Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ауа райы және оны болжау
Күні:
Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Ауа райы және оны болжау. Мақсаты: 1. Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу 2. Ауаның температурасы , жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің арасындағы байланыстар туралы ұғымын дамыту 3. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: термометрлер, су құйылған стакандар, сөзжұмбақ.Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. ІІ Үй тапсырмасын тексеру. -Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.Үйге қандай тапсырма беріліп еді? -Бүгін үй тапсырмасын сендерді топқа бөлу арқылы сұрағым келіп тұр.Ол үшін сендер қатарларың бойынша төрт топқа бөлініңдер.Мен әр топқа сұрақтар таратамын, әр топқа ойлануға 1мин уақыт беріледі.1мин өткен соң әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Ітоп:Бұрынғы кезде адамдар сағатты қалай білген және оны қалай ойлап тапқан? ІІтоп:Бір жұмада қанша сағат барын қалай есептеп табуға болады?Кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, енін өлшеу үшін қандай ұзындық өлшемдері қолданылады? ІІІтоп:Ұзындық өлшемдерін білу адамға не үшін қажет? ІVтоп:Салмақ өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?Заттың салмағын анықтау үшін не қолданамыз? ІІІ Жаңа сабақ. -Жақсы, балалар, үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіпсіңдер.Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер! -Олай болса, бүгін біз сендермен жаңа тақырып өткелі отырмыз.Ол <<Ауа райы және оны болжау>> деп аталады. -Балалар, ауа райы дегеніміз не?Сендер оны қалай түсінесіңдер? -Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен.-Ауа райы сонымен қатар өздерің мына слайдтардан көріп отырғандай ыстық, аязды, боранды, құрғақ, жаңбырлы болады екен -Балалар, сендер білесіңдер ауа райы өте құбылмалы болып жиі өзгеріп отырады.Міне, осы өзгерістерді метеорологиялық стансаларда бақылайды-Сонымен қатар басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін жерге беріп отырады.-Осылай жинақталған мәліметтердің барлығы арнайы ауа райы карталарына түсіріледі.бір тәулікте сондай карталардың төртеуі жасалады.Оларды бір-бірімен салыстыру арқылы таяу тәуліктегі ауа райының жайына болжау жасалады.-Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз? -Дұрыс айтасыңдар!Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін. ( көрсетілген суреттер бойынша оқушылардан қай термометрдің қандай қызмет атқаратынын сұрау). -Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.-Жылы температураға <<+>>, ал суық температураға <<->> белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС. IV Сергіту сәті: Жел соғады гу-гу, Жаңбыр жауады тырс-тырс. Жаңбыр басылады, Күн ашылады. Сарамандық жұмыс: -Біраз сергіп демалып қалған сияқтымыз.Олай болса, оқулықтағы сарамндық жұмысқа назар аударайық.(оқушыларға оқыту, өздеріне жасатқызу) 1-тәжірибе:стакандағы жылы суға термометрді сал.нені байқадың? 2-тәжірибе:Стакандағы суық суға термометрді сал.нені байқадың? 3-тәжірибе:Сынып бөлмесінің ауа температурасын өлшеп, оны
дәптерлеріңе жазыңдар. Топпен жұмыс: -Енді, балалар, алдындағыдай тағы да топқа бөлініп отыра қалыңдар.Әр топ бір жыл мезгілі болып, сол жыл мезгіліне сай оның ауа райы жайлы әңгімелейді.Дайындыққа 1мин уақыт беріледі. V Бекіту:Жаңа тақырыпқа сай ауа райының құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.Сұрақтар қою. Қара таудай буралар, Қара бұйра шудалар Бура жерге шөгеді: Бұлау терін төгеді. (Бұлт пен жаңбыр) Жайған жастық сөгілді, Аппақ мамық төгілді. (Қар) Ақ моншақтар сабалар, Қалмайды олар жанды аяп. Жатып-жатып жоғалар, Ешкім жинап алмай-ақ. (Бұршақ) Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз) Сұрақтар қою: а)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ? ә)Температураныөлшейтінқұралды не депатаймыз?Оныңнешетүрі бар? б)Найзағайдеген не? в)Бұлттылықдеген не? VІ Бағалау:Әр топ басшыларыоқушылардыөздерібағалайды. VІІҮйтапсырмасын беру: 60-61 бет оқу, мазмұндау.(слайд)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz