Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жігіт сұлтаны
Іс-шараның тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: Жігіттеріміздің бойындағы ұлттық салт-дәстүрімізге сай «Сегіз
қырлы, бір сырлы» қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін арттыру,
адамгершіліктерін нығайту. Жігіттерімізді көріктілікке, ептілікке,
мергендікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, кеспе әріптер, топшамалар
Өту барысы:
Кіріспе бөлім
- Мамыр айында қандай мерекелер тойланады ?
- 7-мамыр қандай мереке?
- Отан қорғау күні
18 жасқа толған әрбір азамат өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін
әскер қатарына шақырылады. Еліміздің конституациясының 36-бабында
«Қазақстан Республикасын қорғау-оның әобір азаматының қасиетті борышы
және парызы»деп атап көрсеткен.
Бүгін мерекеге қарсаңында 4 «г» сыныбында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткелі
отыр. Сайысқа сыныптағы ер балалар қатысады.
Негізгі бөлім
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен
белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын
тамашалайық.
Сайыстың шарттары
1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру
2.«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
3. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап
4. «Құралайды көзге атқан» ( асық ату, жұмбақ шешу)
5. «Күш атасын танымас» күш сынасу.
Уа, жігіттер, жігіттер!
Бар өнерді салыңдар
Ер сұлтан атты халықтар
Біреуің жеңіп алыңдар.
Сайысымыздың 1-ші шарты бойынша жігіттер өздерін таныстырады.
Көрелік жігіттерді салыстырып
Алайық бірін-бірін шалыстырып
Сайыстың қатысушы мүшелері
Өтеді өзін-өзі таныстырып.
2. Өнер көрсету
Өнер үшін жаралған
Сол өнерден нәр алған
Біз қазақтың ұрпағы
Жан жүрегі жаралған.
Ойын: аналарынң көздері байлаулы болады, балаларына алма жегізу керек 1
минут ішінде. Көп желінген алма есепке алынады.
3. Білімді мыңды жығар Сұрақ-жауап.
Сұрақ жазылған топшаманы суырып 3 сұраққа жауап береді.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
2. Жеңіс күні қай күн?
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. ( асық ату, қыз қуу, көкпар,
тоғызқұмалақ, қазақша күрес т.б)
1. Мемлекеттік туда не бейнеленген? ( Қыран, күн, ою-өрнек)
2. Ержігіттің неше жұрты бар? ( өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
3. Қазақстан президенті кім?
1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы? (1991 жыл)
2. Әр ұл мен қыз мәңгі қарыздар ұлы адам. ( ана)
3. 7-мамыр қандай мереке? Отан қорғау күні
4.Асық ату арқылы жұмақтың шешуін табу.
1. Бір қораға қамалғандар
Жану үшін жаралғандар ( сіріңке)
2. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды. ( ағаш)
3. Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан ( сәбіз)
4. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. ( пияз)
5. Мұртыменен туады,
Мұртын күнде жуады. ( мысық)
6. Сөнбес бір, қырағы
Әлемнің шырағы. ( күн)
4. Күш сынасу
Сауық кешке келейік
Сөзден маржан терейік
Енді бір сәт-
Спортқа кезек берейік.
Қортынды. Сайысқа қатысушыларды марапаттау.
Отан қорғайтын азаматтар көп болсын. Сіздерде отан қорғайтын азамат
болыңдар!
Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы
Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Гүлназ Рсқалиқызы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz