й ы қ ұ с т а рҮ й қ ұ с т а р ы
Құстар туралы қосымша түсінікті саз пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Сергіту сәті (Құстар қайтып барады әнін орындату)
. <<Халық болжамдары>>
· Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
· Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
· Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.Аязды күні қанатын қақса, аяз сынады.
· Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады,
аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.
<<Есіңе сақта!>> айдарымен
· Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
· Құстарды атуға болмайды.
Қорытынды. Ойын : <<Бұл қай құс?>>

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Жабайы аңдар мен үй жануарлары>>
Мақсаты: балаларға жабайы аңдар мен үй жануарларын таныстыру түрлерімен, әдістерін үйрету.
Зейінділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сөйлеу тілдерін дамыту.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жаңа сабақ
- Тірі табиғатқа өсімдіктерден басқа тағы жануарлар әлемі жатады. Бүгін сіздермен жануарлар туралы бар білімдеріңізді бекітіп, мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларды таныстыру түрлерімен, әдістерімен танысамыз.
- Жануарлар нешеге бөлінеді?

Жабайы аңдар мен үй жануарлары туралы негізгі мағлұматтар.

Жануарларға өмір сүру үшін не керек?


азық жарық
су ауа жылу

Мысалы: <<Мысықпен таныстыру>>
балаларға сурет көрсету арқылы <<Мынау мысық, ол сүт ішеді>> немесе <<Мынау балапан, ол дән шоқиды>> көрсетуге болады.





Жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: <<Үй жануарлары>>, <<Тауықтар>>, <<Ит және күшіктер>> және т.б.

Мысал: <<Тауықтарға бақылау>>
<<Қандай тауық?>>
<<Балапандар қандай?>>
<<Тауық балапандарын қалай шақырады?>>
<<Балапандар қалай шиқылдайды?>>
Әңгіме барысында жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар қолдануға болады.

Балалаларға өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек - олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю - олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып, дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек.

Бағыты :Рухани адамгершілік тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Саябаққа саяхат>>
Мақсаты: Балалардың саябақ туралы түсініктерін молайту, әрбір жеміс ағашына сипаттама бергізуді еске түсіріп, жалғастыру. Жемістер туралы түсініктерін молайту.
Балалар әрбір жеміс ағашына сипаттама бере отыра, ой қиялы, тілдік қаситеі, ой түйсігі, зейіні, бейнелеу қасиеті дамытылады.
Балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін одан әрі ояту. Табиғатты сүйе білуге, оны ластамауға, өзінің екінші үйіндей сезінуге үйретуді жалғастыру.
Керекті құрал- жабдықтар: жеміс ағаштары, саябақ көркі, қоқыстар, шөптер, құлып және кілт.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұймдастыру.


1 кезең
уәждік түрткі болу
Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Балалар қане ең алдымен тәрбиеші апайлармен амандасып алайық!
Проблемалық жағдай орнату:
Балалар енді менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер. Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы балалар бұлар нелер?
Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші балалар.
Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз.
Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз. Балалар қараңыздар ана жерде Асия әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық.
Асия әжей сәлеметсіз бе?
<<- Сәлеметпе балаларым, амансыңдарма, не болды? Қандай шаруамен келдіңдер?>>
Асия әжей бізге саябағыңыздың кілті керек еді. Баққа саяхат жасайық деп едік.
<<- Жарайды, кілтті берместен бұрын менің сендерге айтар тапсырмам бар, Мына саябақтың жемістерін жинап балабақшаға апарып жерсіңдер, сендерге берер тартуым болсын, жарайма?
Ал саябаққа кірерде абайлаңдар, әрбір жеміс ағашының арасында кедергілер бар, сол кедергілерден сүрінбей өтіңдер. Ал сәттілік тілеймін.>> деп кілтті береді


* Сәлеметсізбе!

* Ағаштар

* Алма, апельсин, банан, алмұрт т.б.

Балалар тәрбиешімен саябаққа саяхатқа шығады.





Асия әжейге барып кілтін сұрайды.

Балалар Асия әжейдің берер тапсырмасын тыңдайды





* Жарайды әжей


Балалар әжейден кілтті алады


2 кезең проблемалық- ізденістік
Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды.
1.Кішкентай алма ағашына көмек көрсету
2.Алмұрт ағашының айналасындағы қоқыстарды жинау
3.Банан айналасындағы аррам шөптерді жұлу.
4.Сергіту сәті <<Тербеледі ағаштар>>
5.Гүлдерді жинау.
Қарлығаш келіп хабарлама айтады:
<<- Достарым, достарым балабақшадан хабар әкелдім, сіздерді Бибігүл апайларын мен Ақмарал апайларын сағына күтіп отыр, Асия әжейдің жемістерін тез алып келсін дейді, ал сау болыңдар>>


Саябақтағы жеміс ағаштарының тапсырмаларын орындау.

Балалар кішкентай алма ағашына көмектеседі

Алмұрт тапсырмасын орындайды

Банан жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды

Сергіту сәтін рындайды.
Гүлдердің тапсырмасын орындайды.

Қарлығаштың хабарламасын тыңдайды
3 кезең рефлексті- түзетімдеуші
Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:
Балалар біз бүгін қайда бардық?
Онда неше жеміс ағашы болды?
Қандай қандай?
Біз оларға не істедік?
Сендерге саяхатымыз ұнады ма?
Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік.
Ал балалар тәрбиеші қонақтарға не айтамыз?
Себетімізді, гүлдерімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық


* Саябаққа саяхат жасадық

* Бес

* Көмектестік

* Иә ұнады

Бақтың есігін кілтейді.

* Сау болыңыздар!

Балалар себеттерін алып топқа барады.

Күтілетін нәтиже: Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет алады, табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.
Білуі тиіс: Табиғатты ластамауға, әрбір жеміс аттарын білуі тиіс.

Бағыты :Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Біз баламыз шыныққан, денсаулығы мықты жан>>
Мақсаты:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиялогиялық жетілуін жақсарту қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
Жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, достық қарым қатынасын қолдау
1)Жалпы денеге арналған жаттығу-балалардың денсаулығын нығайтып, дене, қолдың саусақтарын ашып-жұму бітімін жақсы қалыптастырады.

Ұйқымызды ашайық
Қолымызды созайық
Табанды шынықтыру массажы:
Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін кер
<<үйректер серуенге шықты>> кря-кря-кря-кря
Табанға арналған төсеніш үстерімен үйрекше жүру
Сәби шақтан бастап біз,шынығуды сүйеміз.Ашық күнмен достасып,жалаңаяқ жүреміз.Қыста, жазда әр дайым,айрылмаймыз бәріміз.Шынықтыру жасап біз,мықты болып өсеміз
Бағыты : Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Ойнайық та, ойлайық>>
Мақсаты: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұймдастыру.
Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім - денсаулық!
Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?
Өздеріңе спорттың қандай түрлері ұнайды?
Сендер қандай спорт түрлерімен шұғылданасындар
Денсаулықтың қадірін,
......... білерсің.
ауырса қолыңды тый,
........ ауырса аузыңды тый.
- Денің сау болса, ........... деме,
Жолдасың көп болса, ........... деме
Сергіту сәті.
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір.

Бағыты : Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Сәлем сөздің-анасы>>
Мақсаты: Халқымыздың салт - дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы
түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді
сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.
Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым
- қатынас жасай білуге баулу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұймдастыру.
Амандасу.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын келді күн
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсіз бе, амансыз ба?
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз тату болайық!
Бүгінгі <<Сәлем - сөздің анасы>> атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
<<Сәлем - сөздің анасы>> деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем - әдептілік белгісі.
Сәлемдесу адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.
<<Сәлем - сөздің анасы>> деп неге айтқан?
Үлкен адамдарға сәлем беру - кішінің міндеті. Сәлем беру инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.
Бәріміз хормен айтамыз.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәрінен де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіз бе, ағай!
Сәлеметсіз бе, әже!
Амансыз ба, атай!
Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.

Тәрбиеші: Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,
алдынан қия өтпей сәлем беру ата - дәстүрімізде бар қасиет.
Енді біз үлкен кісілеріміздің алтын ақылдарын еске түсірейік.

Үйде, балабақшада, көшеде : <<Сәлем !>>, <<Сәлеметсіз бе!>>, <<Қайырлы күн!>>
деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,
ал ұл балалар қыздарға амандасады.

Сұрағыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, <<рахмет>>
деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!
Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде
кешірім сұра.

Тәрбиеші: Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан
екен. Өздерің білетін нақыл сөздерді айтайық.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар

Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық үлкен мін

Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні

Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет

Сергіту сәті
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз

Енді балалар, мен сендерге әдептілік жайында өлең оқимын, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтасыңдар. Мұқият тыңдаймыз.

Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді,
Ең үлкенін жақсысын,
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек?
<<Рахмет>> деу керек

Әжең сенің түскі асқа,
Қант - кәмпит алды иол
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол
Не деу керек апаңа
<<Жеуге болама>> деу керек

Естіледі айқай, шу
Сен де шықтың, сөреден,
Қағып кеттің байқамай
Мұндайда не деу керек
<<Кешіріңіз>> деу керек
Міне, балалар осынау бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?
Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.
Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.
Сәлем беру - кішіліктің белгісі
<<Әдептілік бергісі - иіліп сәлем бергені>>
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

Бағыты : Отбасы тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Отбасындағы қуаныш>>
Мақсаты: <<Бақыт>>, <<қуаныш>> құндылықтарының мәнін түсіндіру. Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету; отбасы мүшелеріне қамқорлық ,жанашыр сезімдерін дамыту; отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар,
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар
Бір туған ағам бар
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін еремін!

* Отбасыларыңды бір-бірлеріңді қалай еркелетіп атайсыңдар?
* Ал, олар сендерді қалай еркелетеді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ойын
Баларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, айтқызу мақсатында <<Менің отбасым>> ойынын жүргізеді.
Балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады.
Менің отбасым көңілді, өйткені ...........
Менің отбасым мейірімді, өйткен .........
Менің отбасым бақытты, өйткені.......
Менің отбасым тату, өйткені.............
Менің отбасым қайырымды, өйткені.....
Менің отбасым қонақжай, өйткені.........
Менің отбасым сыйласымды, өйткені.......
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш боп ұшайық
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығады.
Менің отбасым бақытты,
Отбасымдағы әрбір сәт қуаныш сыйлайды
Менің отбасым тату.
Қорытындылау
* Балалар, бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, оларға көмектесуге үйрендік.

Бағыты : Кәсіби шығармашылық тәрбиесі..
Тақырыбы: <<Ас тағамдар>>
Мақсаты: Ас тағамда бірінші наннан басталатынын түсіндіру. Нан дастарханға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру, еңбек адамдарын сыйлай білуге, қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру. Біздің күнделікті дастарханымыздағы жейтін нанымыздың дастарханға қандай еңбекпен келетіндігімен танысамыз. Нан көп еңбек ету арқылы, көп тер төгу арқылы келеді. Нанды бір күн жемей шыдап отыру қиын. Нансыз өмір жоқ деуге болады. Нан- болса ән болады.
Қазақта <<ас атасы −- нан>> деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені − нан. бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып - ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. нан қасиетты. адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады, ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпеиді, жалықпайды. дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбеиді. нанның қасиеттылыгының өзі осыдан - ақ көрінеді. ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттының бәрі бар. өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. қазақта <<қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын>> деген де сөз бар ғой. <<нанды жерге тастама>>, <<нанның үстіне зат қойма>>, <<нанды төңкерме>>, <<нанды бір қолмен үзбе>> деген сөздің барлығы − нанның қасиетыне орай айтылған тиымдар. тіпті, адам ашыққан кезде қолы жетпеитін биікте тұрған нанды құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. нанның қасиетты құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан - ақ білуге болады.
Сабақты қорытындылау:
<<Нан-байлық, нан-береке>> деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдерме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген тағамдарды қастерлеуіміз керек.

Бағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Жыл мезгілдері>>
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып, жыл
мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы түсіндіру.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы: Ұйымдастыру.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар,бізге шуағыын төккен күнмен, мейірімді жер анамен,қайырымды аспан атамен және бізге келген қонақтармен амандасайық.
Өте жақсы балалар,ал енді әркім өз орындарына отыра қойсын. Табиғатты аялап, қорғасақ,өз денсаулығымызды қорғағанымыз.
Балалар өз денсаулығымызды қорғағанымыз дегенді қалай түсінеміз?
Біз табиғатты қорғасақ, яғни өсімдіктерді,ағаштарды ,гүлдерді көп етіп егіп, оларды күтіп баптай білсек олар біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Олар бірігіп,саябақтарды,орман-
дарды құрайды.
Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық,күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.
Балалар неше жыл мезгілі бар?
Қане бәріміз бірге жыл мезгілдерін атайықшы.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Осы кезде қыс мезгілі қонаққа келеді.
Қыс мезгілі:
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жарайсыңдар балалар.
-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
-Қыс мезгілі несімен қызықты?

Жарайсыңдар балалар.
Ал балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күн,күн,сен неге күлімдейсің?
-Жаңбыр,жаңбыр сен неге сыртылдайсың?
-Құстар,құстар сендер неге сайрайсыңдар?
Өте жақсы балалар.
Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

Осы кезде Бәйшешек өсіп шығады. Балалар мынау қандай гүл?

Өте жақсы балалар. Біз бүгін жыл мезгілдері жайлы әңгімелестік. Ал енді іс-әрекетті <<Гүл теру>> ойыны арқылы қорытындылаймыз.
Балалар мына жерде гүлдер тұр. Ал ендер гүлді ала отрып, сұрақтарға жауап бересіңдер.
Сұрақтар:
-Жыл мезгілдерін ата?
-Тыйым сөздер айт?
-Бүгінгі ауа райы қандай?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ата?

Қорытынды.
Балаларды мадақтау.

Армысыз қайырмды Аспан ата!
Армысыз,мейірімді Жер ана!
Армысыз ,шұғылалы Алтын күн!
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар мұқият тыңдайды.

Төрт жыл мезгілі бар.
Қыс,көктем,жаз,күз.

Қыс мезгілінде болады.

Иә.
Қар.
Шана.
Мұз.
Қыста қар жауады, қардан аққала жасап ойнаймыз.Шанамен ойнаймыз.

Балалар мұқият тыңдайды.
Көктем мезгілі.

-Көктем келді
-Көктем келді.
-Көктем келді.
Күн жылынып,адамдар егін егеді. Жылы жақтан құстар келіп, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек шығады.

Бәйшешек.
Мынау көтемнің алғашқы гүлі ғой. Қандай әдемі!

Балалар қайталайды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар ойын ойнау арқылы, сұрақтарға жауап береді.

Бағыты : Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Көктем>>
Мақсаты: 1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.
2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Көрнекілік: жыл мезгілдерінің суреттері, құстардың суреттері,асықтар,қоржындар,теледидар,үнтаспа.

Іс-әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезім ояту.

Ізденістер. Ұйымдастыру.

Қорытындылау

Бағалау
Балаларды дөңгелендіре тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын оқиды:
Жаңбыр,жаңбыр жауасың,
Жанымызға жауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
-Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
-Қыс,көктем,жаз,күз.
<<Бұл қай кезде болады?>> дидактикалық ойыны.
Шарты:жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету,оның ішінде көктемнің суреттерін таңдап тақтаға іліп қою.
Теледидардан көктем көріністерін тамашалайық.
-Балалар бұл көріністен қандай жыл мезгілін көрдіндер?
-Көктем мезгілі.
Әңгімелесу.
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Көктемнің алғашқы айы-наурыз.
Бұл айда күн жылынып,қар еріп,жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.
-Наурызда қандай мерекелер болады?
- 8 наурыз,Наурыз мерекесі.
-Сәуір айында қандай өзгерістер болады?
-Жер беті көгереді,ағаштар бүршік атады,жаңбыр жиі жауады,құстар жылы жақтан ұшып келеді.
-Мамыр айында қандай өзгеріс болады?
-Дала жасылданады,құстар балапан басады.
-Көктемде адамдар қандай жұмыс жасайды?
-Гүлзаларға гүл егеді,жер жыртады,егін салады,бау-бақша салады,ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға үя жасайды.
-Көктемде жануарларда қандай өзгерістер болады?
-Суырлар,кірпі,жылан,аюлар қонжығымен бірге апанан шығады,бақалар,борсық,жәндіктер оянады. Қоян үстіндегі ақ тонын сұр түске өзгертеді.
-Қандай жыл құстары ұшып келеді?
Ұзақ,шұбаршымшық,қараторғай,қарлығаш,көкек,
бұлбұл т.б. ұшып келеді.
- Көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?
-Бәйшешек.
Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды.
Күн жарқырай ашылды.
Неше түрлі әдемі,
Кемпірқосақ жасалды.
Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталау.

Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Құстардың суреттері.

Өлең жолдарын қайталап,қимыл қозғалысын жасау.

Балалар белсенділікпен жауап береді.

Бағыты : Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Табиғат - денсаулық мекені>>
Мақсаты Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:Ұйымдастыру.
Табиғат - бізді қоршаған орта, ол адамбаласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті - ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.Таза табиғат үшін күрес - өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған тынысың.Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!Табиғаттың сұлу-сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың бірі - хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Тиме аққуға!Мендейлердің атын ал, түйесін ал,Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.Мендейлердің затын ал, биесін ал,Тиме аққуға аққудың иесі бар...Кеудемде жүрек барда басыла ма ой,Тиме аққуға кіршіксіз асыл ар ғой,Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой...
Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
"Ұя бұзба! Балапанға тиме" деп,Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек"Жас шыбықты сындырма" деп ұрсатын,Шыққанымда "тұлпарымды" сүйрелеп,"Ұя бұзба! Бұзба" деймін баламаӨсиетің қандай ғажап, жан ана!
Табиғатты тарылтпайық.Мөлдір кәусар тынысын.Пәк табиғат!Жүрегімнің тамылжыған жырысың.Ей, адамдар!Қалай ғана қатыгездік жасайсың.Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды
Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету - біздің парызымыз.

Бағыты : Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Аяулы менің ақ әжем>>
Мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.Ата - анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата - ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:Ұйымдастыру.
Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.
-Біздің ең жақын тұтатын адамымыз кім?
-Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім?
-Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап,демеу беретін кім?
Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді.
Әке де сол сияқты баласының азық тауып тәрбиелеу үшін ,оймен де денемен де қиыншылықтардан бет бұрмаған.
Міне ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой парасат тұрғысынан байқасақ,әрбір баланың тегі ата-ана.не үшін ата-анама құрмет жасаймын деген сөзді ойыңа алма.Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі.
Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға шүкір етпесе,жақсылығын білмесе,басқа біреудің жақсылығын байқамайды.
О, Ата-анам!
Таянышым,тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Ата-анасы баласы шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да , олардың әміріне жүгіну керек.Ата-анаң саған ашуланып айқайласа да ,сен оларға ешнәрсе айтпа.
Кейбір тәрбиесіз,арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп,тыңдамай жатады.Ондай қылықтардан аулақ болып ,ата-ана әке апа,қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың,асқар тауың,Ана-жарық дүниеге әкелуші.
Бала тәрбиесі бесіктен дейді қазақ.Әрбір ата-ана баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді.
Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
Кішкене баланы жылатуға болмайды.
Құстарды атуға болмайды.
Қыз баланы ренжітуге болмайды.
Сабаққа кешігуге болмайды.
Сыныпта айқайлауға болмайды.
Тәрбиеші адамгершілік,сыпайылық туралы сұрақтар қояды.
Тәрбиеші: Оқушылар,.бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау,құрметтеу керек сол жайлы мағлұмат алдық. Балалар ата-ана алдындағы әдептілік - баланың бармақтай кезінен бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау-елді сыйлау.Ата -әжесін құрметтеу-өмірді құрметтеу.

Бағыты : Кәсіби шығармашылық тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Жол белгісі>>
Мақсаты: Балаларды жол ережелерімен таныстыру. Бағдаршам арқылы
үш түрлі түсті ажыратып, жолға шыққанда өздерін қалай
ұстау керектігін үйрету.Балаларды сақтыққа, жол ережелерін
орындауға үйрету.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:Ұйымдастыру.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойын- сауық кешімізді бастаймыз сәлемменен!
Арманға алдап күткен асығамыз,
Біз қалай шапқан аттай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықпен алға ұмтылған жас ұланбыз!
-Балалар, мына макетке қараңдаршы не бейнеленген?
- Бағдаршам.
-Ол неше түстен тұрады?
- Үш.
-Түстерін атаңдар?
-Сары,қызыл, жасыл.
Пішіндері қандай?
-Дөңгелек.
-Балалар, қане кім жұмбақ біледі екен?
Менің үш көзім бар,
Бір көзім кідір, - дейді,
Бір көзім жүгір, - дейді,
Бір көзім абайла, - дейді,
Қарап ал, маңайға, - дейді.
-Бұл не екен, балалар?
- Бағдаршам.
Көрініс . <<Көшедегі жол ережесі>>
1 бала - бағдаршам
1 бала - жедел жәрдем
2 бала - жеңіл машина
4 бала - жолаушы
МАЙ қызметкері
Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысында машиналар зуылдап өтіп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.
Тәрбиеші: - Балалар, мынау қай көліктің даусы?
Жедел жәрдем.
Ойпыр - ай, енді қай көлікті жібереміз?
Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.
Жүргізуші: Неге?
Балалар: - Жедел жәрдем машинасында ауырып жатқан адам бар.
Жүргізуші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінщі жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып бара жатыр. Бағдаршамға бағынбай, жүгіріп өтіп бара жатқан баланы МАЙ қызметкері тоқтатып, ескерту береді.
Бір топ бала жаяу жүргінші жолымен жүреді.
Балалар МАй қызметкеріне, бағдаршамға арналған өлеңдерін оқып береді.
Бағдаршам, жасыл жанды,
Өте бер, бағың жанды.
Ал, егер сары жанса,
Кідір тұр, жолды байқа!
Қызыл жанды қып- қызыл от сияқты,
Қолыңды күйдіретін шоқ сияқты.
Бағдаршамды әр қашан есте сақта!
Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!
Қызыл - байқа, машина жоқпа?!
Сары - қозғалма, асықпа, тоқта!
Жасыл - жол сенікі осыны есте сақта!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып- жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады.
Балалар МАЙ қызметкерімен қоштасып, шығарып салады.
Жүргізуші: - Балалар, мен сендерге <<Бағдаршам>> атты ойын ойнатқым келіп тұр.
Ойын шарты: Барлық бала дөңгелене тұрады.Қызыл түсті көтергенде, бір адым артқа, сары түсті көтергенде, сол орында тапжылмай тұрады, жасылтүсті көтергенде, бір адым алға жылжу керек.

Тәрбиеші: - Балалар,ойын-сауық кешімізге жақсы қатысып, жол жүру ережелері туралы білімдеріңді жинақтадыңдар.
Осымен, бүгінгі өткен ойын- сауық кешіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!

Бағыты : Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Тақырыбы: <<Адал дос>>
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым - қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:Ұйымдастыру.
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де <<Сіз>>,
Кішіге де <<Сіз>>.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар <<Досыммен бірге>> ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Нұрлы - Нұржігіт
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
* Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.

* Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
* Шын досты қалай білуге болады?
* <<Досы көпті жау алмайды>> деген сөзді түсіндіріңдер?
* Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

Көмектеседі

Мейірімді
Адал

Қайырымды
Білімді

ДОС

Шыншыл

Ұқыпты

Қамқоршы

Жанашыр


ІV. <<Достық.Бірлік.>> үйін салу.
* Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
V. Тыныштық сәті.
* Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
* Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Досымыз туралы ауызша әңгімелеу.
* Кіммен дос болғың келеді?
* Партада кіммен бірге отырғың келеді?
* Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
ҮІ. Қорытынды.
* Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
2. <<Ризамыз>> әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.



Даярлық топ тәрбиешілерінің 2013-2014 оқу жылына қорытынды есебі.

Біз М.Оразбаева мен Н.Сейлбекова 213-2014 оқу жылынан бастап даярлық тобында тәрбиеші болып жұмыс жасадық. Даярлық тобында 7-оқушы бар. Оның 3-і ер бала, 4-і қыз бала.
+ Абдықадыр Ернұр 2-х ст.туг.3-4 ст. ОНР-1 ур
+ Валиикрам Сабина 2-х ст.туг.3 ст.
+ Валиикрам Сымбат 2-х ст.туг.3 ст.
+ Нажмиддинов Хажакбар 2-х ст.туг.3-4 ст.
+ Қалымбет Аяулым 2-х ст.туг.2-3 ст.
+ Қыдырбай Ерсұлтан 2-х ст.туг.2-3 ст.
+ Шырынбек Бақдәулет 2-х ст.туг.2-3 ст.
Оқушылардың мінез-құлқына сипаттама берер болсақ, Абдықадыр Ернұр өте сабырлы, ұқыпты, таза, сабаққа деген қызығушылығы бар. Валиикрам Сабина - ол өте пысық, сабаққа қызығушылығы жақсы. Валиикрам Сымбат-ол сабырлы ,сүйкімді, ерке қыз. Сабаққа қызығушылығы төмендеу. Нажмиддинов Хажакбар-ол өте суретке бейім, құрастырғыш ойыншықтармен көптеген пішіндерді қызығушылықпен жасайды, тәртібі жақсы, жазу үлгісін мұқият таза орындайды. Қалымбет Аяулым-сабаққа ынтасы өте жақсы, әріптерді таниды, есепке деген қызығушылығы жақсы, өте сабырлы қыз. Қыдырбай Ерсұлтан-ол тынымсыз оқушы, бірақ сабаққа, ойынға қызығушылығы зор. Шырынбек Бақдәулет-ол өте сабырлы, таза, ұқыпты оқушы. 2013-2014 оқу жылында 12 бағыт бойыншажұмыс жүргіздік. Желтоқсан айында бастауыш бірлестігімен қосылып <<Ертегілер еліндегі Жаңа-жыл>> атты мерекелік ертеңгілік өткіздік. <<Менің сүйікті ойыншығым>> атты тілдік ертеңгілік сынып жетекшісі Бурибаева Сұлушаш, тәрбиеші Оразбаева Майра, Сейлбекова Назира, Қарабаев Ақпанның еңбегімен өз деңгейінде өтті. <<Қыс қызығы>>, <<Ертегілер елінде>>, <<Эстафеталық ойындар>> атты жексенбілік клубтар өз деңгейінде өтті.
2013-2014 оқу жылын аяқтап барлық оқушы 1-сыныпқа көшірілді.

2013-2014 оқу жылындағы даярлық топ тәрбиешісі
М.Оразбаева мен Н.Сейлбекованың тәрбие жұмыстары

Бағыты : Өзін-өзі тану және дамыту тәрбиесі.
Тақырыбы: <<Жайдары жаз>>
Мақсаты Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.
Барысы:Ұйымдастыру.
Табиғат - бізді қоршаған орта, ол адамбаласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті - ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.Таза табиғат үшін күрес - өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған тынысың.Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың!Табиғаттың сұлу-сымбат мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың бірі - хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан ашырлық ерекше орын алған.
Тиме аққуға!Мендейлердің атын ал, түйесін ал,Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.Мендейлердің затын ал, биесін ал,Тиме аққуға аққудың иесі бар...Кеудемде жүрек барда басыла ма ой,Тиме аққуға кіршіксіз асыл ар ғой,Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой...
Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
"Ұя бұзба! Балапанға тиме" деп,Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек"Жас шыбықты сындырма" деп ұрсатын,Шыққанымда "тұлпарымды" сүйрелеп,"Ұя бұзба! Бұзба" деймін баламаӨсиетің қандай ғажап, жан ана!
Табиғатты тарылтпайық.Мөлдір кәусар тынысын.Пәк табиғат!Жүрегімнің тамылжыған жырысың.Ей, адамдар!Қалай ғана қатыгездік жасайсың.Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды
Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету - біздің парызымыз.

-


Ұқсас жұмыстар
Жаңа сабаққа нұсқау беру
Өрт қауіпсіздігі
<<өрт - тілсіз жау>>
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою
Дидар бала
Информатика пәнінен оқу бағдарламасы
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Тема занятия Ұжымдық қорғану құралдары
Модульдік оқыту технологиясы
Пәндер