Адамның сезім мүшелері. 1 сынып

Қала: Павлодар
Мектеп: №35 ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Жаркынай Жасталаповна
Сынып: 1 «Б»
Пән: дүниетану
Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері құрылысымен танысады.
2. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі мен құрылысын түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, доп, АКТ, интербелсенді тақта.
- Ал, балалар, күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңіл-күймен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем шаттанам!
- Ал, енді, бүгінгі сабаққа үй тапсырмасы қандай?
Жұмбақтар жаттау.
- Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз)
- Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын)
- Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)
- Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)
- Бунақты көсеу, тармағы бесеу.
(Қол мен саусақ)
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы - сезім мүшелерін қайталау. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді? Алдарыңа
- Яғни, бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың құрылысын, қызметін білесіңдер.
-Топпен жұмыс істеуді;
-Топқа баға қоюды;
-Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді;
-Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді;
-Құрылысын білгіміз келеді.
- Балалар, маған қай топта жұмбақтың қай шешуі аталғанын айтыңдаршы.
- Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ - «құлақ», ІІ топ - «көз», ІІІ топ - «мұрын», ІҮ топ - «тіл», Ү топ - «тері».
- Енді топ болып топ басшыларыңды сайлап алыңдар.
- Балалар, сендердің парталарыңның алдында топ атауы
жазылған қағаз бар. Топ атауларыңды есте сақтаңдар! Сендердің топ басшыларың әр тапсырмаға өз тобына баға қоятын болады. Бағалау үшін партада бағалау парағы бар. Әр тапсырмаға "+" немесе «-» қойып отырасыңдар. Егер барлығы дұрыс болса «+», толық емес немесе дұрыс емес болса «-» қоясыңдар.
Сонымен, бастайық!
Бағалау парағы
«+» - қызыл түсті гүл
«-» - сары түсті гүл
- Барлығымыз интербелсенді тақтаға қараймыз.
(1-сыныпқа арналған электронды оқу құралы қосылады. Авторлары: Жүнісқызы Күлжан, Жапанбаева Назгүл, Маркина Марина)
- Сонымен, адамның қандай сезім мүшелері бар?
Олар нені сезеді?
-Мұрын -иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады. .
-Құлақ - дыбыстарды естиді. Ол - есту мүшесі.
-Көз - көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз.
-Тіл - дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз. Онымен сөйлейміз.
-Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері - сипап сезу мүшесі.
- Балалар сендердің парталарыңның үстінде әр топтың атауына байланысты сурет берілген. Бұл суретте сезім мүшелерінің құрылысы көрсетілген. Осыны топпен қарастырыңдар да, интербелсенді тақтаға 1 оқушы шығып, баяндап бересіңдер.
1-тапсырма
-Мынау - көз. Көзде көз алмасы, ақ қабаты және қарашығы бар. Көз - көру мүшесі.
- Мынау - тіл. Тілдің ұшы және екі ағы бар. Тілдің ұшы - тәттіні, ал екі жағы - ащыны сезеді. Тіл - дәм сезу және сөйлеу мүшесі.
-Мынау - мұрын. Мұрында танау бар. Танаудың екі тесігі бар. Олар арқылы иісті сеземіз, дем аламыз. Танау тесігінің ішінде түкшелері бар. Олар шаң-тозаңды енгізбейді.
Мұрын - иіс сезу, дем алу мүшесі.
-Бұл - құлақ. Құлақта қалқан мен дабыл жарғағы болады. Қалқан - дыбыстарды жинайды, ал дабыл жарғағы - дыбыстарды естиді. Құлақ - есту мүшесі.
-Бұл - тері. Тері жасушадан тұрады. Терінің тесіктері мен түкшелері болады. Терінің тесіктері арқылы тері дем алады, ал түкшелер теріні қорғайды. Тері - сипап сезу мүшесі.
Бағалау
- Өз басқа топтарыға баға қойыңдар.
2-тапсырма
Сарамандық жұмыс
- Балалар, сендердің алдарыңда қорап бар. Қораптың ішіндегі заттарды өз топтарыңның атауларына байланысты таңдап алыңдар. Неге бұл затты алғандарыңды дәлелдеп беріңдер.
- Құлақ тобы дискті таңдапты. Олай болса, бұл топты тексерейік. Мен сендерге дисктегі жануарлардың дыбыстарын қоямын, ал сендер олардың аттарын атау керексіңдер.
Көз:
*Біздің топ -көз тобы.
*Біз кемпірқосақ суретін таңдадық.
*Оның жасыл, қызыл, көк және т. б. түстері бар.
*Кемпірқосақты көзбен көреміз, қолмен ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз.
*Көз - көру мүшесі.
Тіл:
*Біздің топ - тіл тобы.
*Біз қант пен тұзды таңдадық.
*Қант - тәтті.
*Тұз -ащы.
*Тәттіні - тілдің ұшымен, ащыны - екі жағымен сеземіз.
*Тіл - дім сезу мүшесі.
Тері:
*Біздің топ - тері тобы.
*Біз допты таңдадық.
*Себебі оны қолмен ұстаймыз, ал қолда тері бар.
*Доптың жұмсақ екенін, шипасы бар екенін сездік.
*Тері -сипап сезу мүшесі.
Мұрын:
*Біздің топ - мұрын тобы.
*Біз әтірді таңдадық.
*Әтірдің иісін мұрнымызбен сеземіз.
*Оның иісі жағымды.
*Мұрынмен дем аламыз.
*Мұрын - дәм сезу және дем алу мүшесі.
Құлақ:
*Біздің топ - құлақ тобы.
*Біз «жануарлар дауыстары» деген дискті таңдадық.
*Себебі онда әр түрлі дыбыстар жазылады.
*Ал дыбыстарды біз естиміз.
*Құлақ - есту мүшесі.
Бағалау
Топ басшылары бағаларыңды қойыңдар.
- Ал, енді, орнымыздан тұрамыз. Біздің сезім мүшелерімізді сергітейік. Олай болса, «Сезім мүшелері жаттығуын» жасайық. (Музыка ойнап тұрады)
3- тапсырма
- Енді, әр топ атауларыңа байланысты осы сезім мүшелерінің күтуін атап, дәлелдейсіңдер.
Көз:
*Үшкір затпен ойнауға болмайды, себебі көзге кіріп кетуі мүмкін.
*Қолмен көп уқалауға болмайды, көз ауыра бастайды.
*Көзге бірдеңе түссе, жылы қайнатылған сумен шаю керек.
*Қараңғыда кітап оқуға болмайды, көз көруі нашарлайды.
*Теледидар және компютерде көп отыруға болмайды, себебі көздің көруі нашарлайды.
Тіл:
*Өткір затты ауызға салуға болмайды, себебі кесіп алуың мүмкін.
*Тамақты асықпай жеу керек, өйткені тілді тістеп алуымыз мүмкін.
*Тамақтан кейін ауызды шаю керек, өйткені тамақ қалдықтары қалады.
*Ыстық тамақты суытып ішу керек, себебі тіл күйіп қалады.
Мұрын:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz