Мектепалды тәрбиешілеріне көмек

Пәні:Құрастыр. Қол еңбек
Тақырыбы:Темір конструкторлардан арба құрастыру
Мақсаты: 1. Арбаны құрастыру үшін оның дөңгелектерін бұрандылармен бекіту. Әдіс-тәсілдерін меңгерту.
2. Ой-өрісін, қиялын, қол икемдерін Қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Арбаның суреті.
Керекті құрал:Құрастырғыш конструкторлар, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгін біз құрастырғыш конструктормен арбаны құрастырып үйренеміз.
V Жаңа сабақ
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Күзде қандай тіршілік басталады ?
-Егін жинау, жеміс-жидек жинау.
-Иә балалар егіншілерге астықты қоймаға тасуға көмектесейік.
-Қоймаға астықты немен тасиды ?
-Машинамен, арбамен.
Алдымен арбаны құрастырып алайық, сонан соң астықты тасуға көмектесеміз.
Арбаны құрастыру жолы әліппе дәптердегі сурет арқылы түсіндіріледі.
-Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау -Арба қанша бөліктен тұрады ?
-Арбаның жайпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі, т. б. бар.
-Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?
-Жүк салу үшін.
-Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп оны гайкалармен бұрап орналастырады.
Балалар осыдан соң төрт дөңгелектерді бұрап, жүк салатын бөлігімен біріктіріп, оны қозғалтып жүргізіп көреді.
VII Бекіту
Балалар өздеріндегі конструкторлармен арбаны көрсеткен ретімен құрастырады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
Құрастырып болған соң астықты жинауға егіншілерге көмек көрсетіндерін, өздеріде көмек көрсетіндерін айтады.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау, бағала
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы:Менің альбомым
Мақсаты: 1. Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және желімдеп альбом жасауға үйрету.
2. Ой-өрісін, қиялын, қол икемдерін, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Альбомның суреті не өзі.
Керекті құрал:әр балаға бірнеше ақ парақтар, түрлі-түсті қағаздар, жіңішке лента, әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгін біз «Менің альбомым» тақырыбында альбом жасап үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Әліппе- дәптердегі үлгіні көрсетіп, жасалу ретін түсіндіру, бағыт беру.
-Балаларға алдындағы парақ қағаздарынн алып, біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеді;
-балалар қайталайды, қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап, оларды ортасынан бүктейді (әр парақты жеке бүктеуге де болады) ;
-Түсті қағаз алып, кітаптың сыртқы бетін де қос бүктеп жасап оның ішіне парақтарын кигізе орналастырады;
-Тескішпен тесіп, оған жіңішке лентаны өткізіп байлап қояды;
-Альбомның сыртын балалар қалауы бойынша көрсетілген үлгілерге сәйкес әшекейлейді;
-Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
-Балалар альбом жасау үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
-Ленианы не істейміз?
-Түрлі-түсті қағазды қай жеріне пайдаландық?
VII Бекіту
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен, жапсыру жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау, бағалау.
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы: Жаяу адам және көліктер жүретін көпірлер.
Мақсаты: 1. Балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту. Құрылыс материалдарымен пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
2. Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту. Көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал: құрылыс материалдары, көпірдің үлгі суреттері, машиналар, әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Көлік түрлері жайында, жол ережелері туралы әңгімелеу. Көліктер мен адам жүретін көпірлер туралы өтетінімізді айту.
V Жаңа сабақ
Әр түрлі көпірлердің суреттері көрсетіледі., үлгі суретке талдау жасайды (әліппе-дәптердегі) . Балалар дәптерге мұқият қарап, көпірді қалай құрастыру қажеттігін ойланады. Жаяу адам жүретін көпірлер мен көліктер өтетін көпірді салыстырып көреді, айырмашылығына назар аударады. Көпірдің бөліктерін атайды:тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсетін ылдиы, екі көпірде әр түрлі пішінде (біреуі-басқыштар мен, біреуі-тегіс) . Алдымен көпірдің тіреулері, срдан соң оның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері, т. б. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, машиналар ерсілі-қарсылы өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді. Балалалардан көпірді құрастыру реті сұралады. Балалар іс-әрекетке кіріседі. Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп, көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыру, өздігінен үлес қосуға бағыт беріледі. Дайын болған құрылысты талдау кезінде тек тапсырманы орындау ғана емес, құрылыстың ерекше шешім тапқандығы аталып, мадақталады.
Сергіту сәті: Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта, баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
VI Пысықтау
Сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.
VII Бекіту
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен, көпірді жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау, бағалау.
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы: Жасанды заттармен жұмыс
Мақсаты: 1. Жасанды заттармен жұмыс істеуге үйрету.
2. Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту. Қол икемдерін, ой-өрісін дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал: Әр балаға шар керек, жіптер, желім, қайшы, түрлі-түсті қағаз немесе мата.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Жұмбақ: Күндіз ұйықтайды
Түнде ұшады (Жапалақ)
Балалар бүгін жасанды заттардан құстардың бірі жапалақ жасауды үйренеміз.
V Жаңа сабақ
Құстар үнін үнтаспадан тыңдату. Жапалақтың дыбысын үлгісі бойынша талдау жасалады. Қандай материалдар қажет екенін алдынала таңдалып алынады.
1. Алдымен барлық бала шарды алып үрлейді., аузы жіппен байланады.
2. Шардың сыртына жіпті желімге батырып алып орайды. Шар толық жабылғанша орап желім кепкен соң шарды жарып тастайды.
3. Кепкен жіп жапалақтың денесі болады. Жіптің түсі қоңыр болған ыңғайлы.
4. Қалған дене бөліктерін түрлі-түсті қағаздан немесе матадан үлгіге қарай отырып қиып алып желімдейді көздері тұмсығы, қанаты аяқтары тағы басқа. Дайын болған жапалақты ағаш бұтақтарына қондырып оның ерекшелігі жайында әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Қанат жаям жалма-жан
Талпынғандай ұшуға
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
VI Пысықтау
-Жапалақ қайда жүреді?
-Ол қай уақытта ұшады?
-Қандай уақытта ұйықтайды?
VII Бекіту
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау, бағалау.
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы: Жаңа жылдық бас киімдер
Мақсаты: 1. Балаларды қағазбен жұмыс істеуге, пішілген үлгі бойынша бөліктерді қиып, жапсыра білуге үйрету.
2. Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту. Қол икемдерін, ой-өрісін дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:Түрлі-түсті қағаздар, желім, қарындаш, қайшы, әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-«Карнавал костюмдері не үшін қажет?»
-Олар қандай болады?
-Суретін салып көрсет. (сайқымазақ, хан, сиқыршы т. б. ) .
-Бүгін сол қағазбен жаңа жылдық бас киімдер жасаймыз.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
-Әр түрлі жаңа жыл мерекесіне киетін бас киімдердің қалай жасалғанын қарап, көру;
-Әр баланың қандай бет перде жасағысы келетінін сұрау, тыңдауға ерік беру;
-Олардың жасалу жолдарын түсіндіру, үлгілермен жұмыс жасау. (Трафарет, шаблондар) .
Жаңа жылдық бас киімдідерді кез-келген түрін таңдап алғаннан соң, жұқа картон қағаз бетіне оның үлгісін сызып алады.
Сызықты айналдыра қиып, көз, мұрын, ауыз, сияқты қажетті детальдарды жапсырады.
Одан соң басқа киюге ыңғайланған 2 жолақ қағазды қиып, онымен басты айналдыра өлшейді де, оларды бір-біріне желімдейді.
2 қысқарақты жолақтарды қиып, бір-біріне айқастыра отырып, төрт жағынан шеңберге бекітеді. Бас киім дайын. Осы бас киімге дайындалған бетперде бекітіледі. Қоянның, үйректің басы, бейнелері желімделеді.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VII БекітуЖұмыс аяқталған соң, балалар өздері жасаған карнавал бас киімдерін киеді. Ойын: «Кім екенін тап?»
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау, бағалау.
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы:Үй құрастыру
Мақсаты: 1. Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру Қажетті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету.
2. Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары, әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Әліппе -дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасау
Үй құрастыратындарын ескерту.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
-Үйдің әрбір бөліктерін мұқиат қарауға үйретіп, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануға тапсырма беріледі. Бір не месе екі қабатты үйлер құрастыруға болады. . Олардың ерекшелігі айтылады. Подъездерін, баокондарын қалай орналастыруға болатынын түсіндіріп, көпсету.
Жаңылтпаш:
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегіме үремін.
Үремін де үнемі
Үйіме мен кіремін.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Балалар үй не үшін керек?
-Үйдің қандай түрлері болады?
-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?
VIII Бағалау
Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы:Көп қабатты үйлер
Мақсаты: 1. Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.
2. Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға, іс- әрекетке қызығушылығын арттыру.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары, әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Қаланың, ауылдың ең көрікті жерлерін еске түсіру. Ел-ордасы Астана жайында әңгімелеу. Астана жайында шығарма оқу.
Көп қабатты үй құрастыратындарын ескерту.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
Құрылысшылар үй салып жатқан суретке қарап әңгіме құрау.
-Құрылысшылар не істеп жатыр?
-Үй салып жатыр
-Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр?
-Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты. Неше қабатты үй қане санайықшы?
-Есігін, терезесін санау
-Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?
Біздің еліміз ұлан-ғайыр, көп ұлтты. Міне, осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған. Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады. Ұлттары да әр-түрлі. Олар бір-бірімен бір үйдің адамдары сияқты тату тұрады. Бір-біріне амандасады, көмектеседі.
-Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?
Құрылысшылар
-Ал кез-келген адамдар үй сала бере ме?Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді.
Сергіту сәті: Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын
Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін бөліседі.
-Қай жерге құрылыс салу керектігі белгіленеді.
-Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды.
-Неше қабатты етіп тұрғызу, неше подъезді болатыны ойластырылады.
-Үйдің іргетасынбастап, қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар. т. б жасауды балалар кезектесіп орындайды.
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Балалар үй не үшін керек?
-Үйдің қандай түрлері болады?
-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?
VIII Бағалау
Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы:Қамшы өру
Мақсаты: 1. Қажетті материалды пайдаланып, қамшы өруді, жіптердің түстерін үйлестіре өру әдіс-тәсілін меңгерту.
2. Қол еңбегіне, өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:3 түсті жіпжұмыр таяқша, әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Менің қолымда не деп ойласыңдар?
-Балалардың қамшы туралы білетін ұғым-түсініктерін тыңдау.
-Бүгін сол қамшыны өріп үйренеміз
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
Екі қамшыны салыстырып көрсету (негізгі қамшының өзі және ойыншық қамшы) . Қамшының басы қандай түсті жіптерден өрілген екендігіне назар аударту(қызыл, сары, жасыл)
Қамшыны жасау үшін әуелі 3 түрлі түсті жіпті бір-біріне біріктіре түйіншетеп байлап алып, жіптердің ұзындығын сәйкестендіре, өлшей қиып тастау керек.
Содан-соң қыздардың шаштарын өргендей бұрым жасай өреміз. Барлық жіп аяқталғанша өріп, шетін түйіндеп байлаймыз. Осы өрген жібімізді дайындалған сапқа байлаймыз немесе бекітеміз. Міне осылай қамшы дайын болады.
Қамшыны қазақтар ырымдап кілемге немесе төсектің бас жағына іліп қояды. Жын-шайтаннан сақтасын деп.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен, қамшыны өруге кіріседі, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Бүгінгі сабақта не жасадық?
-Қамшы не үшін керек?
-Қамшының жасалу реті қандай?
-Қамшыны жасау үшін қандай заттар керек?
VIII Бағалау
Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы: Мен тұратын көше
Мақсаты: 1. Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру.
2. Қол еңбегіне, өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары, әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
-Мына көше қалай аталады?
-Кімнің құрметіне бұлай аталған?
-Бұл көшедегі әдемі үйлерді кім салады екен?
V Жаңа сабақ
Жұмбақ:Ұзын-ұзын, ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма,
Ұшына шықпас жалғанда (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды (Ағаш)
Көшеде тағы не кездеседі?
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Оқылған тақпақтардың мағынасын ашу.
Біздің көшенің орны мынау деп көрсету. Ал мынау -құрылыс материалдары. Сендердің міндеттерің осы көшеге әр түрлі құрылыстар тұрғызасыңдар. (Көп қабатты үйлер, ғимараттар) .
Біздің көшенің сәнді болуы, сендердің тиянақты еңбектеріңе байланысты.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен, көшені құрастырады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Бүгінгі сабақта не жасадық?Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау
Күні:
Пәні:Құрастыру. Қол еңбек
Тақырыбы:Қардан қамалдар тұрғызу
Мақсаты: 1. Балалардың таза ауада қызықты іс-әрекетпен айналысуына, көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік туғызу.
2. Қол еңбегіне, өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Балаларды шығармашылыққа, бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Керекті құрал:Қарды жинауға қажетті құрал-саймандар күрекжәшік, сыпырғыш, қорап.
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп, құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Қардан жасалған құрылыс суреттерін көріп,, қардың сапасымен танысу(жұмсақ, суық, мамық т. б. ) әңгімелесу.
Боялған суды әр түрлі пішіндегі ыдыстарғы құйып қатырып қою, өйткені оны қамал дайын болғанда әшекейлеуге пайдаланады.
V Жаңа сабақ
Балаларды далаға шығарып, ауа-райын тамашалап, айналаның аппақ мамық қар жамылғанын айтып қардың сапасы, жайында балалардан сұрап, мамықтай ұлпа, жылт-жылт еткен қардан қамал тұрғызсақ деген ұсыныс жасайды.
-Бір топтағы балалар қарды жинап үйеді;
-Екінші топтағы балалар ол қарды жәшікке немесе қорапқа салып, белгілі бір пішінге келтіреді. (Қалыптан кірпіш жасайды)
-Қалған балалар дайындалғын қардан жасалған кірпіштерді қамалдың белгіліген орындарына жеткізеді, іс- әрекетке белсенділікпен кірісуге бағыт береді.
-Қамалды балалар бірлесе отырып жасайды, кірпіштерді бірінің үстіне қойып қалайды.
-Жұмыс дайын болған кезде, алдына-ала дайындалған мұз пішіндермен әшекейлейді, өз ойларынан қосып, шығармашылық бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz