Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Халық ағасы - төребай би
Сабақтың тақырыбы: Халық ағасы - Төребай би
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға Сыр бойы, Қармақшы өңірінен шыққан қазақтың
шешен биі Төребай Пішанұлының өмірі, шешендігі туралы мағлұматтар беру;
Төребай бидің ел арасындағы бір оқиғасының мазмұнын меңгерту, мәнін
ашу.
Ә) дамытушылық: шәкірттердің ой белсенділігін дамыту, сөздік қорын байыту,
тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.
Б) тәрбиелік: оқушыларға туған жеріміздің дара тұлғасы Төребай бидің өмір
жолын үлгі ету; сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті
сезінетін, тіл байлығы мол азамат қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, түсіндіру, ойын, топтастыру, сәйкестендіру, бағалау.
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: слайд, перфокарта, таратпалар, дөңгелекшелер.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың түгелдігін тексеру
Мұғалім: - Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі күндерің сәтті өтсін деген тілегімді білдіремін. Қазір сендер <<Шешендік өнер>> сабағында отырсыңдар, ендеше осы сәттен бастап мен сендерден сабақ барысында жүйелі ой, татымды сөз күтетін боламын.
б) Бағалау формасын түсіндіру
Мұғалім: - Оқушылар, сендердің алдарыңда бағалау парақтары бар. Бағалау парағына сабақ барысында жинаған дөңгелекшелеріңді қосып, қағазға түсіріп отырыңдар. Сабақ соңында жинаған дөңгелекшелеріңе қарай бағаланатын боласыңдар.
ІІ Үй жұмысын сұрау
<<Сәйкестендіру>> әдісі
Мұғалім: - Балалар, үйге берілген <<Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім>> үзіндісінің мазмұнын қалай меңгергендеріңді анықтау мақсатында <<сәйкестендіру>> тапсырмасын орындайтын боламыз. Дұрыс сәйкестікті тауып, сөздердің мағынасын толық түсіндіруге тырысайық.
Үш арсыз
Бес жетім
Қонақ
Жоқтаушысыз қыз
Ұйқы
Ажал
Тыңдаушысыз сөз
Тамақ
Оты жоқ жер
Басшысы жоқ ел
Несібе
Күлкі
Елінен ауған ер
Үш ғайып
ІІІ Жаңа сабаққа даярлық
Қызығушылықты ояту
- Оқушылар, мен қазір бір ауыл жайлы айтамын. Оның қай ауыл екенін табуға тырысыңдар.
Ол Қармақшы ауданындағы ауыл.
Жосалы ауылдық округінің орталығы.
Аудан орталығы Жосалы кентінен батысқа қарай 20 км жерде.
Сырдарияның сол жағалық жайылмасында орналасқан. Бұл қай ауыл?
(Төребай би ауылы)
Сөздікпен жұмыс
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік, сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері.
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы.
ІV Жаңа сабақ
Халық ағасы - Төребай би
Сыр өлкесіне танымал қайраткер Төребай Пішанұлы соңғы кездері ескерусіз қалып барады. Бидің көзін көрген, сөзін тыңдаған, ол турасында есітіп білгендердің қатары сиреуде.
Төребай Пішанұлы Сыр бойы, Қармақшы өңіріндегі <<Бекет>>, <<Аңшы>> деген тоғайларды мекен ететін Қаратамыр әулетінен шыққан. Қазақтың шешен биі. Ол шамамен 1848 жылы туып, 1911 жылы 63 жасында қайтыс болған. Бейіті Қорқыт ата қорымында. Төребай жасынан намысқой, айтқанынан қайтпайтын бірбет, сөзден де, істен де ақысын жібермейтін батыл, қайсар жігіт болып өскен екен. Өте толық, бойлы, иықты келген, көп сөйлемейтін, қабақты, назары бар кісі болған көрінеді. Төребайдың арғы аталары ел тұтқасын ұстаған адамдар болыпты. Әкесі Пішан қара қылды қақ жарған әділ би, болыс болған.
Қыдыр дарыған, киелі, қасиетті ұрпақ болғандықтан ол кісінің әруағы <<жолбарыс>> болып көрінеді. Оның алдына кеудемсоқтап барған адамдарды әруағы басып сөйлетпей тастайтын болған.
Төребай би өмір сүрген кезең орыс патшалығының заңымен жүретін уақыт еді. Кезінде патша губернаторынан шен алған. Ресей қызметінде бола жүріп өз халқының тұтастығын, ел мен жердің бөлшектенбеуін, түрлі келеңсіз оқиғалардан өзі басқарып отырған елін сақтауды ойлаған.
Төребай бидің төрелік, шешендік сөздері <<Қазақтың би-шешендері>>, <<Болмыс>>, <<Тұғырлы тұлғалар>>, <<Билер сөзі киелі>> жинағына енген.
Қазіргі таңда ауданның бір ауылы би есімімен аталса, аудан орталығында Төребай атымен көше аталған.
Мәмбет
Тәтімбет
Мұрат
Текті тұқым
Той, ас басқару
Салт-дәстүрді дамыту
Отырықшылыққа үйрету
Әбілқайыр ханның ақылшысы. <<Аталық>> дәрежесі
1732-1734 ж.ж. Ералы сұлтан бастаған Ресей патшасында елшілікте болған.
Пішан
Әділ би, батыр, болыс
Тұяқ
Би, батыр
Күнтуар
Би, батыр
Би, батыр
Өнерге баулу: күрес, ат бәйгесі
Егін егу, ағаш отырғызу
Ауызбірлікті сақтау
Халықтың тұрмысын жақсарту
Төребай бидің ел арасындағы дауларды шешуі
Құн дауы
Мал дауы
Жесір дауы
Жер дауы
Ар дауы
1.Байұлы мен Жетіру дауына төрелік
2.<<Жолайдан>> адам өлтірсе
1.Жылқы дауына араласуы
2.Барымта жөнінде айтқаны
1.Жесір дауын шешуі
2. <<Көлдей>> атын жамылып
1.Орынбор генерал-губернаторына бару
2.Жәрмеңке мәселесі
1.Менің саған сыйлығым
2.Құдаларды бітістіру
3.Бізде тентек шал бар
4.Төребай мен Қалдан батыр
5.Төребай мен Табын Қалжан ахун
6.Мимықты іздеп табуы
7.Нағыз достық - кісіліктің үлгісі
V Жаңа сабақты бекіту
<<Сұрақ-жауап>> әдісі
1) Төребай шешен қай өңірде дүниеге келген екен? (Сыр бойы, Қармақшы өңіріндегі <<Бекет>>, <<Аңшы>> деген тоғайларды мекен ететін Қаратамыр әулетінен шыққан )
2) Ол жасынан қандай болып өсті? (жасынан намысқой, айтқанынан қайтпайтын бірбет, сөзден де, істен де ақысын жібермейтін батыл, қайсар жігіт болып өскен)
3) Болыстық қызметінде қандай істер атқарған? (Халықтың тұрмысын жақсарту, той, ас басқару, ауызбірлікті сақтау, өнерге баулу: күрес, ат бәйгесі, егін егу, ағаш отырғызу, отырықшылыққа үйрету, салт-дәстүрді дамыту)
4) Төребай бидің төрелік, шешендік сөздері қандай жинақтарға енген?
5) Төребай шешеннің тұлғасын сипаттап беріңдер. (Өте толық, бойлы, иықты келген, көп сөйлемейтін, қабақты, назары бар кісі болған)
6) Арғы аталары жайлы не білесіңдер? (арғы аталары текті болған)
Сарамандық жұмыс
Менің саған сыйлығым
Төребай өзінен үлкен кісілерді қатты құрметтесе, кішілерді ел басқаруға, билік айтуға, ағайын арасындағы бірлікті сақтауға үнемі баулып отырыпты. Қаратамырдың ішінде ас, тойды төбелессіз таратпайтын Жарықбас деген тентек кісі болыпты. Өзі де таяқ жеп, киімі жыртылса да бұл әдетін қоймайды екен. Бір тойда Төребай Жарықбасты шақыртып алып:
- Осы тойды төбелессіз өткерсең, үстіңе жаңа шапан кигіземін,- депті. Той үстінде арқасы қозған Жарықбас шатақ шығарғысы келсе де, жаңа шапан есіне түсіп басылып қала беріпті. Той аяқталғасын Төребайға келіп:
-Төке, зорға шыдадым, бірақ сіз айтқасын ешкімге қамшы көтермей тойды аман өткердім. Енді уәде қылған шапанымды бер, - депті.
-Бәрекелді Жарықбасым, жарадың. Төбелеспегесін мына үстіңдегі жаңа шапаның жыртылмай аман қалды. Менің саған сыйлаған шапаным сол болсын, - деп тойдың берекесін сақтап қалған екен.
Перфокарта толтыру
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
Тойды төбелессіз өткізбейтін тентек кісі - ...
Төребай би Жарықбасқа жаңа шапан кигізді ме? ...
Төребай шешен тентек Жарықбасқа неге шапан кигізбекші болды?
.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Төребайдың Жарықбасқа: -Төбелеспегесін мына үстіңдегі жаңа шапаның жыртылмай аман қалды. Менің саған сыйлаған шапаным сол болсын, - дегенінің мәнісін ашып жазыңыз.
...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Жарықбасқа бұлай айтудағы Төребайдың мақсаты не деп ойлайсың?
....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
<<Топтастыру>> әдісі
Ел ағасы Болыс Әруақты кісі
Төребай би кім?
Саясаткер Тарихи тұлға
Шешен Би Қайраткер
<<Ойлан, тап!>> ойыны
Ойынның шарты: берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
1) Шай қайнатым уақыт - аз ғана уақыт
2) Аяқ астынан - ойламаған жерден
3) Жыланның басы қайту - аштығы басылу
4) Құлаққағыс ету - айтар ойдың ұшын шығару
5) Көздің жауын алу - қызықтыру
6) Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты - табан астынан бәле шықты
7) Қалтасына сену - байлығына сену
8) Жілігі шағылу - беті қайту
VІ Сабақты қорытындылау
<<Менің сабақ жайлы пікірім қандай?>> кері байланыс әдісі
Бүгінгі сабақ жайлы ұсыныстарын, пікірлерін параққа түсіру
VІІ Бағалау
Оқушыларды бағалау парағындағы жинаған дөңгелекшелерінің санына қарай бағалау.
Жиналған дөңгелекшелер
Барлығы
Бағалау шкаласы:
5-6 дөңгелекше - <<5>>
3-4 дөңгелекше - <<4>>
2 дөңгелекше - <<3>>
VІІІ Үй жұмысын беру
●Кітапханадан Төребай Пішанұлы туралы іздену.
●<<Белгілі тұлға>> тақырыбында шағын эссе жұмысын жазу.
Қорытынды сөз:
Мұғалім:
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа ғой.
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса аға ғой, - дей келе сіздердің де араларыңыздан болашақта Төребай би секілді белгілі тұлға қалыптасады деп ойлаймын. Сабаққа қатысқандарың үшін барлығыңа алғыс айтамын.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz